Қоян шаруашылығы және гигиенасы


Абду Мейрамбек Қанатбекұлы
 Студент. Топ: Вф9-142
 «Шымкент аграрлық колледжі» МКҚК

Жетекшісі: Байтханова Ақмаржан Әмірбекқызы
«Ветеринария» мамандығының оқытушы
«Шымкент аграрлық колледжі» МКҚК

Жоспары:

1.      Кіріспе

2.      Негізгі бөлім

2.1. Үй қояндарының тұқымдары

2.2. Үй қояндарын  азықтандыру

2.3. Үй қояндарының гигиенасы

2.4. Қоянның  ет өнімі.

3.      Қорытынды.

 

1.       КІРІСПЕ.

 

Қоян шаруашылығы мал шаруашылығы саласы бойынша тез жетілгіш, қосалқы шаруашылық болып есептеледі. Үй қояндарынан  әр  түрлі өнімдер – тері, түбіт, қоян еті  және т.б. өндіруге  болады. Қоян  терілерінен  әр түрлі  бұйымдар, бас киімдер, мех өңдейтін өнеркәсіптерде  бағалы  шикізат ретінде  пайдаланады. Қоян түбітінен  жеңіл  де жылы  трикотаж бұйымдары  жасалады. Бір үй  қоянынан  жыл бойы 500 гр-ға дейін  түбіт жинауға  болады  Үй қояндарының  еті  диеталық  азық ретінде  бағаланады. Қоян  етінің құрамында  ақуыздың  мөлшері  көп болады  және холестерині  басқа  ауыл шаруашылығы  малдарының етімен салыстырғанда  өте аз.

Үй қояндарының биологиялық  ерекшеліктеріне  тез жетілгіштігі, өсімталдығы,  буаздығының  қысқа мерзімі  , т.б.  жатады.

Тез жетілгіштігі.  Үй қояндарының жыныс  мүшелері 4-5 айлығында  жетіледі. Ет бағытындағы  үй қояндары  (бройлер) үш жарым  айлығында  2,8 кг  салмақ  тартады.

Өсімталдығы. Үй қояндары  басқа қолда  өсірілетін  хайуанаттармен салыстырғанда  әлдеқайда өсімтал. Ересек  ұрғашы  қоян әр  туғанда 6-9-ға  дейін,  кейде  14 көжекке дейін, кейде 14 көжекке дейін береді . Бір туғанда  21 көжектеген жағдайда  болған.

Буаздығының қысқа мерзімі: Ұрғашы  қоянның  буаздық мерзімі  30 күндей болады. Сондықтан бір жылда 6-9 рет көжектеп, 40-қа дейін көжек береді.

Азықтың қайтарылымы өте жоғары. Етті бағыттағы қояндарды  бордақылағанда, 1 кг қосымша салмаққа  4,2-4,5  азық бірлігі  жұмсалады.

Үй қояндарын жыл  бойы  ашық  алаңдарда, клеткаларда  күтіп бағуға  қолайлы. Олар  аса күй таңдамайды.

 

2. Негізгі бөлім.

2.1. Үй қояндарының тұқымдары

Ақ және қоңыр великан. Бұл тұқымдағы  үй қояндары  етті, жүнді  бағытта өсіріледі.  Тірі салмағы  орташа 5,0 кг,  кейде 7-8  кг-ға жетеді. Денесінің ұзындығы 60-61 см, кеудесінің орамы 37-38 см. Ақ түсті  қояндардың көзі  қызыл болып келеді, жүні тығыз, қалың. Қоңыр түсті қояндардың түсі  жабайы  қоянның  түсіне  келеді. Төлдегіштігі бір көжектегенде орташа 7-8  көжектейді. Терісінің мөлшері 2500-2700, кейде 3000 см2 болады.

Қара  және күміс түсті үй қояны.  Бұл тұқым да етті  жүнді  бағытта  өсіріледі, орташа  салмағы 4,4-4,7 кг,  кейбір қояндары 6,3-6,6  кг салмақ тартады. Денесінің ұзындығы 57-60 см , кеуде орамы  36-37 см. Бұл  тұқымның  қояндарының еті  дәмді, өсімтал және  жүні  қалық.

Совет шиншилласы. Бұл  тұқымның қояндары  орташа 4,7кг салмақ тартады, ірілерінікі 7 кг-ға дейін жетеді.  Денесінің  ұзындығы  58  см,  кеудесінің орамы 36 см. Еттік  қасиеті  жақсы  жетілген.  Бройлердің жас қояндары  60-70 күнде  1730-1785 гр салмақ тартады, 1 кг қосымша  салмаққа  4,5 кг азық бірлігін  жұмсайды. Жүндері күміс түсті, аспан көк,  қара  араласқан,  әсіресе жотасы мен бүйрінде қара түс  көбірек.

Ақ түсті түбітті  қоян тұқымы. Бұл қояндардың  ерекшелігі жіңішке, жұмсақ және ұзын түбітті жүндері бар. Түбіттің ұзындығы 6-7 см.  Орташа  салмағы 4 кг, денесінің  ұзындығы  54 см,  кеудесінің  орамы 34  см.  Бір жылда бір қоян орташа 450 гр  түбіт береді.

Қысқа  жүнді  қоян  тұқымы. Бұл қояндардың жүні  жүндес қояндардан екі  есе қысқа болады. Жүндері  тығыз, әрі қалың, жұмсақ келеді, Түсі әр түрлі, қара, қоңыр, көгілдір және ақ  болуы да мүмкін. Орташа  салмағы 4,3 кг, ірілері 5,8 кг тартады, денесінің  ұзындығы 54,4 см, кеудесінің орамы 34 см,  бір  көжектегенде 5-6 көжек туады.

 

 

2.2. Үй қояндарын  азықтандыру

Қоянға қажетті азық түрлері. Үй  қояндарының бір қалыпты өсіп-жетілуіне ақуыз, май, көмірсулары, минералдың заттар, витаминдер,  микроэлементтер қажет.  Азықтың құрамында  осы заттар болмаса  қояндардың өсуіне, дамуына керісінше әсерін  тигізеді. Сондықтан  дұрыс  азықтандыру  қоян шаруашылығынан  алынатын  өнімдерді  – ет,  тері  және түбітті  көбейтудің негізгі  шарты болып есептеледі.

Басқа  ауыл шаруашылық малдарына  қандай  азықтың түрлері  берілсе, сондай  азықтар үй қояндарына  да беріледі. Қоян өсіретін шаруашылықтарда пайдаланатын азықтардан бірнеше  негізгі  топтарға  бөледі: балауса  азық-көк шөп, ағаш бұталары; шырынды  азықтар-тамыр және түйнекті жемістер, капуста,  сүрлем; ірі  азықтар – пішен, құрғақ бұтақтар, пішендеме, құнарлы  азықтар, астық дәндері, бұршақтар, тамақ өнеркәсібінің қалдықтары, құрама  азықтар; жануарлардан алынатын  азықтар – сүт, қаймағы алынған сүт,  жұлдыз құртының қуыршағы, балық майы,  ет-сүйек және балық ұны,  минералдық азықтан – ас тұзы, сүйек  ұны,  бор;  витаминнен балық майы,  құнарланған витаминдер.

Пішендеме-қоян үшін  таптырмайтын құнды  азық. Оны  шабылған  және 45-55% ылғалдылығы бар аздап  кептірген  шөптерден дайындайды. Дайындау  және сақтау технологиясы  ауа  кірмейтін жағдайларда  өткізіледі. Соның  нәтижесінде шөптің құрамындағы  қоректік  заттар толық  сақталынып  қалады. Пішендеме  қантқа, негізгі  амин қышқылдарына (лизин, гистидин,  метеонин т.б.) бай.

Дәнді  азықта  қоректік заттардың  жиынтығы  мол болады, сондықтан да оларды  құнарландырған  азық деп те атайды. Құнарландырылған азықтың құрамында 70-80% сұлы, арпа, бидай және жүгері  болуы  тиіс.

Қатты  дәндер – бұршақты, жүгеріні, сиыр жоңышқаны, жасымықты азықтандырмастан 2-3 сағат бұрын  суға  салып жібітіп  қояды. Оңтүстік аудандарында  көпшілік жағдайда қоянды жүгерінің дәнімен қоректендіреді.

 

2.3. Үй қояндарының гигиенасы

Үй қояндарының ауруларының алдын алу шараларын ұйымдастыру барысында бұл жануарлардың биологиялық ерекшелігін, әсіресе олардың ауа ортасының сапасына сезімталдығын, сескенгіштігін және түнгі уақыттағы белсенділігін ескеру қажет.

Қоянды бағу жүйесі жергілікті жердің климатына тікелей байланысты, себебі бұл жағдай қояндардың денсаулығына, өсімталдығына, ет және тері өніміне әсерін тигізеді. Қазіргі кезде қояндарды бағудың үш жүйесін қолданады: сыртқы торлық, шедтік және микроклиматы қолдан жасалатын жабық қоралар.

Сыртқы торлық жүйе. Бұл жүйеде қояндарды жыл бойы жылжымалы немесе түрақты торларда ашық аспан астында күтіп бағады. Қояндарды сыртқы торда күтіп баққанда олардың әртүрлі ауруларға төзімділігі артады және тері сапасы жоғарылайды. Ересек қояндарды жеке торларда, ал жас төлдерді топ-тобымен торларда немесе қора алдындағы алаңда бағып күтуге болады.

Қояндарды күтіп-бағу үшін жеке және топтық әртүрлі конструкциялы торлар қолданылады. Негізгі топты ұстауға арналған әр тордың ұзындығы 120 см, ені 70 см, биіктігі: алды 60см, арты 40 см. Торлар азықтық және ұялық — аналық (гнездовые-маточные) болып бөлінеді. Аналық бөлімінің ені 40 см, азықтық бөлімдікі 80 см. Торда екі есік бар: торлы (азықтық бөлімде) және ағашты (аналық бөлімде).

Торлар азық (құнарлы, шырынды және т.б.) салуға арналған астаушалармен жабдықталады.

Негізгі қоян топтары үшін жеке торлардың екі түрі болуы мүмкін: тұрақты ұялы бөлімшесімен (бір секциялық) және алмалы-салмалы ұялы бөлімшесімен. Ұрғашы қояндарды туу және күтіп-бағу кезеңінде бір секциялы тор ішінде ұя қақпақты (жабық тип) немесе қақпасыз (ашық тип) болып орналастырылады. Top ішіндегі еденді негізгі топпен асырайтын жас қояндар үшін тордан жасайды, оларды қатты ағаштан, пластмассадан немесе металдан жасайды.

Торлардың көлемі өзгеріп тұруы мүмкін. Қояндар күтіп-бағылатын қоралардың және торлардың технологиялық элементтерінің мөлшері және көлемдерінің нормалары күтіп-бағудың тәсіліне және қояндар топтарының жынысына, жасына байланысты болады.

Шедтік жүйе. Шед (сарай) – бұл екі қатармен орналасқан бір немесе бірнеше қабаттан тұратын, жалпы ұзындығы ересек жануарлар үшін 50-65 м, жас төлдер үпіін 58-85 м болатын торлы блоктар жиынтығы.

Қояндарды шедтік жүйемен бағудың үлкен маңызы бар. Шед – сарай – бұл тор блоктарының екі қатармен ыңғайлы орналасуы (бір немесе бірнеше ярусты). Top блоктарының арасындағы жол үстінен шифермен жабылған, ол блоктар қатарларын бір құрылымға біріктіреді. Кейде оны әйнекпен қаптайды. Торлар қатарына параллельді құрылған бүйірлік қабырғалар суық кезде ағашпен, сабанмен жылытылады. Шед-сарайларда ұстау жануарларды бағуға ыңғайлы және қорада қолайлы жағдай туғызады (жаңбырдан және қардан қорғайды). Шед-сарайларды температура – 30°С төмен түспейтін аймақтарда қолдануға болады.

Қояндарды жабық қорада бағу. Өндірістік технологиямен қояндарды күтіп-бағу сыртқы торлық және шедтік жүйеден айырмашылығы көп. Өндірістік жүйемен қояндарды қора жағдайында ұстау 1-2-3 қабатгы екі жағы металдан жасалған торлы батареялармен, автосуарғыштармен, қи жинайтын саймандармен, жасанды микроклимат жүйелерімен жабдықтауды талап етеді. Практикада тиімді қоян қоралары ретінде ені 12 м, ұзындығы 70-100 м тіреусіз салынған қоралар пайдаланылады. Мұндай қоралардың едені тиімді пайдаланып, онда технологиялық қондырғылар ыңғайлы орналастырылады. Қоралардың едені бетоннан жасалады.

Қояндарды бағуға арналған қоралар климаты суық аймақтарда өте қолайлы. Бүл жерде күтіп-бағудың аралас жүйесі қолданылады, оның барысында қатты аяз кезінде қояндар қораның ішінде, ал басқа уақытта таза ayада болады.

Ipi қоян өсіру кешендерінің құрамына қоян ұстау қораларынан, қоян өсіруші үйінен және қоймалардан басқа толық рационды азық дайындауға арналған азық цехы, тоңазытқышпен жабдықталған сою цехы, өлексені өртеу пеші бар және изоляторы бар ветсанөткізгіш, теріні алғаш өңдейтін және сақтайтын цех, қазандық, резервті электро­станция кіреді. Қоян қоралары мал бағатын адамдарға ыңғайлы болуы үшін қыста жылы, жазда салқын болу керек.

Жабық қораларды қолданудың тиімділігі жарықтың, температураның, ауа ылғалдылығының және басқа микро­климат параметрлерінің жануарлардың физиологиялық талаптарына сәйкестігі.

Типтік қоян қораларын көңнен күніне бір рет тазалау керек, оны сыртқа ленталы-қырғыш транспортерлермен шығарады. Қиды жинау және шығару әдістері тор түріне, қоян басына және қора-жайдың түріне байланысты болады. Шағын фермаларда қиды ашылмалы құдықшалардың көмегімен қабырғаның төменгі жағы арқылы, ал шед-сарайлардан механикаландырылған ысырғыштармен сыртқа шығарылады.

Қоян қораның желдету жүйесі сыртқы таза ауаны төменге қарай бағыттайтын болып жасалады. Жазда терезені бір жағынан ашу арқылы қосымша таза ауаның келуін қамтамасыз етеді. Қысқы уақытта қоян қоралардың жылумен қамтамасыз етілуі жылу – алмасу жүйелерін қолдану арқылы іске асады.

 

2.4. Қоянның  ет өнімі

Қоянның  еті  дәмді, олар тез қорытылатын  ет ретінде  бағаланады. Қоян етінің құрамында ақуыз көп.  Адам ірі  қара мал  етінің 62%-ын сіңірсе, қоян етінің 90%-ын сіңіреді. Қоян  етінің  майының  сапасы мен  ерігіштік қасиеті, ірі қара  мал мен  қойдың  майларын былай қойғанда,  шошқаныңкінен де асып түседі. Қоян етінде тауық  етіне  қарағанда  натрийдің  мөлшері  аз,  ал холестериннің  мөлшері 2,7 есе кем  кездеседі.

Қоян еті – барлық диеталық еттің  ішінде  маңызды орын алады. Ол  селді,  нәзік, дәмі дәмі жағынан тауық етінен  жақын, қуаттылығы  өте жоғары,  тез қорытылады.  Құрамында  ақуыз бен майдың мөлшеріне қарай  қоян еті  тауықтың етінен әлдеқайда асып түседі. Қоян етінің  құрамында  жоғары  дәрежеде  құнды ақуыздар , аз мөлшерде  майдың  экстрактивті заттары  және  холестерин болады.

Қоян  еті тәтті. Майы  ақ,  жұмсақ, 22-250 температурада ериді. Үй  қояндары  жасының өсуіне  олардың  бұлшық еттері, майлары толығады, нәтижесінде олардың  салмағы  артады.  Сонымен бірге  олардың  жасына  қарай, етінің  құрамындағы  ақуыздар мен майлардың  мөлшері  көбейеді, колориялылығы жоғарылайды.

Қоянның  бауыры,  бүйрегі  және өкпесі де құнды азық болып  есептеледі. Бауырында  22 пайыз ақуыз, 2,2 пайыз  май, өкпеде  соған  сәйкес 15,8 және 2,6  ал бүйректе – 14,0 ақуыз  және 2,7 пайыз май  болады.

Қолмен ұстап көргенде жақсы жетілген еті бар,  қоңдылығы көңілдегідей қояндарды  бірінші  дәрежеге жатқызады. Қоңды қояндардың омыртқасының жіктері қолмен ұстағанда білінбейді, бөксесі, жамбас  сүйегінің маңы  оқтаудай  жұмыр болады; бауырында,  қолтығының  астыңғы  жағында тері  қыртыстарын қолмен  ұстап, айқын  байқауға  болады.

Қолмен ұстап байқағанда  орташа жетілген етті қояндардың екінші қоңдылықты  дәрежеге  жатқызады . Арқа  омыртқасының жігі  қолмен ұстағанда  білініп, аздап  шығып тұрады, жамбас  сүйегі жалпақтау,  көтеріңкі келеді, арт жағы  қоңсыз, май қыртыстары білінбейді. Ортадан  төмен қоңдылық  талабына  жауап бермейтіндер арық  қояндар деп  есептеледі.

Қоянды сойғаннан кейін, оның  етін тағы  екі  дәрежеге бөледі. Бірінші дәрежеге  – бұлшық еттері  жақсы  жетілген, май  шоқтылығында  және  шап  қуысында  жуан таспа тәрізді  жиналған,  бүйректерін  жартылай май басқан еттерді  жатқызады.

Екінші дәрежеге – бұлшық  еттері  орташа дамыған, арқа  омыртқаларының сүйектері  аздап  шығыңқырап тұрады, аз мөлшерде  жиналған майлар шоқтықта, шап қуысында және бүйрек маңында  болуы ықтимал. Сайып  келгенде, бұл  дәрежеге  майы жоқ, етті орташа жинаған  қояндардың ұшалары жатады. Әрбір ұшаға баға беріп  болғаннан кейін, мал дәрігері  сирағының срытқы  жағына  белгі (клеймо) соғады, бірінші  дәрежелі ұшаға  дөңгелек  мөр де, екінші  дәрежеге  төрт бұрышты  мөр  соғады.

Қоян  салмағының  көпшілігін бұлшық ет  ұлпалары  алып  жатады.  Үй қояндарының бұлшық  еттері  басқа  малдың  еттері  мен салыстырғанда өте  нәзік болады. Олай болатын  себебі, еттерінің арасында  жіктеліп жатқан майлы  қабаттар болмайды. Қоян  етінің құрамында аз  мөлшерде гемоглобин болғандықтан олардың түсі , ақшыл-қызыл болады.  Қоян етінің  тағамдық қасиеті  жоғары  және дәмді болып келеді.  Азоттық заттардың мөлшеріне қарай  және дәмді  болып келеді. Азоттың заттардың  мөлшеріне  қарай  ол тек күрке тауық пен дала  қояндарының  еттерінен кейін тұрады.

 

3. Қорытынды.

Үй қояндарының ауруларының алдын алу шараларын ұйымдастыру барысында бұл жануарлардың биологиялық ерекшелігін, әсіресе олардың ауа ортасының сапасына сезімталдығын, сескенгіштігін және түнгі уақыттағы белсенділігін ескеру қажет.

Қоянды бағу жүйесі жергілікті жердің климатына тікелей байланысты, себебі бұл жағдай қояндардың денсаулығына, өсімталдығына, ет және тері өніміне әсерін тигізеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1.      Жолшыбек Т. «Мал шаруашылығы» Оқулық. Астана: «Фолиант» 2009ж.

2.      Өтесінов Ж, Оразалиев Б. «Зоогигиена және санитарлық талаптар». Фалиант баспасы    Астана – 2012ж.

3. Мырзабеков Ж.Б. Ибрагимов Ж.Б.  «Жануарлар гигиенасы» Оқулық, Алматы,

2005ж.

4. Қазақстан Республикасының ветеринариялық заңнамасы. Астана, 2005ж.

5. Ахметсадықов Н., Омарбекова У., Хусайнов Д.М.  «Ветеринария негіздері» Алматы, 2007ж.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *