Тілім, тілім сайрашы…!


Екібастұз қаласы “№16 «Балдаурен» бөбектер бақшасы”

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорының логопеді

Сарсекеева Анель Кырыкбаевна

Қазақ «тіл қадірін, өз қадірім» деп білген халық. Кендігін де, елдігін де, кеменгерлігін де, көсемділігін де сөзге сыйғызған.

Тіл мәдениетін игеру – баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін кезең. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Балабақшада тілдік қатынастың ең маңызды түрі ауызша сөйлеп үйренуі. Сөздерді байланыстырып айту арқасында жүзеге асады. Сөздің байланысты айтылуы баланың тілдік және ақыл – ой дамуымен біртұтас жүреді. Балалардың тілдік құзыреттілігін қалыптастыруда біздің балабақшаның логопункті өз жұмысын бастады.

Логопедтік жұмысын жүзеге асыру мақсатында екі бағытқа бөлінді: ақпараттық және практикалық.

Ақпараттық бағыт: жеке дара әңгіме, кеңестер, сауалнама, ата-ана жиналыстары, ақпараттық стендтер.

Практикалық бағыт: ашық көрністер, семинар-практикум, жеке дара практикум, дөңгелек үстел, тематикалық қонақ-жайлық кездесулер.

Біріншіден тілдік жаттығулардан бастаймыз: тыныс алу, артикуляцияық, фонетикалық, дикциялық жаттығулар.

Тыныс алу жаттығуларының мақсаты баланың тілдік тыныс алуын дамыту.Алғашқы жаттығулар дене бітімін дұрыс қалыптастыруға бағытталады: тілдік тыныс алу өз жолында бұлшықет кедергілеріне, қыспаққа түспеуі тиіс. Егер біз иық және мойын бұлшық еттеріне қысым түсірмей, басымызды тік және еркін ұстап, дұрыс тұрсақ, онда еркін тыныс алып, сөйлей аламыз.

Дикциялық жаттығу– балалар қандай да бір сөйлемді, жаңылтпашты, жеке дыбысты, сондай-ақ буынды сөзді анық айтуы қажет. Жаңылтпаш арқылы бала жылдам ойлауға, жаңылмай тез қайталап айтуға, кекештенбей, қысылмай, анық сөйлеуге үйренеді. Мәселен, бірқатар жаңылтпашты айтып көрелік:

Біреуі көрікті кісі,

Біреуі бөрікті кісі.

Көрікті кісі – зорықты,

Бөрікті кісі – қорықты.

Суда сең келеді, Сегіз серке тең келеді.

Ақ тайлақ ақ па? Қара тайлақ ақ па? – дегендей.

Артикуляциялық жаттығулар– баланың дыбыстау (сөйлеу) мүшелерінің қызметі арқылы дыбыс шығару дағдысын қалыптастыру. Ең алдымен тіл бұлшық еттеріне, кейін ерінге арналған жаттығулар жүргізіледі. Артикуляциялық жаттығулардың басым бөлігі тіл бұлшықетін созуға есептелген, өйткені баланың дикциясының анықтығы тіл ұзындығымен байланысты.

«Күрекше» – тіл босаңсытылады, жалпақ күйге енгізіледі де, төменгі ерін үстіне қойылады. Осы қалыпта бірнеше секунд ұстап тұру керек.

«Инеше» -ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.

«Төбешік» – ауызыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары азу тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау.

«Сағат тілі» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.

«Саңырауқұлақ» -ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.

Фонетикалық жатығу – тіл дыбыстарын дұрыс айтуға үйрету. Мәселен, дыбыстарды қолдана отырып, келесі жаттығуларды орындауға болады:

Ара болсаң, ызыңда

З-з-з, ж-ж-ж, з- з-з, ж-ж-ж

Жұмыс істе, тығылма.

– Ара қалай дыбыстайды?

(з-з-з) – қатты және жай дыбыстаймыз.

Жылан қалай дыбыстайды?

Ыс-с—ыс-сссс….

Бұл жаттығулар айнаның алдында орындалады.

Сөйлеу тіліндегі кемшіліктер баланың жалпы дамуына кері әсерін тигізеді: баламен толыққанды қарым-қатынас жасауында, ойын барысында, қоршаған ортамен байланысында, эмоционалды күйіне. Осы мәселерді алдын алу үшін балаларға дер кезінде көмек көрсету арқылы логопункт өз жұмысын жүргізуде.

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *