Дайындық тобымен ашық сабақ «Жасөспірімдер олимпиада мектебі»


Екібастұз қаласы “№16 «Балдаурен» бөбектер бақшасы”

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының

денешынықтыру нұсқаушысы

Капбасова Нургуль Куленовна

Мақсаты:

1.«Денсаулық сақтау құзіреттілігін қалыптастыру, өз денсаулығына саналы көзқарасын тәрбиелеу, қозғалыс белсенділігін дамыту. Балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау.

2.Балаларға қуаныш сыйлау.

3.Шапшаңдылық, төзімділік, ептілік сияқты қасиеттерді дамыту.

Қажет құралдар: 3 кішкентайбұдыр доп, 9-10 орташа доп, затты дәлдеп лақтыратын  5 дана, 2 секіртпе,гантель 28 дана, тепе теңдікке арналған құрал 3 дана, шеңберге тігілген ленталар, саусақ жаттығуына арналған сурет.

Музыка әуені қосылады балаларБалалар денелерін тік ұстап залға кіреді де, шеңбер бойымен жүріп тақпақтың сөздерін қайталайды.

Д.н: Күнде таңертең балалар,

Балалар: Күнде, күнде.

Д.н:Шынығудан бастаймыз.

Балалар: Күнде, күнде.

Д.н: Тұнжырыған күн болсада,

Балалар: Күнде, күнде.

Д.н: Көңілденіп қаламыз.

Балалар: Күнде, күнде.

Сапқа тұра бастайды. « Сап түзел», «түзу тұр» деген бұйрықтарды орындайды.Үш тілде амандасады.

Д.н:Балалар, сендер өскен кезде мүмкін ұшқыш болуды немесе космонавт болуды армандайтын шығарсындар? Мүмкін әлем чемпионы болуды арамандайсындар. Бүгін дене шынықтыру залында жасөспірімдер олимпиада мектебі ашылады. Сендер олимпиада мектебіне түскілерің келеме?

Балалардың жауабы: Келеді.

Ол үшін шыдамды, төзімді болу керекпіз. Қазір біз сендермен бойқыздыру жаттығуларын орындап, осы мектепке өтетінін немесе өтпейтінін байқаймыз.

« Сап түзел», «түзу тұр» деген бұйрықтарды орындайды, оңға бұрылады.

Жүру түрлері:

1.Жай жүру

2.Үйшік (аяқ ұшында)

3.Қайшы

4.Отыру (қолды алға созып жамбастарымен алға жылжып жүру)

5.Шаяндар

  1. Секіріп кері бұрылады, бұрыштан – бұрышқа жүреді
  2. Алаңның сол жағынан өтіп ортадан өтеді, бір – бірден өтіп екі жаққа кезекпен бұрылады да ортаға өтеді, бір – бірден өтіп жұптасып жүреді.

8.Жұптасып тұрып бір – біріне қарама – қарсы тұрып галоппен секіру.

  1. Шеңбермен жүгіру.
  2. Қолдарын тізеге тигізе жүгіру.

11.Шынтақтарын бір – бірінің үстіне қойып секіру.

  1. Демалу жаттығуларын орындау.

Д.н: Жарайсыңдар, балалар! Олимпиада мектебіне түсуге дайын екенсіңдер!

Сапқа тұрып, « Сап түзел», «түзу тұр» деген бұйрықтарды орындайды, жәшікте тұрған гантельдерді екеуден алып, үш қатарға бөлінеді.

Жалпы дамыту жаттығулары(гантельмен сақтық шараларын қолдану)

1.Б.қ: аяқ арасы табан кеңдігінде, оң және сол қолды кезектесіп жоғары көтеру, төмен  түсіру.6-8рет қайталау.

2.Б.қ: аяқ арасы сәл ашық, екі қолды жанға созу, төмен түсіру 6-8рет.

3.Б.қ: аяқ арасы табан кеңдігінде, қолдағы  гантельді алға кезектесіп созу, бастапқы қалыпқа оралу 6-8рет.

4.Б.қ:аяқ арасы ашық, гантельді аяқ ұшына тигізу, тізені бүкпеу.

5.Б.қ:аяқ арасын иық кеңдігінде қою, гантельді кезектесіп  «қайшылап» аяқ ұшына тигізу.

6.Б.қ: аяқ арасын иық кеңдігінде ұстау, теңселіп қолдағы гантельмен қол білезіктерін айналдыру.6-8рет.

7.Б.қ: аяқтарын кезектестіріп алға алшақ қойып секіру, қолдағы гантельды жанға созып көтеру, төмен түсіру.

  1. Тыныс алу жаттығуын орындау. Гантельді еденге қою. Саусақпен мұрынның тесігін кезектесіп жауып, тыныс алып, демді шығару.

Гантельдерді жәшікке салып жинайды. Сапқа тұрып, бірінші –екінші қатарға саналып бөлінеді.

1 қатарда –  7 бала: 4 -5 бала затты дәлдеп лақтырады, 3 бала тепе – теңдік сақтауға арналған жаттығу түрін орындайды.

2 қатарда 7 бала: 2 бала секіртпемен секіреді, 2 бала доп лақтырады, 3 бала массаж жолмен жүріп бұдыр доппен денелеріне массаж  жасайды.

1қатар – неваляшканың үйін табу

2 қатар – құрғақ массаж жасайды, одан кейін ауысады. Осыдан кейін ауысады.

Ойын : «Допты алып үлгер»

Шарты: балалар екуден тұрады, ортада доп. Дене тәрбие нұсқаушысы бас, құлақ, арқа деп тездетіп «доп» дейді. Сол кезде допты тездетіп ала қою керек. Ойын әрі қарай жалғасады.

Д.н: Жарайсыңдар балалар! Сендер өскен кезде әлем чемпионы болуға лайықсыңдар. Сондықтан сендерге алтын алқа кигіземін. (Медальдар кигізіледі). Рахмет сендерге балалар!

Үш тілде қоштасып, залдан шығады.

20161122_112115

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *