Қазақ ұлттық ойындарының тәрбиелік және білімдік маңызы


Айдарұлы Нұрбек

учащийся 3 курса Западно Казахстанского инновационно-технологического университета

Руководитель: доцент, кандидат биологических наук Джумакаева Клара Сабировна

Егемен Қазақстанды өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы жағдайында өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабілеті мен шығармашылығын, кәсіби біліктілігі мен білімділігін арттыру қажеттілігі туындап отыр. Бұл жас ұрпаққа білім тәрбие беру ісін қайта құруды, ұлттық рухани мұраны жаңғырту арқылы оның мазмұнын қайта қарап, жоғары деңгейге көтеруді талап етеді. Білім беру ісін батыл да қайта құру мәселесі еліміздің барлық салаларында болып жатқан оң өзгерістермен тығыз байланысты.

Мемлекет тарапынан халыққа білім беру ісін жаңғырту мақсатында білім беру жүйелерінің мақсат, міндеттерін айқындайтын жаңа мазмұндағы заң жобалары мен тұжырымдамалар қабылданып, халықтың рухани дамуына, ұлттық тіл мен тарихтың, дін мен мәдениеттің өркендеуіне қолайлы жағдайлар туғызылуда.

Қоғам талабына сай білім мен тәрбие беру деңгейін көтеру, жеке тұлғаны тәрбиелеу, кәсіби біліктілігі жоғары мамандар даярлауда қазақ ұлттық ойындарын пайдалану мәселелері жоғары мемлекеттік құжаттарда арнайы бірнеше рет қаралып, екі-жақты сөз болды.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «… жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтары, ғылым мен практика жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіби тұрғыда жетілуі үшін жағдайлар жасау» қажеттілігі айтылса, ал Қазақстан Республикасы білім туралы заңының І бөлімнің 2-бабында: «Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр-салтын оқып-үйрену үшін жағдайлар жасалуы қажет»- деп атап көрсетіліп, халықтық мәдениеттің маңызына ерекше көңіл бөлінген.

Мәдени-этникалық білім мен тәрбие беру мақсатын көздеген осындай мемлекеттік құжаттар аясында ұзақ жылдар бойы ескерувсіз келген халықтық педагогика қайта жаңғырып, тәрбие саласында, ерекше маңызға ие бола бастады.

Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуы өз ұлтымызға тән рухани, мәдени өмірдің өркендеуімен үйлесім тауып, жас ұрпақты салт-дәстүрге, тілге, ұлттық өнерге, өз елінің және және әлем халықтарының тарихын құрметтеуге тәрбиелеуде жауапты да басты міндеттер ретінде жүзеге асырылуда.

Ұлттық тәлім-тәрбие берудің нәтижелілігі мұғалімнің педагогикалық қызметінің дәріжесімен айқындалады. Сондықтан халықтың ғасырлар бойы жинақтаған тәлім-тәрбие тәжібесін тиімді пайдалану мәселесі басты назарға алынады.

Қазақстан Республикасының әлеуметтік-мәдени дамуының тұжырымдамасында «Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-мәдени даму жолы дегеніміз – ең алдымен адамзат қазыналарына баса назар аудару, прогресшіл халық дәстүрлі мен әдет-ғұрпының толымды түлеуі, гуманитарлық ғылымдарға, өнерге, халықтардың моральдық байлықтарына қайтып оралу, мәдениеттің барлық салаларында ұлттық даралықты сақтау, барлық ұлттық мәдениеттің қазыналары мен дербестігін мойындау», – деп атап көрсетілген болатын .

Ұлттық ойындар халық педагогикасының ажырамыс бір саласы. Ол – халықтық ділдің (менталитеттің) түп негізі, ұлтқа тән қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші, салт-сана мен, әдет-ғұрып, дәстүрлерді жалғастырушы және этностың өзіндік ерекшелігін жастардыңбойына психологиялық жағынан сәбилік кезеңнен бастап негіздеп, шым-шыңдай отырып сіңірудің аса қолайлы қарапайым жолдарын жасаушы. Халық педагогикасы ұлт тәрбиесіне қатысты барлық өмірлік негіздерді қамти,ұлттық ерекшелікті даралай отырып, бүкіл адамзат қауымымен үндестіре, қиюластыра дамытуға күш-қуат жұмсайды. Ұлт ойындары халықпедагогикасының, аса белсенді, үнемі өзгеріп, жетіліп отыратын, тот баспайтын, өмірге үздіксіз келіп жататын ұрпақ арқылы жаңара беретін бөлігі болып табылады. Сондықтан оның атқарар қызметінің өрісі кең, салмағы ауыр. Ол салауатты өмір салтын мұрат тұтқан, елі мен жерінің қамын ойлайтын ұлтжанды, отансүйгіш патриот, адам баласын бауырым деп өзіне тарта білетін, жолдастық пен достықты бағалай алатын, басқадан үйренуді жатсынбайтын жаңа адамды тәрбиелеп қалыптастырудың қуатты құралы.

Ұлт ойындары – жеке адамдардың игілігіне асатын, ұлт өкілдерін түгел қамтитын ұлтқа тән рухани қазына. Ұлтқа тән дейтініміз ұлт ойындары сол ұлттың өсіп жетілу барысында пайда болып, оның сандаған ұрпағының рухани азығына айналып, ұлттық болмысымен өзіндік ерекшелігін қалыптастыруға игі әсерін тигізетін ұлттық ерекшеліктің бір қырыб болып табылады.

Халық ойындары ұлттың ғасырлар бойы жасаған іріктеліп, сұрыпталып бізге жеткен мәдени мұраларының заңды бір саласы ретінде бағалы. Ол ел илігіне қызмет ететін, жас ұрпақты жетілдіріп шыңдайтын әлеуметтік-педагогикалық мүмкіншілдігі зор тәрбие құралы. Ұлт  ойындары- атадан балаға мұра болып келе жатқан рухани, мәдени қазына.  Ол халықтың сәби шағы мен бүгінгі өскелең дәуірінің көрінісі ретіне зерттеудің, үйренудің  нысаны және бүгінгі ұрпақты оқытып тәрбиелеуде үлкен білімділік, тәрбиелік маңызы бар, ұрпақтан-ұрпаққа үздіксіз беріліп келе жатқан тәрбие үрдісі болып табылады.

Ұлт ойындары халық педагогикасының құрамдас  бөлімі  ретінде, өзін дүниеге әкелушілердің есеюіне, ақыл-ойының жетіліп, өмірге құштарлығының артуына, дене қуатының, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасып жетіле түсуіне игі әсерін тигізеді. Ұлт ойындарының осы қызметін жақсы тани білген өркениетті оны жоғары бағалап, ұмыт болудан сақтап, оны жиып-теріп қағаз бетіне түсіріп зерттеу нысанына айналдырып келе жатқаны баршаға аян.

Қазақ халқының рухани байлығын, оның ішінде ұлт ойындарын, алғаш рет қағаз бетіне түсірген – Италия саяхатшысы Плано Карпини. Ол ХІІІ ғасырда Жетісу, Тарбағатай өлкелерінде болған кезде осы өлкедегі халықтың тұрмысы, әдет-ғұрыптары, ойын-сауықтары жайлы көптеген этнографиялық материалдар жазып, кеткен еуропалық назарына ұсынған еді.

Одан кейінгі кезеңде бұл үрдіс Италия жұртының аяулы ұлдарының бірі Марко Поланың орыс саяхатшысы П.И.Рычковтың орыс ғалымы П.С.Палластың венгер зерттеушісі А.Вамберидің, неміс этнографы Р.Каруцтың, неміс ғалымы А.Гумбольдтің, поляк халқының зиялысы А.Янушкеевичтің, С.Гростың Б.Зеленскийдің т.б. жазба еңбектері арқылы жарасымды жалғасын табуын зор ілтипатпен еске аламыз.

Содан бері де талай әлеттік- қоғамдық өзгерістерді бастан кешіре отырып, халқымыз жасаған басқада рухани байлықтар қаратында, ұлт ойындарыда жаңа ұрпақпен жаңарып, дамып, өзгеріп, толысып бізге дейін жетті. Әрбір жаңа толқын, жас түлек ұлт зиялылары ұлт ойындарының бойынан өзгеше бір қасиет танып, халықтың мәдени қазына ретінде ұлт ойындарын сол кезде шығып тұратын күнбе-күнгі басылым беттерінде үзбей жариялап, өз пікірлерін білдіріп отырған.

Кезінде М.О.Әуезовтің қазақ ұлттық ойындары туралы айтқан мына сөздері ойға орала береді: «Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой. Ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған».

Ұлы ойшыл, ғалым,заманымыздың заңғар жазушысы Мүхтар Әуезовтың бүл пікірімен толық кесісе отырып, қазақ өмірінің өткеніне көз жіберсек, әрбір күзгі, қысқы шаруашылықтың табысты аяқталуынан кейін, сәтті аяқталған аңшылықтан соң немесе елді басып кірген жаудан кек алып, жеңіске жеткенде, ас бергенде халық мерекелері, ойын-сауықтар өткізілген. Бұл ойын-сауықтар тек кқңіл-көтеру, той-думан үшін ғана емес, ұрпақ тәрбиесін өркендетіп, дамытатын, ұлгі-өнеге көрсететін тәрбие мектебі болған. Мұндай ойын тойларға жастар көптеп қатынасып, өзінің бағын сынап, өнер көрсетер аренасына айналдырған. Сөтіп, өздерінен ересек аға буын ардагерлердің соңына түсіп, тәлім алған.

Қазақтың көкпар, сайыс, аударыспақ, күрес, теңге алу, қыз қуу, жамбы ату т.б. сондай ұлттық ойындардың спорттық сипатпен бірге .лкен тәрбиелік маңызы бар. Бұларға күнілгері зор әзерлік, мұқият даярлық керек болды. Сол даярлық үрдісіне жас баладан бастап, бозбалалар мен жігіт ағалары, атбектері мен ақсақалдары түгел қатынасатын. Жоғарыда аталған ойын түрлері мен бәйгенің алуан түрлеріне қосылатын аттар, оған мінгізілетін балалар, балуандар, көкпаршылар, қыз қууға қатынасатын қыз ее жігіттер ауыл ақсақалдарының алқасында талқыланып, солардың ұйғаруы бойынша қатынасуға мүмкішілік алатын. Бұл бір жағынан, халықтық тәлім-тәрбиенің маңызын арттырса, екінші жағынан, үлкендерге деген ілтипат пен сенімді, басқаның пікірімен санаса білуді; үшінішден, жеңіске деген құлшынысты туғызып, баланың ақыл-ойын, қиялын ұштайды, көпшіліктің үмітін ақтауға деген жауапкершілігін шыңдай түседі. Осы жағынан келгенде ұлт ойындары халық педагогикасының бір бөлігі ретіндегі өзінің маңызды қызметін осы күнге дейін атқаруда. Ұлы тойларда қазақтың дәстүрі қайта жаңарып, балалардың ұлт ойындарына белсенді қатынасу талпынысты орын ала бастады.

Ұлы Абай айтқандай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы-жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады».

Өте орынды пікір. Өйткені адам естіп, көріп, ұстап,татып көрмесе, дүние сырларын, оның құбылыстары мен болмыстық формаларын сырттай болмаса, ішіне үңіліп көруге, ұғуға мүмкіншілігі болмас еді. Осының бәрін жас бала әбден толысып, ер жеткенге дейін күнбе-күнгі өмірден бір-бірімен қатынас арқылы танып біледі. Әсіресе, өзін қоршаған өмір заттары мен құбылыстарының мән-мағынасын ең алдымен ойын үстінде біледі. Ненің жақсы, ненің жаман екнін, нені істеуге болады, нені жасауға болмайды, өзара қарым-қатынас арқылы мінез деген қайшылығы мол сыры терең адам бойындағы құпия құбылысқа кезігеді. Кейде түсініп, бірігіп әрекет жасайды,бірде опық жейді. Қуанышы да мол, азабы да мол өнер жолын бастайды. Бірде жеңіп, бірде жеңіліп, өмір сүрудің әдіс тәсілін үйреніп, тәжірибе жинақтайды. Осының көбін бала өмір тәжрибелері арқылы алады. Олар ойын арқылы қабылднылып, ойын арқылы бойға дарып, бала өзін қоршаған ортаның әдет-ғұрыптары мен салт-санасын, дәстүрін бойына сіңіреді. Егерде біз осының бәрін жас адам алдымен ұлт ойыны арқылы қабылдап бойына сіңіреді, ойын арқылы өмірге көз жіберіп, көрген білгенін ой елегінен өткізеді, сол арқылы ол өз ұлтының психологиялық негізін қабылдайды десек, мұнымыз шындықтан алшақтай қоймайды. Өз ұлтының байлығын қабылдаған адам өзгенің өнерімен рухани байлығына үңілмейді; білгісі келмей үйренбей тұра алмайды. Ұлт ойындары-басқаның ой арманы  мен тілегін аяқасты етпейтін нағыз интернационалист азамат етіп тәрбие

Қазақтың ұлттық ойындарының халық педагокасына ұласып, қабысып келетін бір тұсы ауыз әдебиет үлгілеріне жиі көрініс береді. Әсіресе, ақындар айтысында ойын туралы оның адам өмірінен алатын орыны туралы пікірлер көп. Ойын арқылы баланы  әлеуметтік өмірге ерте араластыру, ақыл ойын шыңдау үлкендердің үлгі-өнегесін олардың бойына ерте сіңіру ерекше тәрбие ниетінен туындаған. Мысалы, Айтыс ойыны, Қыз бала мен ұл баланың айтыс ойыны, Сан айтысы, Бала мен шілдің айтысы т.б. секілді неше алуан ойын өлеңдері осының айғағы. . Өнердің бұл түрі басқа халықтарда кездесе бермейтін, қазақ халқының өзіндік ерекшелігін көрсететін, жас баланың зердесін шыңдап, шығармашылық қабілетін арттыратын, осы өнер саласына баланы ерте еліктіріп, баулитын қасиеттерімен дараланады. Бұл өнерді халқымыз ұмыт қалдырмай, жастарға үлгі ретінде ұсынуда. Содан болар қазақ халқында өз ойынан бір ауыз өлен құрап айтпайтын адамды кездестіре алмайсың. Бұл ерекшелік күні бүгінге дейін жалғасын тауып, бүгінгі қазақ мектептерінде айтыс өнері жаңарып, жалғаса түсумен көзге түседі. Ойын ретінде бұл өнер баланың шығармашылық талабын шыңдап өнеге деген құштарлығы мен бейімділігі ерте оянып,талантын ерте танытады. Оны егемендік алғаннан кейін қазақ мектептеріндегі тәрбиенің ұлтық мүдделерге бет бұруының нәтижесі деп білеміз. Кейінгі жылдары елімізде жиі өте батаған ақындар айтысында мектеп бітірген жаңа талап жас ақындардың жүлделі орындарды жеңіп алуы осы үрдістің етек ала бастағанын байқатады. Бұның  негізі ұлттық ойындардың оқу-тәрбие жұмысына қолданыла  бастауында да деп түсінген орынды.

Алайда, біз халықтың ділі (менталитеті) туралы сөз  еткенде, осы  ерекшелікті көп ескере бермейміз. Ескеру қажет-ақ. Өйткені халқымызды өзге жұрттардан дараландырып тұратын бұл өнер түрі өзіндік ерекшелігімен қуатты тәрбие құралына айналып отыр. Сөйтіп, тарих қойнауынан бастау алып бізге жеткен ұлт ойындары ұрпақ тәрбиесіне пайдаланудың ұтымдылығы айқын байқалады.

Кеңестік кезеңде халқымыздың өткені туралы пікір айтушылар қазан төңкерісіне дейін қазақ халқын надандыққа болды деп танытуға тырысып келді. Ол үшін көптеген еңбектер, кітаптар жазып пікірлер таратты. Еліміз егемендігін алып, өз тізгіні өзіне тиген соңғы жылдардың ішінде ғасырлар бойы жағылған күйеден насихатталған осындай пікірлерден қоғамдық ойды арылту үшін көптеген істер істелді. Сондай игі шаралардың қатарында әлемге ІІ ұстаз ретінде танылған  әл-Фараби, бүгінде әлем халықтары мойындап ЮНЕСКО арқылы туған күндерін атап өтіп отырған Абай Құнанбаевтың 150, Мұхтар Әуезов пен Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдық мерей тойы, Түркістан қаласының 1500 жылдығы т.б. атап айтуға болады. Бұлар әлем халықтарының алдында қазақтың өзіндік орны бар халық екенін дәлелдей түсті. Осының бәрі этностық ерекшелік ретінде танылып отырғанын, онда ұлттық ойынның да өрнегі еске алсақ, ойын тек көңіл көтеру үшін ермек ретінде емес, оның өнер, білім, ойлау мен қиялды дамытып адамның дене, ой қабілетін еселеп арттыра түсетін тәрбие құралы болғанын теріске шығара алмаймыз.

Егер біз бір кездегі жартылай сауатсыз деген ақындардың жұмбақ өлеңдерін немесе жұмбақ айтыстарын оқысақ, соларға бүгінгі адамдардың бәрі бірдей дұрыс жауабын бірден айтып бере қоюы оңайға соқпайтынын аңғарамыз.

Айтыс өнері. Өзінің жетілу барысында ең алдымен ойынға міндетті деп білеміз. Оған төселу үрдісі ұлт ойындарына,оның сыртқы дүниені қабылдап түсінуінің нәтежесіне, ішкі логикасын жете меңгеруге негізделгенін түсіну қиын емес.

Ұлт ойындары адамның денесін, ақыл-ойын жаттықтырушы, адамның адамгершілік қасиеттерін шыңдап жетілдіруші, әлеуметтік ортасының жемісі болып табылады. Адам өзінің көргені мен ұстап білгенін  ой-сезімі арқылы ішкі жан дүниесінен өткізу нәтежесінде белгілі бір шешімге келеді де, өзінің ішкі сезімі арқылы санадан өткізгенін өнер ретінде, көпшілік талқысына ұсынады. Солардың көпшілігінің нәтежесі ойын- тойда, көпшілік бас қосқан үлкен жиындарда бой көрсетеді. Халқымыздың өткеніне көз жіберсек, көпшіліктің бас қосатын, жиналатын жері үлкен астар мен ұлы дүбір той-думан болғаны шындық. Кең пейілді халқымыздың  той-думаны да қызықты, мазмұнды, әржақты болған.

Халқымыздың тарихы-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған.

Осындай аса құнды игіліктердің бірі – ұлт ойындары.

Қазақтың ұлттық ойындары атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып отырған және халықтың дәстүрлі шаруашылық, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі көрінісі де болған. Әрине, ойын өнер ретінде әдебиет пен мәдениеттің сан алуан түрлерімен қабысып,  астасып келіп, бірін-бірі толықтырып, байыта түседі.

Қазақтың ұлттық ойындары: көкпар, сайыс, күрес, теңге алу, қыз қуу, алтын қабақ ату,  жанбы ату, т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие болды.

Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті,батылдылықты, шапшаңдылықты, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты, байсалдылықты, т.б. мінез-құлықтың ерекшеліктерімен бірге күш-құат молдылығын, білек күшін, дененің сомданып шынығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген. Өйткені, ойынға қатынаспай тұрып-ақ оған күш ілгері көп адамдардың тер төгіп еңбек етуіне тура келеді. Мысалы, бәйгені алайық. Ол үшін алдымен бәйгеге қосылатын атты таңдап алады. Ол атты баптап бағып, күтуге тура келеді, оның жейтін жемі мен ішетін суына дейін белгілі мөлшерге келтіріледі. Атты белгіленген уақытта күн сайын желгізіп, шапқызып, терін алады. Бәйгеге қосылатын атқа мініп шабатын бала күн ілгері осы сынақтарға қатысады (атқа ауыр болмау үшін оған мініп шабатын баланың жасы 11-12-ден аспауы керек.

Бәйгеге әзірліктің басы – қасында болған бала, осы өнердің сырларын жете біліп, үлкен шаруашылық мектебінен өткендей әсер алады.

Сондықтан қазақтың ұлттық ойындары тек ойын- сауықтық жағынан ғана маңызды емес, ол- спорт, ол- өнер, ол- шаруашылық, тәрбиелік маңызы бар тәрбие құралы.

Қазақтың ұлттық ойындарының білімдік маңызы келісімен сипатталады.

Қазақтың қай ойыны болса да айтыс, өлең –жырмен өріліп, көрермендер мен тыңдаушыларға өнелі өнеге беріп, қатты әсер етеді. Сөйтіп, дүниені танып- білуге арналған бейнелі, жүйелі оймен астасып, қабысып жатады.

Мұндай мақсатты, адамгершілік, іс- әрекет, әдет- ғұрыпқа қаныққан, белгілі бір жүйеге негізделген ұлт ойындарының бояуы қоюланып, баланың жас жеткіншектердің дене, ақыл-ой жағынан да  дамуына тамаша мүмкіншілік туғызады. Ойын тегінде адам баласының коллективтік түрде болатындықтан, ойын үстінде жолдастық, достық қарым-қатынасқа жетелеуге, тәрбиелеуге мүмкіншілік мол. Ойынның тіл дамытудағы ролі ерекше.

М.Горькийдің сөзімен айтар болсақ, … бала сөзбен де ойнайды. Осы сөзбен ойнағанда, өз ана тілінің нәзік қасиеттерін үйренеді, тілдің музыкасын ұғынады. Сонымен нақтылау айтсақ, ұлт ойындары, тіпті жалпы ойын атаулы, біздің пікірімізше, тіл меңгерудің негізгі құралдарының бірі болып табылады.

Сонымен, келтірілген мәліметтерге сүйене отырып, мынадай қорытынды жасауға болады:

Қазақ ұлттық ойындарының тәрбиелік және білімдік маңызы- ата- бабамыздан бізге жеткен, өткен мен ббүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге райдасы орасан зор.

Қазақ ұлттық ойындарының тәрбиелік және білімділік маңызы:

жасөспірім ұрпақты ел қорғауға, бауырмалдыққа, ұлттық патриоттық сезімді дамытуға негіздейді.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.     Қуаныш Т.Ш. Дене тәрбиесінің теориялық және әдістемелік негіздері. – Алматы, 1997. -260 б.

2.     Төтенаев Б.А. Қазақстанның ұлттық ойындары. – Алматы Қайнар,  1994. – 144 б.

3.     Тәнекеев М.Г. Қазақстанның дене тәрбиесі жөніндегі тарихы. (Оқу құрал) – Алматы, 1977. – 169 б.

4.     Буркітбаев А.Б. Роль и место национальных видов спорта в физическом воспитании подрастающего покаления.Материалы IV научно-практическая конференции по проблемам физического воспитания. – Алма-Ата, 1979. –Б. 79-80

5.     Сағындықов Е. Қазақстан ұлттық ойындары. – Алматы: Рауан, 1991. – 74 б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *