«Жаңа құрылым мектебінің мұғалімі»


Абилова Алтын Копжасаровна
КГУ Запорожская средняя школа
учитель начальных классов

Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор. Қазіргі уақытта мектеп реформасына көптеген бір жақты өзгерістер енгізіліп, мектеп ісінің ішкі-сыртқы жүйесі түгелімен өзгеріп келе жатыр. Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында жас ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке даралық ерекшеліктеріне назар аудара отырып, оқушылардың мектепте алған білімдері олардың бүкіл өмірлік азығы болатындай етіп білім беру, оны өмірге дайындау, мамандық таңдауға бағыттау мәселесі бүгінгі жаңа қоғамның білім саласындағы  кезек күттірмейтін мәселелер қатарында тұр. Сондықтан да 12 жылдық білім беру жүйесі педагог қауымға осы мәселені жан-жақты қарастыратын, зерттейтін маңызды міндеттер мен үлкен жауапкершілікті жүктейді. Ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің «Мұғалім – мектептің жүрегі»,- деп айтқанындай, барлық күш мұғалімге түспек. Білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Ол мұғалім шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметтің барлық келеңді-келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез келген жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеті, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын мұғалім болуы керек. Оқу-тәрбие процесін жаңартумен қатар, оны жүзеге асыратын әрбір педагогтың көзқарасын, оқушымен қарым-қатынасын түбегейлі өзгерту, әр баланың жеке және жас ерекшелігіне қарай дербес дамуын қамтамасыз ету, оларға білімнің өз мүддесі үшін қажеттігін сезіндіру, құзырлылығын айқындау – бүгінгі күннің көкейтесті мәселесі. Қазіргі уақытта оқу-тәрбие процесін бөліп-жарып қарастыруға болмайды. Бұл екі бағыттың көздеген мақсаты – тұлғаны қалыптастыру, саналы, салауатты, өмірлік позициясы нақты құрылған азамат тәрбиелеу. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу – қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз ету.

Жаңа мазмұндағы білім жүйесін мектеп өміріне енгізуде мұғалім педагогикалық, психологиялық және т.б. ғылым салаларының тиімді зерттеу нәтижелері мен әлемдік озық тәжірибелердің алдыңғы қатарлы идеяларын басшылыққа алулары керек. Оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға дайын, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың мүддесінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра алады.

Жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне ауысуы мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін арттыруды, жаңаша көзқарастарын талап етті. Сондықтан мұғалімдерге арналған Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында деңгейлік   курстардан өтті.

Осы айтылған жаңа құрылым мектебінің қатарына біздің де мектеп кіреді. Үшінші базалық деңгейді бес мұғалім, екінші деңгейді үш мұғалім, бірінші ілгері деңгейді төрт мұғалім өтіп келді. Мектебіміздің директоры мектеп басшыларына арналған тоғыз айлық курсты оқып келді.

Жаңартылған білім мазмұны бойынша ұйымдастырылған курстан 1ші сынып мұғалімдері, орыс тілі, қазақ тілі пәндерінің мұғалімдері өтті.

Абилова Алтын Копжасаровна

Запорожье орта мектебінің

бастауыш  сынып мұғалімі

Жақсы ауданы Ақмола  облысы

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *