Силлабус по Философии на казахском языке


Разахова Фарида Жаксылыковна
старший преподаватель, магистр педагогики и психологии Западно-Казахстанский инновационно –технологический университет

1. Оқытушы туралы мәлімет: Разахова Фарада Жақсылыққызы- Жалпы білім беру пәндері кафедрасының  аға оқытушысы, педагогика және психология ғылымдарының магистрі.

2. Уақыты және өткізу орны: 2017-2018 оқу жылы,Орал қаласы,Ықсанов к-44/1.

3.Пререквизиттер: Қазақстан тарихы

Постреквизиттер: мәдениеттану, дінтану, саясаттану,әлеуметтану,ғылымның тарихы мен философиясы.

4.Қысқаша курсқа сипаттама:

Пәнді оқытудың мақсаты:

–          Студенттердің бойында дүниенің танудың ерекше формасы болып табылатын философия, оның негізгі бөлімдері, мәселелері және оларды зерттеудің өзінің болашақ кәсіби қызметімен байланысты әдістері туралы басты түсініктерді қалыптастыру;

–          студенттерді ұлы ойшылдардың философиялық мәтіндерімен таныстыру және оларды сыни түсіну дағдыларын қалыптастыру;

–          өз ойларын логикалық түрде баяндай білуді, философиялық пікірталасты сауатты жүргізуді және қазіргі заманның өзекті мәселелері бойынша өзіндік көзқарасын дәлелді түрде қорғай білуді дамыту:

–          қазақстандық патриотизмді қалыптастыру;

–          болашақ маманның қазіргі күрделі де өзгермелі заманда көзқарастық және рухани бағдарға ие болуына ықпал ету.

Пәнді оқытьудың міндеттері:

–          Философияның тарихи даму кезеңдерін зерттеу;

–          қазақ халқының қайталанбас философиялық дүниетанымымен таныстыру;

–          философияның негізгі бөлімдері мен даму ағымдарын, оның роционалдылығының формаларының трансформацияларын қарастыру;

–          ғылыми танымның қазіргі заманғы әдістері туралы білімді игеру;

–          болашақ мамандардың бойында философиялық-көзқарастық және әдістемелік мәдениет негіздерін қалыптастыру.

Негізгі құзыреттіліктер:

бакалаврдын курстан білетіні:

–          философияның пәнін, қызметтерін, негізгі бөлімдерін және бағыттарын

–          философияның адам мен қоғам өміріндегі орны мен рөлін

–          әлемдік және қазақ философиялық ойының негізгі даму кезеңдерін

–          философияның іргелі мәселелерін, олардың қойылу ерекшеліктерін және философияның қалыптасу үрдісінде шешілуін

–          адамды, табиғатты және қоғамды зерттеуде қолданылатын негізгі философиялық теориялар мен әдістерді

–          қазіргі заманғы отандық және әлемдік философияның өзекті мәселелерін

бакалаврдың жасай білуі:

–          арнайы философиялық терминологияны және философияның категориялық-ұғымдық аппаратын қолдануы.

–          философиялық түпнұсқа мәтіндерімен шығармашылық және сыни түрде жұмыс жасауды

–          зерттеліп отырған философиялық сұрақтар бойынша өз ойларын логикалық түрде баяндауды

–          философиялық білімнің генезисі мен дамуының ерекшеліктерін сараптауды

–          философияның әртүрлі мәселелері бойынша өзіндік көзқарасын қалыптастыруды және оны дәлелді түрде жақтауды

–          қазіргі заманғы жаһанданудың өзекті мәселелерін түсінуді

–          философияның ережелері мен категорияларын әртүрлі әлеуметтік ағымдарды, фактілер мен құбылыстарды бағалауда және сараптауда қолдануды.

5.Баға қою саясаты: Сіздің біліміңізді және жасаған жұмыстарыңызды бағалау үшін төмендегідей баға жүйесі қолданылады. Жалпы баға (100%) төмендегідей компоненттерден тұрады:

6. Курсты жүргізудің академиялық тәртібімен этикасы:

1. Сабақтан қалмауы керек, егер сабақтан аурулық себеппен қалса, дәрігерден анықтама тапсыруы керек.

2. Сабақтан қалған күндері, оқытушымен тапсырма алып есептесуі керек.

3. Сабаққа кешікпеу керек.

4. Сабаққа таза. Ұқыпты әрі студенттік норманы сақтау керек.

5. Сабақ кезінде сөйлеспей, газет оқымай, сағыз шайнамау керек.

6. Сабақ кезінде әр пәнге ұқыпты тыңдап, сабақтың барысын қадағалап отыруы тиіс.

7. Сабақ сайын топтан кезекші болуы тиіс.

8. Осы айтылған тапсырманы яғни міндеттерін орындамаған оқушының бағасы кемітіледі. (балл есебімен кемітіледі).

9. Ұялы телефондарды сабақ кезінде сөндірілуі тиіс.

10. Барлық үйге берілген тағы басқа тапсырмаларды жауапты қарап, орындап келуі тиіс.

11. Әрбір студенттің конспект жұмыстары болуы тиіс, оны керек мезгілінде оқытушыға көрсетіп отыру міндетті.

8. Семинар сабақтарының тақырыбы

Семинар тақырыбы  №1. Философияның пәні, мақсаты және қызметтері

1.Философияның қызметтері: көзқарастық, болжамдық, сыни, рационалдау және жүйелеу.

2. Философиялық пайымдаудың типтері.

3.Ежелгі шығыс және ежелгі грек философиясында даналықты түсіну.

Семинар тақырыбы  №2.Қазақтардың алдыңғы философиясы.Ежелгі Шығыс философиясы.

1.      Қазақтардың философиялық дүниетанымының қалыптасу алғышарттары.

2.      Қазақ халқының философиялық ойлауының вербалдық-дискурстік сипаты.

Семинар тақырыбы  №3. Қазақтардың алдыңғы философиясы.Ежелгі Шығыс философиясы.

Презентация

1.Ежелгі Үнді философиясындағы ортодоксалды мектептер: веданта, миманса, саньхия, вайшишек, ньяя, йога.

2.Буддизм, Джайнизмдегі  адамның мәні. сипаттама беру және олардың негізгі идеяларын көрсету)

3. Конфуцийдің әлеуметтік-этикалық ілімінің мәні және Легизмнің қоғам туралы идеясы.

Семинар тақырыбы  №4 Антика философиясы.

Үй жұмысы: Дебат тақырыбы. Антикалық философия «Философия тарихындағы Антика философиясының орны»

1. Сократка дейінгі философияның натурфиософиялық ойлары.

2.Сократ, Платон,Аристотелдің философиялық идеялары.

3.Киниктер философиясы.

Семинар тақырыбы  №5 Ортағасырлық Шығыс және Батыс философиясы

1. Мутакаллимдер мен мутазилиттердің Құранды түсіндіруі.

2. Классикалық суфизмнің философиялық қырлары.

3. Араб-мұсылман философиясының дамуы және Европада христандықтың таралуы.

Семинар тақырыбы №6  Қайта Өркендеу дәуірі  философиясы.Жаңа дәуір философиясы

Презентация :

1.Реформация- адамды ренессастық асқақтауға қарсылық.

2.Капиталистік өндіріс тәсілінің қалыптасуы, шіркеу беделінің құлдырауы және ғылымның өркендеуі.

3.Ағылшын эмпиризмнің дағдарысы.

Семинар тақырыбы №7 XVIII ғасырдағы Европаның Ағартушылық философиясы

1.Ағартушылық- әлеуметтік прогресс жолы.

2.Ағартушылықтың адамзат тарихындағы әртүрлі типтерінің ортақ жақтары

Семинар тақырыбы №8 Классикалық неміс философиясы.

1.Канттың құқық философиясы.

2.Гегель логикасының ерекшеліктері

3.Фейербахтың антропологиялық материализмі

Семинар тақырыбы №9 XVIII ғ.соңы –   XXI ғ. басындағы философия.

1.Карл Маркстің ілімі

2. Қоғамдық-экономикалық формация теориясы.

3.Ф.Энгельстің диалектиканың заңдары туралы теориясы.

Семинар тақырыбы №10 XVIII ғ.соңы –   XXI ғ. басындағы философия.

1.18 ғасырдың соңына карай дамыған бағыттардың философиялық ілімдері.

2.В.И.Ленин пролетариаттың революциялық күрес тәжірбиесі туралы.

3.Ф.М.Достоевскийдің өмірмәнділік және адамгершілік философиясы.

Семинар тақырыбы №11 Қазақ философиясы.

1.Мақал-мәтелдегі еркін ойлау, аңғал реалізм және стихиялық матеиализм.

2.Қазақтың батырлық және лирикалық эпосының көзқарастық маңызы.

3.Жыраулар шығармашылығы

Семинар тақырыбы №12 Қазақ философиясы.

1.Қазақ ағартушылығы қалыптасуының қоғамдық-саяси алғышарттары.

2.Кеңестік кезеңдегі қазақстандық философияның негізгі мәселелері.

3. Поскеңесік кезеңдегі қазақстандық философия.

Семинар тақырыбы №13 Болмыс-онтологияның орталық категориясы. Даму принципі: діалектика және синергетика.

1. Болмыс және сана.

2. Диалектиканың тарихи формалары.

3. Синергетика заңдылығы.

Семинар тақырыбы №14 Таным мүмкіндіктері мен шекаралары.Ғылыми танымның ерекшеліктері. Философиялық антропология.

1.Таным және шығармашылық. Түсіндіру және түсіну

2.Ақпараттық қоғам философиясы.Н.Данилевский, Освальд Шпенглер, Арнольд Тойнби, П.Сорокин, Элвин Тоффлер тарихтың дамуы туралы.

3.Қазақстан тарихи дилемма алдында

Семинар тақырыбы №15 Әлеуметтік философия. Қазіргі заманның жаһандық мәселелерін философиялық пайымдау.

1.Қызмет- адамның мәндік сипаттамасы.

2.Европа философиясындағы антрпологиялық дағдарыс: Фрейд,Ницше,Фуко және басқалары.

3.Болашақты болжау- адамдардың мақсаты іс-әрекетінің қажетті шарты.

4.Рим клубының құрылуы.Қазіргі замандағы  жаһандық сананың ерекшеліктері.

10.Білім алушының өзіндік жұмысы

Тақырыбы №1 Философияның пәні

1. Философияның қызметтері: көзқарастық, болжамдық, сыни, рационалдау және жүйелеу.

2. Философияның негізгі бөлімдері: онтология, гнесология, философиялық антропология, логика, этика, эстетика, әлеуметтік философия.

Әдістемелік ұсыныс: Қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып қортынды жасау қажет.

Тақырыбы №2 Қазақтардың алдыңғы философиясы.

1. Глоссарий жазу: Көшпелі  өмір салтының негізгі сипаттамалары: табиғатпен біртұтастық, үздіксіз жаңару мен қозғалысқа ұмтылыс, ой еркіндігі, адамгершілікті жоғары қою.

2. Глоссарий жазу:  Қазақтардың философиялық дүниетанымының негізгі категориялары: «дүние», «өмір», «өлім», «араласу», «намыс», «парыз», «қанағат», «кісілік», «ізгілік», «жақсылық», «жамандық», «бақыт».

Тақырыбы №3.  Ежелгі Шығыс философиясы.

1.Глоссарий жазу: “Ежелгі Үнді мен Ежелгі Қытай философиясындағы негізгі ұғымдар” Атман,дхарма, пуруша, джина, сансара, карма, нирвана, инь,янь, жэнь, ли, шу, цзюнь-цзы, дао,дэ, ди,сяо, тянь-ся, ци, у-вэй, чжун юн.т,б.

Әдістемелік ұсыныс: Философиялық сөздікпен жұмыс жасау қажет.

Тақырыбы№4. Антика философия.

1.Глоссарий жасау:” Ежелгі грек философиясындағы негізгі ұғымдар” Түпнегіз, табиғат, логос, космос, болмыс, бейболмыс, атом, идея, апория, апейрон, апейрос,демург,

2.Антика ойшылдарының философиялық портретін жасау

Әдістемелік ұсыныс: Философиялық сөздікпен және берілген әдебиеттерден  грек ойшылдар жөнінде толық мәлімет жасау қажет.

Тақырыбы №5 Ортағасырлық Шығыс және Батыс  философиясы.

1.Орта ғасырлық Батыс Европа философиясын Орта ғасырлық Арабтың мұсылман философиясымен салыстырыу.

2. Орта ғасырлық Батыс Европа философиясы мен  Орта ғасырлық Арабтың мұсылман философиясындағы философиялық тұлғаларға портрет жасау.

Әдістемелік ұсыныс: Берілген әдебиеттерден  орта ғасыр ойшылдар жөнінде толық мәлімет жасау қажет.

Тақырыбы №6 Қайта өрлеу дәуірі мен Жаңа заман философиясы.

1.Глоссариді жасау «Қайта өрлеу дәуірі мен Жаңа заман философиясындағы негізгі ұғымдар»:

геоцентризм, ақыл, универсалии,номинализм,реализм,антропоцентризм,пантеизм, эмперизм, рационализм,индукция,дедукция, субстанция,креационизм, жықсылық, жамандық.

2. Қайта өрлеу дәуірі мен Жаңа заман философиясындағы философиялық тұлғаларға портрет жасау.

Әдістемелік ұсыныс: Философиялық сөздікпен және берілген әдебиеттерден жаңа заман және қайта өрлеу дәуірінің ойшылдар жөнінде толық мәлімет жасау қажет.

Тақырыбы №7 XVIII ғасырдағы Европаның Ағартушылық философиясы

1.    Шарль Луи Монтескье, Франсуа Вольтер, Жан Жак Руссо, Дени Дидро, Клод Адриан Гельвеций, Жюльен Оффрэ Ламетри, Поль Анри Гольбахтың философиялық портреттерін жасау.

Әдістемелік ұсыныс: Берілген әдебиеттермен жұмыс жасау.

Тақырыбы №8 Классикалық неміс философиясы.

1.    Гегельдің «Абсалюттік рух» үштік теориясына терек құру. ( триада теориясы)

2.    Классикалық неміс философиясындағы философиялық тұлғаларға портрет жасау.

Әдістемелік ұсыныс: Абсалюттік рух жөнінде мәлімет жинап схема түрінде терек жасау.

Әдістемелік ұсыныс: Философиялық сөздікпен және берілген әдебиеттерден  жоғарыдағы  кестені толтыру қажет.

Тақырыбы №10. XVIII ғ.соңы –   XXI ғ. басындағы философия.

1. Глоссарий жазу: “Орыс философиясындағы негізгі ұғымдар” өмір, пессимизм, волюнтаризм, фатализм, саборлық, халықтық, слованфильдік, батыстық, позитивизм, практика, жатсыну, базис, қондырма, қоғамдық болмыс, қоғамдық сана, қоғамдық- экономикалық формация, теософия, өндіріс тәсілдері, герменевтика, позитивізм.

2. XVIII ғ.соңы –   XXI ғ. Басындағы барлық философтардың тұлғалардың портреттерін жазу.

Әдістемелік ұсыныс: Философиялық сөздікпен және берілген әдебиеттерден  орыс ойшылдар жөнінде толық мәлімет жасау қажет.

Тақырыбы №13 Болмыс-онтологияның орталық категориясы. Даму принципі: диалектика және синергетика.

1. Глоссари тексеру:”Онтология мен диалектика категориясындағы негізгі ұғымдар”

Болмыс, материя, алғашқы  табиғат, қозғалыс, даму,  заң, жалпы, бірлік, мазмұн, мән, мазмұн, себеп,қажеттілік, кездейсоқтық, жүйе, бөлшек, жаңа, ескі, құрлым, сапа, сан, уақыт, кеңістік, тұтастық,құрлым, бөлік,элемент,синергетика,тіл,сана,өзіндік сана.

Әдістемелік ұсыныс: Философиялық сөздікпен жұмыс жасау

Тақырыбы №14 Таным мүмкіндіктері мен шекаралары.Ғылыми танымның ерекшеліктері. Философиялық антропология.

Глоссари тексеру: “Танымдағы негізгі ұғымдар” гнесология, эпистемология,бейнелеу,таным, ақиқат,білім,нақтылық,рационалдыойлау,шындық,өтірік,логика,,әдістеме,ғылым,шығармашылық,интуиция,түсіндіру,түсіну,скептицизм, агностицизм,гнесологиялық оптимизм және басқалар.

Әдістемелік ұсыныс: Философиялық сөздікпен жұмыс жасау.

11. Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1.    Зотов А.Ф.Современная Западная философия.-М.: Высшая школа,2012.

2.    Мырзалы С.К. Философия.-Алматы: Бастау,2008.

3.    Нұрышева Г.Ж.Философия.-Алматы: Інжу-маржан,2013.

4.    Петрова В.Ф., Хасанова М.Ш. Философия.-Алматы,Эверо,2014.

Қосымша:

1. Алексеев П.В., Панин А.В. Филосолфия.-М., Проспект,2010.
2. Барлыбаева Г.Г. Эволюция этических идей в казакской философии.-Алматы: МОН РК,2011.

3. Философия/ Под ред. проф. Габитова Т.Х. Алматы, Раритет.2005.

4. Бегалинова К.Философия – Алматы., 2009.
5. Атымтаева К. Философия истории. (учебное пособие для бакалавриата) – Алматы, 2010.
6. Алтаев,Ж.А., Габитов Т.Х. История и философия науки.-Алматы, 2010.

7.Әбішев Қ. Философия: оқулық.Алматы.: Қазақ університеті,  2004ж.-450б.

8. Нысанбаев Ә. Әбжанов Т. Қысқаша философия тарихы: оқулық ,Алматы.: Зерде,   2002ж

9.Рысқалиев Т.Х. Философия тарихына шолу: оқулық, – Орал.: Басылым, 2005ж. – 325б.

10.Рысқалиев Т.Х. Даналық пен түсініктің үлгілері: оқулық ,Алматы, 2005ж. – 360б.

11.Философия пәнінен тип тік оқу бағдарламасы. Алмати, «Қазақ университеті» 2005 ж

12.Құрастырған: Разахова Ф.Ж. УМКД (электронды) БҚИГУ.2011ж.

13.Ғабитов Т.Х. Философия: оқулық, – Алматы, 2004ж. -410б.

14. Қасабеков А. Тарихи философиялық Таным: оқулық ,Алматы.: Қазақ университеті, 2004ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *