Білім беру саласы: «Әлеумет». Бөлімі: «Қоршаған ортамен таныстыру» Тақырыбы: «Орман аңдары»


Алпаева Кулшат Тулепберген
БҚО, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы, МКҚК «Балбұлақ» бөбекжайының тәрбиешісі

Мақсаты: Балаларды аңдармен таныстыру, олардың мекені туралы  әңгімелеу және түрлерін бір-бірінен ажыратуға үйрету. Балалардың ой-өрісін дамыту, әрбір баланың өзіндік ерекшелігін ескере отырып, жеке дара жұмыс жүргізу. Бірлесіп жұмыс істей білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Көрсету,түсіндіру,әңгімелесу,сұрақ-жауап,жұмбақ шешу.

Керекті құралдар: Аңдардың суреттері,орман макеті, слайд.

Билингвальды компонент: Орман – лес, аю-медведь, түлкі-лиса, қоян-заяц, қасқыр-волк.

Шаттық шеңбері:

Біз қандаймыз, қандаймыз

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Ренжуді біз білмейміз.

Қуанасың сен де,

Қуанамын мен де.

Арайлап атқан күнге,

Үлкенге де «сіз»

Кішіге де «сіз»

Баршаңызға құрметпен

Бас иеміз «біз».

-Балалар, сендер таңғажайып әлемге енгілерің келе ме?

Балалар таңғажайыпқа сенсеңдер ол шындыққа айналуы мүмкін.

Балалар көзімізді жұмып сиқырлы сөзімізді айтып байқап көрейік.

«Крабле,крабле,бумс»

(Осы кезде шымылдық ашылып, орман әлемі көрінеді, қоян қолын бетіне қойып жылап отырады)

Балалар біз қайда келдік?

Балалар, қоянға не болған неге жылап отыр,оны кім ренжітті екен?

Қоян: Мыстан кемпір барлық аңдарды сиқырлап тастады,енді олар көрінбей қалды менде тек суреттері қалды. Сондықтан мен қайғырып жылап отырмын.

-Балалар біз қоянға көмектесе аламыз ба?

-Ия.

Қоян,сен уайымдап мұңайма,біздің балалар нағыз сиқыршылар,олар саған аңдарды қайтарып береді.

-Балалар мына суреттердегі аңдарға қараңдаршы бір-бірінен қандай айырмашылықтары бар?

Барлығымыз сиқырлы тақтаға қараймыз.

Мынау қандай аң?

-Қасқыр.

-Балалар,қасқыр неге ұқсайды?

-Итке.

-Дұрыс айтасыңдар.

Қасқыр-күшті,батыр,ержүрек,ақылы да, айласы да бар өте қауіпті жыртқыш аң.

Олар далада жан-жануарлармен,құстармен қоректенеді.

Ал  мынау қандай аң екен?

-Аю.

-Түсі қандай?

-Қоңыр.

Қасқырға қарағанда аю үлкен бе, кіші ме?

-Үлкен.

Аю икемсіз жыртқыш аң.Олар судан балық аулап және құстарды ұстап жейді. Аюлар қыс бойы ұйқыда жатады.

Мынау қандай аң?

-Түлкі.

-Түлкінің түсі қандай?

-Қызыл.

-Түлкінің денесі қасқырға ұқсас болып келеді,бірақ қасқырға қарағанда тұмсығы ұзын ба,қысқа ма?

-Ұзын.

Түлкінің терісі бағалы,ол жыртқыш аңға жатады.

Түлкі түрлі құстарды,құстың жұмыртқаларын,балық аулап жейді.

Мынау қандай аң?

-Қоян.

Қоянның құлағы ұзын, құйрығы үлпілдеген қысқа. Қоян шөл-шөлейтте, орманда мекендейді.

Қоян өсімдіктермен қоректенеді.

Енді балалар бәріміз  бірге жұмбақ шешейік.

Қыста ақ,

Жазда сұр.

Бұл қандай аң?

Балалардың жауабы: (қоян)

-Өте дұрыс.

Қоян маусымға байланысты өз түсін өзгертіп отырады.

Қыс бойына жатады,

Тәтті ұйқыға батады.

Бұл қандай аң?

Балалардың жауабы: (аю)

Қанжардай тісі бар,

Суық үрейлі түсі бар.

Бұл қандай аң?(Қасқыр)

Өзі айлакер,өзі қу,

Жүрген жері айқай да шу.

Бұл қандай аң? (Түлкі)

Енді балалар осы аңдардың атауларын екі тілде айтып көрейік.

Қоян-заяц, аю-медведь, қасқыр-волк, түлкі-лиса.

Сергіту сәті:

«Қоянның құлағы неге ұзын?» ертегісін айтып берейін.

Ерте,ерте, ертеде қоян орман патшалығында тұратын достарын туған күіне шақырады.Үйін ағаш жапырақтары және әдемі гүлдермен безендірді.Қоян туған күніне арнап әдемі көйлегін киді. Ол туған күніне аюды, түлкіні, қасқырды,кірпіні шақырады.

-Туған күнің, құтты болсын,ақ қоян!-де,кірпі бірінші келді.

Ол қоянға шырша жаңғақтарын әкелді.

-Үйің қандай жылы,көйлегің қандай әдемі,-деп түлкі келді.

Бауырым қоян,туған күнің құтты болсын!-деп, қасқыр бір шоқ гүл ұсынды.

-Аю неге кешікті?-деп төртеуі бір-біріне қарады.

Біраздан соң есік сыртынан тықыр естілді. Аю кешікеніне кешірім сұрап,қоянға арнап бал әкелді.

-Туған күнің құтты болсын!-деп, қоянның құлағынан тартты. Қоянның құлағы лезде қамыстай қалқиып,ұзарып кетті.Содан беріқоянның құлағы ұзын екен.

Мына сұрақтар арқылы балалардың ертегіні қалай түсінгенін тексеру.

1.Қоян достарын неге шақырады?

2.Қоян үйін қалай безендірді?

3.Ол туған күніне қандай аңдарды шақырды?

4.Кірпі қоянға не сыйлады?

5.Қасқыр не әкелді?

6.Аю қандай сыйлық әкелді?

7.Қоянның құлағы не себептен  ұзын?

Енді балалар топпен жұмыс жасаймыз.

Аңдарды мүсіндеу,құрастыру.

I-топ аңдарды мүсіндеу.

II-топ құрастыру.

Балалар қоян жалғызсырамау үшін аңдарды орманға жіберейік.

Осы кезде тәрбиеші қоянның бетін ашып, қоян күледі, музыка ойнайды, аңдардың дыбыстары естіледі.

Қоян: Балалар, сендерге үлкен рахмет, орман әлемін қайтарып бердініздер. Менің көңілім көтеріліп қалды.

-Жарайсыңдар балалар,сендер қоянның көңілін көтердіңдер,енді қоянмен қоштасайық,сиқырлы сөздерімізді айтып,балабақшамызға қайтайық.

Балаларды мадақтау. Қорытынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *