Жазылым дағдысын қалыптастыруда қолданылатын инновациялық технологияның тиімді жолдары


Шарипова Жұлдыз Ғосманқызы

Ақмола облысы Степногорск қаласы Бөгенбай батыр атындағы спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты

Орыс сыныптарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сөзімді шығыстың ғұламасы Сағдидің  бастағым келіп отыр.

Ерінбей еңбек етсең, шыдап егер,                                                                      тікен де гүлге айналып шыға келер

          Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгеру, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу-бүгінгі күні басты мақсаты болып отыр.Осы мақсатты шешуде  мемлекеттік тілді оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру әрбір мұғалімнің міндеті деп білемін.

Оқу орыс тілінде жүретін мектептердегі қазақ тілі пәні мұғалімдерінің мақсаты – оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым – қатынас біліктілігін қалыптастыру, мемлекеттік тілді меңгеріп, сауатты жазып, сөйлеуіне жағдай тудыру. Бұл орайда қазақ тілін оқытудың озық технологиясын меңгеру – үлкен істің бастамасы.

Елімізде он төрт облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар жұмыс істейді. Қазақ тілі пәні (Т2) оқулықтар тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым әрекеттері бойынша оқытылып келеді.Мені осы мектептің мұғалімі  ретінде бала бойындағы жазылым іс-әрекеті  дағдысын  дамыту жолдары толғандырды. Интернат қабырғасында тұрып жатқан орыс сыныбы оқушыларының қазақ тілінде қарым-қатынас жасайтын ортасы бар. Өйткені қазақ сыныптары оқушыларының басымдылығы.Олар мектепте, асханада, мерекелік іс-шараларда.тіпті түрлі жарыстарда жүргенде қазақ тілінде араласатынын байқадым. Спортта дарыны бар оқушылардың табиғатынан шапшаң болады да, тілді игеруде сөйлеуден, тыңдаудан ерекше қабілеттілік танытады. Көптеген дерек көздеріне сүйенсек, жазылым дағдысы  асықпай ойлап, баяу қимылдайтын оқушыларға лайықты дағды екендігі көрсетілген1 Олар әр сөйлеміне баса мән беріп, ерекше идеяларын жинақтап баяндауға тырысады және бұл істе керемет шеберлік танытады. Табиғаты шапшаң балалардың жазылым дағдысы кешеуілдейтіні байқалады екен. Ал спортта дарынды балаларда осы жазылым  дағдысы  төмен екендігін өз тәжірибемде байқадым.

 

 

Бүгінгі жобамның мақсаты оқу үрдісінде жаңа технологияның әдіс-тәсілдері  арқылы жазылым дағдысын қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Оқу үрдісінде оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуды сөйлесім әрекетінің түрлерімен (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім) бірлікте қалыптастыру;
  • оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуда жүргізілетін жазба жұмыстарының түрлерін айқындау
  • жазбаша сөйлеу тілін қатысымдық бағытта дамытудың әдіс-тәсілдерін анықтау;

Жаңа технологияларды  қазақ тілі сабағында қолданғанда жазылым дағдысы бойынша күтілетін нәтижелер:

  • оқушылардың жазбаша сөйлеу тілінің дамуы сөйлесім әрекетінің түрлерімен (тыңдалым, айтылым, оқылым, тілдесім) бірлікте қалыптасады;
  • шағын әңгіме, мәтін, ертегі, әңгімені өз бетімен аяқтай алады;
  • оқушылар құттықтау хат, жарнама, шақыру хаттарын жаза алады;
  • оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;
  • грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;
  • оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады;
  • оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады;

Жазылым 4 дағдының ішінде оқушының нәтиже көрсететін, мұғалімнің

өнім алатын дағдысы болып табыладыОқушыға жазуды үйретпес бұрын өзіме мына сұрақтарды қойдым:

  1. Оқушылардан не туралы жазуды сұраймын?
  2. Оқушыларға жазылым дағдысын қалай игертуге болады?

Осы сұрақтарды шешудің бір жолы – оқытуда инновацияны қолдану, яғни мұғалімнің жаңа қаруы ретінде инновациялық технологияны кеңінен пайдалану. Инновация дегеніміздің өзі жаңалықты енгізу, жаңалық әкелу, жаңа әдістеме мен жаңа технология. Осыдан жазу дағдысын қалыптастырудың жолын осы инновациялық технологиялар шешпек.
Ақпаратты белсенді түрде сіңірген оқушы жадында өздері айтқанның 80% сақталса, өздері істеп жазғанның 90% қалады.  Қандай инновациялық әдіс-тәсілдер тиімдірек болады  деген сұрақ туындайды?

«Жазылым» термині «жазу» деген мағынаны емес, «жаза білу», «ойыңды басқа біреуге түсінікті болу үшін, қағаз бетінде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді.

Осы жазылым дағдысын меңгеруде СТО технологиясының ұтымды жақтары мол деп ойлаймын. Осы бағытта қазақ тілін қосымша оқыту сабақтарына арнап, оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын арттыруға арналған мәтіндер бойынша сабақтар өткізудемін. Жазылым жұмысының сәтті шығуы ең алдымен сөздік қордың мол болуына тікелей байланысты. Сөздік қор оқылым арқылы келеді. Бұны  танымал адамдардың мынадай сөзі арқылы дәлелдеуге болады.

Жазу- біздің ойымызды тілге аударушы. (Byren)

Мәтінмен жұмыс барысында үлгірімі жақсы оқушылар, мәтінің мағынасын тез айқындап, жанындағы үлгірімі төмендеу серіктестеріне түсіндіріп  үлгіріп жатқанын да көрдім. Сабақтың келесі бөлімдерінде «суретті сөйлету» әдісін қолданғанымда, білімалушылардың сөйлеу шеберлігінің шыңдалып, сыни тұрғыдан ойлауға, сындарлы сөйлеуге уйреніп шығармашылық қабілетінің дамуына мол мүмкіндік бергенін де айтып өткім келеді.

Жаңа технологияны пайдаланудың тиімді тұстары:

  • Оқушының пәнге деген жеке қызыушылығын оятады;
  • Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;
  • Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;
  • Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
  • Оқытушының уақытын үнемдейді
  • Қосымша мәліметтер береді.

Жаңа технологияны пайдаланудың оқытушыға береріне келсек:

  • Барлық  баланы оқытуға көмек береді;
  • Оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі;
  • Білім берудің формасын оңайландыру міндеттерін атқарады;

.Жазылым әрекетінде жоғарыда аталған жаттығу жиынтығы мен мәтіндерден бөлек жазылым дағдысын дамытатын қалыптасқан әртүрлі жазба жұмыстарын жүргізуге болады. Солардың бірнешеуін атап өтейік:                                          Жазылым дағдысы оқылым арқылы келетіндігін жоғарыда атап өткен болатынбыз. Соған дәлел ретінде газет-журнал мақалаларымен жұмысты алуға болады. Мысалы, «Негативтен-позитивке» тапсырмасы мақаланы қайта өңдеп жазуға көмектесумен қатар, кейбір грамматикалық ұғымдарды игеруге де көмектеседі. Ол үшін жағымсыз хабар айтылған газет мақалаларын қиып ала келемін. Әр оқушыға әр түрлі мақаланы беріп, оқуды тапсырамын. Мақаланың ішінен өздеріне жағымсыз әсер тудыратын сөздерді бірінің астына бірін теріп жазғаннан соң, сол сөздерге антоним сөздерді табады. Сөйтіп, тапқан сөздерін пайдалана отырып, позитив мақала жазып шығады.3

Бұл қызығушылықты ояту кезеңінде Миға шабуыл стратегиясы , Топтастыру, Т кестесі стратегиясы арқылы қолдану тиімді. Өйткені орыс тілді аудиторияның сөздерді мәтін мазмұнын тез түсініп,ойын қағазға түсіруіне оңай әдістің бірі.

Осы кезеңінде алдыңғы өткен тақырыпты тексеру мақсатында  тест жұмыстарын өткізу арқылы оқушы білім деңгейін қадағалап, жаңа сабақты бастар алдында «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе жұмыс жасауға болады.Осылайша, күн сайын сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді енгізе отырып, жазылым сынды дағдыны да қызықты етіп өткізуге болады.

Мағынаны тану кезеңінде «Кейіпкерге хат жазу» немесе «RAFT» стратегиясын Түртіп алу, ДЖИК СО , Талдау картасы  тәсілдерін қолдану тиімді деп ойладым.

    Ой толғаныс кезеңінде Эссе, Топтастыру, Пирамида, Құндылық сызығы, Т кестесі, Sinkuein немесе бес жолды өлең, RAFT, Түйін сөз, Семантикалық карта, Концептуалды таблица, Бір айналым сұхбат, стратегияларын қолданып жүрмңін.

Көбінесе орыс сыныбында тәлім алатын оқушылардың бойында жаза алмаймын деген қорқыныш болады. Осы қорқынышты жеңу үшін жазудың барлық адамның қолынан келетіндігін ұғындыра келе, сыныбы туралы жазуға, соңғы оқыған кітабы туралы, болмаса, атасы мен әжесінің өмірбаянын жазуды, не өзі құрметтейтін адамнан сұхбат алып, соны үй жұмысына  жазуға кеңес беремін. Жазба жұмысын тексермес  бұрын ұйымдастыру жұмыстарына баса назар аударамын.  Мәселен, жазба жұмысында қарындашты пайдалану өте маңызды. Олай дейтініміз, қарындаш оқушының қателігін өзі түзетуіне мүмкіндік береді. Сөйтіп оқушылар өзін-өзі бағалауы қалыптасады. Суммативті түрде  де бағаланады.

Жаңа әдіс-тәсілдерді ендіріп , дәстүрлі оқытудағы іс-әрекеттерді ұмытпаған жөн. Әдетте , ойлау механизмдерін оқушыларға үйреткенде жазбаша жұмыстарға уақыт аз қалып жатады , ал тіл сабақтарында мұғалім 4 бағытта жұмыс жасайды. Олар: жазу, оқу, тыңдау, сөйлеу. Тыңдау мен сөйлеу ойлаумен тығыз байланыста , бұл байланысты табу оңай . Ал енді жазу мен оқуды дамыту мақсатына жүйелі жұмыс жасағанда ғана пайдалы уақыт табуға болатын сияқты.

Орфографиялық дағды қалыптастыруда жазбаша жаттығу, диктант, мазмұндама және шығарма жұмыстарын ұтымды ұйымдастыру жақсы нәтиже береді. Тілдік қатысымды жетілдіретін шығарма,эссе жұмыстары оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіруге, өздігінен ой қорытуға, шешім жасауға үйретеді Сабақтың қай құрылымында болмасын осындай стратегияларды қолданғанда «Жаңа технологияның принциптері- оқытуды ізгілендіру,өздігінен білім алып, ізденіс арқылы дамитын, өзіндік дұрыс шешім қабылдай алатын, өмірге бейім жеке тұланы қалыптастыру. Жаңа оқыту технологиясы арқылы оқушы қандайда болмасын ақпаратты өздігінше игеріп, өз өміріне  жарата алатын әмбебап тәсілдерді үйрену керек. Технологиялық жүйелікті сақтай отырып, қазіргі сабаққа қойылатын талапарды қатаң ескерген мұғалім, оқушылар шығармашылығын арттырып, білім бәсекелестігіне дұрыс бағыт – бағдар бере алады.

Ұлы ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденген де ғана, шәкірт жанына нұр құя алады», — деген сөзі ізденімпаз, жаңаша ұстаздарға арналғандай. Мұны әрбір мұғалім жадында сақтауы тиіс.

Қорытынды жасай келе айтарым, өз іс тәжірибемнен жаңа технологияларды қолданып өткізген дәрістердің, оқушының бойына білімнің нәрі болып сіңетініне және оқушының келесі сабаққа деген қызығушылығын, ізденіп, берілген тапсырмаларды ұстазбен қатынаста болып орындауларына септігін тигізетініне сенімдімін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *