«Оқу-заман» қосалқы білімді сайттың «Менің үздік сабағым» республикалық қашықтық конкурсының ережелері

 

 Жалпы ережелер

  1. Осы Ереже«Менің үздік сабағым» республикалық қашықтық конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) ұйымдастыру, өткізу және жеңімпаздарды анықтау тәртіптерін айқындайды.
  2. «Менің үздік сабағым» республикалық қашықтын онлайн-конкурстың  мақсаттары:
  • білім беру сапасын арттыру;
  • талантты ұстаздарды анықтау, оларды қолдау және мадақтау;
  • шығармашылық, зияткерлік, коммуникативтік қабілеттерін дамыту;
  • педагогикалық мамандықтың беделін арттыру;
  • білім берудің заманауи инновациялық технологияларын енгізу мен тарату;

Конкурстың қатысушылары

  1. Конкурсқа ерікті негізде Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі, мектеп, орта және жоғары оқу орындарының ұстаздары, әдіскерлері, кітапханашылары, қосымша білім беру педагогтары қатыса алады.
  2. Ұстаздардың педагогикалық тәжірибесі ескерілмейді.
  3. Қатысуы жеке немесе бірлескен мүмкін.
  4. Конкурсқа қатысу ақылы.

 

Конкурстың мазмұны мен мәні

  1. Конкурстың мәні сабақтардың әзірмелері.
  2. Конкурс қашықтық түрінде өткізіледі. Материалдарын тақырыбы шектелмейді, алайда, материалдар білім беру сипатымен болуы керек, көпшілік мойындаған, ғылыми деректерге, этикалық нормаларға сәйкес және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына қайшы келмеуге тиіс.

 

Конкурсқа қатысу тәртібі

  1. Конкурс тиісті тақырыптық бағыттарында  2017 жылдың 16 наурыздан 30 сәуірге дейін өткізіледі. Жұмыстар 2017 жылдың 16 наурыздан 30 сәуірге дейін қабылданады.
  2. Барлық конкурсқа жіберілген жұмыстар белгіленген қазылар алқасымен тексеріледі және бағаланады. Қазылар алқасының құрамына тәжірибелі педагогтар кіреді. Олардың барлығын “Сараптамалық кеңес” бөлімінде көруге болады.
  3. Конкурс 4 бағытта жүргізіледі:

Бірінші бағыт

ГУМАНИТАРЛЫҚ  (орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілінің, тарих, музыка, сурет және сызу, дене шынықтыру, технология мұғалімдері).

Екінші бағыт

БАСТАУЫШ МЕКТЕП (бастауыш сынып мұғалімдері, информатика, музыка, сурет салу, дене шынықтыру мұғалімдері және бастауыш мектептің тәрбиешілері).
Үшінші бағыт

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ, ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ (мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері, мектеп және қосымша білім беру мекемелердің қосымша білім беру педагогтары).

 

Төртінші бағыт

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-ҒЫЛЫМИ  (химия, математика, физика, биология, география, информатика, экономика мұғалімдері)

  1. Конкурсқа қатысу барлық қатысушылар үшін ақылы. Тіркеу төлемінің мөлшері 1 жұмысқа 1 қатысушыға – 1500 теңге. Төлемеген қатысушылардың жұмыстары,қарауға қабылданбайды. Қатысу төлемі Конкурс ұйымдастырушының өткізу шығындарына жұмсалады және қайтарылмайды. Қатысушысының Конкурсқа қатысу үшін төлеу фактісімен осы ереженің және хатта немесе құжаттарда көрсетілген дербес деректерін өңдеуге шарттарымен келіседі.

 

Қонкурсқа қатысу тәртібі

  1. Конкурс ережелерімен толық танысу.
  2. Конкурса қатысу үшін ақысын төлеу (төменде қараңыз).
  3. Өтінішпен (1-қосымша), әзірленген материалдар және төлем ақының түбіргімен 2017 жылдың 30 сәуірге дейін oqu.kz@mail.ru электрондық поштаға хат жіберу.

 

Конкурстың қорытындысы

  1. Конкурс қорытындысы 2017 жылдың 11 мамырда шығады.
  2. Тиісті бағыттарда І, ІІ, ІІІ орынға ие болған жеңімпаздар Дипломдармен марапатталады. Жеңімпаз санына енбеген қатысушылар білім беру саласында жемісті жұмыс істеген үшін және конкурсқа қатысу үшін Дипломдармен марапатталады.
  3. Марапаттау құжаттары конкурстың қорытындысы шыққаннан кейін электрондық түрде 5 күннің ішінде жіберіледі.
  4. Дипломдарды баспа түрінде алу үшін 3000 тенге төлеп (қатысушылардың қалауы бойынша) Конкурстың ұйымдастырушыларға oqu.kz@mail.ru электрондық поштаға хат жіберуіңіз керек. Құжаттар Қазпошта арқылы жіберіледі. Дайындау және жіберу мерзімі – 10 күнінен аспайды.
  5. Конкурс нәтижелері oqu-zaman.kz сайтында жарияланады.

 

Төлем нұсқаулары

Ұйымдастыру жарнасын 1500 теңге банк картасының нөміріне немесе QIWI-кошелектің нөміріне аударуға қажет.

IBAN шоты: KZ666010002008513536

Алушының аты-жөні: Кулимбетов Арман Джумабаевич

Банк атауы: «Қазақстан халық банкі» АҚ

QIWI-кошелектің №: 8 702 852 17 19

Алушының аты-жөні: Кулимбетов Арман Джумабаевич

 

Назар аударыңыз! Түбіртектің скан-көшірмесін oqu.kz@mail.ru электрондық поштаға әзерленген жұмыспен бірге жіберуіңіз керек!

 

1-қосымша

 

«Менің үздік сабағым» атты

республикалық қашықтық конкурсына қатысу үшін өтініш

 

Аты-жөні Сыздыкова Гүлнар Мұратқызы
Қызметі тәрбиеші
Жұмыс орны Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№ 1  бөбектер бақшасы» КМҚК
Жұмыстың тақырыбы мен формасы Сабақ «Күрек»
Бағыты мектепке дейінгі білім беру

 

Назар аударыңыз!  Барлық мәлімет толық жазылады!

 

 

 

Leave a Reply

Your email address will not be published.