Ұлтжандылық – өзекті мәселе.


Жамкеева Айдана Несипбаевна

КМҚК №134 «Гауһар» балабақшасының тәрбиешісі

Қазақ халқы – мәдени бай мұрасы, өзіне біткен табиғи ерекшелігі бар, сергек ой, сезімтал жүрек, дәстүрлі тәрбие, әдіс-тәсілдері бар халық..
Тәлім-тәрбие берудің басты саласының бірі – ұлтжандылық, халқы үшін адал қызмет ету. Ұлтжандылықтың, елін сүюдің ғажайып күш екендігін терең сезінген ежелгі қазақ ақын-жыраулары, ойшылдары өз шығармаларына осы тақырыпты үнемі арқау етті, көп көңіл бөліп, халықты елі үшін жанын пида етуге, жастарды елжандылық рухта тәрбиелеуге баса көңіл бөлді. Жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеу XIX ғасырдағы қазақтың ақиық ақыны, жауынгер жыршысы Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінде өзекті орын алады. Ол жастарды ерлікке, отан сүюшілікке, ар-намысты қорғауға, адамгершілікке уағыздайды. Ақынның қай өлеңін алсақ та, халыққа адал қызмет ет, еліңді, жеріңді жаудан қасық қаның қалғанша қорға, әділет үшін, халық үшін өкінбей өлу азамат ердің ісі деген аталы сөздер өрнектеледі. Махамбет, Ақтамберді, т.б. ақын-жыраулар шығармасында ерекше сөз болатын ерлік, Отанын, елін, жерін жаудан қорғай білушілік, отбасы, ауыл-аймақ, ел намысын қорғау жолында жан аямаушылық сияқты ізгі қасиеттерді дәріптей отырып, жастардың бойына ұлтжандылық  қасиетін сіңіре аламыз.Кез келген бала тәрбиесіне қатысы бар адам не мекеме өз алдына мен бала бойына ұлтжандылық қасиетін сіңдіремін, бала бойында бұл қасиет міндетті түрде кездесу керек деген мақсат, міндет жүктеп алуы қажет.
Профессор М.Ғабдуллин өзінің “Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес” еңбегінде айкын айтып кеткен.Ата-ана мен балабақша не болмаса тәрбиеге қатысы бар кез келген мекеме ортақ мүддені көздеп соған жету үшін жұмыс жасаса, ата-ана тәрбиешінің, ұстаздың жұмысына ,еңбегіне көмек көрсете білсе. “Бүгінгі жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеуде ақын-жыраулардың өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екені нақ. Мұндағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жастарға жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек ет, ел-жұртқа қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта мағыналы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлардың ішінен жастарымызды тәрбиелеуде әсер ететіндерін таңдап алып, орнымен пайдалана білсек, нұр үстіне нұр болар еді” дейді ғұламаларымыз.
Осы тұрғыдан алғанда қазақтың ұлы ойшылдарының кемеңгерлік ой-пікірлерін оқу-тәрбие ісінде орынды пайдалана отырып, жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу – әрбір тәрбиеші мен ұстаздың басты парызы.
“Ерлік тәрбиеден туады” -,деген Бауыржан атамыз.

Адамгершілік тәрбиесінің құрамды бөлігі – ұлтжандылық, отаншылдық (патриоттық) қасиеттер.
Патриоттық сезім және ұлттық құндылықтарды құрметтеу арқылы Отанға деген сүйіспеншілік артып, оның қуатты, тәуелді болуы үшін жауапкершілікті сезіну пайда болады.Ал патриот болу үшін ең алдымен еліміздің қасиетті тілінде сөйлей білу басты міндет деп айтсақ артық емес.Өз тілінде сөйлей алмай отырған бала кез келген оқылған не айтылған ертегі не болмаса халық ауыз әдебиетінің қай бөлімінің негізгі ой-мақсатының астарын түсіне алмайды.
“Патриот” деген сөз, гректің раігів – отан деген сөз. В.И. Даль сөздігінде: Патриот -отанын сүйіп, оның қуатын арттырушы, отаншыл – деп жазылса, басқа сөздікте “патриот-отанын сүюші, өз халқына берілген, ол үшін жанын қиып, отан қорғау үшін ерлік көрсететін адам” – делінген..
Аяулы сезімдерді балалардың бойына ұялата білудің жолдары көп болғанымен, төрт саласына тоқталсақ.
–  Халқымыз баланың жақсы, жаман болуы оның жаратылысынан деген қағиданы келтірді. •Шындығында бала әке – шешесінің бір-біріне деген таза сезімінен жаралуы, ана құрсағында, ортаның, үлкендердің, қоғамның ықпалында дамып жетілуі, ана бауырында уызына тойып, ана сөзінің бесік жырының үніне бағынып өсуі, жаратылысының дұрыстығы.
•  Баланың ата-анасымен, өскен ортасымен өзінің қасиетті ана тілінде қарым-қатынасқа түсуі.
•  Бала өзінің әке-шешесі, ата-бабасы өсіп-өнген жерінде өсуі, туған-тұрған жерінің қадір-қасиетін, табиғат сырын терең ұғынып, болашақты жалғастыратын ұрпақ екендігін сезініп өсуі, өз өлкесінің суын, нуын қастерлей білуі, ұғынуы.
•  Баланың туған халқының елдік, ұлттық тарихын білуі, оның ашы-тұщы кезеңдеріне мән беріп өсуі.
Ұлтжандылыққа тәрбиелеудің негізгі ,басты бөлігі ол тілін толық сыйлауға, құрметтеуге, өз тілінде сөйлей алуға , қарым-қатынасқа түсе білуге үйрету.Қазіргі дәл бүгінгі күнде, уақытта заман талабы ма? Ия болмаса, еліктеушілігіміз бе ? Жас ұрпақ толығымен деп айтсақ да болады орыс тілінде сөйлейді.Әрине бірнеше тілді біліп, сөйлей білуі дұрыс ,бірақ өз тілінде сөйлей алмай өзге тілді меңгергендері халқымыздың құлдырауы деуге болады.Кез келген ұлт алдымен өз баласына өз ана тілін сіңіріп, меңгертуі керек.Қазақ тілі қиын тіл , қазіргі уақытта табиғи құбылыстарға не болмаса экологияға байланысты деп жатамыз көп сәбилер  кеш сөйлеп жатыр.Сондықтан ата – аналар балаларымыз тез үйренеді, тез сөйлеп кетеді деген нанымға сенгеніміз бе?Әлде өзімізді ақтағанымыз ба?-, деп орыс тілін оқыта бастаймыз.Осылайша үлкен қателікке ұрынамыз.Тәрбие отбасынан басталады деген тұжырымды ойымызға алсақ,кез келген отбасы үлкен жүкті мойындарына алып отыр.Құрсағымызды жарып шыққан, жүрегіміздің бір бөлшегіне айналған өз сәбиімізге  өзіміз келешек өміріне жағдай жасамасақ, біздің бұл үлкен міндетімізді өзге адам атқара алмайды.Осы күнде балабақша табалдырығын аттаған бөбектердің тоқсан бес пайызы орыс тілде сөйлейтін балалар, тәрбиешінің айтқан сөзін ойына түйе алмай, қарым – қатынасқа түсе алмай үлкен күйзеліске ұшырайды.Балабақшада бізге түк үйретпеді, балаларымыз ештене айтып келмейді,үйренгендерін үйде көрсетпейді деп тәрбиеші мен ата- ана арасында үлкен дау пайда болады. Ал ол даудың басы әр ата – ана өз  үйінде бастау алғанын сезбейді, сезіне  де алмайды.Балаларымыз орысша жақсы сөйлейді деп, орыс сыныптарына беріп жатқан ата-аналардың саны күннен – күнге артып келеді.Бала бойымызға біте салысымен оның бойына қазақи қанымызбен  бірге тілімізді де сіңіре алуымыз керек.Бала тәрбиесі балабақша мен тәрбиешінің жұмысымен ғана шектелмейді, отбасылық рухани тәрбиенің орны ерекше .Балабақшаға барып жүрген бала мен үйде отырған балалардың айырмашылығы жер мен көктей, балалар жетік сөйлеп, ширап шығады. Алайда үйде отырып, ата-анасымен жұмыс жасаған бала да өз алдына жеке тұлға бола алады.Сондықтан баланың жетістігін не болмаса кемшілігін  тәрбиеші мен ұстаздың мойынына жүктелген міндет деп қарау дұрыс емес, бала тәрбие ордаларында ғана емес үйде де қатар тәрбие алуы керек.Ата –ана мен ортақтаса  жасалған жұмыс ортақ жеңіске жетелейді.Құрметті ата – аналар бала тәрбиесіне көп көңіл аударайық, ең алдымен ана тілдерін меңгертейік. Өзге тілді олар емін – еркін өздері аулада не болмаса кез келген ойын алаңдарында өзге ұлт балаларымен тілдесе отырып үйреніп кетеді.Бала ашық жатқан аппақ қағаз беттерінен құралған   кітап деп ата-бабаларымыз бекерге айтпаған,сол кітапты қолдарыңызға ала отырып не айтасыз,не көрсетесіз келешекте  сол кітапты оқи отырып қандай қателік не болмаса қандай еңбек,күш жұмсағаныңызды көре аласыз.Алайда оны түзету тым кеш болмақ. Ойланайық, ой түйейік.Тәрбие өмірдің өзекті мәселесі.Ал өмір сүруді өмірдің өзінен үйрен деп бекер айтпаған ұлы ғұламаларымыз.Өмір сүре отырып, оқып,үйрене жүрейік жамағат.Өмір өзгермейді, алайда бір-бірімізге,өзімізді қоршаған ортаға мейірімдірек болайық.Қай заман, уақытты алсақ та жақсылық жеңіп отырған, сондықтан бір-бірімізге жақын болайық, қолымыздан келген көмегімізді аямайық ,тату болайық!

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *