Сценарий урока «Қазақ халқының әншілік өнері»


Павлодар облысы, Екібастұз қаласы

КМҚК «М.И.Глинка атындағы Балалар музыка мектебі»

Қосымша білім беру оқытушысы

Жакупова Торгын Каиржановна

Скачать материалы

Мақсаты:

  • Өткен тақырыптар бойынша қайталау және бекіту;
  • Сабақта өзін-өзі ұстау мәдениетін, басқалар үшін жауапкершілік сезімін тәрбиелеу;
  • Танымдық және коммуникативті қасиеттерін дамыту, музыкалық мәдениетінің деңгейін көтеру, өреңін кеңейту.

Сабақтың типі: бекіту сабағы

Сабақтың әдісі: ойын-сабақ

Сабақтың жабдықталуы: интерактивті тақта, компьютер (ноутбук).

 

 

Ойын шарты:

  • Класс 2 топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің топбасшыларын таңдап, топқа ат қояды.
  • тур Брейн ринг Әр топқа сұрақты қарастыру үшін 30 секунд беріледі. Егер жауап беретін топтың жауабы жоқ немесе қате болса, онда сұраққа келесі топ жауап береді.
  • тур Сұрақтар. Әр топқа 1 минут беріледі. Осы уақыт ішінде топ сұрақтарға жауап береді. Дұрыс сұрақтардың саны есептеліп, сол бойынша балл қосылады.
  • тур Викторина. Өткен тақырыптар бойынша музыкалық номерлерді тыңдап, оқушылар әуеннің авторы мен атауын тауып, жазу керек.

Ойын соңында әр топтың жинаған ұпайларын есептеп, жеңімпаз топты анықтаймыз.

Сабақ жоспарының орындалуын талдау

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сынып уақытында жиналып, реттелген. Ауасын жаңартып, желдетілген. Сабақ мұғалім мен оқушылардың өзара сәлем беруінен басталды. Оқушылар екі топқа бөлінді: 1 топ «Оқымыстылар» тобы, топбасшысы Жансағын Жансая. 2 топ « Жігер» тобы, топбасшысы Талғат Аида.
  2. 1 тур Брейн Ринг. Интерактивті тақтаға 5 тақырыпқа бөлінген 25 ұяшық берілген. Әр ұяшық 10, 20, 30, 40, 50 ұпайға тең сұрақтар жасырылған. Әр топқа сұрақты қарастыру үшін 30 секунд беріледі. Егер жауап беретін топтың жауабы жоқ немесе қате болса, онда сұраққа келесі топ жауап береді.

Бұл ойында 1 топ«Оқымыстылар» 410 балл жинаса, екінші топ « Жігер»  260 ұпай жинады.

  1. 2 тур Сұрақтар. Әр топқа 1 минут берілді. Осы уақыт ішінде топтар  сұрақтарға жауап берді. Дұрыс сұрақтардың саны есептеліп,  нәтижесінде 1 топ«Оқымыстылар» 12 сұрақты тыңдап 8 дұрыс жауап берді. Екінші топ «Жігер» 13 сұрақты тыңдап 9 дұрыс жауап берді.
  2. 3 тур Викторина. Балалар 6 ән тыңдады. Екі топ әндердің атын және композиторларын дұрыс тапты.
  3. Қорытынды. Сабақтың соңында топтардың жинаған ұпайларын санап, жеңіске жеткен топты анықтадық. 424  ұпай жинап, «Оқымыстылар» тобы 1 орынға ие болды. 275 ұпаймен «Жігер» тобы 2 орынды иеленді.

Сабақ барысында қойылған мақсат талаптар орындалды. Балалар «Қазақ халқының әншілік өнері» тарауын жақсылап меңгергенін ойын барысында көрсетті.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *