Ашық сабақ “Наурыз мейрамы”


Солтүстік Қазақстан облысы,Петропавл қаласы.
«Өнер колледжі – музыкалық – эстетикалық бейімдегі дарынды балаларға
 мамандандырылған мектеп – интернаты» КММ
Қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Мазина Ляззат Нұргелдіқызы

Наурыз мейрамы – презентация

Сабақтың мақсаты: Тақырыпқа байланысты оқушылардың тілін дамыту. Жаңа сөздерді меңгерту және оларды байланыстырып сөйлеуге машықтандыру. Қазақ халқының салт дәстүрлерін білуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:  Оқулық, Интерактивті тақта, слайдтар, компьютерлер.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

А. Оқушылардың  сабаққа дайындықтарын бақылау.

Б. Сабақтың мақсатын, тақырыбын  хабарлау

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  2. Оқушылар Наурыз тақырыбына арнап жаттап келген өлеңдерін оқу.

III. Жаңа сабақ

1.Сөздікпен жұмыс  (оқу, қайталу, сөз тіркестерін құрастыру)                    

ұлы – великий                                                         ерекше -особый

ұлыс – народ                                                        теңелу -равноденствие

балуан – борец                                                     береке – благо

дәстүр-традиция                                                  өмір-жизнь

ерекше-особенно

 

1.Тапсырма. Мәтінді оқып, сөздіктің көмегімен аударыңдар.

Наурыз.

Наурыз – Ұлыстың ұлы күні, мейрам. Наурыз тойын тойлаудың дәстүрі бар. Бұл күні наурыз көже пісіріледі. Қазақ халқы наурыз мейрамында ән шырқайды, күй тартады, балуан күрестіреді,ойын-сауық өткізеді.

Бұл мереке қазақ халқының өмірінде  ерекше орын алады. Қар ериді, көк шығады, күн мен түн теңеледі. Жаңа жылды адамдар қуанышпен қарсы алады.

Адамдар «Ақ мол болсын!», «Ұлыс оң болсын!», «Ұлыс береке берсін!», «Ұлыс бақытты болсын!» деп бірін – бірі құттықтайды.

Наурыз- халықтық мейрамы

 

  1. Тапсырма. Жұптастырыңдар  және тексеріңдер
Наурыз мейрамыӘжем наурыз көжеНаурызБата

 

көжебередіқұтты болсын!әзірледі

3.Тапсырма. Мәтіннен етістіктерді  тауып, қай жақта тұрғанын

анықтаңыздар.

4. Тапсырма. Суреттер бойынша сөйлемдер құраңдар.

Новый рисунок (6)

IV. Сергіту сәті.

«Қол күрес», «Бес асық» ұлттық ойындарын ойнау.

  1. Тапсырма.

Мына кестеден «Наурыз көже» дайындау үшін керекті тағам түрлерін теріп жазыңдар.

3

 

V.Сабақты қорыту

6.Тапсырма.    Сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Ұлыстың ұлы күні деген не?
  2. Наурыз күні қандай дәстүр бар?
  3. Қазақ халқы наурызды қалай қарсы алады?
  4. Адамдар бір біріне қандай тілек айтады?

Бір оқушы наурыз батасын береді

Сабақтың соңы

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *