Оқушылардың функционалдық сауаттылығын деңгейлі тапсырмалар арқылы қалыптастыру


Утегенова Галина Маратовна

Қостанай облысы, Таран ауданының Новоильиновка  селосының “Новоильнов  орта мектебі” бастауыш сынып мұғалімі

Функционалдық сауаттылығы дегеніміз-адамдардың әлеуметтік , мәдени, саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның маман-дығына , жасына қарамай үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады.
Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары 2011-2020 жылының мемлекеттік бағдарламасында айқын көрсетілген. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын деңгейлі тапсырмалар арқылы қалыптасады. Сыныпта орындалатын және үйге берілетін тапсырмаларды орындауда  оқушылардың қабілетін есепке алып отыруға әрекет жасаймын. Оқулықтағы А және В деңгейлі тапсырмалардан ,кеспе кағаздар , үлестірмелі тапсырмалардан пайдаланып отырамын.

Оқушылардың өздігінен жұмыс істеу қабілетін арттыру, тақырыптағы берілген қасиеттер және формулаларды есепте қолдана білу білік, дағдыларын қалыптастыру мақсатында өздік жұмыстар орындатамын.Сабақ барысында кестемен жұмыс, сәйкестендіру тестілері уақытты үнемдеуге, формулаларды тез  жаттауға  мүмкіндік береді. Есте сақтау қабілетін  арттырады.

Сабақтың басында яғни «білу» бөлімінде математикалық диктант алу жақсы нәтиже береді. Ұтымдылығының бірі бүкіл сынып оқушылары ұпай жинап отырады,ал тексеруде оқушылар  бірін- бірі тексереді, қателерін көреді.Иә, осындай жұмыстар арқылы ғана окушыны жан-жақты тәрбиелей аламыз. Бүгінгі окушы-ертеңгі ел тірегі екені анық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *