Психикалық дамуы тежелген оқушыны шығармашылық ізденіске баулудағы әдіс-тәсілдер


Сакбаева Гульжан Амангелдиевна
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
КММ «Психикалық дамуы артта қалған балаларға арналған мектеп-интернаты»

Қазіргі кезеңдегі білім беру ісінің негізгі нысаны – жас ұрпақтың біліктілігін қалыптастырып қана қоймай, олардың бойында ақпаратты өздері іздеп табатын және талдай алатын, сондай-ақ ұтымды пайдалана білетін, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеге лайықты өмір сүріп, қызмет жасауға қабілетті тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болып отыр. Мектеп оқушыларының ғылыми жұмыспен айналысуы уақытымыздың өзекті мәселесі.

Елбасының  жолдауындағы алтыншы міндеті де  осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлауды, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыруды, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалануды, инновациялық экономиканы дамытуды қарастырады.

Білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік  алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады.

Орта білім берудің басты мақсаты – еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дайындау. Бәсекеге қабілетті жеке тұлға   деп   өмірдің қай саласында болмасын еркін де нақты, жауапкершілікпен ойлайтын, әр түрлі жағдайларға бейімделе білетін, бойында шығармашылық қасиеттері қалыптасқан тұлғаны айтамыз.

Ғылымның  жедел түрде дамуы,  техникалық прогресс, қазіргі заман талабы бастауыш сынып оқушыларының жан-жақты терең ойлау қабілеттіліктерін арттырып отыр. Сондықтан бәсекеге қабілетті шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін зерттеу- ізденушілік жұмыстарды мектептен бастау қажет. Білім берудің басты мақсатының бірі –  құзыретті тұлғаны дамыту болса, күтілетін нәтиженің бірі – мәдениетттанымдық құзырет . Ол дегеніміз – жалпы адамзаттық мәдениет жетістіктері негізіндегі іс-әрекет тәжірибесін және қоғамдағы дәстүрлер мен жеке, отбасылық және әлеуметтік өмірдің мәдениет негіздерін, этномәдениеттік құбылыстарды игеруге мүмкіндік беретін ұлттық ерекшеліктерін тани білу. Адам мен қоғамның дамуындағы ғылымның рөлін түсіну. Өз халқының  мәдениеті мен әлемнің мәдени көптүрлілігін түсіну.

Қазiргi бiлiм беру практикасында баланы зерттеу жолымен оқыту –  қоршаған әлемдi тануға мүмкiндiк беретiн ең тиiмдi әдiстердiң бiрi .

Балалық зерттеулер, iзденiс қажеттiлiгi оның биологиясына тән қасиет екендiгi ешкiмге таңсық емес. Зерттеу балаға тән, қалыпты жағдай. Қайсыда бiр денi сау бала зерттеушi болып туылады. Көз алдыңызға жаңадан ойыншық алған сәбидi елестетiңiзшi! Бала бұл ойыншықты жан-жақты қарайды, уқалайды, умаждайды, жапырады,  тiстейдi, сәл ересектеуi – бөлшектерге бөлiп тастайды. Кез келген кезде, белгiсiз обьектiнi немесе құбылысты байқаған бала, ересектерге “Бұл не?”,”Нелiктен?”, “Неге?”  секiлдi сұрақтарын жаудыртады.    Өкiнiшке орай,  көптеген жағдайда жауап беруге өресi жетпеген ересектер, тынышсыз “ негештермен” жұмыс жасауға зерiгедi. Баланың қажымай-талмай жаңа әсерлерге ұмтылуы, әуестiлiгi, белгелi бiр затты тәжiрибелеуге, бақылауға ынталылығы, өмiрден өздiгiнен жаңа мәлiметтер iздеуi – мұның барлығы баланың беталысының маңызды ерекшелiктерi десек қате болмас..Бiлмегендi бiлуге деген құштарлық, үнемi зерттеу белсендiлiгi бала бойына туа бiткен қасиет. Баланың нақ осындай танымдық ынтасынан зерттеулiк бағыты қалыптасады және зерттеп оқу қажеттiлiгi туындайды. Баланың бiлуге құштарлығын қолдау және дамыту бiлiм берудегi маңызды мәселелелердiң бiрi, ал оның шешу жолдары – оқушылардың зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. Зерттеулiк оқыту әдiстемесi оқушының танымдық әрекеттегi субьектiлiқ позициясын ұстануына мүмкiндiк бередi. Бұл есiн, түйсiгiн iске қосу емес, ойлану механизмiн қалыптастыру. Яғни саналы ойлау арқылы танымдық-психикалық процесiн дамытады. Зерттеулiк оқыту оқушының эмпирикалық және теориялық танымының бiрiктiрiлуiмен меңгерiледi. Кез- келген зерттеуде проблеманы анықтау, конструктивтi сұрақтар қою, бақылау жүргiзу, мәтiндермен жұмыс жасау арқылы ақпараттар жинақтау,  оны саралау, талдау және тұжырым жасау әрекеттерi кiрiктiрiледi. Бұл зерттеулiк оқытудың жан-жақтылығын, әмбебап болмысын дәлелдейдi. Сол себептен зерттеу бiлiктерi мен дағдыларын меңгерген қазiргi мектеп түлегiнiң, келешекте

әр түрлi әлеуметтiк – саяси жағдаяттарда икемдiлiкпен бейiмделетiндiгiне, өз көзқарасын өңдей алатындығына көз жеткiзуге болады.

Зерттеулiк оқыту барысында оқушылар теориялардың пайда болуы жөнiнде көптеген мәлiметтер жинақтайды. Н.И.Павлов “Үй кiрпiштен құралатын болса, ғылым деректерден құралады”, демекшi әр кiрпiштен немесе тастан құралған үйiндi үй деп саналмайды, дәл солай кез келген деректердiң жиынтығы  да  ғылыми бiлiм бола алмайды .    Сондықтан “ғылым” деген сөздiң мағынасы ежелден “ұйымдастырылған бiлiм ” деп түсiндiрiлген. Жас жеткiншек байқау жүргiзу немесе тәжiрибелеу нәтижесiнде алынған деректерi,  болжамдары, топтастыру схемалары, тiптi айқындалған заңдары – ғылым материалдары екендiгiн жете түсiну керек. Бұларды ғылым ретiнде ұйымдастыратын-теория. Ендеше мектеп қабырғасында зерттеумен айналысқан бала жаңа ақпараттар жинақтау арқылы ғылымға алғашқы қадамын жасайды.

Бүгінгі күні мектепте ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың қол жетiмдi түрi – оқушылардың ғылыми қоғамы болып отыр. Оқушылардың ғылыми қоғамы (ОҒҚ) жас ерекшелiктерi әр түрлi, жоғары интеллектуалды, шығармашыл  оқушылардан құралады. ОҒҚ-ның  атқаратын негiзгi қызметi –  оқушылардың ғылыми iзденушiлiкке қызығушылығын кеңейтуге, зерттеулiк оқыту бiлiктерi мен дағдыларын қалыптастыруға, әдебиеттермен жұмыс жасауды үйретуге және т.б. бағытталады. ОҒҚ-на  мұғалiм жетекшiлiк етеді. Жетекшi мұғалiм оқыту сабақтарын ұйымдастырады, оқушылардың қызығушылығын ескере отырып ұжымдық жобалардың тақырыптарын жоспарлайды, қорытындылау жиналыстарын дайындайды,  жас зерттеушiлердiң жұмыстарына мониторинг жүргiзедi. Осындаай іс-әркеттердің нәтижесінде дарынды балаларды анықтауға және    ғылымға жетелеу арқылы  шығармашылық қабiлеттерiн  дамытуға мүмкіндік туылады.  Дегенмен, мұндай әрекеттер мектеп оқушыларының 10 % ғана құрайды, ал қалғаны  ізденістен тыс, пассивті оқу жағдайында білім алады.

Баланың ойлау тәсiлдерiн үйрету және зерттеушiлiк мәдениетiн қалыптастыру үшін  зерттеулiк оқытуды бастауыш мектептен бастау керек.  Себебi, бастауыш мектеп баланың санасы  қарқынды дамитын маңызды, қайталанбас кезең. Бастауыш мектепте бала белгiлi бiр бiлiм алып қана қоймай, ол жалпы даму,  сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнiнде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды обьективтi түрде бақылау, ойын дұрыс жеткiзу, салыстыра бiлу, сөйлеу мәдениетiне үйренедi. Зерттеушілік оқытуда  дәстүрлi сабақтан дербес арнайы  тренингтер, ойындар  ұйымдастырылады. Бұл оқушыларға  зерттеу біліктері мен дағдыларын меңгертудің тиімді жолы болып табылады.

Қазiргi педагогикалық әдебиеттерде «зерттеу әдiсi», «жобалау әдiсi» деген ұғымдар жиi кездесуде. Зерттеулiк оқыту барысында осы екi түрлi түсiнiктiң ұқсастығы мен айырмашылы неде? Зерттеу әлемiне алғашқы қадамын басқан кез – келген балаға бұл әдiстердi ажырата бiлудiң маңызы зор. Сонымен «зерттеу жұмысы» және «жоба» ұғымдарының айырмашылығын талдап көрсетелiк. Зерттеу – риясыз шындықты iздену, ал жобалау – туындаған мәселенi саналы түрде шешу. Сондықтан да зерттеу және жобалау жұмыстарының бағыты, мәнi,  мазмұны да әр түрлi.  Зерттеу үнемi iзденiс пен шығармашылықты қажет етедi. Себебi ол – белгiсiз, тың жол. Зерттеу барысында өзектi мәселенi шешу әрекеттерiмен қатар, көптеген кедергiлер кездеседi. Тiптi iзденiс барысында табылған жаңа ақпараттар қажетсiз немесе қауiптi,  зиян болуы мүмкiн.  Кейбiр зерттеулер өкiнiштi әсер де қалдырады. Зерттеушi белгiсiздiктiң шешiмiне жету немесе құпияның сырын ашу үшiн толығымен шығармашылықты қажет етедi. Олай болса, зерттеу – шексiз түбiрге жету қозғалысы. Ал жобалау, керiсiнше, жасалған жұмыстың нақты , қатаң атқарылуына, iс-шараларды жоспарлай бiлуге, көздеген нәтижеге жету секiлдi өмiрдегi маңызды талаптарды қалыптастырады. Жобалау әдетте шығармашылық iс, бiрақ  ол шектеулi мәселенiң өзектiлiгiн шешу. Теориялық жобаны дайын алгоритмдер бойынша, репродуктивтi әдiспен орындауға болады. Яғни белгiлi графиктер, сызбалар, жобалар арқылы зерттеу жүргiзу, көрсетiлген межеге жету. Осы аталған айырмашылықты терең түсiнбеу себептерiнен кейбiр мұғалiмдер зерттеумен айналыса бастаған балаға, алдын ала жоспар құруын талап етедi, «зерттемес бұрын мақсат қой, мәнiн бiлiп ал, қандай нәтижеге жетуiң керек», – деген сияқты  талаптар қояды. Бұл, әрине, үнемi бақылап әдеттенген мұғалiмнiң құзыреттiлiгi жеткiлiксiздігін көрсетедi. Егер оқушыға зерттеу жұмысының нәтижесi белгiлi болса, онда оны iздеудiң қажеттiлiгi қанша? Оқушылар шығармашылық жұмыстарын жобалау әдiсiмен де, зерттеу әдiсiмен де жүзеге асыра алады. Қазiргi бiлiм беру тәжірибесінде осы екi ұғымды жете түсiнудiң маңыздылығы зор. Баламен зерттеп оқуды ұйымдастыра отырып, оған үлкен үмiт артудың қажетi жоқ. Егер баланың әрбiр зерттеу жұмыстары, әр жобасы көпшiлiкке неғұрлым белгiлi болса, оның зерттеу оқу iс-әрекетiнiң мотивациясы соғұрлым жоғары болады.  Оқушылардың зерттеп оқу iс-әрекетiнiң нәтижесiн анықтау проблемасы сырт көзбен қарағанда жеңiл көрiнедi. Шын мәнiнде – бұл күрделi iс.

Алдымен ненi нәтиже деп санауға болады, соны қарастырған жөн. Зерттеп оқу жұмыстарының барлық кезеңдерiнде негiзгi күтiлетiн нәтиже – баланың танымдық қажеттiлiктерi мен қабiлеттерiнiң дамуы екенiн анық ұғыну керек. Бұл баланың интеллектуалды және шығармашылық дамуы емес, психоәлеуметтiк өрiсiн дамыту.  Педагог үшiн зерттеулiк оқытудың  басты нәтижесi – баланың дайындаған көрнектi, детальды жасалған мәтiні немесе қағаздан жасалған макеті, техникалық суретi емес, ең бастысы өзiндiк шығармашылығы, зерттеу жұмысындағы құнсыз тәжiрибесi, жай орындаушыдан ерекшеленетiн шығармашыл баланың жаңа бiлiмдерi, ептiлiктерi және дағдылары. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып саналады. Егер ол оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда баланың қабілетін түрлі әрекеттерге көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.     Қабдолов Зейнолла «Сөз өнері» кітабы, 2005

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *