Мастер класс: «Балабақша әдіскері жұмысының маңызы»


Тулебаева Токжан Токтаровна
воспитатель ТОО «Дошкольный мини-центр «Бобек»

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі бағыты- білім сапасын жаңа деңгейге көтеру болып табылады.
Мемлекеттік бағдарламаның мақсатына жетуі мектепке дейінгі білім деңгейі мазмұнын ұйымдастыра алатын педагогикалық корпустың басым шоғыры болуына байланысты.
Тәриеленушінің жолы мектепке дейінгі білім беру ұйымынан басталады. Дәл осы кезде баланы қалай тәрбиелесең, қандай білім берсең, ертеңгі жас Қазақстандық сондай болады. Владимир Иванович Даль айтқандай: «Тәрбиеленуші қандай болсын десе, тәрбиеші де сондай болуы тиіс.» Сондықтан, ең алдымен, тәрбиеші өз жұмысын дұрыс ұйымдастырып, оқыту үрдісінде жаңа технологияларды, қызықты сценарийлерді, ойындарды, мағыналы тәрбие сағаттарын және т. с. с. қолданса, қазіргі заманға сай, өзгеріп отыратын әлемде өмір сүруге дайын, денсаулығын сақтай алатын, білімі мен машықтарын көрсете алатын, шығармашылығы кең, ақыл-ой өрісі дамыған, ойын сауатты жеткізе алатын, бәсекеге жарамды тұлғаны өсіре алатыны сөзсіз. Осы тұста әдістемелік кабинеттің әдіскері – тәрбиешілер үшін жол көрсететін шамшырақ деуге де болады.

Тәриеленушінің жолы мектепке дейінгі білім беру ұйымынан басталады. Дәл осы кезде баланы қалай тәрбиелесең, қандай білім берсең, ертеңгі жас Қазақстандық сондай болады. Владимир Иванович Даль айтқандай: «Тәрбиеленуші қандай болсын десе, тәрбиеші де сондай болуы тиіс.» Сондықтан, ең алдымен, тәрбиеші өз жұмысын дұрыс ұйымдастырып, оқыту үрдісінде жаңа технологияларды, қызықты сценарийлерді, ойындарды, мағыналы тәрбие сағаттарын және т. с. с. қолданса, қазіргі заманға сай, өзгеріп отыратын әлемде өмір сүруге дайын, денсаулығын сақтай алатын, білімі мен машықтарын көрсете алатын, шығармашылығы кең, ақыл-ой өрісі дамыған, ойын сауатты жеткізе алатын, бәсекеге жарамды тұлғаны өсіре алатыны сөзсіз. Осы тұста әдістемелік кабинеттің әдіскері – тәрбиешілер үшін жол көрсететін шамшырақ деуге де болады.
Әдіскер өз жұмысын жүйелі түрде ұйымдастырса, жұмысы да, тәрбиешілер жұмысы да нәтижелі болады. Ю. А. Конаржевский айтқандай: «Талдаусыз ақпарат өлі, ал мақсаты жоқ болса бақылаудың да қажеті жоқ». Әдіскер алдымен алдына мақсаттар мен міндеттер қою керек. Мысалға, келесідей мақсаттар қоюға болады:
–    Педагогикалық үрдістің үздіксіз жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау;
–    Инновациялық білім беру ортасын, педагогикалық және басқару кадрларының потенциалын дамыту арқылы мектепке дейінгі білім бру ұйымының (МДБҰ-ның) кешендік жетілуіне көмектесу.
Міндеттері:
–    Ғылыми-әдістемелік әрекеттің түрлі формалары арқылы (әдістемелік бірлестіктер, мастер-класстар, мәселелік тәжірибелік семинарлар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар ж. т. б.) педагогикалық шеберліктің дамуына бағытталған жұмысты жүргізу.
–    Жаңа педагогикалық технологиялардың, ғылыми жетістіктердің, педагогикалық тәжірибе мен ақпаратты-коммуникациялық технологияларының енгізілуіне қолдау жасау.
–    Шығармашылық тұрғыдан белсене жұмыс атқаратын педагогтардың тәжірибелерін жалпылауға және таратуға көмектесу: кәсіби сайыстарға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатыстыру арқылы.
–    Оқыту-тәрбиелік үрдісте қазіргі заманғы құралдарды қолдануды жетелеу.
–    Жаңа дәуір оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендермен оқу-тәрбие үрдісін қамтамасыз етеді.

Еліміздегі әр шағын орталық, әр балабақша сапалы білім мен сәйкесінше тәрбие беруі қажет. Ол үшін әр тәрбиеші күнделікті ҰОІӘ технологиялық карталарын  жазумен шектеліп қоймай өз-өзін дамытып, өз жұмысына жоғары жауапкершілікпен қарап, шығармашыл болуы тиіс. Осы орайда әдіскердің міндеті – тәрбиешілерді ынталандыру, шығармашылық дамуына жағдай жасау.
Біріншіден, педагогтар жұмысында себі тиетіндей, көмек болатындай материалдары бар семинарлар өткізілуі тиіс. Тақырыптары төмендегідей болуы мүмкін: «Жаңа педтехнологиялар», «Жас маман – ертеңгі білікті ұстаз», «Дені сау бала – дені сау Республика», «Мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қабілеттерін ойын-жаттығулар арқылы дамыту», «Балалардың шығармашылық әрекеттерін дамытудағы дәстүрлі емес бейнелеу технологиясы», «Балабақша-Бала-Ата-ана бірлестігі»  т. с. с.

Әдіскер семинардың ұйымдастырылуын қадағалайды: мақсаттарын, міндеттерін айқындап, жоспарын құрады немесе құруға көмектеседі. Үздік тәжірибе таратылуын қамтамасыз ете отыра, тәрбиешілердің зейінін арттыруға бағытталған, семинар мазмұнына байланысты болатындай ойындар, викториналар, сергіту сәттерін өткізілуін ұсынады. Педагог  кадрларының аттестациядан өту ережелері мен ерекшеліктері, мониторинг мәселелері, ата-аналар жиналыстарын өткізу ерекшеліктері және т. с. с. өзекті мәселелерге әдіскер тоқталуы тиіс.


Тексеру шарттары

Ақбота

Айналайын
Балауса
Балбөбек
Тұмар
Тұлпар
Шаңырақ
Нұр-ай
Балдаурен
Еркетай
Тәрбиешінің іс-әрекеті
1
Тәрбиешінің топты ұйымдастыра білуі

Шебер педагог – не ойды, не технологияны дайын күйінде қабылдамайтын – оларға қатыстыны өздігінен анықтайтын және жеке шеберлігін қалыптастыра алатын маман. Тәжірибелі маман ҰОІӘ өз қабілетіне қарай тәжірибесіне сүйеніп өткізеді және өзінің «білім жиынтығын» қалыптастырады, оны кәсіби мәселелерді шешуге жұмсайды. Отандық мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне қойылған мәселені шешу құралдарының бірі – әдістемелік жұмыс. Тәрбиешілердің жыл бойында өткізген ашық ҰОІӘ, ертеңгіліктерінің сценарийлерін, ойындарды, санамақтарды, сергітулерді жинап «Тәрбиешілердің әдістемелік қоржыны» атты әдістемелік жинақ шығаруға болады. Бұл, біріншіден, тәрбиешілер мен әдіскерлерді шығармашылық талпынуға ынталандырады, екіншіден ұйымдастырылатын сайыстарға материалдары дайын тұрады, үшіншіден үздік материалдар бір жерде жинақталып оны әр жас маман, әр тәрбиеші өз жұмысында пайдалана алады. Үлгісіне қарап өздері де сондай сапалы жоспарларды жазуға талпынады деген ойдамын.

Сол сияқты мен өз іс-тәжірибемде балабақшадағы топтардың күнделікті  іс-әрекеті мен тыныс тіршілігін бақылау арқылы тәрбиешінің ата-аналармен байланысын, оның өз жұмысына деген қызығушылығын анықтап отырдым. Өз уақытын ұтымды пайдалана білген тәрбиеші қай кезде де өз іскерлігі мен белсенділігін көрсете біледі. Бақылаудың бірнеше түрін ұсынып отырмын:

Жүйелі бақылау

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің қорытынды картасы

Жас  мамандардың   ашық ұйымдастырылған

оқу іс-әрекеттерінің талдау динамикасы


Критерилер

 

 
Амангелдіқызы А
Жумадилова М.С
Белялова Т.Б
Ерболова Т.Ж
Алибаева У.С
Рамазанова З.К
Касымжанова Ж.К
1
Тәрбиешінің топты ұйымдастыра білуі

Сөз мәнерінің анықтылығы, эмоциясы, түсіндіре білуі

Әрекет барысында ойын тапсырмаларды орындай алуы

Көрнекіліктің сөзбен үйлесімі

Тапсырмалар, баланың қозғалмалығына үйлесуі

Әр балаға жеке тіл табуы

Әрекетке топтың қатысуы

Әрекетке жеке балалардың қатысуы

Балалардың қызығушылығы

Жағымды көңіл күй

Балалардың белсенділігі

Тапсырмаларды орындауда балалардың жеке іс -әрекеттері

Шығармашылық ізденіс

Көрнекі құралдардың талғамға сай жасалуы

Санитарлық-нормалардың сақталуы

ҰОІӘ қорытынды бағалауы

Ұжым- егер ондағы оқу-тәрбие үрдісінде алдыңғы қатарлы әдістерді қолдану қамтамасыз етілсе ғана шығармашыл ұжым болып табылады. Осыған орай  әдіскердің  басты міндеті педагогтардың шығармашылық белсенділігі мен бәсекеге қабілеттілігін үнемі арттырып отыру. Мұнымен бірге талап қойғыш болып қана қоймай, сондай-ақ жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін жағдайлар жасау болып табылады.

Сондай-ақ тәрбиешілерді жыл сайынғы өткізілетін ғылыми жұмыстар сайысына қатыстыруға болады.
Жоғарыда аталған іс-әрекеттерді жүзеге асыру арқылы келесідей нәтижеге жетуге болады:
1.    Тәрбиешілер мен мұғалімдер біліктіліктерінің үздіксіз артуын қамтамасыз етілуі.
2.    Жоғары біліктілігі бар педагогикалық мамандар үлесінің артуы.
3.    Тәрбие мен білім беру үрдісінің ұйымдастырылуы нәтижелілігінің өсуі.
Білім беру бөлімдерінде қызмет атқаратын әдіскер жоспар бойынша жүргізілетін есептер мен ағымдық сұрақтар бойынша жоғары тұрған органдарға жауаптар жазумен шектелмей өзіне тиесілі жұмыстың ұйымдастыру-әдістемелік саласын жетілдіруі тиіс. Сонда ғана тапсырылатын есептерде сапалық көрсеткіштер де артады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *