Дене тәрбиелеу мәдениеті сабағында қазақ ұлттық ойындарын қолданудың қазіргі кезеңдегі ғылыми көзқарастары


Жангазиев Муратбек

учащийся 3 курса Западно Казахстанского инновационно-технологического университета

Руководитель: профессор Альмуханов Болат Окасович

Соңғы жылдары жас ұрпақтың дене тәрбиесі проблемасымен айналысатын ғалымдар халықтық ойындар мен дене жаттығуларының төл ерекшеліктеріне барған сайын айырықша қызығушылық танытуда. Шамасы, бұл өзгеше жағдайларда (дала жер бедері, климаты, географиялық ерекшеліктері) дене қызметінің кез-келген түрінің жеткілікті түрде тиімді болмауына байланысты шығар. Оның үстіне, спорттың көптеген классикалық түрлері (жүзу, шаңғы, коньки және басқалары) жергілікті орындарда тиісті спорт алаңдары мен басқа да қымбат тұратын құрылыстардың болмауынан, оларды салудың жер бедеріне немесе елді мекемендердің шашыраңқы болуынан қиынға түсуіне байланысты кеңінен қолдану таппай отыр. Демек, халықтың қимыл ойындары жас ұрпақта қажетті дене сапалары мен дағдыларын дамытуға өзгертуге болмайтын құрал болып табылады. Сондықтан, педагогикалық жоғары оқу орындары жағдайында осы ойын қызметін ұйымдастыруға дене мәдениетінің болашақ мұғалімдерін мақсатты даярлау осы проблеманы шешудегі жүйелі көзқарасты қажет етеді. Мұндай мәселенің қойылуы әбден заңды. Өйткені, бұл қызметке мұғалімнің қандай дәрежеде даярланғандығына оқу процесінің табысты болуы қатысты. Осыған байланысты жоғарыда аталған жайғдайларда ескере отырып, оқу процесіне ғылыми көзқарас қажеттілігі туындайды. Бұл, ең алдымен, қазіргі жастар дамып жетіліп отыратын жағдайлардың ерекшеліктерімен айқындалады.

Қимыл ойындарының маңызы туралы теориялық та, сондай-ақ әдістемелік сипатта да көптеген отандық әдебиет бар. Онда ойынның ролі, оның таралуы, әртүрлі халықтардағы ойын фольклорының ұқсастықтары мен айырмашылықтары, әдістемелік ерешеліктері қарастырлады.

Аса ірі педагогтар, ғалымдар, ілгерішіл қоғам қайраткерлері А.С.Макаренко, Н.И.Крупская, К.Д.Ушинский, Е.А.Покровский, Д.А.Кольца, Г.А.Виноградова, П.Ф.Лесгафт және басқалар халықтың тәрбиесі үшін аса пайдалы нәрсе деп санады.

Олардың пайымдауынша, балалардың ойын-қызметінде екі негізгі фактор ұштасып келеді: бір жағынан, балалар пратикалық қызметке қосылады, дене жағынан жетіледі, дербес әрекет жасауға дағдыланады, екінші жағынан, қызметтен моральдық және эстетикалық қанағаттану алады, өздерін қоршаған ортаны тану тереңдей түседі. Мұнын бәрі, сайып келгенде, тұтастай алғанда жеке    адамды тәрбиелеуге жәрдем береді. Сонымен, ойын-тәрбиенің кешенді құраламының бірі болып табылады: ол жан-жақты дене даярлығына (ұжымдық қызметтің өзгеріп отыратын жағдайларында қимыл негіздері мен күрделі әрекеттерді жанама түрде меңгеру арқылы) организм функциясын, ойыншылардың мінез-құлық белгілерін жетілдіруге бағытталған.

Қазақ ұлттық қимыл ойындарының жас ұрпаққа дене тәрбиесін берудегі маңызы А.Гумбольд, А.Якушевич, Т.Аткинсон,  М.Тәнекеев,  Б.Т.Төтенаев, 1994, А.Б.Бүркітбаев, 4, Е.С.Сағындықов, 5 және басқалардың еңбектерінде жазылған.

Біз өз жұмысымызда осы ғалымдар ұсынған жүйелерді ескере отырып, қазақ ұлттық ойындары жөнінде материалдарын жалпы білім беретін мектептің дене шынықтыру жүйесінде пайдалануға байланысты еңбектерді зерттеу мәселесіне қарай топтастырдық. Топтама мәселенің қазіргі таңдағы әлеуметтік мәнін терең түсінуге, орындалған жұмыстардың бағыт-мазмұнын, зерттеу нысанын, тәжірибелік мәнін, жалпы санын, қандай бағыттардың зерттеу нысанынан тыс қалғанын білуге мүмкіндік береді. Оны 1, 2-кесте мазмұнынан байқауға болады.

Бірінші кестенің мазмұны – бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісіне қазақ этнопедагогикасы құралдарының ендірілу мақсатын айқындайды. Атап айтқанда, халық ойындарын оқушылардың ақыл-ой, дене тәрбиесін дамытуда Е.Сағындықов, А.Қ.Айтпаев, Б.А. Тойлыбаев еңбектерін пайдалану қажеттілігі және олардың бұл саладағы тәрбиелік мүмкіндіктері көрсетілді. Еңбектердің ішінде А.Қ.Айтпаеваның зерттеуі орыстілді мектептерге арналғанын ескерте кеткеніміз жөн.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының тәжірибелік маңыздылығы мынада: жеке тәрбие міндеттерін шешу мен оқу-тәрбие ісінің маңызын арттыру мақсатында жалпы білім беретін мектептер үшін қазақ этнопедагогикасы материалдары негізінде оқулықтар, бағдарламалар жасауға талпыныс білдірген.

Жоғары білім беру мәселесіне келетін болсақ, екінші кестенің мазмұны бүгінгі  таңда жоғары оқу орындарында қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану бағытында 9 еңбек орындалғанын, солардың кейбірінде қазақ халықтық педагогика материалдарын дене тәрбиесі бағытында пайдалану жолдары шешімін тапқанын байқатады, Т.Ш., Досқараев Б.М., т.б.).

Ғылыми зерттеулерге жасалған мазмұндық талдау жалпы білім беретін мектептерде қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану оқу-тәрбие мазмұнын жаңартуға әрі қоғам даумының талабын мүмкіндігінше қанағаттандыруға тиісінше үлес қосқанын анықтайды.

Алайда, жоғарыда аталған авторлар өз зерттеулерінде қазақ ұлттық ойындарды дене шынықтыруда пайдалану мәселесін бастауыш мектептен өзге буындарда арнайы қарастыруды мақсат етіп алмаған, яғни мұнын бәрі аталған мәселенің әлі де толық зерттелмей отырғандығының көрінісі болып табылады.

Жоғарыда аталған авторлардың барлық зерттеулерінде мәдениет саласындағы шығармашылықтың әр алуан түрлерінің нысандары аса үлкен тұрақтылықпен, дәстүрлікпен ерекшеленетіндігі туралы ой байқалып отырады, оларға халық ойындары, билер, пляскалар жатады. Бұл нысандардың тұрақты болатын себебі, олар тамырларымен тереңге кетеді және белгілі бір халықтың өмір тіршілігі қоршап тұрған сол құбылыстар жиынтығын көрсететін ұлттық өзгешілікпен байланысты болады дейтін пайымдау бар.

ХІХ ғасырдың бас кезінде Каспий теңізінің, Жайықтың жағалауларын бойлай; Орынбор, Семей қалаларымен саяхат жасаған неміс ғалымы А.Гумбольдтың, 20 байқаулары қызықты, ол көшпелі қазақтардың өмірі мен тұрмысын, олардың әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін сипаттап жазады. Әсіресе, қонақтың құрметіне жергілікті тұрғындар қойған  мерекелер саяхатшыға ең бір жарқын әсер қалдырды. Одан әрі ол былай деп атап көрсетеді: «… ауылда болған кезімде мен өмірімнің ең бақытты шағы деп санаймын, өйткені көшпелі халықтың бізге көрсеткен қонақжайлығы, олардың ойыны, көңіл көтерулері – бұл жадымнан еш уақытта шықпайтын оқиғалар».

ХІХ ғасырдың орта шенінде поляк революционері А.Янушкевич, 21 «Қырғыз және қазақ далалары бойынша саяхаттардың күнделіктері мен хаттары» деген өзінің еңбегінде «… олардың өміріндегі ең бақытты күн қыстаудан жайлауға көшетін күн болып табылады» деп жазады, сонымен бірге ол осы күннің құрметіне қойылған ойындар мен көңіл көтерулердің тартымды күшін атап көрсете келіп, бұл орайда «қыз қуу» ойынын бөле жара айтады.

Қазақстанда және басқа бауырлас республика елдерінде дене шынықтырудың ұлттық түрлері жөніндегі ғылыми түсініктер жаңаруда. Осыдан шығатын ол, біріншіден, ұлттық түрдің ішкі мүмкіншіліктерінің интенсивті дамуы мен пайдалануынан байқалады. Мысалы, ұлттық спорта және дене шынықтыруда ескірген, архаикалық қимыл-әрекеттер алынып тасталып, оның орнына осы аяда бар жаңа қимыл қозғалыс, жарасымды әрекет, әдіс-тәсілдер қосылады. Басқаша айтқанда ескі ұлттық бөлшектер жаңаша ұлттық прогрессивті іс-әрекетпен ауыстырылады. Екіншіден, Шығыс халықтарының дене шынықтыруы мен спорттық ұлттық ойын түрлерінің барлық байлығын игеруге мұмкіндік туады. Мысалы, бүгінгі қазақша күрес ойынына классикалық күрестің элементтері енгізілгендіктен, ол әлемдік сипат алып отыр. Немесе тоғыз құмалақ ойыны ертеде қазақтар арасында қойшы – малшылардың күн ұзаққа ермегі болған жабайы ойын түрі болса, кейнде ол көрші елдердің бәріне ортақ интернационалдық дәстүрлі ойын түріне айналуда. Бұл мысалдар ұлттық ойын түрлерінің даму сатысында біртіндеп жетіліп, мазмұны мен тәлімдік мәні жағынан байып, интернационалдық сипат алатынына айғақ бола алады. Ұлттық спорт және ойын түрлері өзінің даму, жетілу дәрежесінде халықаралық спорт аренасына спорттық ойынның жетілген жаңа түрі ретінде қосылы, әлемдік классикалық спорт түрлерін байыта түседі. Сөйтіп, ұлттық спорттың озық үлгілері халықаралық аренада мазмұны және түрі жағынан интернационалдық сипатқа ие болып орнығады.

Дене шынықтырудың ұлттық түрін белсенді дамытудың кепілдігі, халық мұрасынан құнды, материалдарды ала білу, бірақ дене шынықтыру қозғалысында барлық классикалық спорт пен ойынның жаңа пайдаланған түрлерінің жетістігі мен тәжірибесін шығармашылықпен қолдана білу қажет. Мысалы, 1957 жылы Қазақстанда «тоғыз құмалақ» ойыны бойынша жаңа ережелер шықты. Мұнда, құрастырушы шахмат ойындары сияқты классикалық ойындардың жарыс өткізу тәжірибесі мен практикасын пайдаланды. Төрешілер комиссиясы, таспа, таразылау, жұпты құрау жүйесі және т.б. тоғыз құмалақта да шахматтағы сияқты. Шахмат мұрасын пайдаланудан тоғыз құмалақ үтылған жоқ, керісінше, жақсы жағына қарай өзгерді, ұйымдастыру мағынасы бойынша байып жетіле түсті.

Мәдениеттің ұлттық түрлері үнемі өзгеру және жетілу үстінде болады. Дене шынықтырудың ұлттық түрлерінде бұл жүйе тез қарқында және белсенді түрде өтеді. Бұл аяда үлкен өзгеріс болуы кездейсоқтық емес.

Бұлай сипатталатыны, ол интернационалдық жағына қарай өтеді, дене шынықтыру және спорттық жақындау тұрғысында 1963 жылы Тәжікстанда бекітілген ұлттық күрес «гуштингри» бойынша спорттық жарыстың жаңа ережесі тәжірибеге енгізілді. Бұл ереже өзінің қағидасы мен талаптары жөнінен еркін күрес ережесінен айырмашылығы аз. Қазіргі уақытта қазақша күрестен жаңа ережелер қолданысқа еніп отыр. Мұнда еркін және классикалық күресте қолданылатын халықаралық спорт ережесі кең жоспарда қолданылуда. Әрине, бұл өзгерістен қазақша күрес еш зиян шекпейді. Қазақстанда кейбір спорттық жарыстың халықаралық спорт ережесінің негізгі қағидалары ұлттық ат спортының түрлері аясында да қолданылатын болады.

Мәдениеттің ұлттық түрлерінің дамуы бір-бірінен оңашалау арқылы емес, керісінше мәдени  мұралардың озық үлгілерінің бір-біріне кіруі арқылы толысып байи түседі. Оған Қазақстан, Орта Азия, Кавказ елдерінің спорттық өмірінен бірнеше мысалдар келтіруге болады. Мысалы, көкпар, қыз қуу, аударыспақ сияқтыұлттық спорт түрлері тек қазақ, қырғыз, өзбек сияқты елдерге ғана тән емес, олар сонымен бірге халықаралық спорт түрлері болып табылады. Бұндай пікірді Кавказ халықтарының спорт ойын түрлері туралы да айтуға болады. Олай болса, көпшілік ұлттық спорт түрлерінде ұлттық сипатпен бірге интернационалдық сипаттын да ортақ екені даусыз.

Ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениеттің өзара үндестігі, кірігуі жайында философия, мәдениеттану, саясаттану ғылымдар саласында жазылған көптеген еңбектер бар. Біз бұл күрделі де көп Талас туғызатын мәселені жан-жақты сөз етуден аулақпыз. Оның тек спорттық-ұлттық мәдениеттің даму мәселесін сөз ететін әдебиеттеріне ғана шолу жасай келе, біз дәстүрлі мәдениетке тән ажырамас белгілерге тап болдық. Осының нәтижесінде дәстүрлі мәдениет құбылыстарының шын мәнін мынандай сәттер кезінде түсіндіруге болатынына көзіміз жетті: аталған құбылысқа енетін элементтердің құрамы, олардың арасындағы байланыстардың сипаты, аталған жүйенің кеңістік-уақытта алатын орны, зерттеліп отырған құбылыс қызметінің әлеуметтік ортасы, оның мақсаты, бағыты.

Ұлттық мәдениет материалдық және рухани құндылықтардың жоғарғы деңгейінде жинақталған сипат алады. Ол ұлттық шығармашылдық қызметтің барлық саласындағы халықтық прогреске үлкен ықпал етеді. Халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруы оның ұлттық мәдениетінің одан әрі дамуына қолайлы әсерін тигізеді.

Қазіргі заманғы зерттеуші М.Т.Тәнекеев,«дене мәдениетінің ұлттық нысандары дербес тұрғыдан алғанда қазіргі дене мәдениеті қозғалысының барлық проблемаларын шешіп бере алмайды» деп дұрыс көрсетеді, ал мұнын өзі, олардың дене мәдениетінің басқа нысандарымен өзара байланысты, тығыз қатынаста дамуға тиіс екендігін білдіреді. Дене мәдениеті мен спорттың ұлттық құралдары үздік үлгілерінің лайықты болуы, М.Т.Тәнекеевтің  пікірінше, «… олардың қазіргі заман ұрпағына қол жетерлік және түсінікті болатындай жаңа және неғұрлым қазіргі заманғы ұлттық нысанға ие болуында ғана емес» дегенге келіп саяды. Осыған байланысты, біздіңше, дәстүрлі ұлттық ойындардың маңызы мен сипатына олардың пайда болу тарихын талдау негізінде ғана дұрыс баға беруге болады, өйткені әрбір халық өзінің әлеуметтік-мәдени экономикалық жағдайларына байланысты өзіне тән ойындар мен дене жаттығуларын қалыптастырды, олар дене тәрбиесінің өзгеше жүйесінің пайда болуына ықпал етті. Осыған байланысты «… бірде-бір ғылым өз тарихын терең зерттелмей дами алмайды. Осындай зерттеу қол жеткен нәтижелерді игеруге және ғылымды алға жылжытуға көмектеседі» деген пайымдаумен келіспеуге болмайды. Бұл пайымдауды толық дәрежеде мәдениет пен өнердің бір болып табылатын қазақ ұлттық ойындарының таихына да жатқызуға болады.

Өзінің этнографиялық зерттеулерінде Б.Г.Төтенаев,былай деп көрсетеді: «Қазақстан аумағында тұрып жатқан тайпаларда мал шаруашылығы мен аңшылық сияқты шаруашылық түрлері басым болғандықтан, әр түрлі ойындардың қалыптасуы жануарлардың қимылына, табиғат құбылыстары мен адамдардың өміріне еліктеумен қоса жүрді. Сонымен, қазақ ұлттық қимыл ойындары мен көңіл көтерулері шығу тегі мен  қызметі жағынан сан қилы және әр түрлі болып келеді. Олар тарихи жолды объективті көрсетеді, Қазақстан Республикасы дамуының әр кезеңдегі этикалық процестерді бейнелей көрсетеді».

Өзіміздің келесі ізденістерімізде біз ең алдымен өз алдымызға әр түрлі ұлттық қимыл ойындарын пайдаланудың тиімділігін айқындауды мақсат етіп қойып отырмыз. Дене тәрбиесінің практикасын зерттеумен айналысып жүрген авторлар өз байқауларында осы бағыттағы мәселелерді ашуға қадам жасайды. Мысалы: Ю.А.Афанасьев, өзінің байқаушылық зерттеулерінде, дене мәдениетінің 2 сабағынан басқа оқу процесіне қимыл ойындары бойынша 1 сағаттық қосымша сабақ енгізіп, оқушылардың жақсы көрсеткіштеріне қол жеткізеді. А.П. Соколов, «…Қазіргі кезде дөрекілік, өзімшілдік, қадір-қасиетті төмендетудің байқалуына ықпал ететін ойындр мен көңіл көтерулер қазіргі заманғы дене тәрбиесімен педагогикалық ғылымға сәйкес келмейтін талаптар ретінде қазіргі заманғы дене тәрбиесі жүйесінен жойылуда» деп пайымдау жасайды.

Дене мәдениетінің интернационалдық қырларын қарастыра келіп, Г.А. Решетникова, ұлттық қимыл ойындар мен жаттығұлары сауықтыру және тәрбиелік мәдениеттерді келіп шешуге бағыт ұстайды деген байлам жасайды. Олар белгілі бір халықтардың мінез-құлық нормаларын қабылдауға ықпал ете отырып, сондай-ақ жеке адамға адамгершілік жағынан әсер етеді.

Кейбір ғалымдардың осы заманғы халықтардың мәдениетінің ұлттық формаларының әр алуандығы, дене шынықтыру саласындағы мәдени өзара байытудың елеулі алғы шарттарының бірі болып қызмет етеді. Өйткені, жекеленген халықтардың спорт пен дене тәрбиесі дүние жүзінің басқа халықтарының спорт, дене тәрбиесі жүйесімен өзара әрекеттесу үстінде дамиды дейтін пайымдауын шындыққа жанасымды деп есептейміз.

Дене тәрбиесі мен спорт саласында өзара байыту, өзара әрекеттесу осы заманғы қоғамның объективтік жүйелері мен құбылыстарын бейнелейді. Алайда, олардың мазмұны мен формасы адамдардың тұрмыс салттары мен тенденцияларына сәйкес келмейтін элементтерімен көбірек шатысып кеткен.

Ұлттық тәрбиедегі күллі құндылықтар мен озық атаулының бәрі өзінің рухы бойынша басқа халықтарға жақын. Бұл озық атаулының бәрін тек ұлттық деп қана емес, интернационалдық деп те түсінуіміз керек. Әдетте интернационалдық атау ұлттық мәдениеттердің әрекеттестігі арқылы көрініс береді.

Бұл тұжырым дене тәрбиесінің жекелеген ұлттық формалары мен құралдары арқылы қуатталып, интернационалдық элементтерге қолайлы жағдай туғызылып отыр.

Дене тәрбиесінің ұлттық жүйесінде, спорт пен дене шынықтыру мәдениетінің ұлттық формаларында жалпы маңыздылыққа ие нәрселер бар. Сондықтан да, көптеген халықтарға олар әрі түсінікті, әрі ортақ. Алайда, ұлттық және интернационалдық спорт түрлерінің өзара әрекеттесу қарқыны ең алдымен қоғам өмірінің тарихи жағдайларына байланысты. Бірқатар ғалымдар бұл құбылыстардың салыстырмалы түрд екенін ескере отырып, тарихтың әрбір жаңа кезеңінде ұлттық және интернационалдық нышандар жаңа бірлік түрінде көрініс табады деген тұжырымға жүгінеді.

Қазақстандағы спорт пен дене тәрбиесі мысалдары арқылы ұлттық дамудың бұл сияқты процестерін айқын, әрі түсінікті түрде ашып көрсетуге болады. ХІХ ғасырдың аяқ шені мен ХХ ғасырдың бас кезінде ұлттық тәрбие өз мазмұнына ең алдымен ұлттық-өзгеше, ал интернационалдық – негізінен халықаралық жарыстар ережелерінің жекелеген элементтерін соның өзінде, тек ат спортытүрлерін алады.

ХІХ ғасырдың 90-жылдары ұлттық тәрбие спорт пен дене тәрбиесінің туыстас ұлттық формаларынан ғана емес, көптеген интернационалдық, халықаралық құралдар мен дене тәрбиесінің формаларынан, олимпиадалық ойындарды қос алғанда ойындар мен спорт түрлерінен көптеген құнды, озық нәрселерді қабылдайды.

Ұлттық тек тарихи нәрселерді ғана емес, осы заманғы қоғамдық өмірдің кең, әрі терең жүйелерін қамтиды. Біздің замаңымыздың ғалымдары өз еңбектерінде бұл мәселе жайында жан-жақты жазған.

Олардың еңбектерінде ұлттық тәрбие түрлері спорт пен дене тәрбиесі дамуының көптеген жақтарын қамтиды. Оларда интернационалдық сарын барған сайын айқын көрініс береді. Осының арқасында спорттың ұлттық түрлері оның мазмұнын байытып, тәсілдік жағынан ықпалды ете түсті.

Дүние жүзінің көптеген елдердегі спорттың ұйымдастыру жұмыстары мен дене шынықтыру жаттығуларына үйрету әдістерінің, спорттық жаттығу әдістерінің, спортшыларды психологиялық даярлау ерекшеліктерінің, спорттық жарыстар өткізу талаптарының, спорт пен дене тәрбиесінің басқа да құбылыстарының тұтас бір кешені мазмұнында, интернационалдық көптеген ортақ мазмұндар бар.

Айтылған пікірлерге байланысты ұлттық жалпы ағымды бейнелейтін нақтыфактілер келтіруді жөн көреміз. Қазіргі қазақ спорты мен ойындарының ұлттық түрінен ұлттық жарыстарының ережелері, шын мәнісінде спорттық ойындар мен спорттың классикалық түрлері жарыстарының ережелері негізінде түзілді. Бұларға қазылар алқасының міндеттері, жарыс өткізу туралы ережелер  мен орны, ойынға қатысушыларға қойылатын талаптар, жарыстар өткізу жүйесі мен жарыс жеңімпаздарын талаптар, жарыстар өткізу жүйесі мен жарыс жеңімпаздарын анықтау, т.б. ұстанымдар жатады. Мұндай ұстанымдар әсіресе, көкпар, қазақша күрес, аударыспақ, аламан бәйге сияқты ұлттық спорт түрлерінде айқын байқалады.

Жоғарыда айтақнымыздай, ұлттық тәрбие жеке, оқшау құбылыс ретінде өмір сүрмейді, керісінше, ол интернационалдық құбылыстармен сан мың арқаумен байланысқан. Олар ұлтың негізгі принциптеріне, өмір сүру жағдайларына қайшы келмейді. Сондықтан, әр халықтың өмірінде тек шын мәнінде ұлттық ойын түрлері сақталып қалған. Ал, басқалары бірте-бірте жоғалады, бұған кеңес өкімет  тұсындағы көп жайлар мысал болады.

Қазіргі демократиялық қоғам жағдайында ұлттық белгілер интернационалдық қатынастар құрамына кіреді, керісінше де болуы мүмкін. Қайтадан жаңарған интернационалдық белгілер жекелеген ұлттардың жетістігіне айналып, бірте-бірте интернационалдыққа өтеді. Соның өзінде ұлттық нәрсенің интернационалдыққа өту жүйесі олардың бірлігіне нұқсан келтірмейді. Бұған ұлттық спорт түрлерінен бір мысал келтірелік. Қазақтың жамбы атуында, қырғыздың күресінде, өзбектің Бұқара ережелері бойынша күресінде қаншама өзара ауысу жүйелері болды. Бұл табиғи нәрсе. Қазіргі күндердегі анағұрлым жетілдірілген спорт түрлері мен спорт ойындары нақ осындай жолдан өткен.

Қазіргі қоғамның дамуы жағдайында ұлттық және интернационалдық диалектиканың жаңару мәнісі мынада: біріншісі барған сайын жақындап, екіншісімен араласып кетеді. Екеуі  өзара байланысты, себеп – салдарлас болып отырған жүйе көз алдымызда өтіп жатыр: бұрын үлтық атаулының формалары көбейіп, мазмұны байып, ұлттық қарым-қатынаста әрқашанда анықтаушы болып табылатын, ал бүгінде интернационалдық сипаттың рөлі тоқтаусыз арта түсіп келеді. Бұл жақындасудың мәнісі сол –ұлттық форма ендігі жерде интернационалдық негізде дамып отыр, бұл даму интернационалдықтың ара салмағын ұлғайту жолымен жүргізіліп жатыр. Ұлттықты интернационалдық деңгейге көтеруді жалпы маңыздылығы зор мәселе.

Мұндай жүйенің маңыздылығын спорт  түрлерінің тарихы дәлелдеп отыр. Мәселен ерте дәуірлердергі сақаны доптың орнына пайдаланып ойнау ойыны негізінде шыққан орта азиялық, парсылық човчан (чадга) ойыны уақыт өте келе, күлкі азиялық, одан кейін ат добы деген атпен дүниежүзілік ойынға айналады.

Ұлттық мәдениеттерді жақындастырудың объективті заңдылықтарына сәйкес Орталық Азия халықтарының дене шынықтыруы да дамып келеді. Осы жақындасу арқылы ғана дене шынықтыру мен спорт ұлттық түрлерін интернационалдандыру жолына шығуға болады.

Біздің еліміздің дене шынықтыру тарихындағы жақындасу үрдісі бұрыннан бар болғандықтан, дене шынықтырудың қазіргіұлттық түрлерін интернационалдандыру мәселелері туралы сөз қозғағанды жөн көрдік.

Дене шынықтырудың қазіргі ұлттық түрлерін интернационалдандыру – заңды құбылыс. Біздің елдегі дене шынықтыру өз мазмұны мен түрі жағынан бұрынғы кеңес дәуірі кезеңіндегі бір бағыттағы міндеттерден келіп шығатын     жеке тұлғаны жан-жақты да жарасымды дамытуға бағытталғандығынан деп түсіндіреміз.

Осы байқаулардың нәтижелерін жинақтай келіп, әр түрлі ұлттық қимыл ойындары жалпыға бірдей қабылданған әдіс-амалдары табысты түрде толықтыра түседі, ал жекелеген жағдайларда, айналысушылардың құрамына байланысты дене тәрбиесінің негізгі біріне айналады деп пайымдау жасауға болады.

Осыған байланысты қазіргі заманғы дене тәрбиесінің практикасында оларды пайдалану үшін ұлттық қимыл ойындарын таңдап алу, оларды оқу процесіне қолдану-педагогикадық жағынан өзін ақтамайды деп аталып жүрген, дөрекілік, денсаулыққа зиян құмарлық, қаталдық, пайдакүнемдік және басқа да жағымсыз сапалар туғызатын қимыл ойындарын електен өткізуді қажет етеді. (Т.Қуаныш,1997). С.Г.Гагиев (1958) «ойынды таңдап алуға әрбір ойынның ролін бағалай отырып, қатар сыншылдықпен келген жөн. Қазіргі оқу процесінің талаптарына жауап беретін ойындарды ғана таңдап алу керек» дегенді дұрыс айтады.

Ұлттық қимыл ойындарының көптеген түрлері оларды орынды пайдаланған кезде жеке адамның (оқушының) үлесімді дамуы қамтамасыз етеді, себебі, әрбір ойынның жүктеме дәрежесіне қарай өз ерекшеліктері мен ұтымды мен тұстары болады. Бұл тұжырымды біз жас ерекшеліктерін, дене сапалары мен психофизиологиялық жүктемелер көрінісін ескере отырып, қызық ұлттық ойындарын саралау мақсатында өзіміз жүргізген ғылыми ізденіс барысында дәлелдедік.

А.Б.Бүркітбаев, ұлттық ойындар дене қасиеттерін жетілдіруге тәрбиелей отырып, айнылысушыларда параллельді түрде ойлау, жатқа тоқу, елестету сияқты қаситеттерді дамытады деп санайды. Мұның өзі қимыл ойындарының үлкен тәрбиелік-білім берушілік маңыз алатынын білдіреді, олыр мәні жағынан жалпыға мәлім қимыл ойындарынан кем түпейді, ал ұлттық республикаладың нақты бір жағдайларына олар дене тәрбиесінің баға жетпейтін құалы болып табылады. Автордың айтуынша, осы ойындардың айналысушы адамдардың моторлық және психикалық қызметіне бір мезгілде ықпал етуі ерекше құндылық болып көрінеді.

Үстіндегі қазақ ұлттық ойындары туралы айтпай кетуге болайды. Бұл ойындар балалардың ақыл-ой қабілеттерін дамытады, оларды ойынға қатысушылардың математикалық қабілеттерін жетілдіруге ықпал көрсете отырып, аналитикалық талдауға үйретеді. Осы тұрғыдан әсіресе «тоғыз құмалақ» ойыны айрықша тиімді. Е.С.Сағындықовтың, зерттеуі көрсеткендей, бұл ойын пайымдай білуді, логикалық ойлау білуді, күрделі сәттерде талдай білуді дамытады. Бұл ойынды жақсы ойнайтын балалардың әдетте математика пәні бойынша жақсы үлгерімге қол жеткізетіні дәлелденген.

Сонымен, бұл бөлімдегі аталып кеткен деректерге байланысты «дене тәрбиелеу мәдениеті» сабағында қазақтың ұлттық ойындарын қолданудың қазіргі кезеңдегі ғылыми көзқарастары жөнінде келесі қорытындыға сүйенеміз.

Қазіргі кезеңдегі ғылыми көзқарастарды  ғалымдардың (автордың) жалпы және жеке көзқарастарымен сипаттаймыз.

Жалпы көзқарастары:

– Қазақ ұлттық дене қасиеттерін тәрбиелей отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін, зейінділігін, жатқа тоқу, елестету қасиеттерін дамытады деп санайды. Үлкен тәрбиелік – білім берушілік маңызын атап көрсетеді.

Ал, жеке көзқарастармен әрбір ғалымның жеке көтерген ірі мәселелері сипатталады. Ғалымдадың келесі ірі мәселелерді зерттеу керек екенін байқадық:

-Логикалық ойлау, ой қабілеттерін дамытуға көп көңіл бөледі;                    (Сағындықов Е.)

-Қазақ ұлттық ойындарының шығу тарихы (Тәнекеев М.).,

-Мал шаруашылығы мен аңшылыққа байланысты ойындар (этнографиялық зерттеулер)(Төтенаев Б.)

қорытынды

мағлұматтар  бойынша негізгі зерттеулеріміздің алғашқы мәселелері бірсыпыра шешілгені ретінде бағалауға болады.

Бұл нәтижелер жұмыстың бірінші міндетін шешуге арналған олардың құрылымдық схемасы 1-ші суретте көрсетілген. Суреттекөрсетілгендей мектептегі дене тәрбиелеу мәдениеті сабағында қазақтың ұлттық ойындарын қолданудң теориялық негіздері келесі компоненттерден құрылады.

1.       Қазақ ұлттық ойындарының білімдік және тәрбиелік маңызы: жасөспірім ұрпақты ел қорғауға, бауырмалдыққа, ұлттық патриоттық сөзімді дамытуға негізделеді.

2.       Әдебиет талдаудың нәтижесінде топтастырудың бірнеше бағыттары анықталады:

а)                                                           ә)

1.Салт-дәстүр негізінде.                     1.Дене шынықтыру спорт

ойындары.

 

2.Жастар ойындары.                           2.Ойлау қабілетін дайын-

дайтын ойындар.

 

Б)                                                                 в)

1.Ат спортының түрлері.                     1.Зейін мен қимыл реак-

циясына тәрбиелейтін

ойындар.

2.Атқа мініп жүруге байланысты          2.Негізгі қимылдық сапа-

ойындар.                                                ларды кешенді дамыта –

тын ойындар.

3.       Оқушылардың анатомо-физиологиялық және психологиялық ерекшеліктерін білу. Олардың ішінен бойын, салмағын, кеуде көлемін, оң, сол қолдың күштері т.б. көрсеткіштердің даму заңдылықтарын білдік.Сонымен қатар мынадай зандылықтардыесепке алу қажет: ербалаларда 13-14 жаста жыныстық жетілуы толық жетіледі, ал қыздарда 11-12 жаста.

4.       Казіргі кезендегі  ұлттық ойындар туралы келесі ғылыми козқарастары бар:

–    жалпы козқарастары: қазақ ұлтық ойындары дене қасиеттерің тәрбиелейотырып, оқушылардың ойлауқабілеттерің, зейінділігің, елестетуқасиеттерің дамытады;

–       жеке козқарастары: СагындыковЕ. – логикалық ойлау, ой қабілеттерің дамыту; Тәнекеев   М.- қазақ ұлтық ойындарының

шығу тарихы; Төтенаев Б. – мал шаруашылығы мен аншылыққа байланысты  ойындар.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.     Қуаныш Т.Ш. Дене тәрбиесінің теориялық және әдістемелік негіздері. – Алматы, 1997. -260 б.

2.     Төтенаев Б.А. Қазақстанның ұлттық ойындары. – Алматы Қайнар,  1994. – 144 б.

3.     Тәнекеев М.Г. Қазақстанның дене тәрбиесі жөніндегі тарихы. (Оқу құрал) – Алматы, 1977. – 169 б.

4.     Буркітбаев А.Б. Роль и место национальных видов спорта в физическом воспитании подрастающего покаления.Материалы IV научно-практическая конференции по проблемам физического воспитания. – Алма-Ата, 1979. –Б. 79-80

5.     Сағындықов Е. Қазақстан ұлттық ойындары. – Алматы: Рауан, 1991. – 74 б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *