“Білім берудің тиімді түрі”


Саралтаева Шырынкуль Ерназаровна

«Рудный қаласы әкімдігінің №19 орта мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі

Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы  білімнің дайын күйінде берілмеуі. Бұл  технологияның әдіс – тәсілдерін тәжірибеге енгізу – жұмыс істеуге құштарлық туғызып, білім беруде нәтижеге жеткізетінін байқадым.

Білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер оқыту үрдісін озық технологиялармен қамтып жетілдіруді талап етеді. Осы тұрғыда оқытудың жаңа технологияларын жете меңгеріп, оны оқушылардың психологиялық жас ерекшеліктеріне орай орынды қолданудың мәні ерекше. Жаңа технология мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізіп, өзін – өзі дамытуына, оқу – тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқытудың ұтымды әдістерін, соның ішінде «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы.  Бұл технологияның ұтымды  әдіс – тәсілдерін өз тәжірибемде жиі қолданамын. Оқушының бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Осы педагогикалық технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметінің, іс – әрекетінің жүйелі дамып, отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Ал, оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді. Осы тұрғыда “Сын тұрғысынан ойлау  технологиясы арқылы   оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту” әдістемелік тақырыбым ретінде таңдап алдым. Шығармашылық қабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін.          Біздің міндетіміз оқушы бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Сабақ кезеңінде   “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, «Ой қозғау», “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістерді үнемі  қолданамын.  Яғни,  тиімлділігі тақырыпқа байланысты не біледі, соны жазады өз білімін, тәжірибесіне сүйеніп немесе өздері тақырыптық сызба жасаулары мүмкін. Бұл жұмыстарды орындау барысында балаларда өз күшіне деген сенімділік пайда болып, білімдері кеңейеді  Қазіргі оқыту үрдісінде оң әсерін көрсетіп жүрген әдістердің бірі – «топқа бөліп шығармашылық тапсырмалар беру». Топпен жұмыстың мақсаты  баланың бастауыш сыныптан бастап, дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашу. Осы орайда шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс – әрекетін ұйымдастыру тақырыпты мазмұнына сай жинақтау, сөз жұмбақ құрау, шешу, шығарма, шағын әңгіме мәтінін құрау т.б жұмыс түрлері арқылы іске асады. Ендеше, осындай жұмыстарды үнемі жүргізу арқылы  шәкірт бойындағы талант көзін ашып, тілін байыту, қиялын ұштау мен өз бетінше ізденуіне мүмкіндік берейік!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *