«Ағылшын тілі сабақтарында диалогтық оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын жетілдіру


Рыскалиева Аягоз Жумажановна
Ағылшын тілі пәні мұғалімі
А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясы

ойланту ұстаз тарапынан, шешімге келу оқушы

тарапынан болу керек….

 

Қанипа Бітібаева

 

Жаңа заман талабы білікті азамат, білімі жоғары, шет мемлекеттердің білім стандартына бәсеке бола алатын маман даярлап шығаруды талап етуде, сондықтан елімізде шет тілін меңгеру жоғары деңгейде қарқындап отыр. Ендеше, Елбасының қолға алған алғашқы саясатының бірі  үштұғырлы тіл мәселесіне орай ағылшын тілінің даму аясы ерекше көрініс тапты. Әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру еліміздің, ұлттың бәсекеге қабылеттілігін шыңдай түседі.  Ағылшын тілін меңгеру – уақыт талабы. Елбасы өз сөзінде  «Ағылшын тілі –ХХІ ғасырдың тілі. Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл» – деген еді. Жаһандану дәуірінде көштен қалмай үзеңгілес келе жатқан еліміз әлеуметтік –экономикалық және мәдени жаңарулар мектептегі пән ретіндегі оқытылып отырған ағылшын тілі пәнінің өрісін кеңейтті.  Жылдан –жылға ағылшын тіліне ықыласы артқан адамдар саны  көбейе бастады, шет тілін жаппай меңгеру кезек күттірмес мәселеге айналды. Осыған  орай Елбасымыз «Жаңа әлемдегі –Жаңа Қазақстан»-атты жолдауында үштұғырлы тіл мәселесіне көп көңіл бөлген, ашып айтсақ «Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы кем дегенде үш тілді меңгеруі керек қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлеуі шарт. Көптілділік біз үшін қалыпты жағдайға айналуы керек. Еліміз бүкіл әлемге үш тілді еркін пайдаланатын, жоғары білімді ел ретінде танылуы тиіс» -деген болатын. Демек тіл кез-келген танымдық іс-әрекеттердің құралы, ойлаудың формасы тілдік дамудың негізі болып саналады.

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл,

Орыс тілі – ұлтаралық тіл,

Ағылшын тілі- жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі боып танылып отыр.

Яғни мен өзімді тіл маманы ретінде үштұғырлы тіл саясатын берік ұстанған, оқушыға сапалы білім, саналы тәрбие беруді міндетім деп білемін. Кез-келген елдің тілін үйренуде алғашқы қадам қызық және оңай болып көрінеді, өйткені тілдің құрлысы бірінші дыбыстық  жүйеден құрылады бірақ, сол дыбыстық жүйені игеру дұрыс сөйлеудің алғышарты болып табылады. Әр пәннің өз қиындығы бар, ағылшын тілінің оқылуы мен жазылуы екі түрлі болғандықтан фонетикалық аспектіліерге тоқталмай өту мүмкін емес. Жалпы ағылшын тілін оқытудың мақсаты шет тілін іс жүзінде меңгеру оны тіларалық қатынас ретінде пайдалану. Білімділік мақсаты – шет тілінде сөйлеуге үйрету, байланыста бола алу, ортақ тіл табысып, түсіну арқылы қарым қатынасты  нығайтуға ұмтылу болып табылады. Ал тәрбиелік мақсатына келетін болсақ – өзге елдің мәдениетімен танысу арқылы өз пікірі қалыптасып ой –өрісі дамиды.

Баланың білім алуға деген құштарлығын ояту үшін қазіргі заманда мұғалім көп ізденіп, сабақтың тиімді өтуіне жұмыс жасауы қажет. Білім сапасы оқушының сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасына байланысты. Жаңа білім алу үрдісі оқытушы мен оқушыға шығармашылықпен жұмыс жасауға итермелейді. Сабақ үстінде оқушы тарапынан әртүрлі сұрақтар туындауы мүмкін, осы жерде мұғалім қажетті бағдар беріп жіберуі тиіс. Бағдарламаның 7 модульінің мәнмәтіні негізінде «Сабақ беру мен оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдануда «диалогтік оқыту» тәсілін әдістемелік тақырыбым ретінде басшылыққа алдым. Себебі, шетел тілін оқытудың басты мақсаты – оқытушыларға шетел тілінде қарым-қатынас жасауды базалық деңгейде игерту.

Оқушылар диалог әдісін қолдана отырып талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алады. Оқушылар сұрақтар қою арқылы, тақырып бойынша өз ойларын айтуға мүмкіндік алады. Өзара талқылау арқылы түрлі ойлар болады, сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысады. Диалогтік тәсіл оқушылардың ашылуына, ойын жеткізуіне, сөздік қорының молаюына көмектеседі.

Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар олардың білім деңгейінің өсуіне ықпал ететінін атап көрсетті. Выготский кіші жастағы балаларда когнитивті даму әрекеттері әлеуметтік қарым-қатынас үдерісінде, яғни анағұрлым қабілетті оқушылармен араласу, қорашаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау арқылы оқушыларды ересектерше ойлау әдісіне үйрету кезінде қалыптасатын оқушы ретінде суреттейді. Сонымен қатар Выготский когнитивті дамудың, оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» жұмыс істесе жақсаратындығын атап көрсеткен.

Диалог барысында оқушылар нәтижеге жету үшін күш жұмсайды және Мерсер (2000) сипаттағандай білімді бірлесіп алуда және «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы жүзеге асады.

Диалогтің өзі сабақ өту кезінде әр түрлі әдіс арқылы жүзеге асады. Мысалы : сұрақ — жауап, рөлдік ойын, тапсырманы орындату,  жұптық жұмыс,  диалогтік мәтінді оқу.

Мысалы: сұрақ — жауап әдісі — ағылшын тілі сабағында оқушылардың ынтасын арттырады, қызығушылығын оятады. Әрбір жаңа сабақты бастамас бұрын жаңа тақырыпқа байланысты кіріспе сұрақ жауап дайындалады.

Сонымен қатар,  оқушыларға әр түрлі деңгейдегі сұрақтарды қою (thick and thin question). Мысалға сұрақтарды «who? what?» демей, «why?, why do think so? деп қою арқылы оқушының ойлауына түрті болуға болады. Ой шақыру сұрақтары

·                    Do you like to go to the cinema?

·                    How often do you go to the cinema? (once a week, twice a month, never, etc.)

·                    What kind of films do you like the most?

·                    Can you name some popular films made in Kazakhstan?

·                    When did you last go to the cinema and what film did you see?

Оқушылардың сұрақ-жауап дағдыларын қалыптастыру үшін «Шынжыр», «Сұрақтар шеңбері», «Он сұрақ», «Серпілген сауал» әдістерін пайдалануға болады. «Венн диаграммасы» әдісі арқылы оқушының сұрақтарға нақты жауап бере отырып, екі нәрсені салыстырып, ортақ қасиетіне жан-жақты көз жеткізетінін көруге болады.

Сабақты бекітуге және үй тапсырмасына қолдануға болатын әдістер: «Ыстық орындық» – Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады. Мысалы, оқушылар белгілі бір рөлді немесе адамды сомдай алады (мысалы, Гордон Браун немесе жалғыз басты жас ана).

«Алтын балық» – барлық сынып алдында өз пікірін білдіргені болмаса, қалған жағдайда «ыстық орындық» сияқты. Олар алтын балыққа арналған аквариумда отырады, басқалары оларға сұрақ қойып, түсініктеме беруді талап ете алады және т.б.

«Question Race» Сұрақтар сайысы
– Бұл ойынның шарты:
– Мұғалім сол сабаққа қатысты сұрақтар қойылады. Осы сұрақтар оқушыларға таратылып беріледі. Оқушылар сол сұрақтарға дұрыс жауап беру керек. Мысалы жыл мезгілдерін өткен кезде суреттер арқылы да мынадай сұрақтар арқылы қолдануға болады.
– How many seasons are there in a year?
– What are they?
– How many months are there in a year?
– What are they?
– What season is it now?
– What month is it now?
– How many days are there in a week?
– What are they?
Осы сұрақтар арқылы оқушылардың сөйлеу қабілеттері артып, сөздік қорлары молайып,сабаққа деген қызығушылығы артады.

Балалардың ойлау қабілетін барынша жоғары деңгейде дамыту үшін сұрауды қолдануға қатысты менің түсінігімде болған өзгерістер:
– бірден көп сұрақ қоймау.
– оқушыларға ойлауға уақыт беру.
– орынсыз сұрақтар қоймау.
– ойлауды дамыту үшін проблемалық сұрақтар пайдалану.
– оқушылардың жауап беру ниетін басатын сұрақтарды қоймау.
– оқушылардың алдыңғы жауаптарына сай сұрақтар құрастыру.
2.Рөлдік ойындар – сабақ үдерісін жандандырып, тілді үйренуге деген қызығушылықты арттырады. Рөлдік ойындардың басты қызметі шынайы, дайындықсыз сөйлеуге қажетті ахуалды туғызу. Тіл үйренушілер сөйлеу жағдаятына ене отырып, тілді қатынас құралы ретінде пайдалануға ұмтылады. Ойынды өткізу үшін тіл үйренушілердің психологиялық дайындығын қалыптастыру маңызды компонент болып табылады. Оқушылар ситуацияны толық қабылдап, өзін еркін сезінуі қажет.

3. Рефлексия қазіргі заман мұғалімінің кәсіби біліктілігі мен педагогикалық құзіреттілігінің негізігі компоненттерінің бірі болып саналады.  Шет тілдер сөздігінде рефлексия ой електен өткізу, өзін өзі тану, өз өзіне есеп беру деген сөз. Бұл адамның өз іс әрекетінің заңды түрде жүзеге асуының теориялық формасы.
Рефлексияны әр түрлі жүзеге асыруға болады, сабақтың соңындаң әр тақырыптың соңында, сабақ этаптарының арасында, тарау соңында. Ол ақырындап оқушының ішкі рефлексиясына ұласу керек.
Рефлексияның төмендегідей түрлері бар:
-оқу материалының мазмұнының рефлексиясы
-көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы
– іс-әрекет рефлексиясы
Рефлексияның бұл түрлерін жеке,топтық, жұптық түрде өткізуге болады.
Төменде бірнеше мысалдар келтірейік:
1. Оқу материалдарының мазмұнының рефлексиясы.
Оны мұғалім оқушылар өткен материалдың мазмұнын қалай түсінгенін анықтау үшін қолданады.
1 Ақталмаған сөйлем тәсілі (тезис):
got acquainted with….
During today’s lesson we have
Found out……
Аяқталмаған фразалар сабақ тақырыбына да байланысты болуы мүмкін.
– Alexander Bell was a man …
– A dictionary is a book…
2.Сабақ мақсатына жету рефлексиясы.
Сабақ мақсаты тақтаға жазылып, сабақ соңында талқыланады.
Understand the information…
know how to give arguments…
Now I <
can say my opinion on… еtc.
3. Think wane (синквейн) 5 жолдық өлең
• Бірінші жол- тақырып атауы;
• Екінші жол – тақырыпты екі сөзбен сипаттау,– белгі немесе сын есіммен;
• Үшінші жол – осы тақырыптағы іс-әрекетті үш сөзбен сипаттау, етістікпен;
• Төртінші жол – төрт сөзден тұратын фраза, тақырыпқа қатысты;
• Бесінші жол– синоним, тақырыпты ашатын.
Бұл жұмыс түрінде әр оқушы өз ойын, алған әсерін білдіреді.
Мысалы: Michael Jackson
Handsome ,talented
Sings, dances, loves
King of pop music
A famous star.

Аталған әдістердің бірнешеуі бір сабақта қолдануға болады.

Мысалы 5 сыныпта «Food» тақырыбында өткен сабақта Қазақстан мен Ұлыбритания елдерінің ұлттық тағамдары туралы мәтіндерді оқушылар ЖИГСО әдісімен талқылап, Венн диаграммасы арқылы ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы айтса, даяшы мен келуші арасындағы  рөлдік ойынды ойнауды берілген тірек сөздерді пайдалану арқылы  орындады және сөздікті суреттер арқылы айтты, ал сабақты қорытындылауды бірінші топқа «Бес жолды өлең» әдісін, екінші топ «Бір сөз, бір сөйлем» әдісін қолдану арқылы жүргіздім.

Қорыта келе, әңгімелесу пәрменді құрал болып табылады, оның көмегімен мұғалім оқушылардың оқу үдерісін қолдай және дамыта алады. Сыныпта диалогті пайдалану арқылы мұғалімдер оқушылардың білім сапасына ерекше оң әсер ете алады. Оқушылардың білімі мен ойлау қабілетін зерттеуге шынайы ұмтылу оқу үдерісіне барынша қызықтыру үшін ынталандыру болып табылады.
Диалогтік идея тәсіліне сәйкес, сауалнама мен топтық жұмыс оқушылардың оқуын жақсартуға қабілетті.
Сұрақ қою арқылы мұғалім:
– оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады.
– оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды.
– білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады.
– оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі.
– оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді.
– оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі.
– оқушылардың бір-бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын
құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді.[4]
Мұғалімдер сабақ барысында сауалнама түріндегі кері байланыс әдісін қолданады және сабақ барысында көптеген сұрақтар қояды.
Өткізген сабақтарымда сынып оқушыларының өзара білімін дамыту мақсатында бірлескен сұхбатынан: оқушылар бірін – бірі оқытады, пікірлеседі, ой бөліседі, әңгімелеседі. Бұның бәрі де диалогтық оқыту әдістері негізінде жүзеге асып отырады. Оқушылардың тілдік қорын молайтуға, білім деңгейін көрсете алуына, білімін әділ бағалауына оң әсерін тигізетініне сенімім мол. Жаңаша ізденіс, жаңаша көзқарас жалғасын тауып, ел ертеңі келешек ұрпақтың білім алудағы жетістікке жету жолында нәтижелі еңбек ететініме сенімдімін.

Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту мақсаты мемлекеттік тілге қоса еліміздегі басқа да тілдерді оқып-үйренуді міндеттейді. Бұл мақсаттың аясында қазақ жұртын мекендейтін халықтардың тілдерін дамыту міндеттелген. «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!» деген Қадыр Мырза Әлидің әйгілі өлеңінде лингвистикалық капиталдың негіздемесі жатыр. Өзге тілді білсең — өрге шығасың, Өз тіліңді білсең, төрге шығасың. Орыс тілі әр елге, ағылшын тілі әлемге есік ашады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1. Елбасы жолдауы 2006-2007жылдар.

2. Қaзaқcтaн мeктeптеріндегі шетел тілдері жуpнaлы,2013ж,№6,25-бeт

3. Құcaйынoв A.Әлeмдeгi жәнe Қaзaқcтaндaғы бiлiм бepудiң caпacы,

4.Мұғалімге арналған нұсқаулық, екінші негізгі деңгей, үшінші басылым

5.Alexander,R.J (2008). Towards Dialogic Teaching. Rethinking classroom talk (4th ed) [Диалогтік оқыту. Сыныптағы әңгімені қайта қарау. (4-басылым)]. York:Dialogos.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *