Коучинг-сабақ жоспары “Lesson Study тәсілінің тиімділігі “


Тусупбекова Салтанат Боранбаевна 

орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Абай қаласы Абай ауданы

Қарағанды облысы

Жалпы мақсат: Lesson Study тәсілінің мазмұнын, идеясын анықтау. Басқалардың және өз пікірін топтық жұмыс арқылы  сыни тұрғыда бағалау. Ұстаздарды кәсіби қоғамдастықты құруға дайындау.

Күтілетін нәтиже:

– Lesson Study тәсілінің  өзектілігін түсінеді,  ақпаратты өз бетінше ұғады, зерделейді;

–  Дәлелдеу, саралау және қорытындылау дағдылары артады, берілген тақырыпқа шығармашылық тұрғыдан қарайды;

– Lesson Study тәсілін қолдана, сабақтың іс әрекетін зерттейді.

Сілтеме: 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық  43-51б, 96-97б.

  1. Lesson Study: нұсқаулық. Пит Дадли

3.Үлестірмелі материалдар. Екінші апта.

Сабақта қолданылатын ресурстар

1.А-4 парағы

  1. А-1 парағы

3.Стикерлер, маркерлер

4.Таратпа материалдар

  1. Роwer point таныстырылымы
  2. де Бононың алты қалпағы
  3. Шамшырақтар

Тапсырмалар: Қызығушылықты ояту «Миға шабуыл», Мағынаны тану                 «Ой шақыру» стратегиясы,  Сергіту сәті: сурет салу, Ой-толғаныс: пікірталас «Шамшырақ»,  Рефлексия (смайликтер: мажор, минор, медиа)

 

Индикатор Ұйымдастыру формасы

 

Нәтиже Бағалау
І. Топқа бөлу. Психологиялық ахуал туғызу

(3мин)

 

Топқа бөлу (ұстаздардың мінезінің сипаты бойынша)

1.ең батыл

2.ең ақылды, есті, жетелі

3.ең көрікті

4.ең шығармашыл

5.ең креативті

Ұстаздар өз өздеріне  берген сипаты бойынша 3 топқа бөлінеді. Қолдау көрсету
ІІ.Қызығушылықты ояту «Миға шабуыл»

(4 мин)

«Ой шақыру» стратегиясы 1.Ашық сабақтардың мектептегі ролі қандай?

2. Кімге керек?

3. Ашық сабақ дегеніміз не?

 

Ұстаздар сұрақтарға жауап береді.

 

Қолдау көрсету, жұмысқа шақыру
ІІІ.Мағынаны тану.

Тапсырманы игеруге  10 мин

Постер қорғауға

10 минут

123

Теориялық мағұлмат таратылады.

Топтық тапсырма.

І топ

1. Ақ қалпақ. Фактілер  Статистикалық мағлұмат    (Lesson Study тәсілінің жазылу тарихы, қашан, қайда т.б.)

2. Көк қалпақ. Шолу

Аналитикалық  

(Неге? Не үшін? Қажеттілігі?

деген сауалдарға жауап

іздейді.  Жалпы түсінігін

жазады).

 

ІІ топ

3. Сары қалпақ. Позитив  Сәттілік (Lesson Study тәсілінің сәтті тұстары.)

4. Қара қалпақ. Жағымсыз.

Сәтсіздік  (Lesson Study тәсілінің кері жақтары бар ма, проблемалары қандай?)

 

ІІІ топ

5. Жасыл қалпақ. Креатив Шығармашылық (жаңа заманда жаңаша көзқарас, жаңашыл идеялар, болжамдар айту. А, В, С оқушының  жетістіктер мен табыс критерийлерін анықтайтын,    сабаққа қатысу формасын құру).

6. Қызыл қалпақ.  Түйсік                    Сезімтал  (ескілік білім дәстүрінен бас тартып, жаңашылдыққа қадам жасау).

Барлық топ өздеріне тапсырылған тапсырмаларды белгіленген уақыт ішінде A-1 парағына жазып шығады және қорғайды.

 

1.Ұстаздар өткен қоғам өміріндегі білім саласына  шегініс жасай отырып, баға береді, төрелік айтады..

 

 

2. Ұстаздар Lesson Study тәсілінің сәтті және сәтсіз тұстарын анықтайды

 

 

 

 

 

 

3.Ұстаздар сабақ соңында А, В, С оқушысынан  қандай нәтиже күтетінін сипаттайтын   кесте құрайды.

 

Шарт.

Әр топ қалпақтың қызметіне қарай талдауға міндетті.

 

Қолдау көрсету (тамаша, бәрекелді, шапалақ ұру)
Сергіту сәті

 Сурет салу. (4 мин)

Ұстаздар шеңбер түрінде бір  бірінің  соңында  тұрады, бір бірінің арқасына алдында тұрған ұстаздың суретін салады. Сурет салу барысында музыка әуеніне ырғалып, билеп жүріп отырады. Аяқтаған соң бір біріне суретін сыйлайды. Қолдау көрсету, эмоциялық тербеніс сыйлау
ІҮ. Ой толғаныс

(9 мин)

Пікірталас ұйымдастыру

 

Жанған шырақ әкелінеді.

Шырақты  бүгінгі коучинг-сабақпен қалай  байланыстырыңыз?

 

Шырақ сөнеді. Сөнген шырақты мектеп   (Lesson Study)-ұстаз-оқушы арасындағы байланысты айту.

Әр топ өз пікірлерін қорғап шығады Қолдау көрсету (тамаша, бәрекелді, шапалақ ұру)
Ү. Рефлексия

(3 мин)

 %d0%bd%d0%be%d0%b2%d1%8b%d0%b9-%d1%80%d0%b8%d1%81%d1%83%d0%bd%d0%be%d0%ba-1

Коучингтен  алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату.

1.Коучинг сізге несімен ұнады?

2.Бүгін не білдіңіз?

3.Сіз үшін не қиын не болды?

Алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазады.

Стикерді  жапсыру

2 жұлдыз, 1 тілек

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *