Сабақ«Өнерлі бала сүйкімді»


Тенсоветова Акжаркын Бауржановна

бастауыш сынып мұғалімі

КММ “Лермонтов атындағы орта мектебі” 

Өзін – өзі тану пәнінен онлайн сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Өнерлі бала сүйкімді»
Қасиеттер: таланттылық, зеректілік, өнерпаздық.
Керекті құралдар: суреттер, интерактивті тақта, слайд, тарататын материалдар, қарындаштар.
Сабақтың мақсаты:
1. Өнердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.
2. Өнерге қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру.
3. Өнерпаздықты, өнерді, сұлулықты сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.
Слайд
Шаттық шеңбері:
Армысың, шапағатты күніміз,
Армысың, мейірімді жеріміз
Армысың, табиғат – анамыз
Келді Сізге өзіңіздің балаңыз.
Топқа бөлу: Оқушыларға
Суретшілер, ақындар, әншілер
1. Кел ойланайық, пікірлесейік
«Өнерлі өрге жүзер» оқушылардың ойларын еркін айтуға дағдыландыру
2. Оқушыларға тапсырма беріледі
• Суретшілер: сурет салады.
• Әншілер: ән айтады.
• Ақындар: өлең жолдарын оқиды.

3. Мәтінмен жұмыс: әр топ бөлімге бөліп мәтін оқиды.
«Құмға салған сурет» мәтіні бойынша
– Мазмұндау
– Сұрақ – жауап
4. Дәйек сөз: сөздің мағынасын ашу
Адамның сәні – өнер, білім, ақылы. (Жетес шешен)
Өнерге, білімге байланысты тағы қандай ұлағатты сөздер немесе мақал – мәтелдер білесіңдер?
Интерактивті тақтадан өнерлі адамдар туралы айту.
Кішкентай ақын Жамбыл, шахматшы Жансая, әнші Ермек және тағы басқа танымал өнерлі балалар туралы слайд
5. Дәптермен жұмыс:
Ребус шешу. Өнерлі бала сүйкімді
6. Ой жүгірту. Топтық жұмыс
Суретшілер тобы: өлеңді аяқтау
Алуан бояу іріктеп…….. (алды)
Асықпай, Мұрат………..(суретті) салды.
Столға жайып…….(қағазды) аппақ
…….(Сарымен) сұлу жасады бақ – бақ

Ақындар тобы: мақалдарды аяқтау
1. Білім көкке жеткізер
Өнер көпке жеткізер.
2. Кітап – білім бұлағы,
Білім – өнер шырағы.
3. Шебердің қолы ортақ
Шешеннің тілі ортақ.
Әншілер тобына – Жұмбақ шешу
1. Түк білмей барасың
Төлімін аласың,
Есейіп кетсең де,
Қарыз боп қаласың. (мектеп)
2. Оң жағымда бес саусақ,
Сол жағымда бес саусақ. (Он саусақ)

Қортынды: Жүректен жүрекке
Тілек ағашына тілектер жазу
Бір – бірімізге мына күннің нұры мен жылулығын ұсына отырып жылы тілектерімізді білдірейік!
Біліммен, өнермен алға самғаңдар – деп бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.

 

 

 

Әнші

 

 

суретші

 

Күйші

 

 

спортшы

 

Биші

 

 

шаштаразшы

 

 

Тоқымашы

 

 

Ұста

 

Сыршы

 

 

Ақын

 

айтыскер

 

 

шаштаразшы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *