Ойын – тәрбие құралы


Ибраева Молдир Талаповна Қостанай облысының, Жангелдин ауданының, Торғай селосының “Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі” КММ шағын орталық тәрбиешісі

Қазіргі таңда оқу процесінде ойын алдыңғы орында, яғни танымдық ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ.

 

XXI – ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой – өрісі жоғары, жан – жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті болып тұр.Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Баланың танымын  алғашқы күннен  бастап дамытудың бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қызықтырып уақыт өткізудің құралы болмай, тәрбиенің құнды негізі болуы шарт.

Осы орайда сабақ кезеңінде  танымдық қабілетін арттыратын ойынның маңызы зор. Ойы таяздың, тілі таяз” демекші, ойлау арқылы баланың тілдік қоры артады. Ойын айналадағы болмысты бейнелесе, бүлдіршін  ойын негізінде ойлай отырып, тапсырмаларды өзінше зерттеп пайымдауға үйренеді. Танымдық  ойындар тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету,  іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды.

Әсіресе, өз тәжірибемде математика пәнінде  қолданылатын  танымдық ойын түрлері “Жоғалған сан”, “Домино”, “Лото” т.б ойындар оқушылардың математикалық  ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түседі.

Ал, көркем әдебиет сабағында “Ғажайып қоржын”, “Дыбысына қарап таны”, “Қай пішін жоқ?” ойындары арқылы айналаны танып білуге баулимын. Қорыта айтқанда, танымдық  ойынның тиімділігі баланың ақыл – ойы дамиды, біз үшін бірсарындылықтан арыламыз,  ата – ана үшін бала бойындағы жағымсыз қылықтарды ойын арқылы жақсылыққа тәрбиеленеді. Олай болса, әр сабағымызда ойынның ұтымдылығын назарда ұстайық. Өйткені бала еңбегі ойын ескерсек, бүгін тиянақты ойнай білген бала, ертең ер жеткенде өз ісінде табысты іс тындыратыны  сөзсіз. сонымен қатар жаратылыстану сабағының берері мол. Бұл пән бойынша  бүлдіршіндер, әр бағытта  қоршаған ортамен танысуды үйренуде. Бүлдіршіндер – менің өмірімнің мәні десем артық айтқаным емес. М.Әуезов «Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін – білім» – деп атап көрсеткеніндей, еліміздің болашақта ілгері басуы үшін ең алдымен білім қажет. Рухани ұлттық қажеттілікке жараған білім – ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындаған ұрпақ қана – болашақты гүлдендіріп, тәуелсіз елді нығайтатын болады.

Тәрбиеші  алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, тұлғаның заман талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету екендігін бәріміз білеміз. Сол мақсатқа жету үшін көкейімде бірнеше  сұрақтар туындайды. Сабақты қалай пайдалы, қызықты етіп өткізуге болады?        Шағын орталыққа  алғаш келген оқушы бүгін алған білімнің пайдасы, жаңалығы туралы айта алатын дәрежеде оқыту үрдісін қалай ұйымдастыруға болады? Бүгінгі бүлдіршін  ертеңгі болашақ оқушы  ретінде бүгінгі күн талабына сәйкес болып, жаңа  міндеттерді шешуге  белсенді болу үшін не істеу керек? Осы сұрақтарды шешудің бір жолы – оқытуда инновацияны қолдану, яғни тәрбиешінің  жаңа қаруы ретінде инновациялық әдіс–тәсілдерді кеңінен пайдалану. Инновация дегеніміздің өзі жаңалықты енгізу, жаңалық әкелу, жаңа әдістеме мен жаңа технология. Ойын – балалар үшін оқу да, еңбек те. Шағын орталықта ұлттық ойынды  кеңінен пайдалану, өмір салтын мұрат тұтқан арманшыл, елі мен жерінің қамын ойлайтын, ұлтқа тән барлық қасиетті қадір тұтатын, дара тұлға – жаңа адамды тәрбиелеп шығарудың құралы. Сабақ кезінде немесе сабақтан тыс кезде баланы ұлттық ойын арқылы өмірге тәрбиелеу үздіксіз процестің жалғасы.Ендеше, ойын арқылы тәрбиелейік!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *