«Пішіндер», «Үй»


КМҚК №55 Балабақшасының І санатты  тәрбиешісі

Қаржауова Жұмажан Сағындыққызы

                                                          Технологиялық карта.

Кіріктірілген білім беру саласы: «Таным», «Шығармашылық».

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Қарапайым математикалық ұғымдар қалыптастыру.

Аппликация.

Тақырыбы : «Пішіндер», «Үй».

Мақсаты:

1.Білімділігі: Балалардың геометриялық пішіндер туралыбілімдерін қалыптастыра отырып,қарапайым математикалық ұғымдарын бекіту.

2.Дамытушылығы: Ойлау қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелілігі:Ыждағаттылыққа, еңбексүйгіштікке, және бастаған істі аяғына жеткізуге ынталы болуға тәрбиелеу.

Әдіс- тәсілдері:Саяхат жасау, көрсету, түсіндіру, дидактикалық ойын, сергіту, сұрақ-жауап, қортынды.

Көрнекілер мен құралдары: Интерактивтик тақта, геометриялық пішіндер, үлестірмелі суреттері, жолақшалар, магнитті тақта,желім,сүлгі.

Әрекет      кезеңдері Тәрбиешінің   іс-әрекеттері

 

Баланың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық. Тәрбиеші балаларды шеңберге тұрғызып амандасады.

-Балалар саяхақа шыққанды ұнатасыңдар ма?

-Ендеше бүгін біздер «Пішіндер әлеміне» саяхатқа шығамыз.Ол үшін көптеген кедергілерден өтіп барамыз.

-Міне балалар көп кедергілерден өтіп «Пішіндер әлеміне»келдік.

Интерактивтік тақтаға қарайық.

-Тақтадан не көріп отырсыңдар?

-Қандай пішіндер,түстері қандай?

-Балалар, біздің оқу қызыметіміз ерекше, ойын түрінде өтеді деп балалар ойынға шақырдым.

Балалар тәрбиешімен амандасады.

-Әрине.

-Балалар саяхатқа шығатынына қуанды.

-Балалар көптеген кедергілерден өтіп «Пішіндер әлеміне»келді.

-Пішіндер.

-Пішіндерді,түстерін атай алды.

 

Ойынға қызығушылық танытты.

 

 

Балаларды ізденушілікке

ұйымдастыру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балаларға үлестірмелі суреттер таратып бердім.

Дидактикалық ойын: «Жоқ пішіндерді орналастыр».

Шарты: Жоқ пішіндерді тауып орналастыру.

 

Дидактикалық ойын: «Сыңарын тап».

Шарты:Пішіндерге ұқсас заттарды тауып жолақшада көрсету.

 

Дидактикалық ойын: «Қарама-қарсы сөздер».

Мақсаты: Қарама-қарсы сөздерді дұрыс айтуға үйрету.

Сергіту сәті.

Төртбұрышты қолданып,

Үшбұрышты қолданып.

Үй жасаймыз көріңіз,

Жаңа қоныс жаңа үйге,

Қуанышпен кіріңіз.

-Ендеше балалар,өнер үстеліне жақындайық.

Әр балаға ақ қағаз,пішіндер,және желімдер дайындап қойдым.

Үлестірмелі материалға назарларын аударттым.

-Кішкентай төртбұрыштың түсі қандай?

-Үлкен төртбұрыштың түсі қандай?

-Үшбұрыштың түсі қандай?

Магнитті тақтаның ортасына үлкен төртбұрышты қойдым.

-Бұл қандай пішін?

-Бұл үйдің қабырғалары.

Кішкентай төртбұрышты үлкен төртбұрыштың ішіне қойдым.

-Бұл -үйдің терезесі.

-Үйдің төбесіне үшбұрышты қойдым.

-Бұл қандай пішін?

-Бұл үйдің төбесі.

-Кәне балалар  әдемі үй жасап үйренейік, жұмысқа кірісейік.

-Балалармен жеке жұмыс жүргіздім.

 

-Суреттегі жоқ пішіндерді тауып орналастыра  алды.

 

 

 

-Балалар жолақшада пішіндерге ұқсас  заттарды тауып көрсете алды.

 

Балалар қарама-қарсы сөздерді айта алды.

Мысалы: Үлкен-кіщі,жуан-жіңішке, аз-көп, ақ-қара,т.б.

Балалар өлең жолдарына қимыл-қозғалыстар орындады.

 

 

 

 

Иллюстрацияны қарап,жауап берді.

-Көк.

-Қызыл.

-Сары.

 

 

 

-Төртбұрыш.

 

 

 

 

-Үшбұрыш.

Балалар үй салуға ынталарын білдірді.

 

-Балалар үйді дайын пішіндерден  жапсыра алды.

 

Рефлексия

(орындалған тапсырмалар негізінде қортынды шығарып, кемшіліктерді жою)

Сұрақтар қойып,тақырыпты қортындыладым.

Белсенділік танытқан балаларды мадақтады.

-Балалар сұрақтарға жауап бере алды.

Күтілетін нәтижелер:

Нені білу керек: Пішіндер туралы жалпы түсінік.

Қандай  түсініктерді игерді:Пішіндердің түсін,көлемін ажырату.

Меңгерген  дағдыларымен іскерліктерді қолдана алды: Геометриялық пішіндерді біледі,әртүрлі пішіндерден үй жасай алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *