“Абайла, балақай!” сабағы


Зеренді ауданы

Баратай негізгі мектебі

«Айгөлек» шағын орталығы

Тәрбиеші: Какенова Ажар Айдарбековна

Білім беру саласы: Таным

Оқу іс-әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Абайла, балақай!

Мақсаты:

1.Балаларды бағдаршамның атқаратын қызметімен таныстыру.

2.Ойын арқылы балаларға жолда жүру ережелерін меңгерту, түстерді ажырата білуге үйрету.

3.Баланы мұқият болуға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын.

Көрнекіліктер: жолда өтіп бара жатқан ұл бала мен қыз баланың  суреті, бағдаршам.

Әрекеттердің кезеңдері                  Педагогтің іс-әрекеті  Балалардың                                      іс-әрекеті
Ұйымдастырушылық қозғаушылық -Шеңбер құрып бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуын сезінейік

Достарды біз қолдаймыз,

Қиын шақта қорғаймыз.

Біздің топта ұл- қыздар

Тату -тәтті ойнаймыз!

 

 

 

Балалар педагогпен бірге өлең жолдарын қайталап айтады.

Ұйымдастырушылық ізденістік 1.     Әңгіме жүргізу.

–    Балалар, сендермен жол тәртібі туралы әңгімелесеміз. Сендер қандай пішінді көріп тұрсыңдар?

– Иә, балалар, дұрыс айтасыңдар, дөңгелек екен. Осы пішіндердің түстері бір-біріне ұқсайды ма? Пішіндердің түсі-қызыл,жасыл,сары. Мен қазір сендерге  сиқырлы жұмбақ жасырамын.

 

2.     Жұмбақ жасыру.

 

-Қызыл түсі «тұр» дейді,

Сары көзі «дайын бол» дейді.

Жасыл көзі «жүр» дейді.

 

–         Бағдаршамды қайдан көрдіңдер?

–         Иә, балалар, бағдаршамды машина жүретін жолдың шетінен көреміз.

 

3.Суретпен жұмыс.

–      Бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі.

– Балалар жолдан қалай өтуіміз керек?

– Дұрыс, жолдан абайлап өту керек. Қозғалысы көп көше қиылыстарында жол полициясы қызметкерлерін көреміз. Олар көше тәртібін сақтап, жүргізушілерге бағыт, бағдар беріп тұрады. Жаяу жүргіншілерді жол апатынан сақтайды.

Көшенің арғы бетіне өтерде сақ болған жөн.

Бұл суретте ұл бала мен қыз бала жолдан өтіп бара жатыр. Көшеде жүру тәртібін сақтап  бағдаршамның жасыл түсі күтіп тұр. Балалар,көшеде жол тәртібін сақтамау- адам өміріне өте қауіпті. Жолды үлкендермен бірге кесіп өткен дұрыс. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды. Жолдан өтер кезде алдымен сол жағына қарап, арнайы жаяу жүргіншіге арналған  жолмен өту керек.

Бағдаршамның өздерің білетін үш көзі бар.

Үш көзінің түсі үш түрлі.

Біріншісі- қызыл. Екіншісі -сары. Үшіншісі- жасыл.

 

3.     Сергіту сәті.

 

4.     Ойын. «Бағдаршам»

Шарты: жүргізуші жасыл түсті  көрсеткенде, балалар жүреді. Сарыны көрсеткенде, алақандарын соғады. Қызылды көрсеткенде, тыныштық сақтайды.

 

6. Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Бағдаршамның түстерін ажыратып, бояту.

 

 

Балалар көріп тұрған пішіндерін айтады. (Дөңгелек).

 

 

Балалар жауап береді. Балалар бірге қайталайды. Дөңгелектерді тәрбиешімен бірге орналастырады.

 

 

 

-Жұмбақтың шешуі-бағдаршам.

 

 

 

Балалар жауап беруге тырысады.

 

 

Тәрбиешімен бірге қайталап айтады.

 

-Абайлап өтуіміз керек.

 

 

 

Әртүрлі жауап береді.

-Көрдік.

 

 

Тәрбиешінің айтқандарын тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

-Қызыл көзі жанғанда тоқтаймыз.

-Сары көзі жанғанда дайындаламыз.

-Жасыл көзі жанғанда жүреміз.

 

 

Бір бала жүргізуші болады. Қолында бағдпршамның түстері болады.

 

 

 

 

Қолындағы түстерді көрсетіп тұрады. Балалар бағдаршамның түстерін ажыратып бояйды.

 

 

 

 

 Рефлексиялық-түзетушілік Сұрақ- жауап арқылы пысықтау. Балалар жауап беруге тырысады.

Күтілетін нәтиже:

бағдаршамның атқаратын қызметін біледі;

бағдаршамның түстерін ажырата білу дағдыларын игереді;

жолда жүру ережелерін меңгереді.

Метки: ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *