Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілік «Аңдар достастығы»


Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің

” №6 “Золотая рыбка” бөбектер бақшасы”

коммуналдық мемлекеттік қозығалыс кәсіпорнының тәрбиешісі:

Табулдинова Гаухар Муксыновна

Жаңа жыл мерекелік ертеңгілік                                                           

Сәлеметсіздер ме, здравствуйте, хелло!!!

Құрметті ата- аналар сіздерді кележатқан Жаңа жыл мерекесі мен құттықтаймыз.Сіздерге тілейтініміз, Жаңа жыл жаңа бақытымен , мол табысы мен көп қуанышымен келсін!

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңажылың құтты болсын – деген үн

Қанаттана кең алапқа тарайды.

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған.

Міне сұлу шыршамыз…..

Көптен күтіп сағынған

Кел балалар келіңдер,

Тамашаны көріңдер!!»

 

Балалар мен бірге: Қала нұр, дала нұр

Құтты болсын Жаңа жыл

 

 

  • Бала тақпақ

2.

 

 

Ән « Жаңа жыл»

 

Жүргізуші: Келіңдер жас ұландар ертегімді тыңдаңдар

Ертегімде сан қилы, қызық- қызық сырлар бар

Жаңа жылдың кешінде, аңдар келіп бір шешімге

Достаспақшы ниетпен жиналыпты келісімге.

Сонымен балалар Жаңа жылға арналған,

Ертегіні көріңдер шын бағасын беріңдер!

 

 

( Мерекелік музыка)Шыршаның артынан қоян секіріп шығады

 

Сәлеметсіздер ме, здравстуйте, гудмонин !!!

Мен- қоянмын, я- заяц, айм- тест

Ау жараңдар, ал қараңдар

Жауып тұр қар себелеп.

Көкке толды, жерге қонды

Сансыз аппақ көбелек

Тым алыстан Марстан

Келіп аяз атамыз

Жылды тойлап

Билеп ойнап

Көп қызыққа батамыз!

 

Вис из зэ сизен

Уен чилдрен ски

Энд фазе фрост брингс

Зе брайт нью ие три

 

(Секіріп билеп қоянның алдынан аю шығады)

 

Қоян: Амансың ба аю паң!

Аю:    Амансың ба қоянжан

 

Мен- аюмын, я- медведь, айм- бэя

Жаңа жылдың алдында

Тойды еске алдым да

Ұйқымды ашып, сергідім .

Ұйықтамаймын мен бүгін

Жылды қарсы алайық

Би билеп ән салайық.

 

Аю: Я долго спать не буду

Ай уил нот слип фо э лонг тайм.

 

Қоян: Жаңа жылдың тойында

«Жан салайық» ойынға

 

(Екеуі қол ұстасып билейді) Түлкі келеді.

 

 

Түлкі:Мен – түлкімін, я- лиса, айм- фокс

Қоян жанға бір сәлем,аю паңға мың сәлем!

Аю- қоян: Аман ба, түлкі, кел мұнда!

 

Түлкі: Достарым, жыл келді

Сыйлығын ол берді

Жұмбақ шешкіш түлкінің

Өнерін жұрт көреді

 

Аю, қоян: Рахмет түлкіжан

Спасибо тебе лиса

 

Түлкі. Я такая красивая

Ай эм соу биютифул.

 

 

(Аю, қоян, түлкі бірге би билей жөнеледі.осы кезде орталарына кірпі келеді)

 

 

Кірпі: Мен- кірпімін, я – ежик айм – хэд-ж-хоч

Сәлем достар, аман ба?

Нұр береді шырша алаңға

Жылға шашу шашайық!

Тойлап көңіл ашайық!

 

Кірпі:  Жаңа жылдарыңызбен

С новым годом!

Оу, итс нью иес

( Барлығы қосылып би билейді)

 

Тиіндер: Біз- тиінбіз, Мы – белочки, айм- скруйрелс

Тра-ля-ляй, тра-ля-ляй

Өнершіл аңдар -ай

Өңкей паңдар тыңдаңдар

Жаңа жылға әніміз бар

Қол ұстасып, биге басып

Жыл әніне салыңдар

Бәріңізге бір сәлем

 

Тиіндер: Хоу биютифул энд брайт ин зе форест

Тиіндер: иес, итс грейт.

 

 

Бәрі: (Қосылып билейді)енді орталарына қасқыр қосылады.

 

 

 

Қасқыр: Мен- қасқырмын, я- волк, айм- улф

Армысыңдар» Бармысыңдар ағайын

Кәне құшақ ашайық, достық тойын жасайық.

 

Қасқыр:Скуирес, олмост слепт тру нью ие.

 

 

Бәрі: Жаңа жыл құтты болсын

Достығымыз мықты болсын

С новым годом!!!

Хэппи нью ие

 

 

Барлық балалар ортаға шығып, би билейді

Полька биі

 

Жүргізуші:   Жарайсыңдар, балалар

Балалар мен сендерге

Жұмбақ жасырамын

Соны шешесіңдер ме?

 

Балалар: Иә

Жұмбақ:         Ақ сақалды шал жылына

Бір-ақ рет келіп кетеді.

Қызы мен ұлына

Сыйлық алып келеді. (Аяз ата)

 

Жүргізуші:     Балалар енді жаңа жылдық кешімізге.

Аяз атаны шақырсақ. Ол орманда жүріп

адасып кеткен болар.

 

 

Балалар:Аяз- ата! Аяз- ата! Аяз-ата –деп айғайлап шақырады.

 

 

(Аяз-атаның орнына мыстан кемір ұшып кіреді де шыршаны бір айналып барып қонақтардың алдына келіп)

 

Мыстан: Пай- пай! Мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның

кереметін- ай! Үйге алып кетсем бе екен!

 

(Осы кезде мыстан төменге еңкейіп шыршаның түбірімен жұлып алғысы келді)

 

Жүргізуші: Мыстан кемпір!!!

 

(Мыстан оған мән бермейді де шыршаны жұлуын тоқтатпайды)

 

Жүргізуші: Біз Жаңа жыл мейрамын тойлап жатырмыз,

тимеңіз біздің шыршамызға!

 

(Мыстан сөзге мән бермей, былай дейді)

 

Мыстан: Туу! Маңдайындағы терін сүртіп, тұрып мына шыршаның тамырының тереңін- ай!

 

(Сол кезде шыршадағы жылтырлаған кілтті өзі, көріп.)

 

Мыстан: Мынау қандай қызық кілт өзі.Осы кілт бағанағы менің ұшып келе жатып көрген сандықтың кілті болар.Сол сандықтан керемет иіс шығып тұрған еді, мүмкін ақша бар шығар. Мен шыршаға тимей-ақ қояйын, одан да кілтті алып кетейін

 

( Мыстан кемпір кетіп қалады. Сол кезде қалтасынан бір таяқ түсіп қалады)

 

Жүргізуші: Балалар, кәне тойды жалғасырайық Аяз-ата кешікті ғой. Мүмкін адасып кеткен болар. Әнімізді шырқап, атамызды шақырайық.

 

 

Ән:

 

(Есіктің сыртынан дауыстар естіліп, іле-шала залға Аяз- ата Ақшақардың қолынан тартып, жетелейді. Ол кіргісі келмейді)

 

Ақшақар: Ата жіберші мені! Кірмеймін мұнда, үйге кетемін.

Аяз-ата:   Қызым-ау, не айтып тұрсың.Қарашы біз тойға келдік

Кәне, балалар мен амандасайық

Аяулы аналарға, ардақты ұл-қыздарға

Бүлдіршін балаларға бір сәлем.

Қандай жарқын жүздерің, қандай әсем жырларың

Асаулармен алысқан, асау желмен жарысқан

Аталарың сендерге, шаршап келді алыстан.

 

(Балалар мен амандасады)

 

Аяз- ата:Рахмет! Рахмет балаларым! Кәнекей қызым! Қонақтардан ұят болады, басыңды көтер!(Ақшақар басын көтермейді)

 

Аяз-ата: Қарашы, балалардың киімі қандай әдемі.Шыршада әсем безендірілген екен. Бәрі де тым сұлуланып кетіпті.

Шырша шамын жағайық,Жаңа- жыл тойын ашайық!

 

(Сол кезде Ақшақар жылап тұрып)

 

Ақшақар:Мен шырша шамын жағатын сиқырлы таяғымды жоғалтып алдым

 

(Осы кезде Аяз- ата оны жұбатып тұрып: Қазір мен-ақ өзімнің таяғым мен жағамын…. дейді)

 

Ақшақар:Қойыңызшы Ата! Сіз бұл таяғыңызбен бүкіл шыршаны қатырып тастайсыз…….

 

Жүргізуші: Ақшақар сиқырлытаяғың қандай еді?

 

Ақшақар.Менің таяғым жылтырауық, пішіні жүрекке ұқсайды.Сіздер оны көрмедіңіздер ме?

 

Жүргізуші: Жаңа мұнда Мыстан  болған.Ол ұшып бара жатып, қалтасынан жылтыраған бір затын түсіріп алды, сол емес пе екен.Кәне, аңдар іздеп көріңдерші.Сол затты мүмкін тауып әкелесіңдер.

 

(Сөйтіп жатқанда тиіндер таяқты тауып әкеледі)

 

Аяз-ата: Жарайсыңдар балапандарым( беттерінен сүйеді)

Тиіндер Аяз-атамен бірге сиқырлы таяғымен

Шыршаны жағады….

 

 

Жүргізуші. Кәне бізде шырша шамын жағуға көмектесейік

Әнімізді айтайық

 

ӘН:

 

 

Ақшақар.  О, жараңдар, қараңдар

Қызықтарды санаңдар

Келді бізге қонаққа

Ормандағы бар аңдар

Қандай тату өздері

Күлімдейді көздері

Кәне, кәне келіңдер

Тақпақ айтып беріңдер!

 

(Ортаға аю, қасқыр, түлкі, қоян, кірпі тиіндер шығады)

 

Аю: Алып батыр балпаңмын

Ақниетім -дарқанмын

Барлық аңға тимеймін

Балпаң- балпаң билеймін.

 

Қасқыр: Аю сені қолдаймын

Арма ниет болмаймын

Қадірлі аңдар достарым

Қастандықпен оңбаймын.

 

Түлкі: Күлімдеген түлкімін

Мен бар жерде ойын бар

Мендегі ойын- күлкінің

Қызығына тойыңдар.

 

 

Қоян: Ұзын құлақ, ақ қоянмын

Естимін қыбдыр-сыбдырды

Ойлы қырлы жерлерден

Ытқып-ытқып жүгірдім.

 

 

Кірпі. Сескенбеңдер кірпі деп

Мінезімді түрпі деп

Мейір болса бәріңе

Менде татимын әрине.

 

 

Тиіндер: Біз тиінбіз, тиінбіз

Қысқа жылы киіндік

Үйіміз толы жаңғаққа

Іші жылы үйіміздің.

 

 

Бәрі: Достық парқын білейік

Бұрын бекер жасқандық

Еркін ойнап- күлейік

Енді болмас қастандық

 

 

ӘН:

 

 

Ойын: Кім көп қар түйіршіктерін жинайды

 

Тақпақтар:

 

1.

2.

Ойын: Кім тез пиманы киеді

 

Тақпақтар:

 

Аяз- ата: Ой, бәрекелді жарайсыңдар!

 

Жүргізуші: Балалар аталарыңды бір қуантып тастадыңдар

Аяз ата сіздің балаларға әкелген сыйлықтарыңыз қайда?

 

Аяз-ата: Әрине барлық сыйлықтар мына сандықтың ішінде….. ақшақар сандықтың кілті қайда? білмеймін  дегендей шара жасайды.

 

Жүргізуші: Қандай кілтті айтып тұрсыз? Бағанағы шыршадағы ілініп тұрған кілт пе?

 

Аяз-ата: Иә, сол кілт шығар.

 

Жүргізуші: Ол кілтті мыстан алып кетті, ол тіпті шыршамызды да ала кеткісі келді…..

 

Аяз-ата: Қап, әттеген –ай! Кәне Ақшақар екеуміз іздеп келейік…..

 

(Осы кезде залға Мыстан кіреді…)

 

Мыстан:А-а, бәлем! Таптым, сандық мында тұр екен ғой(Оны ашайын деп жатқанда еріксіз бір күш оны артқа итереді)

 

Аяз-ата: Мына ұрлықшы мында жүр ғой, кәне кілтті маған бер,балалар сыйлықтар күтіп қалды.

 

Мыстан: Ойбай- тағы, не дейді.Сыйлық өзіме де керек.

 

Аяз – ата: Ах, бәлемІ олай болса өзіңнен көр. Мен сені қатырып тастаймын.

Аяз – ата: Кәне таяғым мына мыстанды қатырып тастайын.

( Мыстан кемпір тұрған бойында қатып қалады)

 

Мыстан:Әй,Аяз шал! Керегі жоқ қалпыма келтір……Ой не істесем екен ә….

 

Аяз-ата. Бересің ба, сандықтың кілтін?

Мыстан: Жоқ, бермеймін.

Аяз- ата: А, а; онда мен кеттім тұра бер солай

Мыстан:Жоқ, Аяз- ата кетпеші, беремін …кілтіңді, тек балалар менің қояр тілегімді орындасын.

 

Жұмбақтар: Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады(Қар)

 

Терезеге қонады

Әсем ою ояды(Қырау)

 

Тіккен, тіккен тік пісте

Қысы-жазы бір түсте( Шырша)

 

 

Мыстан. Жарайсыңдар балалар!жұмбақты жақсы шешеді екенсіңдер.

 

Аяз- ата: Жарайсыңдар балаларым.Мені бүгін бір қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді бір көтердіңдер…

Барлықтарың, ақылды, білімді өнерлі екенсіңдер…….Киген киімдерің қандай әдемі, солай емес пе, қызым…… Біздің сыйлықтарымызға риза болыңдар…. ал балалар сендер өссе беріңдер. Өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын.Қош сау болыңдар!!!

 

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар. Жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталды. Рахмет көріп тамашалағандарыңызға.Жаңа жыл құтты болсын! Сіздерге тек қана қуаныш әкелсін!!!

 

                                 Анықтама

  Жыл соңында 5-6 жас шамасындағы Ересек «А» тобында      «Айналаны қоршаған орта»бойынша  мониторингінің қортындысы.    Мониторингке        26 бала қатысты  . Мониторингті өткізген Г.М.Табулдинова мен Н.Муратхан.Бағдарлама  6 бөлім бойынша балалар білімін тексеру мақсатында өтті.Басты мәселе баланы мектеке дайындауда оның жас ескерткіштерін ескеріп, дүниетанымдық көзқарасын жетілдіру, психологиялық еркіндік, имандылық, адамгершілік,экологиялық,ұлтжандылық тәрбиелерін бала бойына сіңіріп, оның жеке тұлға ретінде қалыптасуына мән берілуі.Бағдарламаға сәйкесдайындалған суретті әліппенің мазмұнындағыэкологиялық тапсырмалар балалардың қоршаған орта, өлі және тірі табиғат туралы ұғымдарын бекітіп, өз бетінше шешім қабылдап, ойын еркін жеткізе білуіне жетелейді. Қоршаған ортамен таныстыру бағытында қамтылған «Балабақша және мектеп» «Мен және менің отбасым» «Мемлекеттік рәміздер»т.б.тақырыптар арқылы балаға өзінің отбасы және оның мүшелері, елі, жері, рәміздері, нанның бағасы туралы түсінік берілді. « Жансыз және жанды табиғат» «Жыл құстары» «Қызыл кітап құпиясы» «Құстар біздің досымыз»Экология тапсырмалары арқылы қоршаған әлемге қамқорлық жасап, суйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.Нәтижеге жету үшін . Жеке дара жұмыс жасау.Әр түрлі тапсырмалар беру, карточкамен жұмыс, әліппе- дәптермен жұмыс жасау.Топпен, жартылай топпен жұмыстар жиі жасалып тұрды.

 

   Анықтама

 Жылдың басына арналған 5-6 жас шамасындағы Ересек «А»тобында « Бейнелеу өнері» бойынша мониторинг өткізілд.. 26   бала қатысты.Мониторингті тәрбиешілер: Г.М.Табулдинова мен н. Муратхан өткізді. Бағдарлама 6 бөлім бойынша балалардың білімін тексеру мақсатында болды.Балалардың білімі 3 балл  деңгейі бойынша бағаланды.Бейнелеу іс- әрекетімен айналысудың маңызды қағидаларының бірі. Балалармен жеке және ұжымдық тиімді ұйымдастыру сондай-ақ бейнелеу іс-әрекетің басқа іс-әрекет түрлерімен ойын құрастыру, мүсіндеу, жапсыру, музыка т.б. тығыз байланыстыраотыру балалардың қызығуушылығын, белсенділігін ояту.Сурет салудың төрт түрлі кезектестіріліп отырады 1- Заттық сурет салу белгілібір заттың нақты бейнесін беру.2- Мазмұнды сурет. Салу бейнелеу өнеріндегі белгілі бір оқиғаның мазмұның нақты бейнелеу.3- Сәндік сурет салу геометриялық фигураларыныңжәне ою-өрнектердің үйлесімді қайталанып келетін элеметінің суретін салу «Суретті аяқта» «Заттарды боя» «Сызық түрлері» «Саусақпен сурет салу» «Нүктелер арқылы сурет салу» «Сия тамшысы» «Үрлеу арқылы»

 

                                    Анықтама

Бірінші жарты жылдық 5-6 жас шамасындағы Ересек «А»тобында «Бейнелеу өнері»бойынша мониторинг өткізілді. 26 бала қатысты. Мониторингті тәрбиешілер: Г.М.Табулдинова мен Н. Муратхан өткізді.Бағдарлама 6 бөлім бойынша балалардың білімін тексеру мақсатында болды. Балалардың білімі 3 балл деңгейі бойынша  тексеру. Осы бірінші жарты жылдық мониторинг бойынша балалар өздерінің деңгейін 70 % көрсете білді. Олар: Жусупова Аделя, Кусаинова Мира, Сайлау Аружан, Аубакир Нұрболсын т.б Жүргізілген дидактикалық ойындар . «Суреттей біл» «Суретті аяқта» «Саусақпен сурет салу»арқаға сурет салу.

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *