Қара шаңырақтың оты өшпесін!


Джумабеков Ерлан Фазылович

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қожамберді ауылы

№162 орта мектебінің мұғалімі

Ес біліп етек жеңін жинап,бір Аллаға сиынып  өскен халық болған соң ба,әлде өзі өсіп жетілген туған жерінде қазақ халқы ежелден шаңырақты қастерлеген,жан –тәнімен қорғаған.                                                                                                                                                                                                                                    Біз іргемізден гөрі шаңырақты өміріміздің берік тұтқасы –деп бағалап оның шайқалмауын тілеген, көкке көтерген халықтың ұрпағымыз .  Шаңырақтың киесі ұлы. Сол шаңырақтыңтың астында өсіп өрбіген ұрпақтардың ержетуі, амандығы сұралады.Бүгінгі таңда қазаққа екі мұрат ұлы – дейді. Бірі – әр отбасының шаңырағынан түтінінің түзу шығуы, екіншісі қайғысыз өмір сүруі . Сондықтан қазақ баласы Қара шаңырақтың иесі – оны ардақтайды, оның қасиетін ар- намысындай сезінеді.Осындай киелі сөздермен қанаттанып өскен біздер немесе өзгелер қаншалықты байыбына  барып жүрміз?.Бүгінгі таңда қазақ баласы осы шаңырақты, оның берік тұтқасы болып келген ата- анасын қаншалықты қастерлеп келеді, азаматтық парызым деп түсінеді?. Немесе осы шаңырақтың түтінінің түзу шығуына , отын өшірмеуге қаншалықты құлықты.Бейнеттің –зейнетін көретін шағында ата- анасын қалаға сүйреп жатса, қаланың қым – қуыт тіршілігіне үйренісе алмай қайтып оралып, қайта қонар баспана тауа алмай жүрген қарттарымыз қаншама?.Өзінің туған жерін ,балаларының өсіп жетілдіріп ұшырған ұясын қай ата- ана қиып кете алсын.Мәңгілік мекеніне айналған шаңырақта, ел ішінде топырағының бұйырғанын қалары сөзсіз.Осы тұрғыда адамзат баласының пікірі екі айырылған заман болған емес. Тіпті туған жерінен жырақта дүние салған барша жұртты арулап елге жеткізіп жатады.Көкірегі ояу ,есті атаның ұрпағы қандай жағдайда да бұндайға жол бермейтіні хақ.Бүгінгі күні кей жастарымыз салтанаты жарасқан қалаға құмар- ақ.Ал кейбір жастар ауылдағы жұмыссыздықты алға тартады.Осыны ескерген елбасымыз өзінің әр жолдауында ауылды ұмытқан емес.Ауылдың жетілуі ,өркендеуі жастардың қолында.Ал көкірегі ояу жас қандай жағдайда да осы ауылға қызмет етуі тиіс.Ауыл ортақ, жер ортақ.»Тәуелсіз» -деген айбынды атымыз бар . Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашып өмір толқынына қарсы жүзе бастағаннан-ақ «Отбасы, Шаңырақ» деп аталатын ұғым қалыптасады.Өйткені бұл өмір талабы, айнала қоршаған ортаның оған берген тәлім-тәрбиесі.

Ұрпақ сабақтастығын жалғастыруда отбасы мүшелерінің алар орны ерекше.Олай болса әрбір жан өз алдына үй болып, от жағуы тиіс. Бірақ – та бабалар салып берген сара жолда қара шаңырағымыздың оты өшпесін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *