«Шуақты көктем» тақырыбына шығарма


Мұханғалиева Айнамкөз 

БҚО, Бөкейордасы ауданы, Жиекқұм ауылы Т.Масин атындағы ЖОББМ 6 сынып оқушысы

жетекшінің аты-жөні: Қаусова Дана Биболатовна

Қазақ халқының дәстүрлі күнтізбесі бойынша жыл басы көктемде басталады. Көктемде табиғат ана оянады: қыстың қары еріп, жер анаға жасыл жібек кілем төселгендей әп-әсем, жасыл шөптерге араласа шыққан түрлі гүлдер жерге өрнек, түр береді, құстар жылы жақтардан кері оралады, ағаштар бүршік жарып гүлдейді, қорадағы мал төлдеп, егіншілік жұмысы да басталды. Көктем тек табиғатты оятпай өзімен бірге мейрамдарды да ала келеді. Мезгілге сай көктемнің алғашқы мерекесі аналар күні, жер дүниенің жаңару күні «Наурыз», ғарышкерлер мерекесі, бейбітшілік мейрамы, Ұлы Жеңістің мерейлі тойы – осы көктемнің еншісіндегі атаулы күндер. Қазір біздің ауылда қызғалдақ, сарғалдақ деген гүлдер өсіп жатыр. Сонымен қатар наурыз мерекесінде әжелер наурыз көже пісіріп, ет асып, жақын-жуық, көрші-көлемді қонаққа шақырып, дастархан басында жақсы тілектер айтылады. Пай-пай көктем неткен керемет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *