«Шуақты көктем» тақырыбына шығарма


Тынысова Жангүлім 

БҚО, Бөкейордасы ауданы, Жиекқұм ауылы Т.Масин атындағы ЖОББМ 7 сынып оқушысы

жетекшінің аты-жөні: Қаусова Дана Биболатовна

«Көктемде табиғат ана оянады, қыстың қары кетіп, құстар жылы жақтардан қайта оралады. Ағаштар бүршік жарып гүлдейді…» деген сарынды басталатын… Одан бері талай көктем келді кетті… Әр көктем ерекше, бір керемет, сыры бітпес бір тылсым… Әсіресе қызығы, мына көктем алды мезгіл… Қыс пен көктемнің алмасар уақыты. Бір-бірімен сықылықтап қуыспақ ойнаған кішкентай кезімі есіме салды. Біресе қыс көрінеді, біресе жылы көктем лебі… Ақыры соңында қыс шаршап тынады дағы, ал көктем керісінше күшіне күш қатып, ойынан қалып бара жатқан қысқа бұртия қалады да көз жасын төгіп жібереді. Ойынға басқа бала келіп қосылғанша осылай жалғасады.

Биылғы көктем маған ерекше көрінеді. Сыңғырлаған күмісін, жылт еркен жанарын бір көрсетіп ғайып болатын ерке бір қызды еске салады. Жүректі қобалжытады, бірақ дүрсілдетпейді. Бірақ осысымен адамды баурайды. Ішіңнен сол бір тәтті сәтке деген қуанышты сезесің, асыға күткендей боласың… Табиғаттың бұл құбылысы мен ішкі құбылыстың сәйкес келуі де байқалды биыл. Көктем жылы күндердің, жаз шырайының хабаршысы болса, өмірдегі жаңа белестерге деген бет бұрыстың, жаңа бір беттің ашылуы, бір өзгерістің, бір кезеңнің алмасуының хабаршысы сияқты, екеуіде адамды қобалжытады, асықтырады, тағасыздыққа душар етеді. Мамыр айының басымен жаздың далаға, тынысы кеңіген кең далаға аттанамын. Жасарып, жаңарған  даланы құшағына алып тербеліп қайтамын. Қара жерді астына төсеп, көк аспанды жамылып жатып ұйықтаймын. Көктемде күн ұзарып, ауа райының жылуынан қар ериді, жауын-шашын мол жауады, соның салдарынан көбінесе су тасиды. Көктемде жалпы тіршілік иелерінің жандануы, тірілуі басталады, жәндіктермен хайуанаттар қысқы ұйқысынан оянып, тіршілігін бастайды, мал төлдеп, жыл құстары оралады, жер бетіне көк шығады, жеміс ағаштары бүршік жарып гүлдейді. Жер жырту, ағаш отырғызу, егін егу, ауыл шаруашылығы жұмыстары жүргізіледі. Бір жылда төрт жыл мезгілі болады. Олар: жаз, күз, көктем, қыс. Әр жыл мезгілінің өз ерекшелігі бар. Соның ішінде маған ұнайтын жыл мезгілдерінің бірі – көктем. Себебі бұл кезеңде табиғат жаңарып, жан-жануарлар көбейеді. Көктем айларында көптеген мерекелер аталып өтіледі. Осы мезгілге сай көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні. Жер дүниенің жаңару күні «Наурыз» ғарышкерлер мерекесі, бейбітшілік мейрамы, Ұлы жеңістің мерейлі тойы – осы көктемнің еншісіндегі атаулы күндер. Көктемнің басқа жыл мезгілдеріне қарағанда ерекше өзіндік орны бар. Мен жыл мезгілдерінің көктем айларын ұнатамын. Күн жылынысымен біз мектеп ауласын тазалап, бүкіл ауыл сенбілік күнін ұйымдастырып, әр қайсысымыз өз аулаларымызды  тазалаймыз. Ағаштар отырғызамыз, түрлі гүлдер егеміз. «Тазалық – денсаулық кепілі»,- деп қазақ атам тегін айтпаған. Ендеше әрбіріміз өз ауылымыз бен мектебімізді көгертуге ат салыссақ нұр үстіне нұр болатыны сөзсіз! Сондықтан тазалық пен көгерудің көзі-көктем айын жақсы көремін. Менің көктем туралы ойға түйгенім осындай. Көктем айы бәрімізге денсаулық, береке,бірлік тыныштық әкелсін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *