“Мемлекеттік емтихан тапсыратын оқушыларға психологиялық қолдау”

Куликова Сауле Кенесбаевна

Қостанай облысы, Арқалық қаласы

Б. Майлин атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологы

Тақырыбы: Мемлекеттік емтиханға  психологиялық дайындық барысында, оқушылар, ата-аналар және мұғалім арасында қарым-қатынасты нығайту, оқушыларды қобалжудан арылту.

Қатысушылар: 11 сынып оқушылары, мұғалімдер және ата-аналар.

Құрметті мектеп бітіруші түлектер, сіздер-Қазақстанның болашағысыздар, болашақ бүгіннен басталады! Сіздер кеше ғана бүлдіршін бала мектеп табалдырығын аттаған болсаңыздар,  міне бүгін ер жетіп, 11 жыл оқыған білімдеріңізді дәлелдеп, өмірге қадам басқалы отырсыздар.Өздеріңіз ойлаған армандарыңыз,  бақытты күндеріңіз,  күтіп тұр. Түлектер, еңбектеріңіз жанып оқу грантын жеңіп алуға, бар күш-жігерлеріңізді салып, сол мүмкіндіктерді жібермеу тек қана өз қолдарыңызда. Олай болса сіздерге сәттілік!

Ой толғау. «Емтиханға  қандай мақсатпен барасыз?», «Бүгінгі күні сіздің мемлекеттік емтиханға  дайндығыңызға көңіліңіз тола ма?»

«Көңіл-күй жаттығуы» Шеңберге тұрып оқушылар бір-біріне кезекпен бүгінгі көңл-күйлерін айтып, жақсы күн сыйлайды.

Жаттығу “Қол алысу”

Мақсаты:   Максатка   жету   жолындағы   кедергілерді   жеңу   дағдыларын

жаттыктыру.

Қатысушылар шеңбер жасап тұрады. Бірінші қатысушы кез-келген қатысушыға жақын келіп, оның қолын қысып, бүгінгі ойында, оның бойынан жаңа қандай қасиеттерді байқағанын айтады (қысқаша). Бірінші қатысушы барған адам, өз кезегінде келесі қатысушыға барады және т.с.с. қатысушылардың әрқайсысы өзі туралы жағымды кері байланыс алғанша жалғаса береді.

Талдау: Жаттығу ұнады ма? Қандай қиындықтар болды? Алған әсерлеріңізбен бөлісіңіздер.

 

«Сенімділікті арттыру» жаттығуы

Оқушылар өз бойындағы жақсы қасеттерді берілген көбелек қиындысына жазып, тақтада ілулі тұрған гүлдің суретіне апарып қондырады.

 

 

«Жағымсыз жағдайдан құтылу» жаттығуы

Оқушылар өз бойындағы әлсіз қасиеттерді қағазға жазып, тақтада ілулі тұрған кактус суретіне жапсырады, ал бойындағы жігерлі қасиеттерді гүл бетіне жапсырады.

Рефлекция. Қатысушыларға сұрақтар қойылады.

Өз бойыңыздағы қандай  қасиеттерді жазу қаншалықты қиынға соқты?

 

 

 

 

 

 

 

«Сиқырлы алма » жаттығуы

         «Әуен», Оқушылар көздерін жұмып, ойға шомиды. Өсіп тұрған алма бағына барып, қызыл, сары, жасыл алмаларға қарап тамсанып көңілдері көтеріледі. Аспанға қарап қатты дем алады. Айнала жасыл белес, әр-түрлі өсімдіктердің иісі мұрынды жарады. Құстардың дауысы не деген керемет таза, үнді, сыңғырлаған дыбыстар құлағыңның құрышын қандырады. Өзеннің жағасына барып едім, айнаға қарап сыланып тұрғандай мөп-мөлдір, кішкентай шабақтар топ тобымен бұраңдап билеп жүргендей. Беті-қолды жуып алып, алма тере бастадық, иісін-ай шіркін керемет. Ақырындап көзімізді ашамыз.

Рефлекция. Қатысушылардан қандай әсер алғандарын сұраймыз, тыңдап болған соң, алдарына берілген алма қиындысына өз арман тілектерін жазып, ортада тұрған ағашқа ілеміз

 

  

«Жасөспірімдердің келеңсіз жағдайлардан алдын-алу және сақтандыру»

Мақсаты: Өмірде кездесетін қиыңшылықтарды жеңе білуге үйрету.

Видеоролик  көрсетіліп, талдау жасау.

Психологиялық сабақтан күтілетін нәтиже: Жасөспірімдердің бойында жақсы қасиеттерді сіңдіре отырып, қиыңдық кезде төзімділікке, сабырлыққа, шыдамдылыққа үйрету. Адам бір-біріне қонақ, қамшының сабындай өмірдің құндылығын түсіну, адамгершілікке тәрбиелеу.Өмірге деген қызығушылығын арттыру.

Leave a Reply

Your email address will not be published.