Изеева Ляззат Абдикаримовна


Аты-жөні:Изеева Ляззат Абдикаримовна

Қызметі:Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Жұмыс орны:ОҚО Түлкібас ауданы Түлкібас поселкесі Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебі

Мекен жайы:ОҚО Түлкібас ауданы Түлкібас поселкесі

Педагогикалық тәжірибесі:  2015 жылы аудандық көлемде іс-тәжірибе тарату бойынша «Современные подходы обучения на уроке русского языка и литературы» мұғалімдерге арналған әдістемеге ашық сабағым жарияланды.

Республикалық басылым «Тәрбие сағаты. Классный час» журналының 2011 жылғы №1 санында «Когда ты рядом» атты тәрбие сағатым, дәл осы сабағым «Мұғалім . Русский язык и литература» республикалық журналының 2012 жылғы №5 санында жарияланды.

«Алтын ақпарат» Веб-порталының «Ашық сабақ» бөлімінде «Лингвистические словари» және «Правописание суффиксов» тақырыптарында өткен ашық сабақтарымның электрондық нұсқалары жарияланды.

2015 жылы  «Уроки русского языка и литературы» республикалық журналда «Условное наклонение» тақырыбында өткен семинер сабағым жарық көрді. 2016 жылы қаңтар айында осы басылымда «Назывное предложение» атты ашық сабағым жарық көреді.

Санаты:Жоғары

55

Педагогикалық өмірбаяны:  Мен, Зеева Ляззат Абдикаримовна, 1966 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келдім. 1984 жылы  Қызылорда қаласы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының филология факультетіне түсіп, 1989 жылы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын алдым. Еңбек өтілім: жалпы – 33 жыл, педагогикалық – 27 жыл, аталған білім беру ұйымында – 21 жыл.

1989-1995 жж. Қызылорда облысы Қазалы ауданында еңбек еттім. 1995 жылдан бастап ОҚО Түлкібас ауданы Б.Момышұлы атындағы жалпы орта мектебінде мамандығым бойынша дәріс беріп келемін.

2013 жылы ҚР-сы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында екінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтап, теориялық білімім мен практикалық  іс-тәжірибемді оқушылардың сапалы білім алуы мен тәрбиесіне арнап, заман талабына сәйкес жаңаша оқыту жүйелерін үйрене отырып, өз сабақтарымда тиімді пайдалануды жүзеге асырып келемін. 2016 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерін оқыту курсын аяқтап, мектеп мұғалімдерін оқытып жатырмын.

1999-2000 оқу жылынан бастап бірлестік жетекшісінің қызметін атқарамын.

2013-2014 оқу жылынан бастап орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша аудандық шығармашылық топ мүшесімін. Шығармашылық озық іс-тәжірибем аудандық көлемде таратылуда.

Марапаттар:2007 ж. – «Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру» – облыстық семинар. ОҚО ПКБА және ҚДИ Мақтау қағазы.

2008ж. – «Өнерлі ұстаз-2008». Аудандық байқауда жүлделі 3 орын. Мақтау қағазы.

2009 ж. –  аудандық семинар. Мақтау қағазы.

2009 ж. –  оқушылар арасындағы аудандық пән олимпиада. 2 оқушыны дайындап жүлделі 2-3 орын. Мақтау қағазы.

2009 ж. – аудандық мұғалімдер арасындағы бауқауда жүлделі 3 орын. Мақтау қағазы.

2010 ж. – тәрбие саласы бойынша Б.Момышұлының 100 жыл мерейтойына арналған аудандық семинар. Мақтау қағазы.

2010 ж. – ҰОС-ның 65 жылдығына орайоқушы шығармасы  1 дәрежелі дипломмен марапатталды.

2011 ж. – ББЖЖТ, ПКБА және ҚД орталығының Мақтау қағазы.

2011 ж. – ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай жастардың тілдерді меңгеруге деген шығармашылық қабілеттерін жандандыру, сөйлеу мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында өткен «Тіл – барлық білімнің кілті» атты аудандық байқауда  оқушым Абдықалиева Ф. жүлделі ІII орынды иеленсе, Жамал Ақбөпе Алғыс хатпен марапатталды.

2012 ж. – АББ қызметкерлер кәсіподағы кеңесінің Мақтау қағазы.

2014ж. –  «Жыл мұғалімі 2014» байқауында жүлделі  ІII орын. Мақтау қағазы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *