Модульдік оқыту технологиясы


«Ю.Гагарин атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №8 арнаулы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Жанисова Қалияш Тагибергеновна. Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

Қазіргі таңдағы ғылым мен техниканың қарқынды өсуі білім беру саласына да өзгерістер әкеледі.

Сапалы білім беру – бүгінгі күннің талабы болғандықтан біздің барлық күшіміз білім сапасын көтеру және педагогикалық үдерісті жетілдіруге бағытталуы тиіс.

Қазіргі мектептің алдында тұрған міндет –

әр оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыра отырып, оның дарындылық қасиетін дамыта түсу және іскерлік пен икемділікке, дұрыс шешім жасауға, алған білімін өмірде пайдалана білуге баулу.

Міне, осындай шешілуі тиіс мәселені айқын білгенде ғана, мен өзімнің заман талабына лайық жаңа технологиялық әдіс-тәсілдер мұратын игере алдым деп ұғамын.

Мен осы мұратымды жүзеге асыру үшін көптеген ғылыми еңбек, педагогикалық нұсқау, білгілер әдістерін зерттеу, оның қолайлысын іріктеу, оны сабақта қолдану істерімен айналыстым.

«Дамыта оқу» (Давыдов), «Дамыта оқу жүйесі» (Эльконин), «Ұжымдық оқу» (Иванов), «Оңтайлы сабақ жүйесі» (Гербутов), Шаталовтың «Тірек белгілері», Узоқтын «Сыныпшілік саралау», Кузеевтің «Интегралдық оқу» сияқты еңбектерін тануға ұмтылдым. Қ.Бітібаеваның «Конструкциялау технологиясы», М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту» еңбегіне көз жібере отырып, білім кеңістігіне өзімді де, оқушыларды да жұмылдыруға тырыстым.

Сонымен қатар олардың рухани жетілуіне көңіл аудардым. Сондықтан әр технологияны үйрену жеке тұлғаны қалыптастырудағы мақсатты орындауға бағытталған оқытушылық іс-әрекеттің жүйесі болып табылады деп ойлаймын.

Орыс сыныптарындағы оқушыларға қаза тілін оқыту барысында тиімді деп М.М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясын атар едім.

«Модуль дегеніміз – қандай да бір жүйенің, ұйымның анықталатын біршама дербес бөлігі» деген С.И.Ожеговтың анықтамасын негізге ала отырып, оның мақсаттары мен міндеттерін айқындау керек.

Оқу модулі – оқу ақпаратының біршама дербес блогы, оған оқу мақсаттары мен міндеттері, әдістемелік нұсқаулар, шамамен алғандағы іс-әрекеттер негізгі, оқу қызметін атқару жетістігін бақылау (өзін-өзі бақылау) құралдары енеді.

Мақсаты – оқу үдерісінде оқушылардың шығармашылығын дамытуға қолайлы жағдай туғызу.

Негізгі міндеттері – жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыру, таным үдерістерін дамыту, танымдық қабілеттерін, сөздік қорын, дамыту, оқу себептілігінің өзгеруін қамту, шығармашылық мүмкіндігін дамыту.

Шығармалыққа жаңа, тың нәрсе тән десек, ертеден белгілі нәрсені қайталауды немесе көшіруді шығармашылық деп айтуға болмайды, бірақ бұрыннан белгілі, таныс нәрселердің өзінен қандай да бір ерекшелік табу, оны жаңаша түрде жасау, ерекше қасиеттерін табу шығармашылыққа тін құбылыс деп тұжырымдауға болады.

М.М.Жанпейісованың нұсқауындағы ерекшелік:

  • Оқушыларды оқытудың мақсатымен таныстыру;
  • Сыныпта берілген блок (мазмұны бойынша жақын) тарау бойынша жалпы оқыту модулінің мазмұнымен таныстыру;
  • Мұғалімнің материалды қысқаша түсіндіруі (сызба, график, кесте және т.б.)
  • Оқушыларға оқу материалын зерттеу жұмысы негізінде беру;
  • Оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру;
  • Жалпы тарауды, тақырыпты 4 – 7 рет қайталау негізінде оқу материалын меңгерту;
  • Барлық тақырып бойынша тест (сынақ, сынақхат, бақылау жұмысы) жүргізу.

Модульдік оқыту технологиясының құрылымы.

 

Кіріспе бөлімі (модульге, тақырыпқа енгізу)

 

 

Сөйлесу (дайындық) бөлімі (оқушылардың өзара сөйлесуі арқылы танымдық қызметін ұйымдастыру)

 

 

Қорытынды бөлімі (бақылау)

 

Кіріспе бөлімінде оқу материалын баяндау формалары;

  • Визуалдық лекция;
  • Лекция – консультация (кеңес);
  • Лекция – өзара сөйлесу;
  • Проблемалық лекция;

Сөйлесу бөлімін ұйымдастырудың белсенді формалары;

  1. Жалпы немесе құрылымдылық:
  • Топтық немесе жеке топтық;
  • Жұптық;
  • Ұжымдық;
  1. Нақты немесе арнайы:
  • Семинар;
  • Оқу конференциясы;
  • Диспут;
  • Топтық пікірталас және т.б.

Қорытынды бөлімінде оқушының білімін бақылау формалары;

Тест

  • Толықтыруды қажет ететін;
  • Еске салушы;
  • Балама жауаптары бар;
  • Таңдамалы;
  • Сәйкестік;
  • Реттілік немесе бірізділік;
  • Құрама;

Сынақ

  • Рөлелік;
  • Айналмалы;
  • Қарапайым;
  • Блиц-турнир;

Жазбаша бақылау жұмыстары;

  • Диктант
  • Шығарма;
  • Бақылау жұмысы;

Осы оқыту технологиясына байланыста бір сабақ ұсынайын.

«Бақша ағаштары» деген Ы.Алтынсариннің әңгімесі бойынша өтілген сабақты алайын.

Сабақтың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік деңгейдегі мақсатын хабарлағаннан кейін, оның алғашқы кіріспе бөлімін жүргіземін. Оқушыларға Ыбырай Алтынсарин суретін көрсетіп, оның балалар жазушысы,ағартушы-педагог екендігін оқушылардың өздеріне айтқызамыз. Әрі қарай өтілетін мәтінге көшемін. Бүгінгі өтетін мәтініміз Ы.Алтынсариннің әңгімесі – «Бақша ағаштары». Сол мәтінді қазір өз беттеріңмен игеру үшін мына сөздермен жұмыс жасайық

Жаңа сөздер: қисық ағаш, бағып-қағу, жас ағаш. Орыс тіліне аударып, мағыналарын түсіндіремін. Бұл сөздер тірек кестесінде мына жобада болды:

Қисық

Кривой

Ағаш                            Жас                     бағып-қағу

Молодой             ухаживать

Түзу

Прямой

Осы жоба бойынша диалог құрамыз. Бірінші кезекте мен мәтінді мәнеріне келтіріп оқимын. Әр топтан бір оқушы оқиды. Мәтінді бөліп аудартамын. Ол жұмысты оқушылар жаңа сөздерді қолдана отырып, өз беттерімен орындайды. Екінші кезекте мәтінді әңгімелейді. Үшіншіде негізгі ойын табады:

  1. Бақшаны аралау
  2. Әкесіне сұрақ
  3. Әкесінің жауабы
  4. Баланың ойы

Төртінші кезекте негізгі ой бойынша сұрақ қойғызып, жауап бергіземін. Орыс тіліне аудартамын.

Бесінші кезеңде тест жұмысын аламын.

  1. Әке жауабы саған қандай ой салды?

а) дұрыс              ә) қате                  б) теріс

  1. Неде көп мағына бар?

а) бағып-қағуда  ә) күтіп-бақпауда

Алтыншы кезең – қайта оралу. Осы мәтінді грамматикамен байланыстыру үшін 5 жолды өлең, яғни сын тұрғысынан ойлау стратегиясының бір тәсілін қолданамын.

  1. зат есім ағаш
  2. сын есім түзу, қисық
  3. етістік өскен, бағады, бақпайды
  4. сөзді тіркес бағып-қағуда көп мағына бар
  5. синоним тал

Осындай әрекеттер нәтижелі болатын сөзсіз.

Жетінші кезең – қайта оралу. Мұнда пікірталас ұйымдастырамын.

Сабақтың қорытынды бөлімін Рефлексия «Не білдің?», «Не жаңалық?», «Не ұнады?», «Неге келіспейсің» деген сұрақтарға жауап алу мен қандай нәтижеге жеткенін көріп бағаладым. Осы сабақ нәтижесіз болған жоқ, тақырыпқа бірнеше қайта оралу, сол тақырыпты жете білуге, оны грамматикамен де, тәрбиелік мәнімен де, оқушы қабілетінің деңгейлік қасиетімен де ұштастырып, тіл дамытуға қазақша сөйлеу шеберлігін арттыруға да апаратын бірден-бір оңтайлы әдіс екенін көрсетеді.

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *