logo

Оқыту тәжірибесінде қолданылатын оқу жобаларының түрлері

Ерманова Сара Есенбаевна

«Қостанай гуманитарлық колледжі» мекемесінің

математика пәнінің жоғары санатты оқытушысы

Оқушылардың  зерттеу  жұмысын  ұйымдастыру  және  жоба  жұмысын  жасауға  мақсатты  әрі  жүйелі  түрде  бағыттау  керек  екені-  бүгінгі  күн  талабы.Сондықтан  да жобалау  технологиясының  тиімділігі  күннен  күнге  артуда.

Жобалау  әрекеттерін ұйымдастыру – жеке тұлғаға бағытталған технологиялардың бірі. Оқу жобасы – мәселелік амалды, топтық әдістерді, түзету, презентациялық, зерттеу, іздену және басқа да амалдарды біріктіретін және оқу жобаларының міндеттерін шешуге бағытталған оқушылардың өзіндік әрекеттерін ұйымдастыру әдісі[1,31].

Оқушы тұрғысынан қарағанда оқу жобалары – топпен немесе жеке өзінің қандай – да бір қызықтыратын нәрсені өзінің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, өз бетінше жасау мүмкіндігі, өзін көрсетуге, өзінің мүмкіндіктерін пайдалануға, өзінің білімін пайдалануға, басқаларға пайда әкелуге және өзінің жетістіктерін көпшілікке көрсетуге мүмкіндік беретін әрекет [3,31].

Мұғалім тұрғысынан алғанда оқу жобалары – дамытудың, оқыту мен тәрбиелеудің кіріктірген дидактикалық құралы.

1.Оқу жобаларына негізгі қойылатын талаптар мыналар:

  1. Кіріктірілген білімді, оны шешу үшін зерттеу жолдарын іздестіруді қажет ететін маңызды проблеманың (міндеттердің) болуы (ақпараттық, зерттеу, практикалық);
  2. Күтілетін нәжижелердің тәжірибелік, теориялық, танымдық маңыздылығы;
  3. Оқушылардың өздік( жеке, жұптық, топтық) жұмыстары;
  4. Жобаның (жеке кезеңдердің нәтижелері көрсетілген) мазмұндық бөліктерін құрылымдау;
  5. Зерттеу әдістерін қолдану.
  6. Оқыту тәжірибесінде қолданылатын оқу жобаларының түрлері
  7. Жобадағы басым әрекеттердің сипатына байланысты:
  • зерттеу жобасы. Бұл жобада таңдап алынған тақырыптың өзектілігі, зерттеу міндеттерін нақтылау, міндетті түрде тексерілетін болжамның болуы, алынған нәтижелерді талқылау қамтылады. Жобаның барысында замануи ғылымның әдістері: зертханалық эксперимент, модельдеу, әлеуметтік зерттеулер және т.б. қолданылады;
  • ақпараттық жоба. Көпшілік қауымға талдау, тарату және жалпылау үшін қандай-да бір құбылыс, нысан туралы ақпараттарды жинақтауға бағытталады. Мұндай жобалардың соңғы нәтижесі БАҚ-да, соның ішінде Интернетте материалдар жариялау болып табылады;
  • шығармашылық жоба. Шығармашылық жобада нәтижелерді дәстүрлі емес, еркін түрде көрсетуге болады. Альманахтар, театр қойылымдары, өнер және декоративтік- қолданбалы өнер туындылары, видеофильмдер және т.с.с. шығармашылық жобаның түрлері болып табылады.
  • рольдік (ойын) жоба. Жобаның бұл түрінде жоба дайындаушы қандай-да бір әдеби шығарманың кейіпкері, немесе тарихи тұлғаның, немесе өзінің ойынан шығарған кейіпкерінің және т.с.с. ролінде болады. Жобаның нәтижесі соңына дейін нақты анықталмайды.
  • тәжірибеге бағытталған жоба. Тәжірибеге бағытталған жобалар жобаға қатысушылардың өздерінің немесе сыртқы тапсырыс берушінің әлеуметтік қызығушылығына бағытталады. Ең маңыздысы жоба өнімінің практикада нақты қолданылуы мен оның қойылған өзекті мәселені шешуге ықпал етуін бағалау болып табылады [4,12].
  1. Оқушылардың жобалық әрекеттерін ұйымдастыру келесі кезеңдерден тұрады:

1 кезең- проблемаға ену;

2 кезең – әрекеттерді ұйымдастыру;

3 кезең – әрекеттерді жүзеге асыру;

4 кезең – нәтижелердің презентациясы, өзін-өзі  бағалау және өзін-өзі талдау.

  1. Оқушылардың жобасының нәтижесі

Web – сайт, анықтамалық , атлас, әлеуметтік сауалнама мәліметтерін талдау, басылым, бизнес – жоспар, видеофильм, видеоклип, виртуалды экскурсия, дизайн-макет, жаңа оқулықтың бөлімдері, жарнамалық материал, жол көрсетуші карта,  заң жобасы, ертегі , карта, кескіндемелер жинағы, коллекция, мақала, модель, музыкалық шығарма, мультимедиалық өнім, нұсқаулар жинағы, хат, саяхат күнделігі, салыстырмалы талдау, сөздік, сценарий, шығармалар жинағы, электронды газет, электронды журнал және т.с.с. [2,45]

  1. Жобаларды бағалау

1.жобаны өз бетінше орындауы;

2.тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығы

3.тақырыптың ашылуы;

4.мәселені шешу ерекшелігі;

5.жоба мазмұнын презентациялау;

6.көрнекі және техникалық құралдарды пайдалану;

7.сұрақтарға берген жауаптары.

 

Қорыта айтқанда, оқу жобалары оқушылардың  қызығушылық  ынтасын  дамытады, өз  бетімен  жұмыстарын  жүргізу  арқылы  білімдерін  жетілдіреді, ақпараттық  бағдарлау  біліктілігін  қалыптастырып  және  сыни   тұрғыдан  ойлау  қабілетін  арттыру  арқылы  оқушыны  болашақта  әр  түрлі  жағдаяттарда, әр түрлі  қоғамдық  ортада  өзін-өзі  көрсете  білуге  бейімдейді.

 

Қолданылған әдебиеттер

 

  1. Национальный план действия по развитию функциональной грамотности школьников на 2012-2016 годы.
  2. Караев. Қ.А. Қазіргі білім берудегі техникалар мен технологиялар. Астана. Арман –ПВ, 2010.
  3. Баяндамалар жинағы «Педагогтың кәсіби өсуі- білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің басты шарты» Алматы,2013
  4. Мерзімді ғылыми-әдістемелік басылымдар.