«Көк тудың желбірегені»


Мұрагелді Нұржанар Жандарбекқызы 14 жас

оқушысы № 4 облыстық мектеп-интернаты Атырау қаласы

Жетекшісі: Құспанова Сәуле Қайыржанқызы

№ 4 облыстық мектеп-интернатының математика және физика пәнінің мұғалімі, сынып жетекшісі

Мақсаты: Оқушыларды отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Әрбір оқушы рәміздердің мемлекеттің қалыптасу процесіндегі ролі мен мәнін терең түсініп, еліміздің мемлекеттік Туын, Елтаңбасын және Әнұранын қастерлеу рухында тәрбиеленіп, Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтейді. Мемлекеттік нышандар туралы терең білімі қалыптасады

Жаса Қазақстан әні тыңдалады

Жүргізуші: 
– Қайырлы күн   ұстаздар , оқушылар!
Біз, жас Ұлан  ұйымының ұландары, егемендігіміздің қастерлі нышандарының бірі-  көк байрағымыз, Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының  шығу тарихын,  өзіндік белгілерін, терең  оқып білу мақсатында  танымдық –зерттеу жұмыстарын жүргізіп , бүгінгсоның нәтижесін   «Көк тудың желбірегені» атты танымдық – патриоттық  сағатында көрсетпекшіміз.
Жүргізуші:
Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан – бұл озат ел танысыңдар.
Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,
Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.
Тәуелсіздік бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,
Ызғар болып жанбай қалған шырағы.
Жүргізуші:

Айтар әніміз,  сөйлер сөзіміз.
Мәңгі бақи шырқалатын  жан ұранымыз
Мемлекеттік гимн орындалсын!

(гимн орындалады)
Жүргізуші:
Мен қазақпын, ұланымын қазақтың
Тәуелсізбін, егеменмін, озатпын
Көк байрағым тұр көгімде желбіреп
Алатаудай көкке өрлеген азатпын

Жүргізуші:  «Біз тәуелсіздікке  аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің  қасиетті рәміздерін де ерекше қастерлеуіміз, қадірлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын, Елтаңбасын, Гимнын  тұмардай  қасиет  тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын  бір тұсы – осы», – деген Елбасымыздың  сөзін Қазақ елінде тұратын  және оны өз Отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің  терең түкпірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы керек.
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – әрбір азаматтың міндеті. 1992 жылы 4 маусымда  Елбасымыз ту шашағын сүйіп тұрып,қасиетті ту желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін деген болатын.

Камила: Мемлекетік ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған.
Жүргізуші:  Тудың авторы – еліміздегі дизайнерлік өнердің іргетасын қалаушылардың бірі, Чехословакияда өткізілген (1961ж.) Халықаралық дизайнерлер байқауының алтын жүлдегері, Алматы қаласының бас суретшісі Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков ағамыз. Танымдық сағатымыз Көк Туымызға арналғандықтан онын тарихына көз жүгіртейік (видео) .

Қол:  Жүргізуші:  Тәуелсіздігіміздің  бір белгісі- қазақ көгінде  желбіреп тұрған жалауымыздың тарихы туралы бейнебаяннан көріп отырғандарыңызды біліп, тәуелсіздік турасында  бағдарлама дайындап жүрген тілші,  сіздерге өз сұрағымен келіп отыр, қарсы алайық.

Кезбе тілші: Қайырлы күн достар . Ұлық мереке күні қарсаңында сіздермен кездескеніме  ққуаныштымын. Сіздерге бүгінгі тақырып бойынша  қояр сауалдарым бар.

1.Қазақстанның туының көк түске боялуының себебі неде деп ойлайсыздар?

Альбина: Танымдық  тұргыдан алғанда қызыл- оттың,жылу мен қанның,жасыл  – шөптің, өсімдіктің, қара жердің, суықтың, қараңғылықтың , ақ судың белгісі болып саналса, Көк зеңгір аспанның ,  ауа мен құрлықтың  белгісіне баланады. Ол- адалдықтың  кіршіксіз тазалық пен бейкүнә пәктіктің  нышаны, әрі осы реңдес ту көтерген елдің саясатына ерекше  сенім көрсетуге болады деген ойға жетелейді.Көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде «көк» сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым.

Кезбе тілші: 2  Туымыздағынұр шұғылалы  алтын күн бейнесі нені бейнелейді?

Азамат:  Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi

Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

Кезбе тілші: 3. Мемлекеттік Ту қай жерлерде ұдайы тігілуі керек?

-Нұржанар:

Мемлекеттік Ту Қазақстан Республикасының Президенті Резиденциясының, Парламентінің, Үкіметінің, министрліктерінің, мемлекеттік комитеттері мен өзге де орталық атқарушы органдарының, Елбасына тікелй бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, Конституциялық Кеңесінің, Жоғары Сотының және басқа да соттарының, Бас прокуратурасының, Ұлттық ғылым академиясының, мәслихаттарының, жергілікті атқарушы органдарының ғимараттарында, сондай-ақ еліміздің дипломатиялық және сауда өкілдерінің, консулдық мекемелерінің орналасқан жерлерінде ұдайы тігіледі.

Кезбе тілші: 4.  Мемлекеттік Ту қай жерлерде көтеріледі? 

Асылай:

Халықаралық құқық нормалары мен Қазақстанның халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенті Палаталарының Төрағаларының, Премьер-Министрінің және олардың өкілетті өкілдерінің қатысуымен халықаралық форумдар өтетін ғимараттарда, мемлекет және ел басшылары ресми адамдар ретінде мінген теңіз кемелерінде, ішкі жүзу кемелерінде және басқа да қатынас құралдарында Мемлекеттік ту көтеріледі. Штандарт көтеру видеосы

 Жүргізуші: Бұл бейнетаспада Қазақстан Республикасы Президентінің штандартының көтеру рәсімі көрсетілді.

Кезбе тілші: ия, осындай кең байтақ даламызда қасиетті көк барайғымыздың желбіреуі елімізідің, халқымыздың егеменді, тәуелсіз мемлекет екеннің көрсетеді.
Көк байрағымыз  әр қашанда биіктерден көріне берсін!

  1. Көк тудың желбірегені сені қандай ойға бөлейді?
  2. Көк туымыз желбіреп тұрғаны ерекше қуат береді. Осының бәрі басымызда , санамызда сақталады.
  3. Біздің Мемлекеттік туымыз әлемдегі ең ерекше , әрі ең көрікті  ту.Сондықтан жүрегімді мақтаныш сезімі бейлейді, жүрегімізден орын алады.
  4. Бойыма шалқар шабыт береді. Біздің қолымыздан бәрі келеді.

Кезбе тілші: Рахмет,  Жас ұландар.

Видео  Алмас Ахметбеков

Рефлекция: Жүрек:  Біз « Жас ұлан» ұйымының ұландары :

  • Біз тудың қасынан бас иіп өтеміз.
  • Серт айтып, халқымызға ант беріп, туымызды сүйіп, оған табынамыз.
  • Туымызды қорғау, ту астында құрметтеліп, суретке түсу, ту көтеруші болу – қандай бақыт!
  • Біздің тілегіміз: Әлем алдында Көк туы көгінде желбіресін:
  • Бей­біт­шілік пен татулықтың, достық пен ын­тымақтың мекеніне ай­налған Мәңгілік – Ел болуды нәсіп етсін!
  • Туымыз мезгілсіз құламасын!

Ән Көк тудың желбірегені.  Жалаушаны қолдарына ұстап тұрып айту.

Динара:

Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашан да
Биікке іліп қояды
Туымызға жас туған
Бір қарамай өтпейді.
Сол көк тудың астында
Көгереміз, көктейміз.
Жүргізуші:

Шіркін-ай, жер жетпейді бір өзіңе,
Қойнауың тұнған байлық, қазыналы.
Әсемдетіп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан- Қазақ елім!

Жаса Қазақстан әніне флешмоб

Жүргізуші: Осымен егеменді еліміздің  қастерлі нышандарының бірі мемлекеттік туымзға арналған  танымдық патриоттық сағаты аяқталды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *