Эссе “Қазақстан тәуелсіздігі”


                                                                             Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің

                                                                             № 2  жалпы орта білім беру мектебінің

                                                             мектепалды даярлық мұғалімі:

                                                                            Сарсенбекова Гульназ Шарамазанқызы

«Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың     ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып – көркею  жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» (Н. Назарбаев).

2016 жылдың 16 желтоқсанында – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне  25 жыл. Еліміздің сан ғасырлық тарихында мақтаныш тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз ол біздің тәуелсіздігіміз. Отанымыз  туралы айтарымыз да мақтанарымыз да көп,               ендігі жеңіс те ерлік те біздің қолда  Отаным,  Атамекенім,  Атажұртым, Тарихым. Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар.

Елбасының «Қазақстанның тәуелсіздігі қазақтарға тартқан тағдырдың сыйы емес, өзінің ежелгі жерінде қилы кезеңді бастан кешу арқылы қол жеткен өз мемлекттілігін құруға деген заңды құқығы бұл даусыз және саяси фактіге ешкім күмән келтірмеуі тиіс», – деген болатын. Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты.

Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт — сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі. Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті. Әрқашанда Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып, егемен елдің ұрпағының еңсесі биік, көкірегі ояу, керегесі кең, терезесі тең елде өмір сүрсін. Қазақстанға оңайлықпен келмеген Тәуелсіздікті қастерлей, қадірлей білейік….

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *