Сыныптан тыс іс шара “Менің елім – Тәуелсіз Қазақстан”


Көкшетау қаласындағы №11 орта мектеп – гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Какабаева Зауре Балуановна

Дарындылар  мен ақылдылар сайысы.

Мұғалімнің  кіріспе сөзі:

«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар,ол- Тәуелсіз Қазақстан!»

Н.Ә. Назарбаев.

Біздің халқымыздың тарихында кейінгі ұрпақ мәнгі қастерлеп,ардақтап өтетін күн- 1991 жыл 16 желтоқсан. Бұл күн – біздің Тәуелсіздігімізді дүние жүзі мойындаған күн! Тәуелсіздіктің қайта оралғаны – біздің ата – бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы. Президентіміз Н. Ә. Назарбаев еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария етті. Басты мақсат- Қазақстанның ең дамыған 30 мемелекеттің қатарына қосылуы. Ол – « Мәнгілік Казакстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті. Қазақ елі өткен  жылдар қыруар іс тындырды. Біз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырдық. Әрбір отандасымыздың жүрегіне өз еліне деген шексіз мақтаныш сезімін орнықтырдық. Қазақстандықтар ертеңіне, елінің болашағына сеніммен қарайды. Еліміз бойына ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиетті дарыған, Егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой – өрісі кең, алғыр да жүректі,салауатты азаматтар қажет – дейді Н.Ә.Назарбаев.

Әнұран орындалады (слайд).

 

  1. Жургізуші: Дүниедегі барлық халық тәуелсіздігін, ұлттық мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.

 

  1. Жургізуші: Тілді меңгеру – халықтың жан -тәнін аңғару.

 

1.Жургізуші: Халықтың тарихта қалуы- тіліне, тілінің сақталуына байланысты.

 

  1. Жургізуші Тіл – адамдардың қарым-қатынас жасап, пікір алысуын, олардың өзара түсінісуін қамтамасыз етуімен қатар, ғасырлар бойы жинақталған асыл қазынаның ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп жеткізіліп отыруына септігі тигізетін құрал.

 

  1. Жургізуші: Ана тілі-халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын тарихи бір тұтастық, мызғымас бірлік, ажырамас туыстық, жағдайда мәңгілік біріктіретін сенімді құрал.

 

  1. Жургізуші: Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз, халық рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр.
  2. Жургізуші: Ел-жұртымызды, туған жерімізді оның өзен-көлдерін, оның бораны мен нажағайын ана тіліміз арқылы ғана қабылдап, соларға деген перзенттік махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз ( К.Д.Ушинский).

 

  1. Жургізуші: Қазақ әдебиетін оқу үшін ең алдымен тілдік білім қажет, тілді жақсы меңгеру керек, тілге деген сүйіспеншілік туғыздыру керек.

 

  1. Жургізуші: Әдебиет – тұнып тұрған тілдік байлық. Көркем әдебиетте тілдің эмоциялық және эстетикалық қуаты ерекше көрінеді.

 

  1. Жургізуші: Бұл қазақ тілін жоғары деңгейде үйренуге мүмкіндік береді. Тіл – әдеби көркем шығарманың негізі.

Оқушының орындауында М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңі.

 

  1. Жургізуші: Еліміздің келешегі жастардың қолында. Қазақстанның болашағы бүгiнгi жастар  (Н.Ә.Назарбаев).
  2. Жургізуші: Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны.
    Еліңнің жарқын болашағын жасауға өз үлесіңді қос дейді Елбасы Н.Ә.Назарбаев .
  3. Жургізуші: Неміс философы Зиммельдің айтуынша, «Білімді адам – ол өзі білмей­тінді қайдан табуға болатынын бі­летін адам» (неміс философы Зиммельдің айтуынша).

 

  1. Жургізуші: Егеменді еліміздің Тәуелсіздігін алғанына 25 жыл толған мерейлі тойына арналған Дарындылар мен Ақылдылар сайысымызды бастайық.
  2. Жургізуші: Жарыстың бірінші кезеңі -Бәйге деп аталады.  Сұрақтарға толық жауап берулеріңіз  керек.
  3. Жургізуші: 1.Сұрақ – Ел тарихында кейінгі ұрпақ мәңгі қастерлеп, ардақтап өтетін қандай күн  деп ойлайсыздар?  (  16-желтоқсан Тәіуелсіздік күні )
  4. Жургізуші: 2.тапсырма –  Тәуелсіздік сөзінің мағынасын  түсіндіріңіздер (слайд).
  5. Жургізуші: 3 Сұрақ – Еліміздің түңғыш президенті қай жерде туған? (Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты  Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді.
  6. Жургізуші 4. Сұрақ – Еліміздің мемлекеттік рәміздерін атап шығыңыздар. (Елтаңба, Әнұран, Ту.)

1 Жургізуші  5.Сұрақ- Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранының сөзі  мен әнін жазған кімдер? (Н.Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов, Шәмші Қолдаяков)

  1. Жургізуші  6. Сұрақ -Тіл туралы Заңы қай жылы қабылданды? (Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы 1997 жылғы 11 шiлдеде қабылданды)
  2. Жургізуші: 7.Сұрақ- Қазақ Елінің мерекелерін атап шығыңыздар.

а.Маусымның 4-і  Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні.

б.Қазақстан Республикасының ұлттық мейрам Тәуелсіздік күні  16-17 желтоқсанда аталып өтеді

в.Шілденің алтысы Қазақстанның Елордасы – Астана күні

г.Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз)

д.Наурыз мейрамы (22 наурыз)

е.Қазақстан Халықтарының бірлігі мейрамы (1 мамыр)

ж. Отан қорғаушылар күні  (7 мамыр)

з. Женіс күні (9 мамыр)

и.Қазақстан Республикасының  Ата Зан  күні (30 тамыз)

  1. Жургізуші 8. Сұрақ- Семей полигоны қай жылы жабылды? (Казахстан президентінің Нұрсұлтан Назарбаевтың № 409 жарлығы   бойынша 1991 жылы 29 тамызда  жабылды)
  2. Жургізуші 9.Сұрақ-Қазақстанда нешінші және қай жылы қысқы спорттық Азиада өтті? (Жетінші қысқы Азиады ойындары 2011 жылы  қантар, ақпан айларында Астана, Алматы қалаларында өтті).

2. Жургізуші 10. Сұрақ.  Еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін Президент Н.Ә.Назарбаевтың   ұлттық идеясы қалай аталады? ( «Мәңгілік ел» деп аталады)

  1. Жургізуші 11. Сұрақ- Қай жылы ресми түрінде Астана Қазақстанның бас қаласы болып аталды?  (Бір мың тоғыз жүз тоқсан жетінші жылы желтоқсанның оны күні. Ресми түрінде президенттің жарлығы бойынша бір мың тоғыз жүз тоқсан сегізінші жылы маусым айында Астанананың  бас қала ретінде презентациясы өтті)
  2. Жургізуші 12.Сұрақ – 2017 жылы Қазақстанда не өтеді? (2017 жылы маусымның онынан басталып – қыркүйектің онына дейін Қазақстанда ЕХРО көрмесі өтеді)

 

  1. Жургізуші 13. Сұрақ- Астана қаласының ғимараттарын атап шығыңыздар(слайд)
  2. Жургізуші 14. Сұрақ- Отан, туған жер, отбасы, тарих , халық, дәстүр, тіл, ел сөздерін орыс, ағылшын тілдеріне аударыңыздар.
  3. Жургізуші 15.Сұрақ- Отан оттан да ыстық. Туған жерге туынды тік. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық. Мақал – мәтелдерді оқып шығып, түсіндіріңігіздер (слайд).
  4. Жургізуші 16.Сұрақ- Елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы түсірілген көркем фильм қалай аталады?(«Балалық шағымның аспаны»).
  5. Жургізуші 17.Сұрақ- Басты ролді ойнаған кім? (Басты рольді ойнаған Нурлан Әлімжанов. Көкшетау қаласында туып өскен №3 Мәлік Ғабдуллин атындағы мектепті бітірген.)
  6. Жургізуші 18.Сұрақ- Қазақстандық спортшылар Рио де Жанейро жазғы олимпиада ойындарында қандай жеңіске жетті? ( Казахстан спортшылар  Рио де Жанейро жазғы олимпиада ойындарында  он жеті  медаль  ел қазынасына әкеп қосты; үш алтын, бес күміс тоғыз қола. Нижат Рахимов, Дмитрий Баландин, Данияр Елеусинов)
  7. Жургізуші 19сұрақ- Еліміздің алға қойған мақсаты қандай? (Еліміздің қазіргі кезде алға қойған мақсаты – 30  дамыған мемлекеттер қатарына кіру).

2 .Жургізуші 20 сұрақ –  Астана қаласындағы Еуразиялық университет кімнің атында? (Л.Н.Гумилев атында)

1Жургізуші 21 сұрақ – Еліміздің ең ерекше оқу орны қалай аталады? (Назарбаев университеті. Қазақстан Республикасының  Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  бастамасы бойынша  құрылған жаңа университет).

 

2 .Жургізуші   22  сұрақ   –  Назарбаев университеті алғашқы студенттерін қай жылы   қабылдай бастады?   (2010 жылы қыркүйек айынан  бастап қабылдады) .

1.Жургізуші 23 сұрақ-2015 жылы Қазақ хандығының құрылуына неше жыл толды? (Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл толды)

2 .Жургізуші  24 сұрақ-«Мен жастарға сенемін» өлеңнің авторы кім? (Мағжан Жұмабаев).

1.Жургізуші 25 сұрақ- Ел басы Н.Назарбаев:  «Ел ертеңі – білімді жастар» – дейді,
«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса,… деген  сөзін аяқта, (азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа»
Көмекшілер дұрыс жауап берген оқушыларға «Ақылда» орденін таратады.

  1. Жургізуші: Құрметті оқушылар, сонымен, ортаға үш сайскер   шығады (ең көп орден жинап алған үш оқушы).
  2. Жургізуші: Сайыстың ережелерімен таныстырайық

Алдарыңда үш жол; кызыл, сары, жасыл ( кімде көбірек орден, сол жолды бірінші таңдайды).

Қызыл жолда екі  кезен, сіз екі сұраққа, қатесіз толық жауап беруіңіз керек. Бұл сізді жеңіске әкелетін жылдам жол.

  1. Жургізуші: Сары жолда, үш кезен, сіз үш сұраққа толық жауап беруіңіз керек. Бірақ сізге бір кате жіберуге болады.
  2. Жургізуші: Жасыл жолда төрт кезен, сіз төрт сұраққа толық жауап беруіңіз керек.Сізге екі рет қате жіберуге болады.
  3. Жургізуші: Бірінші жолды таңдаушы оқушы, ен көп «Ақылды» орден жинап алған

Қатысушылар таңдаған жолдарына тұрады (кеуделеріне Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне  25 жыл эмблемасы тағылады)  .

  1. Жургізуші: Қызыл жол сұрақтары?
  2.   Сіз Елбасы – ел тірегісіз. Жастарға ел үшін жасаған істеріңіз үлгі – өнегі . Өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелейсіз.

Сізге  бірінші сұрақ    Сіздің  армыныз қандай болды?

Жауабы- «Егер келешекте қолымнан іс келетін азамат бола қалсам, қазақ деген халықты дүниежүзіне танытып, терезесін тең етер едім»,- деп армандаған болатын.

1Жургізуші  Сізге  екінші сұрақ  Лауазымдық мәртебеңізді атап шыңыз.

Жауабы-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті  – Елбасы (Ұлт көшбасшысы).

Қазақстан Республикасы Қарулы Күшетерінің Бас қолбасшысы.

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы.

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы.

«Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының төрағасы.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің төрағасы.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетел инвестор.

2.Жургізуші Сары жол сұрақтары.

Бірінші сұрақ . Сіз  Қазақстандықсыз, болашаққа үлкен сеңізбен қарайсыз. Алға қойған мақсатыңыз қандай?

Жауабы- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясын жариялағаннан бері елімізді әлемдегі дамыған отыздықтың құрамына енгізу барша қазақстандықтардың ортақ мақсатына, ұлттық идеясына айналды. Осы мақсатқа жету үшін жасалатын 100 нақты қадамды Елбасы айқындап берді. Мұнда Ұлт жоспарында қоғамның барлық саласын одан әрі жетілдіру бойынша нақты іс-шаралар қамтылған. Соған әр казақстандық өз үлісін қосуда.
2.Жүргізуші   «Біз, қазақтар, әлемдік ғылымға, білімге орыс тілі арқылы шықтық. Қазір ағылшын тілін меңгеру арқылы көкжиегімізді кеңейтуіміз қажет», – деді ҚР Президенті Н. Назарбаев.

 

Екінші сұрақ   Мемлекеттік басшысы Н.Назарбаев Қазақстан мектептеріне белсенді не енгізіліп жатқанын атап өтті?

Жауабы- Мемлекет басшысы қазір Қазақстан мектептерінде үштілділік белсенді енгізіліп жатқандығын атап өтті. «Бұл – қазақ, орыс және ағылшын тілдері. Бұл жоғары сыныптарда толықтай ағылшын тілінде білім алуға көшуге негізделген.

2.Жүргізуші : Ел Президенті  Н.ӘНазарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет  1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді.

2.Жургізуші  Үшінші сұрақ  Ассамблеяның Қазақстан қоғамындағы рөлі қандай?

Жауабы- Ассамблея Қазақстанда тұрып жатқан өзге ұлт өкілдерінің басын қосып  еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосу.

1 Жургізуші-  Жасыл жол сұрақтары:

1Жургізуші-  бірініш сұрақ. Ибрагим деп азан айтып ат қойғанмен, сіздің есіміңіз бүкіл әлемге басқа атпен әйгілі. Сіз кімсіз? Неге олай аталдыңыз?

Жаубы- Мен – Абай Құнанбайұлы , себебі мені әжем Зере және анам Ұлжан бала кезінен Абай деп атап жұрген, мен зерек, білімге құштар болдым.

1.Жургізуші-  екінші сұрақ   Сіз,  кай қалада, қандай оқу орынын бітірдіңіз?

Жауабы -Семей қаласында Ахмет Риза атындағы медреседе оқыдым және орыс приходская школа барып, орыс тілін үйрендім.

1.Жургізуші-  үшінші сұрақ  Вы поэт – просветитель, вы написали  стихотворение

К порывам юные сердца зову,
Я человечность ставлю во главу.
Кто корыстолюбив и бессердечен,
Тот мелкий человек по существу.
Так будь отзывчивым, как друг и брат,
И поделись со всеми, чем богат.
Да будет дружба искренней и честной –
И все дурные чувства замолчат!

Прочтите на родном языке.

Жауабы- Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге,
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз,
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.. .

1Жургізуші- (төртінші сұрақ)  Сіз   орыс әдебиетін сүсіне  оқып, өз халқына жеткізу үшін көп аударма жасадыңыз. Кімнің шығармасын жатқа айтып бере аласыз?

Жауабы-  Гете « Uber allen Gipfeln», М.Ю.Лермонтов «Горные вершины».

Uber allen Gipfeln
ist Ruh’,
in allen Wipfeln
spurest du
kaum einen Hauch.
Die Vogelein schweigen im Walde.
Warte nur, balde
ruhest du auch.
Спят во тьме ночной;

Тихие долины

Полны свежей мглой;

Не пылит дорога,

Не дрожат листы…

Подожди немного,

Отдохнёшь и ты.

 

Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап.

Даланы жым-жырт дел-сал қып

Түн басады салбырап.

Шаңдай алмас жол дағы

Сыбдырламас жапырақ,

Тыншығарсың сен дағы,

Сабыр қылсаң азырақ…

Мұғалім –  Құрметті оқушылар алдарыңыздағы жатқан бағалау парағы бойынша ,    бағалап шығыныздар.

Белсенділігі:  «5»  – 5 ұпай,  «4» – 4 ұпай, « 3» – 3 ұпай

Жарыс жеңімпазын анықтайық.

Бағалау парағы:  Егер қатесіз болса, «5»

1 қате – «4»

2 -3 қате «3» қойылады

Рефлексия

Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?

Не білдім?               Не ұнады? Сабақтан алған әсерім

Қортынды. Мұғалімнің сөзі. Туған жерді сүю – парыз, сүю үшін білу – парыз. Қасиетін ұғу – парыз, күзетіне тұру – парыз . Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі, Мықты болсын елімнің керегесі. Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан, Кетпесін туған жердің берекесі.

«Көк тудың желбірегені» әнімен аяқтау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *