Сабақ “Әнші- ақындар шығармашылығы”


Сейтова Г.А.

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі.

Эстетиқалық бағыттағы мектеп-гимназиясы.

БҚО. Орал қаласы.

10 сынып. Қазақ әдебиеті.

Сабақтың тақырыбы: Әнші- ақындар шығармашылығы.

Сабақтың міндеттері:

1.Әнші-сазгер  ақындар  шығармашылығы  туралы  білімдерін кеңейту.

2.Топпен  жұмыс  жасауға, ізденуге  жаттықтыру.                                                                               3.Қазақтың әнші-сазгер ақындарының шығармашылығына қызығушылыққа  тәрбиелеу.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: әнші- ақындар шығармашылығы қазақ әдебиетіндегі ерекше құбылыстардың бірі екендігі, әнші- сазгерлігі туралы оқушыны іздендіре отырып, білім мазмұнын ашқызу;

ә) дамытушылық: оқушылардың өз беттерінше ізденуіне жол ашу,ғылыми зерттеу еңбектері мен қосымша материалдарымен жұмыс істеу дағдыларын, зейінін, қиялын дамыту;

б) тәрбиелік: әдебиетіміздегі, тарихымыздағы тұлғаларымыздың еңбектеріне құрметпен қарау; эстетикалық зейінге, әдемілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: СТО, жаңа технологиялық  әдіс-тәсілдер.(Топтық, шығармашылық ізденіс т.б.)

Сабақ көрнекілігі: интербелсенді тақта, оқушылардың өз ізденістерімен жасалған қаттамалар, сызба кестелер т.б.

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

«Дала деген

Дана туған Абайым,

Қалап кеткен өлең сөздің сарайын.

Ол дара тұр ойшыл ақын, данышпан,

Кейінгілер қарайламай маңайын.

Дала –Ақан,

Үкілі Ыбырай,

Біржандар,

Серіліктің ор шыңында тұрғандар.

Дала Мұхит, Жаяу Мұса, Естайлар,

Дала –  Мәди тар қапаста тыңғандар»деп, бүгінгі сабақты бастауға рұқсат етіңіз.

Қазақ халқы әнге бай. «Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай болып көрінеді» деп, қазақ халқының әдебиеті мен өмірін зерттеген Шоқан Уәлихановтың досы Г.Потанин айтқандай, қазақта әнсіз өмір жоқ.Халқымыздың асыл қазынасының бірі – әнші – ақындардан қалған поэзия, өлеңдер, музыка өнері. Қазақтың ән өнері ұлттық өнер болып, халқымыздың өзімен бірге туғандай. XIX ғасырдың соңғы ширегі мен XX ғасырдың басында қазақ ақындарының ішінде екі өнерді бойында тоғыстырған айрықша бір талант иелері пайда болды. Оларды «әнші-ақындар» деп жүрміз.
Әнші –ақындар деп кімдерді атаймыз?                                                     

 ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген қандай әнші-      

  ақындарды білесіңдер ?

Олардың шығармаларының негізгі тақырыбы не жайында болған?

-Сал мен сері сөздерінің арасында айырмашылық бар ма?

-Сал- серілік дәстүрдің негізін салушылар кімдер ?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Ой толғау: Айтарым бар

  Сендердің ойларыңша , қазіргі таңда нағыз, сері жігіттер қандай болу

керек ?

Сыныпты  топқа бөлу. Әр топ   топбасшысын сайлап, үй тапсырмасын бір- бірілеріңе оқып,үздік дегенді ортаға шығарып оқиды.

Мысалы (оқушылар жұмыстарынан):

  • Сері дегеніміз өнерлі(ақын, сазгер, әнші),сұлулықты, әсемдікті сүйетін,сәнқой, ел сүйіктісі, күйкі тірлікпен айналыспайды, талғамды,сұңқар тамақты, бір жерде омалып отырмайтын  адамды айтады екен. 

Қазіргі таңда нағыз, сері жігіт, егер осы анықтамаға сүйенсек, өнерлі  адам дегеніміз.  Ақын болмаса  да, ән айта білетін, сөзге шешен,білімді болғаны жақсы. Спорттың бірнеше түрімен айналысып, чемпион дәрежесіне жеткені дұрыс. Нағыз сері жігіт бойын күтеді, таза, ұқыпты киінеді.Киімдері әдемі, өзіне үйлеседі. Өзі жинақы әрі сымбатты болуға тиіс.Сері жігіт көпшіл, қандай болсын ортаны  думанға айналдыра білу керек.Бірақ оны қыздардың бәріне ғашық болғанын мен қаламаймын. «Қызық қайда, қыз қайда, сері сонда» деген сөздер маған ұнамайды. Серілер күйкі тірлікпен айналыспаған екен, ал қазіргі заманда жігіттер іскер, табыс тауып, отбасын асырай алатын болу керек. Бір сөзбен айтқанда, нағыз сері жігіт сегіз қырлы бір сырлы.

 

  • Сері жігіт ылғы таза, әдемі киініп жүру керек. Адам көркішүберек» дегенсөз бар. Адамныңкиімінеқарапоныңқандайадамекендігін (аяқкиіміылғи таза болса — тазалықтыұнатады, үстінекигенкөйлегіүтіктелсе,ұқыпты екенін көруге болады. Меніңайтпағым, сері жігітайнағақарап, «меніңүстімдегікиімімөзімеүйлесе ме, бұлшалбар мен көйлектікисем,меніңартымнанешкімкүлмейме?»дегенсұрақтарғажауапіздеукерек сияқты. Соныменқатар жаңа үлгідегі киімдерге көп мән беру керек. Жігіт киім-киісінен басқа да өзінің жүрісіне, мінезіне  де көңіл бөлгені жөн. Қандай орта болса да өзін ұстай білетін, салмақты, әдепті, орнымен сөйлейтін болса, тіпті жақсы. Екінің бірі өнерлі болмайды, сондықтан қазіргі сері жігіттер білімді, адамгершілігі мол болу керек.

 

  • Менің ойымша, қазіргі таңда нағыз сері жігіттер жан-жақты, білімді болу керек. Олар салауатты өмір салтын ұстанып, зиян әдеттерден аулақ болып, адал еңбек арқылы ойлағандарына жетуге болатынын түсінеді. Үлкендер мен кішілерді сыйлайды, айтқан сөзіне тұрады.

 

  • Бүгінгінің серісі кім? деген сұраққа жауап бере отырып, адам бойындағы бар ізгі қасиеттері бар, адал өмір сүруде мақсат еткен, жақсылыққа құмар, жамандықтан бойын аулақ ұстайтын адамды айтқым келеді. Адам болам, азамат болам деп құлшынған адам. Бүгінгі сері –ертеңгі қамқор әке, баласының панасы, отбасының тірегі. Бірақ өкінішке орай, қазіргі уақытта кешегі Ақан, Біржан, Сәкен сияқты серілер бүгінгі уақытта тіптен жоқ деп айтқым келеді. Себебі, қазіргі уақытта біздің жігіттеріміздің көбі шынайы құрмет, өзара сыйластық, достық,қарым –қатынасты да түсінбей жатады. Қазіргі уақыттың серісі –қыздарды жылатып, қарындасым дей алмайтын жандар.

 

  • Бүгінгінің серісі – менің ойымша, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қасқырдай өжет, нардай шыдамды, құландай сүйікті, жылқы мінезді жігіт болу керек. «Жеті атасын» білетін, өзін әрдайым өз елінің патриотымын деп есептейтін, әлсіздерге қорған болып, үлкендерді сыйлайтын, қыздарды шынайы құрметтеп, ертеңгі аяулы ана, ақылшы әже, отбасы әулетінің бірлігін сақтаушы деп білетін адамды нағыз «сері жігіт» деп әбден атауға болады.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Сабақтың эпиграфы:

Туғанда, дүние есігін ашады өлең,

Өлеңмен жер қойнына кірер денең.

Өмірдегі қызығың бәрі өлеңмен,

Ойлансаңшы бос қақпай, елең-селең, –

деп хакім Абай айтқандай, бүгінгі сабағымызда ақын, әнші, сазгерлер туралы әңгімемізді әрі қарай жалғастырамыз.

Алдынғы сабақта біз Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мүса, Балуан Шолақ сынды ақын, әнші-сазгерлермен таныстық. Енді алған білімізді қорытындылап, олардың қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мен орнын анықтаймыз.

Бірінші топ «Ер есімі – ел есінде» ақын- әншілердің өмірбаянын зерттеп, олардың арасында ұқсастық пен айырмашылықты табады.

Екінші топ «Жігітке өнер де өнер, өлең де өнер» ақын-әншілердің шығармашылығын зерттеп, ұқсастық пен айырмашылықтарын табады.

Үшінші топ «Сегіз қырлы бір сырлы» . Осы сал-серілеріміздің ақындық пен әншіліктен тағы басқа қандай қасиеттері, жақсы қырлары бар екенін анықтайды.

Төртінші топ «Жақсының аты өлмейді».Осы сал-серілертуралықандай шығармалар бар?

Және әр топ басқа топтарға бір сұрақ дайындайды.

ІV. Үй тапсырмасы: Ақын-әншілердің үнаған өлеңдерін жаттау.

V.Сабақты қорытындылау:

Өнер ешқашан өлмек емес, ол жалғасын табуда. Бүгінде айтыс ақындары халықтың мұңын тілегін жеткізушілер болып табылады Сал-серілердің кезінде қуғынға түсіп, қудаланғаны сияқты айтыстың да біраз жылдар жабылып, айтыс ақындарының үнсіз қалуы біздің қоғамда кездесіп отыр.

Сондықтан халықтың жоғын жоқтайтын, халыққа қызмет ететін өнер өлмесін, өз жалғасын тапсын! «Өнерліге өріс кең» дейді халық. Өнерлі өрге жүзсін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *