Акция «Мен –Қазақстан азаматы!»


 «Қайнар»   Балалардың бос уақытын қамту және білім беру кешенінің

 «Өркен» аула  шығармашылық  клубының педагог-ұйымдастырушы          

Жакишева Қарлығаш Қайриденовна

 

 

Мақсаты:    Тәуелсіздіктің мәні мен мағынасын ұғындыра отырып жасөспірімдерді тәуелсіз елін мақтан тұтуға,болашаққа сеніммен қарауға, Отанын , ұлтын сүюге,патриоттыққа тәрбиелеу;

Көрнекілігі: мемлекеттік рәміздер,қанатты сөздер,;Желтоқсан каһармандарының суреттері,плакаттар.

Ұйымдастыру:

      

 1 жүргізуші:

Құрметті    қонақтар ! Бүгінгі «Мен-Қазақстан азаматы» атты акция сабағымызға хош келдіңіздер! Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандаған, сол жолда күрескен,ерлігіміздің ерен ісімен  бүгінгі таңға қол жеткізген,Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналады.

2 ведущий:  Добрый день,дорогие друзья и гости праздника! Мы рады  приветствовать Вас в канун празднования великого праздника нашей Родины. 16-го декабря наша Республика отмечает –День Независимости!

 Әнұран орындалады

1 бөлім

 Фон музыки «Менің  елім Қазақстан»

Жүргізуші: Арайлап таңым, асқақтап тауым,
Ән ойнап көгім, күй тартты көлім.
Қол жетті, міне, аңсаған күнге,
Жасай бер, жаса, қазағым менің.

Қазақстаным – жасыл орманым,
Қуанышымды жасыра алмадым.
Аңсаған бабам, аңсаған елім!
Бостандық еді – ау асыл арманың.
Елім менің аңсаған,
Тас бұғаудан босаған.
Құтты болсын отауың-
Берік болсын – босағаң.

Бабамның қаны, анамның жасы,
Сіңген бұл далам, қымбатсың маған.
Береке –бірлік қамалдың басы,
Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам.

Күйінсін жауың, сүйсінсін досың,
Жиылсын қауым, құйылсын көшің.
Ертеңің үшін аянба, ерім,
Ояншы, елім, жиылсын есің.

Елім менің аңсаған,

Тас бұғаудан босаған.

Құтты болсын отауың,

Берік болсын – босағаң

 Қазақ биі

 

 

 

 

1 Жүргізуші:

Біздің Қазақстан!

Анамыздай тілеуің ақ,

Отан бізде біреу –ақ:

Ол біздің Қазақстан!

Жастай сүйе аңсаған,

Тәтті күй мен кәусар ән:

Ол біздің Қазақстан!

 

2 Жүргізуші:  Семья моя родная.

Отчизна многих наций и народов,

Весь мир тебя сегодня поздравляет

С днем Независимости! С днем  Свободы!

 

Жүргізуші:

Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16-желтоқсанда өз тәуелсіздігін алып,дербес мемлекет болды. Әр тәуелсіздік елдің өз туы, елтаңбасы бар. Біздің еліміздің тұңғыш президенті – Нұрсұлтан Әбіш ұлы Назарбаев. Еліміздің бас қаласы- Астана бой көтерді.

Суреттер шеруі \ елбасы портреті, елтаңба, ту, әнұран \

Жургізуші :

Әуелеттік Әнұранды аспанға,

Туымызды тіттік биік асқарға,

Жиырма бес жыл Елтаңбамыз жарқырап,

Тәуелсіздік бізге есігін ашқанда

                    Барлығы хормен:

             Менің елім –Қазақстаным!

                     АлҒа-Қазақсан!

                Мой –Казахсан!

                      Алга-Казахстан!

   

Музыкалық номер: Күй

2 бөлім

1 Жургізуші:

Қазақстан Республикасы 1991жылы 16-желтоқсанда өз тәуелсіздігін алып, дербес мемлекет болды. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ, қазақ елі еркіндікке жету ушін қаншама қиын-қыстау  бастан кешірді. Елін сүйген ұл мен қыздары  күресіп келді.

2 жургізуші: У казахстанского народа путь к независимости и свободе  был тернистым -и -долгим. Много веков понадобилось нашим предкам, чтобы заселить, освоить, защитить родную землю от врагов и передать ее в наследство нам, ныне живущим

 

Халқымызды  бірігуге шақырған Абылай ханымыз мен билеріміз;

Исатай,Махамбет, Кенесары бастаған көтерлістер;

Қараңғы қазақ халқының санасына  сәуле шашып,өнер, білім арқылы ұлттық санасын оятуды ойлаған қазақ зиялыларының жолы;

 Ыза-кекке толы  жастардың көтерлісі.Қайрат Рұсқылбеков,Ләззат Асанова,Ербол Сыпатаевтар, Сабира Мухамеджанова  тәуелсіздік жолында мерт болды. 1986  жылдың16-желтоқсаны Тәуелсіздік үшін арпалыстың соңғы нүктесі болды.

 

Суреттер шеруі\ халқымыздың тәуелсіздік жолында  күрескен  тұлғалар\

 

Музыкаллық  номер

Ән «Жаса ,Қазақстан» барлығы бірге

 

 

1   жүргізуші:      Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мың тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.

 

2  жургізуші:

О Казахстан,Республика моя-

Любимая,какое  это счастье,

Что ты родная- Родина моя,

И в солнечные дни, и в дни ненастья.

Жүргізуші: Тәуелсіздік алып еліміз көп жетістіктерге жетті

 

  3 бөлім      Тәуелсіздік шежіресі

Суреттер

Оқушы: Еліміздің бірінші президенті сайланды

Оқушы:Семей полигоны жабылды

Оқушы: Мемлекеттік  рәміздер қабылданды

Оқушы: Қазақстан Республикасының бірінші  Конституциясы қабылданды.

Оқушы: Ұлттық ақша теңге айналымға енді

Оқушы: Астана Ақмола қаласына көшірілді

Оқушы: Қазақтың тұңғыш ғарышкерлері ұшты

Оқушы:Тұңғыш  ордендері мен медальдері дүниеге келді

Оқушы:Астанада  халықаралық ЭКСПО көрмесі өтеді

Музыкаллық  номер Ән «Қазақ елі осындай»

 

 

 

«Болашақ Қазақстан оқушы көзімен» -Дина

 

«Менің елімнің-болашағы»- Даниял

 

«Тәуелсіз ел перзентінің тілегі»-Айнагуль

 

Жіргізуші:

Біз өз еліміздің тарихын білуге, ата-бабаларымыздан бізге жеткен мұраларымызды, салт-дәсүрімізді сақтау біздің борышымыз.

Жургізуші:

Много есть на свете, кроме Казахстана, хороших государств и земель, но одна у человека родная мать- одна  у него и Родина.

 

Патриоттық ұрандар:  барлығы бірге

 

Сендер Қазақстан  болашағы!

Вы Будущее Казахстана!

Қазақстан болашағы сендердің қолдарыңда!

Будущее Казахстана в ваших руках!

Алға, Қазақстан!

Наш Казахстан!

Жургізуші:

Байтақ дала-жерім менің,

Арта берсін  кенің сенің

Көк байрағым желбіресін,

Егеменді елім менің!

 

 1  вед.:     Еркіндік қыраны шарықта,

Елдікке шақырып тірлікте!

Алыптың қуаты – халықта

Халықтың  қуаты – бірлікте!

 

 

 

Ән «Атамекен» /Хормен/

 

 

Жүргізуші:

  Қазақстан халқы көк аспанның астында бірлігі мен ынтымағы жарасқан, өз елін құрметтей алға өрлей берсін!

 

2 вед: Пусть процветает наш Казахстан!

. Жүргізуші. Шаңырағымыз әрқашан биік болсын!

2 вед: Мы желаем всем вам: Пусть наш шанырак будет высоким!

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *