Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтерін қолдананудың тиімділігі


 

 Саматқызы Айғаным

өндірістік оқыту шебері

   Астана қаласы әкімдігінің «Қоғамдық тамақтандыру және сервис» МКҚК

ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін білікті мамандар ұсынуы маңызды. Оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс…

 

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан халқына жолдауы»,
«Қазақстан – 2050»
«Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»!

 

Сыни ойлау – ашық қоғам негізі. Сыни ойлау деген –әр жеке тұлғаның кез –келген жағдайдағы мәселені ойлап, зерттеп қорытып, өз ойын еркін ортаға жеткізе алуы.Сыни тұрғыдан ойлау, өзіндік, жеке ойлау болып табылады.Ол – өз алдына сұрақтар қойып және үнемі оларға жауап іздеу, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтау, әр мәселеге байланысты өз пікірін айту, оны дәлелдей алу, сонымен қатар басқалардың пікірлерін дәлірек қарастыруды және сол дәлелдемелердің қисынын зерттеу дегенді білдіреді. Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, шәкірттер болашағын ойлай жасалған еңбек пен тәжербиенің бірлігі. Сын тұрғысынан ойлау үш бөліктен тұрады:

  1. Сын тұрғысынан ойлау өзіндік және жеке ойлау болып табылады.
  2. Сын тұрғысынан оқыту жаттанды қағидаларды дәлелдеп айта беру  емес,

оқушы оқып, оны еске сақтап айту қаблеті жоқ, керсінше терең ойлау арқылы ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыру мүмкін, тың идеялар ойлап табуы мүмкін.

  1. Сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін

мәселені анықтаудан басталады.Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Өзінің жеке қызығушылықтарымен қажеттіліктеріне жауап беруге талпынады.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

 1.Қызығушылықты ояту.Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады.

Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.

2.Мағынаны ашу (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― – “мен үшін түсініксіз”, + – “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал.

 3.Ой-толғаныс. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.

Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі  «құзыреттілік» болып отыр. Құзыреттілік дегеніміз – тұлғаның бойында білім, дағды, іскерлік, ерік, күш-жігердің болуы. Құзыреттілік жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда аман қалуды қамтамасыз етеді және олар бәсекеге қабілетті маманмен қамтамасыздандырады.

Құзыреттілік маман біліктілігінің негізін құрайды, соның ішінде:
а) ақпараттық;
б) коммуникативтік;
в) әлеуметтік.

Жалпы кәсіптік құзыреттілік – әр сала манының кәсіби мазмұнына сай қарастырылған.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:

1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;

2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;

3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;

4) үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;

5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айна-лдырмау;

6) оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;

7) сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Ал оқушылардан осыған байланысты:

— сенімділікпен жұмыс жасау;

— бар ынтасымен оқуға берілу;

— пікірлерді тыңдау, құрметтеу;

— өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.

Жоғарыда аталып кеткен замануи талаптарын, білім бағдарламаларын, кәсіптік білімнің заңнамаларын өзіме мақсат етіп қойып, кәсіптік құзіретті маманды даярлауды оқытып үйретуде міне 3жылдан аса уақыт болды. Кәсіптік колледжерде арнайы пәндерден теориялық және тәжірибелік сабақ берудің озіндік ерекшеліктері бар. Өз сабақтарымда сын тұрғысынан ойлау  арқылы студенттердің құзыреттілігін дамыта отырып, жаңаша оқытуда еңбектеніп келемін. Өндірістік оқыту сабақтарында студенттердің:

–    танымдық белсенділік құралы
–    жаңа материалды тез ұғыну
–    іздену
–    ынталы болу
–    ситуациялық проблемаларда өзін еркін ұстау, дұрыс шешім қабылдау
–    біліктілікті көтеру

–    өз ісінің шебері болуына
–    мамандығын сүйюге
–    ынталы, жан- жақты дамыған маман болуға
–    болашақ маман иесінің құзыреттілігін қалыптастыруға
–    студенттердің ізденістерін арттыруға өз күш жігерімді салудамын.

Қорыта айтқанда, кәсіби даярлықта әрбір өндірістік оқыту пәнінің білім мазмұны мен әдістемелік жүйесі негізінде жеке тұлғаға қойылатын кәсіби деңгейім, нәтижеге бағытталған сауаттылық шешімін табу керек. Өйткені кәсіби даярлықта педагогке қажетті  кәсіби құзыреттіліктерді толыққанды меңгерген оқытушы, студентті оқытуда, білім алу нәтижесіндегі  құзыреттіліктерді сапалы меңгерте алатыны сөзсіз.

Сөз соңында ағартушы – ғалым А. Байтұрсыновтың: « Бала оқытуын жақсы білейін деген адам – әуелі балаларға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білу керек» – деген сөздерімен  түйіндегім келеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *