«Мұқағали –мәңгілік ғұмыр» әдеби кеш


Макенбаева Нургуль Канатовна

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы

«Дамуы шектелген балаларға арналған облыстық

№4 арнайы мектеп-интернаты»КММ-нің тәрбиешісі

   Мақсаты: Ақын шығармаларының идеялық-көркемдік мазмұнын ашу, тұлғаның қайталанбас қасиеттерін оқушылар арасына насихаттау, ақынның жүрекке жеткен әндерін көңілдерге тоқу.

   Міндеттері:

Білімділік-М.Мақатаев өлеңдерін сүйіп оқуға, өлең- жырларының  мазмұнын ашып, оларды жан- жақты ұғынуына, ойшыл парасаттылығын поэма жүрегімен жеткізуге қалыптастыру.

Дамытушылық- Оқушының сөйлеу қабілетін  дамыту, өз бетімен іздене білуге, мәнерлеп оқуға үйрету.

Тәрбиелік- Оқушыларға  поэзияны сүюге, махаббатты тануға, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, рухани жан- жақты болуға, әндерін сүйіспеншілікпен орындауға, адамгершілікке, табиғатты  аялауға  тәрбиелеу.

 Көрнекіліктер: М.Мақатаев өміріне байланысты слайд, буклет, кітаптар көрмесі, музыкалық сүйемелдеу.

Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар, қадірменді көрермендер, оқушылар! Бүгінгі әдеби кешіміз «Ғасыр ақыны» боп танылған қазақтың ақиық ақыны, Алатаудың Хантәңірі шыңынан түлеп ұшқан мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевқа арналады. Поэзия көгінде аққу-жыр боп қалықтаған  Мұқағалиды, оның жүрек қылын шертер нәзік жырларын халық сірә да ұмытар ма?!

Мұқағали жырын түсіне оқып, бойына сіңіре білген ұрпақ ешқашан қиыс қадам баспайды, өмірді де бағалай біледі. Уақыт керуені алға жылжыған сайын, Мұқағали мұрасы түн қойнауынан сәуле шашқан жарық жұлдыздай жарқырай, маздай береді. Ендеше, Мұқағали ақынымызға арналған «Мұқағали- мәңгілік ғұмыр» атты әдеби кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

     Серікбол:

Армысыздар, аңсаған дана халқым

Сәлем беру ежелгі ата салтым

Әр елдерде жүрсе де қалың қазақ,

Бір мақсатқа арналған арман-талап

Сағындық біз өнердің тарландарын,

Көп оқыдық Мұқағали армандарын

Абай, Ақан, Әміре, Иса, Біржан

Ән-жырынан жақсы ұқтық арнауларын

  Майгүл:

Талай түскен ақын жаны талқыға,

Сөйтіп жүріп сыр ақтарған халқына

Мұқағали тек қана ақын болатын,

Сауысқандар атанғанда « Қаршыға»

Тірлігінде шекпен кимей, шен алмай,

Еңбегінің қызығын да көре алмай,

От боп жанып өтіп кеткен ақынға

Мәңгілік қып өмір берегн өлеңді-ай

 

 

 Айдын:

Өлең барда шырқатып ән саламын,

Мен қызымын мынау кең бай даланың

Мұқағали секілді бәйтеректі

Алып кеткен ажалға таң қаламын.

 

Тәрбиеші: Мұқағали Мақатаевтың жан сырын букпесіз салған күнделігін парақтай отырып оның нәзік жүректі ұлы ақын ғана емес, тағдырынан теперіш көрген, жаны жалғызілікті қарапайым пенде екенін сезінесің.

«Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Қырға шығып ырысқа кенелмеспін

Өлсе өлер  Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре аламас алайда өлеңді ешкім!»деп ақынның өзі жырлағандай, өмірден өзі кетсе де өлеңі өшпей, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді. Оларды толқи, тебірене оқи отырып өмір шыңдығы, уақыт тынысы, жүрек ырғағы, сезім сырлары қабаттаса өрілген өлең жолдарындағы ақындық рухқа бас иеміз.

Жазира, жасыл кілем өрнектеген

Туған жерге дариға,жер жетпеген!

Сарыжайлуым….

Кең өлкем әлдилеген сен деп келем

Аңсапкелем сағынып шөлдеп келем

Сарыжайлауым…- деп толғанады ақын.Ендеше кезекті әнге берейік.

Ән: «Сарыжайлауым»

Тәрбиеші: Туған жерге, елге, халқына, досына, Отанына, әкесіне, әжесіне, ана тіліне деген махаббат сезімі ақын ретінде оның басты тақырыбы еді.Өзінің ұлтын, туған тілін ерекше құрметтеді.

Түзутүзу жыртылған аңыздайын,

Аңызыма неге нәр тамызбайын?!

Қара өлеңі қазақтың қаза болса,

Қара көзден неге қан ағызбайын?!-деп өзі жырлағандай, ақын өлеңдеріне берейік.

Нұртас:

Отан!!
Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.
Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды.
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға – сол қайғы!
Күн көреді,
Әкесіз де, анасыз,
Өмір сүрер.
Әйелсіз де, баласыз,
Ал Отансыз –
Нағыз сорлы панасыз?
Білесің бе,

  Тәрбиеші: Ана- өмір сыйлаушысы, бала бағбаны. Ару-асыл жар, ер азамат тағдырының иегелері, тәрбиешісі. Ал-бала ата-ана өмірінің жалғасы. Оларға деген махаббат, сүйіспеншілік сезімі-жырдың алтын арқауы.

Келесі тыңдайтын әндерініз «Айналайын, мама туған күнінмен»

  Жүргізуші: Ақын шығармаларының үлкен бір саласы-оның поэмалары. Ақынның күнделігінің бір тұсында «Табиғат сол өз қалпында-ақ әдемі, оны әдемілеудің қажеті жоқ. Қалай көрінсе, суреткер оны сол қалпында беруі керек» деп жазады. Табиғаттың бір тамашасы, махаббаттың рәмізі аққу құсын жырға қосып « Аққулар ұйықтағанда» поэмасын қалың қазаққа тарту еткен болатын. Сіздерге осы поэмадан үзінді ұсынамыз.

   Көрініс: «Аққулар  ұйықтағанда»

Жүргізуші:

Бала жатыр төсекте, албыраған,

Әке жатыр еденде қалжыраған

Түн күзетіп ана отыр, қос жанары

Шарасыздан шаршаған, жаудыраған.

( бөлме ішінде бесікте ауырып жатқан баласының қасында ана, төсекте күйеуі).

Тәуіп:

Баланды аққумен аласта, жазылып кетеді

Ана:

Тұрсаңшы, таяу қалды таң атуға,

Неткен жансың санасыз жаратылған?

Манағы тәуіп шалдың айтқан сөзі,

Ұмытылып кеттіме санатыннан?

Айналайын аққудың қанатынан

Қайтеміз, ол да адамға бола туған.

Күйеуі:

Апырай, қалай барам,қалай барам?

Атармын аққу құсты қалай ғана?!

Айдынның аққулары ұйықтағанда,

Өрген мал, өскен шырша абайлаған,

Бармаймын, бара алмаймын, қалай барам?!

Ана:

Жалғыз ұлдан артық па, жалған бәрі!

Балам өлсе, бақыттың керегі не?!

Топан су басып кетсин қалғандарын

Перзент сұрап несіне армандадың!?

Құрысын онсыз сенің жанған бағын!

Мылтық әкел!

Атты ертте!

Жалған бәрі!

( сахнаның оң жағында көл бетінде екі аққу.Ана қолына мылтығын алып көлге жақындайды)

Жүргізуші:

Қысқа таң

Бұлбұл үні

Көл бетінде

Аққулар ұйықтап жатыр тербетіле.

Бас бағып жағада отыр жалғыз ана,

Таңданып тәкаппар құс келбетіне.

Ана: ( көлдің жағасында табиғат аясында мылтық сүйенген ана).

Сірә, сорлы жоқ шығар менен өткен

Құлынымның қасынан неге кеткем?!

Ошақ қасы, от басы, көрмеппін гой,

Дүние-ау, сен осындай керемет пе ең?!

Жүргізуші:

Аққулар ақ айдынды қалдырды да,

Тартты кеп ана отырған жағалауға.

Шошымай шолжаң өскен батырларың

Ана отырған шыршаға жақындады.

Көзі тұнған бейбағың,топ аққуға

Білмей қалды мылтықтың атылғанын

( мылтықтың дауысы)

Жүргізуші:

Сыңар қанат сынық құс байлауда тұр,

Тағы бірі айдында жайрап жатыр

Қан аралас қалқыған мамығымен,

« Жетімкөлдің» толқыны ойнап жатыр.( Сахнаға жылқышы шығады.)

Жылқышы:

Ей!

Кімсің?

Тірісің бе?

Жаның бар ма?

Аққуды неге атасың, арың бар ма?!

Тастағын қаруыңды, келгін бері,

Келгін бері, кеудеңде жаның барда!

(Ана қолындағы мылтықты көлге лақтырып, орнынан тұрады).

Ана:

Тәуіп сырқат баламды аққумен аластандар деп еді.

Жылқышы:

Әй, балам!…

Болмады ғой,болмады ғой

Қасиет кетті көлден, сорлады ғой….

Тәуіптің айтқанының бәрі өтірік,

Атқа мін, ауылға қайт, олжаны қой!

Аққуға кезенерде ,ырым жасап,

Тым құрса саусағынды қанаттың ба?

Ана:

Әлек боп, арпалысып сор-қайғымен,

Жоқ, ата, жасамадым ондайды мен…

Жасымнен естігенім бартын-еді,

Әйтеуір аққу атқан оңбайды деп…..

Жылқышы:

Солай,солай!

Аманат бір құдайға…..

Жүргізуші:

әлсіреген, көзінен жасы сорғалаған ана үйіне қарай аяндайды.

Жүргізуші:

Ақ төсек-аппақ айдын ,аққу –бала,

Жаралы аққу секілді жаттың ба, ана?

Ана:

« Мына жатқан Жетімкөл , мына аққулар

Өз қолыммен өлтірдім, аттым жаңа.

Жоқ!

Мен емес! Мен атпадым!

Кеше гөр, кешіре гөр, жаратқаным?!

Есінен таңған ананын келбеті ( жындану, күлу, таңдану)

«Қазір ботам….

Мінеки, таң атады….

Қазір ботам , аққумен ұшықтаймын….

Жазыласың,құлыным, балапаным!

Жүргізуші:

Ана қолындағы өліп жатқан баласына уңіле қарап:

Ана:

Қасиет!

О,қасірет!

Осындай ма ең?

Сорымның қолыңдағы шашымдай ма ең!

 

Сахнаның ортасына қарай жылжып:

Қасірет!…

Қасымдағы досымдай ма ең!

Қасиет, қасірет,

Қасірет, қасиет ….

Жүргізуші: Аққуды атуға анаға не себеп болды? Деген сұрақ мазаласа, ауырып жатқан баласын аман алып қалу үшін, ана еріксіз аққуды атуға мәжбүр болады. Бұл жерде біз ананың балаға деген махаббатын көреміз.Тәуіп шалдың сөзіне сеніп, аққуды атуға болмайтынын білсе де, осындай шешімге келді. Ана тек баласының амандығын ойлады.

Балалар, біз экраннан   нені көріп отырмыз?

 Оқушылар: Адамның қолы

Жүргізуші:   Осы сурет арқылы біз қандай қорытынды жасаймыз?

Оқушылар: Әділдік те, зұлымдық та, сұлулық та адам қолымен жасалады.

 

 Жүргізуші:  Өз халқының күйініші мен сүйінішін жырына арқау еткен ақын есімі, оның жыры бүгінгі ұрпақтың жадында мәңгі сақталады.

 

Майгүл:  -О,Мұқа сезесің бе, сезесің бе,

Еліңді аралап жүр елесің де.

Әңдерін шырқалады әр ауылда

Сөздерің әр қазақтың өресінде

Тәрбиеші:

Ақын мұрасы, маржан поэзиясы- болашақ ұрпақтың мәңгілік еншісі, қастерлеп, қадірлейтін қазынасы.

Олай болса жас ұрпақтың «Мұқағали « есіміне арналған лебізіне кезек берейік

Оқушылар:

М- Мұқағалидың

Ұ- ұрпаққа

Қ- қалдырған

А- аманатын

Ғ- ғасырлар

А-арнасына

Л-лайықдеп

И-иіліп, бас иеміз (Барлығы бірге).

Тәрбиеші:

« Аға- саған құрметімізде көп бүгін,

Көріпте тұрсыз іздеушінің көптігін.

Отбасын ман, бала-шағаң тоқ бүгін

Тұрманың бүтін, көтерілді шоқтығың.

Әттең бір-ақ тек өзіңнің жоқтығын

 

Құрметін көрмей, осынша мынау халықтың

Тірліктен несін жалықтың

Неге?неге?неге? деп айғай салыппын

Болар-болмас күбір етті ол сонда:

«Азабыңды да, мазағынды да, сағындым сені жарық күн».

 

Жарық жанды.

Өнімбе, әлде түсім бе?

Мынау сурет

Әлгінде көрген кісім бе?

Таңырқауда жоқ таңдануда жоқ пішінде

Айналыпты аға.Мәңгілік мұңлы мүсінге

Есімді жидым.Айналама қарадым

Қол соғып жатыр,қол соғып жатыр қазағың!

 

Құрметті көрермендер, ұстаздар, оқушылар осымен ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған әдеби кешіміз  өз мәресіне жетті, назар салып тыңдағандарыңызға рахмет.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *