Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын арттыруда инновациялық тәсілдерді қолдану


Рыспаева Анар Уалихановна
Бастауыш сынып мұғалімі
Өскемен қаласы әкімдігінің «А.Байтұрсынов атындағы № 20 орта мектебі» КММ

Балалардың бойында оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру міндеттерінің терең тарихы бар.  Бастауыш білім беру көптеген жылдар бойы білім алудың негізгі және жалғыз сатысы болды. Сондықтан ол оқуға, жазуға үйрету мен қарапайым арифметика элементтерін білу мақсатын көздеді. Міндетті жеті жылдық оқуға, кейінірек толық орта білімге көшуге байланысты психология мен педагогикада кіші мектеп жасындағы балаларды оқытудың дамытушы міндеттеріне мән беріле бастады. Осыған байланысты  олардың өз бетімен білім алу білік-дағдыларын қалыптастыру қолға алынды.

Бастауыш білім беру қызметі алдымен орталау, кейін орта білім берудің бір сатысы болып өзгерді. Жаңа жағдайларда 6-11 жастағы балалардың оқу мүмкіндіктерін зерттеу қорытындысына байланысты бастауыш білімнің мақсаттары айқындалды. Осындай мақсаттағы зерттеулер нәтижесінде оқу қызметінің әртүрлі теориясы жасалды. ХХ ғ. соңындағы білім беру жүйесіндегі демократиялық жағдайда мұғалімдердің педагогикалық ғылыми-зерттеулер нәтижесіне деген қызығушылығы артты. [1]

Кіші мектеп жасындағы оқушылардың білік-дағдыларын қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық аспектілерін өз еңбектерінде барынша нақты ашып көрсеткен белгілі ғалымдар Л.С. Выготский, П.Я.Гальперин, А.Н.Леонтьев, Л.В.Занков. Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов т.б. Олардың зерттеулері оқу қызметінің әртүрлі теориясын құрудың негізін салды. ХХ ғ. соңындағы қоғамдағы және халыққа білім берудегі демократиялық өзгерістер жағдайына байланысты бұл зерттеулердің нәтижесіне деген сұраныс туындады.

Бүгінгі таңда білім беру саласында әртүрлі сипаттағы және бағыттағы инновациялар енгізілуде. Азды-көпті мемлекеттік шаралар жүргізіліп, мазмұнға, ұйымдастыруға оқыту әдістері мен технологияларына жаңалықтар кіруде. Білім беру саласына енген жаңалықтарға мына өзгерістерді жатқызамыз: оқу тәрбие мекемелерінің жаңашыл басқарылуы; білімнің қоғамдағы орны және сол жүйені қаржыландыру деңгейін; тәрбие және білім жүйесі құрылымын. Білім беру мазмұнын, яғни оқу жоспарларындағы және бағдарламалардағы өзгерістерін: мектептің ішкі ұйымдастырушылық әрекеттерін; мұғалім мен оқушы қарым-қатынастарына, ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас; оқыту әдістемелеріндегі өзгерісін; білім беру мекемелерінің құрал – жабдықтарындағы және ақпараттық технологияларды қолданудағы өзгерістер;оқыту мекемелерінің құрылысындағы өзгерістерді жатқызамыз.

Мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті – өз қызметіне жаңа технологияларды енгізу. Білім беру жүйесінде қазір технологиялардың сан алуан түрлері бар. Білім беру технологиясы ұсынылуда. Соның бірі дәстүрлі педагогикалық технология. Дәстүрлі сынып сабақтық технологиясының басқа технологиялардан айырмашылықтары бар:

– оқушылардың таным кабілеттері және жас мөлшері шамамен бір деңгейді құрайды;

– сыныптағы оқушылар құрамының әр кез тұрақты болуы;

-сыныптағы сабақ ортақ жылдық жоспармен оқу бағдарламаларына, оқулықтарға негізделген, құрастырылған кестемен жүргізіледі.

Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы әр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді.[2]

Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да. Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады.

Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық — бүкіл тірішіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді. Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруы тиісті деп ойлаймыз. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығармашыл адамдар ғана қолынан келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатылары болып саналатын бастауыш мектептің орны ерекше. Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психология мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың назарында болғандығын «шығармашылық теориясын» жасауға деген көптеген ізденістердің болғандығынан байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педагогикасының негізгі мақсаты — бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сана, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны шешімдер іздестіру болып табылады. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен «қабілет» ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда «қабілеттерді» тұлғаның белгілі бір әрекеті орындауға жағдай жасайтын жеке еркешеліктері дей келе, олар қоғамдық —тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отыратындығын атап көрсеткен. Демек, бастауыш сынып оқушыларының тұлғалылығын тәрбиелеу үшін, ең алдымен олардың қабілеттерін дамытудың мәні зор. Қабілеттер мәселесін қорытындылай келе, педагогикалық практика үшін мәні ерекше мына жағдайларға айрықша тоқталу жөн. Бірінші — адамдардың қабілеттер деңгейі жағынан тең дәрежеде болмауы. Қабілеттердің бірдей емес екендігін сыныпта отырған оқушылардың әрқайсысының әр пәнге және әр деңгейде қабілетті болатындығымен дәлелдеуге болады. Бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал енді біреулері сурет салғанды тәуір көреді. Олардың қабілеттерінің құрлымы да, оны құрайтын компоненттер де әр түрлі болады. Мәселен: математикалық қабілеті басым балаларда ойлау операциялары тез, дәл болады да, бейнелеу өнеріне қабілетті балаларда нақты заттардың бөліктерінің арақатынасын жылдам анықтай білу сияқты белгілер басым болады. Музыкаға қабілетті бала есту, ритмді түсіну, сезімталдық сияқты сапаларымен ерекшеленеді. Екінші — адамдар бойында қабілеттің бір түрі ғана бола ма, әлде әр түрлі қабілеттің белгілері бола ма деген сауал төңірегіндегі пікірлер жайлы. Ғалымдар керісінше көзқарастардың бар екендігіне қарамастан, адам бойында әрекеттің бірнеше түрін оындай алу мүмкіндіктерін бар екендігін дәлелдейді. Мысалы ақындығымен қатар музыкаға, суретке қабілетті адамдар. Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейінің болатындығын дәлелдейді.

1.                               Репродуктивті — іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі.

2.                               Шығармашылық  — жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі.

«Шығармашылық» сөзінің төркіні этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды.[3] Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте «шығармашылық қайталанбайтын тарихи-қоғамдық мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет», — деп түсіндіріледі. Ал көрнекті психолог Л.С. Выготский «шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған». Шығармашылық — өте күрделі психологиялық процесс. Ол іс-әрекеттің түрі болғандықтан тек адамға ғана тән. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы көтеруге болатындығы жайлы көп айтуда.Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе екіншіден, кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы — ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды. Біздің ойымызша, бүгінгі бастауыш сынып оқушыларының кез келгені шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады. Тек ол жұмысқа дұрыс басшылық, шебер ұйымдастырушылық қажет. Осыған орай, ғалымдар жүргізілген тәжірибе барысында, барлық пәндердегі білім мазмұнында оқушының шығармашылық қабілеттерінің дамуы басты нысана болып алынуымен байланысты, оқулықтарда берілген тапсырмалардан басқа өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе, эксперимент қою, мәтінмен, сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу, жекеден жалпыны шығару, жалпыны жекелей қолдану т.б. сияқты оқушыны іскерлікке, дербестіккебаулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым-қатынысқа түсіретін, «жаңалық ашып», оның нәтижесінің «қызығына» бөлейтін әдіс-тәсілдер мен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты жүргізіліп отырылуы біз көтеріп отырған мәселені нәтижелі ететіні нақтыланды. Қазіргі таңда шығармашылық тапсырмалар әр сабақта өтілетіндей ұйымдастыру қажет. Ал дәстүрлі сабақ пен шығармашылық сабақтың айырмашылығын мына кесте арқылы көрсетуге болады:

Шығармашылық сабақтың ерекшеліктері

Д             Дәстүрлі сабақ
Шығармашылық сабақ
Сабақ мақсаты:
А) мұғалім үшін: жаңа материалды беру;
Ә) оқушы үщін: жаңа білімді меңгеру.
Сабақ мақсаты:
А) мұғалім үшін:

оқушылардың жаңа нәтижеге бағытталған іс-әрекетін ұйымдастыру;
ә) оқушы үшін:

шығармашылық «өнім» ойлап табу
Сабақтағы іс-әрекет түрі
А) мұғалім үшін: жаңа сабақты түсіндіру;
ә) оқушы үшін: жаңа материалды тыңдау, есте сақтау.
Сабақтағы іс-әрекет түрі
А) мұғалім үшін:

оқушының шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру;
ә) оқушы үшін:

жаңа нысанды зерттеу, құбылысты талдау.
Сабақ құрылымы жоспар бойынша өтілуге

міндетті.
Сабақ құрылымы жағдайға байланысты

жоспардан ауытқиды, өзгермелі.
Сабақ тақырыбына көзқарас — кітапта баяндалған идеяға негізделген бір көзқарас.
Сабақ тақырыбына көзқарас — мәселеге мамандардың түрлі көзқарасы.
Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкіртіміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Б.А.Альмухамбетов. Тенденции развития системы повышения квалификации педагогических кадров в Казахстане. – Алматы: «Ғылым», 2010. – 290с.

2. Выготский Л. С. Педагогическая психология. / Под ред. В. В. Давыдова. – М.: Педагогика, 2012 – 480с.

3. Тұрғынбаева Б.А. Мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту   Алматы – 2010, 208б

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *