Сценарий на 9 Мая ««Еңсесі биік – ұлы Жеңіс!»


Башир Гульсум Еркеновна
преподаватель казахского языка и литературы КГКП «Павлодарский колледж цветной металлургии»

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысы жылдарында еңбек еткен аналардың тұлғасын, асыл бейнесін ашу, кейінгі ұрпаққа үлгі өнеге ету.

Сахна  мерекеге  сай  безендірілген.

Көрініс:  Ортаға  киіз  басуға  жиналған  аналар  шығады.  Бір-біріне  Салимаштың  үйіне  киіз  басуға  баратындарын  айтып, Салимаштың  үйіне  келеді. Аналар  ән  айтып, әңгімелесіп  отырып  киіз  басады.  Осы  кезде  соғыстың  басталғаны  туралы  радиодан  дауыс  естіледі.

Радиодағы  дауыс:

«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Соғыс, соғыс басталды,  Неміс  басқыншылары  тұтқиылдан   шабуыл  жасады».  Аналар  жаман  хабарды  естіп,  залдан  шуласып  шығып  кетеді.   (таспадан  шулаған, жылаған  әйелдер  мен  балалардың  дыбыстары  естіліп  тұрады)

Соғысқа  аттануға  дайындалған  солдаттар музыка  әуенімен сап түзеп,   залға  кіреді.  Командирі солдаттарды  дайындық  жаттығулар  жасауға тұрғызады.

Қария :

– Балаларым, қырандарым!

Ел шетіне жау тигенде, бабаң бүгіп қалмаған,

Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас» – деген.

Отан үшін аттан, аттан, аттан!

Ұран: Отанды  біз  қорғаймыз

Жаудың  алдын  ораймыз.

Командир: Отан  үшін  алға!

Солдаттар: Ура,ура,ура!

Солдаттар  залдан  саппен  жүріп  шығып  кетеді.

Ана  сөзі: Е, бұл  соғыс  бәрімізді  де  есеңгіретіп  жіберді-ау.

Осы  кезде  таспадан  почташы  қыздың  келе  жатқаны  хабарланады. Почташы  қыз  жүгіріп  келеді. Почташы :  Сүйінші, сүйінші  хат  келді. Аналар  дабырласып  хаттың  кімге  келгенін  білуге  асығады.  Почташы  қыз  Күләйша  апаның  баласына  келген хатты  беріп, басқада  ауылға  хат  апарып  беретінін  айтып  қоштасып  кетеді.

Ана  баласынан  келген  хатты  ашып  оқиды.

«Майданнан хат» (үзінді):

Хат жазамын майданнан,

Мейірімшіл ғазиз-анама.

«Жақыным-жарым» дегенмен,

Анаңдай жақын бола ма?

Көңілінде тілек, көзде жас,

Екі қолың жағаңда.

Қасірет шегіп, қан жұтып,

Сарғайдың ба санаға?

Сағынған соң мені ойлап,

жүрегің оттай жана ма?

Ет бауырың елжіреп,

Қайғыра берме балаңа.

Сабырдың суын бере көр,

Жаныңдағы жараңа.

Ажалсыз адам өлмейді,

Мезгілсіз шөлмек сына ма?

Ердің басы ел үшін,

Арыма жаным садаға.

Бұлт жамылып қар төсеп,

Мен жатырмын далада.

Майданнан  келген  хат  таспадан  тыңдалып, аналар  қуанып,  қауқылдасып  тұрады.  Сол  қуаныш  артынан  радиодан  соғыстың  біткені  хабарланады.

Радио: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва!1945 жылы                   8 мамырды Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгендігін мойындап Актіге қол қойды. 9 мамыр Жеңіс күні!

Ана сөзі:

Опять война, опять блокада…
А может нам о них забыть?
Я слышу иногда: «Не надо»,
Не надо раны бередить.
Ведь это правда, что устали
Мы от рассказов о войне
И о блокаде прочитали
Стихов достаточно вполне.
И может показаться правы
И убедительны слова.
Но даже если это правда,
Такая правда не права.
Чтоб снова на планете мирной
Не повторилось той войны.
Нам нужно, чтобы наши дети
Об этом помнили, как мы.
Я не напрасно беспокоюсь
Чтоб не забылась та война.
Ведь эта память – наша совесть.
Она, как сила нам нужна.

1-Жүргізуші:

– Армысыздар, ардақты қонақтар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырған соғысты тұншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс деп, Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерекесіне арналған  салтанатты жиынға қош келдіңіздер!

2-Жүргізуші:

– Добрый день, дорогие гости, уважаемые преподаватели и студенты!

Мы собрались сегодня в этом зале накануне великого праздника – Дня Победы над фашистской Германией. День Победы – это радостный и горький праздник. За плечами этого праздника страшное время войны. Войны, ставшей тяжелейшим, трагическим испытанием для нашей Родины. Войны, длившейся 4 страшных года, 1418 дней и ночей.

1-Жүргізуші:

– Сіздерді   өшпес  ерлік  пен  өлшеусіз  даңқты  халқымыздың  шексіз  қаһармандығымен  мұқалмас  қажыр-қайратының  мерекесі  – Ұлы Жеңістің  72   жылдығымен  құттықтаймыз.  Қайсарлық  пен  қаһармандық, Отанға  деген  сүйіспеншілік  аса  қатыгез  сұрапыл  соғыста  жеңіске  жол  ашты.

2-Жүргізуші:

Вот 72 года отделяют нас от суровых и грозных лет войны. Но время никогда не изгладила из памяти Великую Отечественную войну. В сердцах людей она жива, потому что до сих пор еще не залечены раны, не иссекла боль, не забыты те, кто отдал жизнь за Великую Победу, живут среди нас ветераны.

1-Жүргізуші:

Содан бері 72 бейбіт жыл артта қалды. 1945 жылы 8-мамырда Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап, қол қойды. Ал, 9 мамыр күні бұрын-соңды болмаған 1000 зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, Жеңіс күні осылай келген еді. Бүгін сол Ұлы Жеңіске қарумен, қаhармандығымен ат салысқан майдангерлер салтанатты кешіміздің құрметті қонақтары.

Ардагерлерді құттықтау үшін сөз кезегі колледж басшысы Болдашевский Александр Васильевичке беріледі.

2-Жүргізуші:

Спасибо вам, ветераны, за то, что смогли прийти к нам, помогли нашим юным сердцам прикоснуться к великому подвигу народа. Вам мы обязаны жизнью. Низкий поклон вам, признательность и наши цветы.
(громко звучит музыка, ветеранам вручаются цветы)

1-Жүргізуші:

: Ұлы Отан соғысында еліміздің тәуелсіздігі мен халқымыздың бақыты үшін ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер рухына тағзым етіп, 1 минут үнсіз тұрып еске түсірейік.

2-Жүргізуші:

Вечная слава и вечная память,
Павшим в жестоком бою. (минута молчания) МЕТРОНОМ

1-Жүргізуші «Сен құрметте оны» Әбу Сәрсенбаев өлеңін оқиды:

Сен құрметте оны!

Түсіндің бе, қарағым?

Ол ақшаға сатқан жоқ,

Тізеден кесіп аяғын.

Ерікеннен ұстап та жүрген жоқ

Қолтықтағы ұзын таяғын.

Кеше елге қатер төнгенде

Ол жауға қарсы шапты,

Бізді жауламақ болған ажалды

Өр кеудесімен қақты.

Ол арыстанша алысты,

Өлім соққысын өз үлесіне алды.

Денесін оқ пәршелесе де

Ел намысын қорғап қалды.

Сен құрметте оны!

Түсіндің бе, қарағым?

Сенің келешегің үшін берді ол

Азаттық жолында аяғын!

Валентина Пудич  «Журавли» әнін орындайды.

1-Жүргізуші:

Талай  жанды  қиды  ажал  балтасы.

Жауды  жеңіп  қайтты ауылға  қаншасы.

Біздің  мына  бейбіт  өмір  алаңсыз.

Ел  қорғаған  батырлардың  арқасы.

2-Жүргізуші:

Не забыть нам этой даты,
Что покончила с войной.
Победителю- солдату,
Сотни раз поклон земной!

Белолобова Маргарита соғыс туралы өлең оқиды.

1-Жүргізуші:

Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің міне 72 – көктемі де келіп жетті.

72 жыл – бейбіт көктем таң атқалы,

72 жыл – шуақты күн таратты әнін.

72 рет – көктемде сонан бері,

Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

2-Жүргізуші:

Война лишила сотни тысяч детей отцов и матерей, дедов, старших братьев. Она унесла более 27 миллионов человеческих жизней.
Более 27 млн. за 1418 дней – это 19 тысяч убитых ежедневно, около 800  человек в час,
более 10 человек в минуту. Каждый шестой житель нашей страны погиб во время войны.
Если по каждому из них объявить минуту молчания, то страна будет молчать – более 50 лет. Вот что такое 27 млн.
Видео про Войну

Макишева Айдана «Воюет взвод» әнін айтады.

1-Жүргізуші:

– Ұлы Отан соғысы қарсаныңда Республикамызда 7 Мамыр – Отан қорғаушылар мерекесі еліміздің өмірінде алатын орны өзгеше. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Ата-бабаларымыздың батырлық істеріне құрмет білдіру күні.

2-Жүргізуші:

– Накануне Дня Победы – 7 мая – в нашей Республике отмечается День защитников Отечества. Этот день – день уважения всем поколениям героического воинства. А поскольку испокон веко защитниками были мужчины, то это воистину «мужской день».
Мы поздравляем с этим праздником сильную половину нашего колледжа! Желаем вам счастья безграничного, здоровья богатырского, любви вечной, и дарим этот концертный номер.

Кригер Евгений гитарамен «Солдат» әнін салады.

2-Жүргізуші:

Юные безусые герои,
Юными остались вы вовек.
Перед вашим вдруг ожившим строем
Мы стоим, не поднимая век.
Боль и гнев сейчас тому причиной.
Благодарность вечная вам всем,
Маленькие стойкие мужчины,
Девочки, достойные поэм.
Вальс.

1-Жүргізуші:

Осы соғыста Кеңес Одағының басқа  республикаларымен бірге біздің Қазақстан Республикасы да жан аямай шайқасты. Даңқты қарулы күштердің және еңбек армиясының құрамына 1 млн. 870 мың қазақстандықтар болған.

Жігіт  жастан  қан  майданға  кеттің  бе?

Сағындырдың  көз  ілдірмей  көп түнде.

Зарықтырған  Жеңіс  туым-Жауынгер.

Байтақ  елге  аман-есен  жеттің  бе?

2-Жүргізуші:

Он защищал тебя на поле боя
Упал, не шагу не ступив назад.
И имя есть у этого героя
Великой Армии – простой солдат.

«Бейбіт күн тілегі” әнін Дастан, Тілек орындайды.

1-Жүргізуші:

Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірде тікті.

Ән хормен «День Победы».

1-Жүргізуші:

-Осымен  9-мамыр  Ұлы  Жеңіс  күніне  арналған  «Ер  есімі-ел  есінде» атты  мерекеміз  аяақталды.  Заманымыз  тыныш,  аспанымыз  ашық  болсын!  Сау  саламат  болыңыздар.

2-Жүргізуші:

От имени всех учителей колледжа и учащихся еще раз поздравляем вас, уважаемые ветераны с праздником. Желаем крепкого здоровья, голубого ясного неба. Спасибо вам за все, что вы нам сделали.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *