Табиғатты аялайық, қорғайық


Ақмола облысы Ерейментау  ауданы

Балабек Жахин атындағы Новомарковка орта  мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Презентацияны көшіру…

Мақсаты: Балаларға табиғат адамзаттың өмір сүріп, еңбек етіп отырған ортасы екенін айтып өту, табиғатқа қамқорлық жасауға аялап ,қорғай білуге тәрбиелеу. Табиғаттың әрбір бөлшегі, адамзат баласы үшін асқан байлық, қазына екенін адам өмірінің қорғаушысы денсаулықтың кепілі екенін балаларға кеңінен толық ұғындыру. Табиғатты қорғау. Экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру. Оқушыларды елін, жерін сүюге,қадірлеуге үйрету және табиғат қамқоршыларының қатарын молайту

Көрнекілігі: Слайд көрсету. «Табиғатты аялайық,қорғайық» суреттер топтамасы. Күлімдеген күн, түнерген бұлт,ағаш,… суреттері,  – «табиғаттың тамаша  көріністері».

Нақыл сөздер:
1. Экология – тағдыры.
2. Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
3. Табиғат-біздің анамыз,табиғатқа  баламыз.
4. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
5. Өз елінің тасын сыйламаған,
Өзге елдің тауын да сыйламайды.
6. Күте білсең, жер жомарт.
Әдіс – тәсілі: Коммуникативтік технология арқылы интерактивті әдіс – тәсілдерді қолдану.Сұрақ – жауап, түсіндіру,


Ұйымдастыру. Балалар «Сәлем – сөздің анасы» амандасу – адамгершіліктің, әдептіліктің белгісі. Сондықтан алдымен қонақтармен амандасып алайық.
Балалар.: Қайырлы күн, досым.
Қайырлы күн!
Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін.
Йіліп,сәлем береміз,құрметпенен біз
.

Кіріспе сөз. (Мұғалімнің сөзі) Табиғат – бізді қоршаған орта, ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған. Табиғат болмаса біз ауасыз,сусыз,тамақсыз өмір сүре алмас едік.Демек, адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Табиғаттың ерекше қасиеті – ол өзінің бөліп шығарған қалдығынан адамның көмегінсіз-ақ өзін тазартып алады. Ал адам баласының іс-әркеттерінен болған қалдықтардан өзін-өзі тазарта алмайды, табиғат уланып, ластанады.
Таза табиғат үшін күрес – өмір үшін күрес, келешек, болашақ үшін күрес әрқайсымыз өзіміз өскен ортаның табиғатын қорғауға міндеттіміз. Табиғат адам баласын дүниеге келтірген аяулы ана бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, аялы бесігі, құтты қонысы және өсіп-өнген мекені. Сондықтан
Табиғат-Анамыздың неден зардап шегіп тұрғанын анықтап, өз көмегімізді беруге дайын болуымыз керек

Бүгінгі тәрбие сағатымыз осы мақсатта ұйымдастырылып отыр.

Табиғат  ол-анамыз,

Табиғатқа  баламыз.

Құшағында  ойнаймыз,

Шаттық  әнге  саламыз.

Қымбатты оқушылар, бүгін біз « Ең білгір» топ сайысын өткізбекшіміз.

 Олай болса, сайысты бастайық. Сайысқа үш топ қатысады. 

Сайысымыз 5 кезеңнен тұрады.

1-кезең.Таныстыру. Әр топ өзін таныстырады.

2-кезең. «Сен білесің бе?».Әр топтың қатысушылары мақал – мәтелдерді жалғастыру.

3-кезең. «Ұстап көрейік-иісін сезейік».(Көзді жұмып,қолмен ұстап айту.)

4-кезең. «Табиғатпен біргеміз!» (Сурет қиындыларын құрастырып, тақтаға ілу).

5-кезең. «Ойымызды бөлісейік».(Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңмен бөлісейік).

Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасын сайлап аламыз.

Оқушыларды үш топқа бөліп, әр топтың аты, ұраны, мақсаты белгіленеді. 

1-кезең.Таныстыру. Әр топ өзін таныстырады.

1-топ. «Алтын күн».Ұраны: Күн шуағын сүйеміз,

                                                 Жадыраймыз  күлеміз.

2-топ. «Таза  ауа».Ұраны: Таза ауамен  терең тыныс  алайық,

                                             Денемізді шынықтырып қалайық.

3-топ. Табиғат». Ұраны: Табиғаттан  нәр алған ғой  жанымыз,

                                             Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

ІІ кезең:
«Сен білесің бе?».Әр топтың қатысушылары табиғат туралы мақал – мәтелдерді айту.

Табиғатқа байланысты қандай мақал – мәтелдер білеміз?
                                                     1) Туған жер — (алтын бесік).

2) Сусыз өмір жоқ,

Ауасыз тыныс жоқ

3)  Жері семіздің. (Малы семіз).

2-топ. 1) Таза болса табиғат,(Аман  болар  адамзат).

2) Көлдің көркі құрақ,(Таудың көркі бұлақ).

3) Бір ағаш кессең,(он ағаш отырғыз).

3-топ .1) Кісі елінде сұлтан болғанша,( Өз  еліңде ұлтан бол).

.         2)  Жаңбыр жауса-жер ырысы, Батыр туса- ел ырысы..

3) Су-(табиғат байлығы).

ІІІ кезең:
« Ұстап  көрейік-иісін сезейік».

Табиғат-біздің досымыз болса,ол бізге таза ауасын. Жеміс-жидегін,көлеңке-саясын береді.

Біз ауамен демалып,салқын да мөлдір суын ішіп,тәтті жемісін жеп,Жер-ананың үлкен ағаштарының саясында демалып,мықты да кербез,әсем болып өсеміз.

Көзді байлап,йісін сезу арқылы,қолмен ұстау арқылы сол табиғаттың бізге берер сыйын  қаншалықты ажырата білетінімізді көрсетіп,  жеміс туралы өлең- тақпақ айту,түсінік беру.

1.Қолмен ұстап, көріп айтады,сол зат туралы не білетіндерін топ айтады.

1-топ. Жаңғақ.

2-топ. Ағаштың бұтағы.

3-топ.  Топырақ.

1-топ. Алма .-Пісіп тұрған алмамын,

Тамсандырар бал дәмім.

Жерге сілкіп түсірме,

Ісіп кетер маңдайым!

Алманы көптеген ауру түрлерін емдей алатын күшті жемістердің қатарына жатқызуға болады.Суық тигенде,ұйқысыздықта,күйік,үсік шалғанда алма тілімдерін ауырған жерге басса,ем нәтижелі болады

2-топ.Апеьсин. Апельсин- пайдасы мол. Апельсин. Ағзаны тазалап, қандағы холестерин деңгейін қалыпқа түсіреді. Астың қорыты-луын жақсартады. Құрамында С дәрумені 100 грамда – 65 мг.

3-топ.Лимон. Лимон– адамның бойындағы  қан айналымын  жақсартады.Қан қысымының көтерілуін тежейді,жүйкені тыныштандырады.

IV – кезең. «Табиғатпен біргеміз!» (Сурет қиындыларын құрастырып, тақтаға ілу).

Суреттер-күн,бұлт,өзен,тау,ағаштар,гүлдер, көбелектер,шөптер,малдар,құстар,…).

Осы суреттерден тамаша табиғат көрінісін түсірейік.

Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік,
Бір-бір ағаш егейік.
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін тер төгейік.

Табиғатты қорғау туралы ананың қандай өсиет сөздері бар?

– Табиғат! осы бір сөз жүрекке жылы, көңілге қонымды естіледі. Табиғат сөзінде қаншама терең ой, мағына, ұлағатты мол ұғым, тұжырымы кең ой жатыр деуге болады.

– Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс – мекені, алтын ұя бесігі, құт – берекесі. Адам үшін табиғат – ең қасиетті де қастерлі ұғым.

– Қазақ халқының бар өмір – тіршілігі табиғатпен етене байланыста. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екеніне ерекше мән берген.
V кезең: «Ойымызды бөлісейік».(Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңмен бөлісейік).

Балалар,Табиғат-анамызға ризашылығымызды білдіріп,рахмет айтайық,жүректен шыққан тілектерімізді арнайық.

-Мен өзімді табиғат аясында жүргендей сезіндім.

-Таза ауасын рақаттана жұттым!

-Таза ауада серуендесек деніміз сау болады.

-Табиғат-емші,табиғатты  таза ұстайық.

-Мен гүлдердің жайқалып өскенін тілеймін!

-Ата-анамыз аман болсын.Күн,жылу бергенің үшін рахмет!

-Табиғат,денсаулық сыйлағаның үшін рақмет!

-Су,өмірдің нәрі болғаның үшін рақмет!

-Күніміз жарқын болсын!

-Аспанымыз ашық болсын!

-Ауамыз таза болсын!

-Еліміз бай болсын!

-Тыныштығымыз баянды болсын!

-Ағаштар жайқалып өссін!

-Нанымыз көп болсын!

-Мен,Табиғат-ана жап-жасыл болып тұрсын деймін.

Қорытынды:
Олай болса,балалар, мен де сендердің күндей күлімдеп,гүлдей жайнап,ағаштай биік, судай таза болып өскендеріңді тілеймін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *