Ашық сабақ жоспары «Күрделі эфирлер. Майлар. Сабындар және синтетикалық жуғыш заттар»


Аманова Сауле Кайпуллаевна
 Химия биология пәндерінің оқытушысы
«Павлодар инновациялық көп профильді колледжі» ББҰМ

Сабақтың тақырыбы:  Күрделі эфирлер. Майлар. Сабындар және синтетикалық жуғыш заттар.

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға күрделі эфирлер, майлар, олардың табиғаттағы кездесуі, маңызы, құрамы мен құрылысы, қасиеттері, алынуы, қолданылуы туралы білімді қалыптастыру; майлардың ағзаға өте қажетті, бағалы қоректік зат екендігі туралы, майлардың гидролизі мен майларды техникада қолдану үшін гидрогендеу реакциясы туралы білімді қалыптастыру;

Дамытушылық: Күрделі эфирлер, майлардың гомологтарының формуласын, изомерлерінің формуласын құру, химиялық қасиеттерін, алынуын сипаттайтын реакция теңдеулерін құра білу, білім және дағдыларын жетілдіру;

Тәрбиелік: сабақ уақытын бағалауға үйрету, еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Көрнекіліктері: интерактивті тақта, кітаптар,  «майлардың химиялық қасиеттері», «синтетикалық жуғыш заттардың химиялық қасиеттері» тәжірибелік жұмыстар.

Сабақтың түрі:  дәстүрлі емес,.
Сабақ типі:  ойын, бір –бірін  үйрету, интерактивті құрал  қолданылуымен.

Әдісі: кейс, интербелсенді, сұрақ – жауап, джиксо.

Кұралдар мен реактивтер: презентация,   калий перманганаты, сұйық май, қатты май үлгілері, жуғыш заттардың үлгілері.

Пәнаралық байланыс: биология,
І. Мотивациялық  кезең
Амандасу,  түрлі түсті жеміс жидектер, гүлдердің жартыларын таңдайтындар жұптасып отырады. (өрік, ананас,алмұрт,алма,таңқұрай,шие, апельсин,жасмин).

ІІ Операциялық кезең

1. Үй тапсырмасын  тексеру.  «Кім жылдам ойыны»

1. Сұрақтарға жауап:

·        карбон қышқылдары деп қандай қосылыстарды атаймыз?

·        карбон қышқылдары  қандай класстарға жіктеледі?

·        карбон қышқылдардың  функционалды тобы?

·        Құмырсқа қышқылының қолданылатын жерін ата,

·        Сірке қышқылының қолданылу.

2. флипчартта жұмыс істеу:

– Берілген қосылыстарды жікте

– реакция теңдеулерін аяқта

2. Жаңа тақырыпты меңгеру. Күрделі эфирлер тақырыбына  флипчарт  арқылы шолу. (студенттер суреттерді қарап, бұл сұреттерде әр нәрселерді бір бірімен байланыстыратын не екенінен жауап беру қажет. Суреттерде шырын, кәмпит, сағыз, жуғыш зат). Студенттер оларды хош апельсин иісі байланыстыратыны туралы айту керек. Мұғалім Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін бейнеролик көрсетеді (видеороликтен вальс цветов әуенін тындау) (кейс әдісі).

Мұғалім: Бүгінгі сабақ тақырыбы  «Күрделі эфирлер. Майлар. Сабындар және синтетикалық жуғыш заттар» екенін  презентацияға назар аударады.

1«Миға шабуыл» (нені білеміз?)

– интерактивті тақтада топтастыру әдісі арқылы  басында күрделі эфир және май туралы не білетінін ассоциацияларын жазады, сабақтың соңында бұл  кезеңге қайта оралып студенттер не білгенін толтырады;

-сұрақтарға жауап береді:
• Өсімдіктердің гүлдерінен, жеміс – жидектерінен хош иістің бөлінетінін білеміз. Ол қандай заттар?
(жауабы: гүлдер мен жемістер құрамында күрделі эфирлер болуы )
• Түйенің шөлге төзімділігін қалай түсіндіре аласыңдар
(жауабы: өркешіндегі майдың су бөлуінен)
• Қоңыр аю қыс бойы ұйқыға кеткенде, не себепті қарны ашпай жатады?
(жауабы: ағзасындағы май тотыға отырып ыдыраған майдың суын пайдаланады ).

2.  «Мағананы тану» ( нені білгіміз келеді?)
Джиксо – ұжымдық оқыту әдісі.
«Жанұя тобын» құру.  (1,2,3 … саналады)Содан кейін оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі.Топта тақырыппен танысып болған соң бір студент басқа топқа барып әр қайсысы мәлеметтерін айтады. Мәліметтермен бөліскен соң тобына қайта оралып топта жинапалған мәліметтермен бөліседі.

1 топ: күрделі эфирлердің жалпы формуласы, алу жолдары, номенклатурасы

2топ: күрделі эфирлердің физикалық, химиялық қасиеттері.

3 топ: Күрделі эфирлерді қолданылу.

3. Тақырыпты бекіту.

Студенттер жұптасып сұрақтарға жауап береді, тапсырма орындайды.

Сұрақтар:

–   күрделі эфирлер деп қандай қосылыстарды атаймыз?

·        күрделі эфирлердің номенклатурасы

·        күрделі  эфирлерді алу жолдары?

·        Күрделі эфирлердің физикалық қасиеттеріне мысалы келтір

·        Күрделі эфирлерге қандай реакциялар тән?

·        Күрделі эфирлерді қолданылу.

Тапсырмалар:

·        Құмырсқа қышқылының этил эфирін алу реакциясын жаз

·        Сірке қышқылының пропил эфирін алу реакциясын жаз

Жұптардың тапсырмалары (3 мин). Берілген күрделі эфирлердің аталуының құрылымдық формуласын жазу. Сендердің жұптарымен қандай байланысы бар екенін  болжамдап көріңіздер.

Ароматерапия ( хош иісті май шамдарын жағып, жүйке жүйесіне  пайдалы екен деп балаларға түсіндіру)

3.  Майлар тақырыбына қысқаша шолу (презентация арқылы)

ІІІ.  Рефлексия бақылау кезеңі

1. Қорытындылау

·        Майлардың химиялық қасиеттерін тәжірибе арқылы  зерттеу және қорытынды жасау.

Тәжірибе: сұйық және қатты май үлгілеріне  дайын калий перманганаты ерітіндісін құямыз, қай майда марганцовка түссізденген жоқ сол майдың құрамына  қаныққан карбон қышқылы кіреді. ( қатты май түссізденбейді)

·        Топтастыру стратегиясына қайта оралып  толтыру.

·        Сабын ерітіндісін әр пробиркаға құйып неге біреуінде көпіреді ал екіншісінде көпірмейді деген сұрақтарға  үйде жауабын жайындау.

2.  Рефлексия.   Балаларға сұрақ қойылады қандай күймен  сабақта жұмыс жасады. Ол үшін конверттен бір суретті таңдап  сабаққа қайсысы сай соны  тақтаға жабыстырады.

Құм сағаты-  уақытты бекер кетірсе,

Спутник-  көңіл күйі жәй болса

Тау, немесе  пляж – көңілді уақыт өткізсе

3.  Бағалау
4.  Үйге тапсырма:  Келесі тақыртар бойынша  баяндама дайындау

– «Күрделі эфирлерді өнеркәсіпте қолдану»

– « Синтетикалық жуғыш заттар».

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *