«Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін – тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын»


Омарова Бибігүл Ауелканқызы

Математика пәні мұғалімі

Астана қаласы №40 Әлкей Марғұлан атындағы орта мектеп

Рас, ізденуші мұғалім бала бойындағы туа біткен түрлі қасиеттерді дәл байқап, оның сапалық ерекшеліктеріне баға беріп, ары қарай өз бетінше дамыта түсуіне жағдай туғызуы керек, көмектесуі қажет. Бұл үшін, әрине ұстаздың өзі де өзгеруі, яғни дәстүрлі оқытудың таптаулары сүрлеуінен арылуы тиіс. Осылайша оқытудың жаңа мазмұнын жасауға бетбұрысты әрбір мұғалім өзінен бастағаны жөн. Мұғалім  шәкіртке білім, білік, дағды беріп қана қоймай, ақыл-ойы мен қабілетінің дамуына көңіл бөліп, «оқи алуға үйрету керек». Сыни ойлауға берілетін тапсырмалар, өз пікірін негіздеп, дәлелдеуді талап етеді. Математика нақты дәлелдермен тұжырымдалатын ғылым болғандықтан, ондағы амалдарды қолдану да дәлелді шешімдерге негізделген. Әсіресе Блум таксономиясына негіздей отырып тапсырма маңызын арттыру оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгені туралы ақпарат алуыма көп көмектесті. Аталған сабағымда қарастырылған тапсырма, Мерсердің тұжырымында айтылғандай «зерттеушілік әңгіме» туғызып, ұсыныстар жайында күмән туып, қарсы дау айтылып, негізделген дәлел мен сыни тұрғыдан ойлау арқылы жалғасқанына куә болдым. Сабақ соңында жүргізілген рефлексияда оқушыларым бірден ашылып, ой пікірлерімен бөлісе қоймады. Көбісі маған жағынуды ойлады ма, барлығы ұнады, барлығы түсінікті деген пікірлерін жазды. Осыдан оқушыларымның өз қызметіне толыққанды баға беруін дамытудың қажеттігін сезіндім. Тек қабілеті жоғары оқушыларым ұмытылуға айналған көп ұғымдарды қайталап, еске түсіргендерін, топта жұмыс істеудің ұнағанын айтты. «Қандай қиындықтар туындады?» деген сұраққа теңсіздік теңдеуін құрастыру кезінде қиналғандарын атап өткен. Шынында да, топтағы оқушылар теңсіздік теңдеуін құрастыру алгоритімін бірден таба қоймады. Тек менің бағдарлаушы сұрақтарым мен бағыт беруім арқылы ой толғау жүргізіп, теңдеуді қорыту алгоритмін табуға жол ашты. Бұл өз кезегінде оқушылардың жоғарғы деңгейдегі ой операцияларын талап ететін тапсырмаларды орындауға дайын еместігін көрсетті. «Не өзгертер едім?» сұрағына біраз мәліметтерді қайталаудың қажеттігін түсінгендерін айтқан. Ал мен жоғары дәрежедегі ойлау операцияларын талап ететін тапсырмаларды өз тәжірибеме енгізудің тиімділігін түсіндім. Блум таксономиясының төменгі сатысындағы тапсырмаларды орындау барысында оқушылар тек білу, түсіну және қолдану операцияларын пайдаланады. Ал көзбен көретін айғақтармен жұмыс тапсырылғанда жинақтау, салыстыру, анализ, синтез және бағалау операцияларын орындауына қол жеткіздім.

 

Оқушыларды бағалау кезінде өзін-өзі бағалауға қорытынды жасап отыру  оқушының өзінің сол тақырыптан білмей қалған жерлерін үнемі толықтырып отыруға мүмкіндік беруі, маған үлкен өзгеріс әкелді .

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *