«Ұстазым, биік мәртебең!» атты мұғалімдер күнінеарналған мерекелік бағдарлама.


Дүйсенбай Арайлым Алиқызы

Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы Балалар мен жасөспірімдер орталығының

Қосымша білім беру педагогы

Жүргізушілер: Балалар мен жасөспірімдер орталығының мұғалімі Үмбеталиев Асылбек пен Болтай батыр орта мектебінің мұғалімі Карымбаева Балжан, Абдыхалық Еркеайым мен Қонысбай Диас

 

1)Сырттан: Сахнада Халықаралық балаларды қорғау күніне орай  өткізілген республикалық «Шабыт шеруі» балалар мен жастардың музыкалық ансамбльдерінің шеруінде  үздік өнер көрсеткен  барабаншылар мен кернейші, домбырашы мен қобызшылар ұжымы . Композиция.

 

Фанфар.

 

Асылбек : Ассалаумалейкум жиналған қауым!

Балжан: Армысыздар бүгінгі мерекелі кешіміздің қәдірлі қонақтары!

 

 Диас:Мұғалім. Бұл адамның ардақты аты,

Білімдік бар биікке шығар саты,

Ең алғаш басталады осы адамнан.

Сүйеді сондықтан да жақын-жаты…

 

Еркеайым: Ұстаз жұрты бақыты ғой әлемнің,

Ұстаздықтан бақыт отын көремін.

Мектептердің ұстаздары ғажайып,

Тамсанады сізге қарап өз елің.

 

Асылбек: Диас,Еркеайым сендер кім туралы айтып жатсыңдар?

 

Диас: Әрине,ұстазымыз туралы.

 

Балжан: Онда бәріміз бірге «Ұстаз кім?»- деген сұраққа жауап беріп көрейікші?!

 

Асылбек: Шәкірт жанын ұғатын да-ұстаз!

 

Еркеайым: Өмір жолын табатын да –ұстаз!

 

Диас: Жамандықты жоятын да-ұстаз!

 

Балжан: Білім нәрін құятын да –ұстаз!

 

Асылбек: Түпсіз терең тұңғиықтың түбегінен шығарып алып, ақ жолды үстейтін де-ұстаз!

 

Балжан: Ақ жүрегіңнің түбегінен орын алып түспейтін де-ұстаз!

 

Диас: Ендеше, осы қадірлі де қымбатты ұстаздарға арналған «Ұстазым, биік мәртебең!» атты мерекелік бағдарламаға

Бәрі бірге: ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

 

Асылбек: Олай болса осындай ұлы мамандықтың иелеріне құттықтау үшін ортаға бүлдіршіндерді шақырамыз.

 

2)Бастауыш сынып оқушылары тақпақ айтады Әлихан Бөкейханов атындағы ортамектебінің бастауыш сынып оқушылары

 

Балжан:Хан бол, мейлі, қара бол,

Дарын бол, мейлі, дара бол!

Өтетін бәрі алдынан,

Ұстаздар бейне сара жол!

 

Асылбек:Ұстаздар-ұлттың тірегі,

Ұстаздар-елдің жүрегі!

Ұрпаққа жетер ұстазбен,

Халықтың ұлы тілегі!

 

3) Ортада Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің оқушысы Таженова Қымбаттың орындауында «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар!

 

Асылбек : Алтын  күздің  алғашқы  мерекелерінің  бірі  ұстаздар  күні!  Бұл  күнді  жыл  сайын  мейірімді  әз  бейнелер  одан  әрі  құлпыртып, қоңыр  күзді  жадыраған  күлкісімен, мейірімді  жүзімен  шуақтандырып  келеді.

 

Балжан: Иә ,  мұғалімдер  күні  әлемдегі  ең  көрікті  мерекелердің  бірі. Бәріміздің  жадымызда  мәңгі  сақталып,  саналы  ғұмырымыздың  бір  бөлігінде  жол нұсқаушы  болған, жақсылыққа  жетелеп, лебізімен  ұйытқан , жүрегімен  сүйіп, жанарымен  жылытқан  бірден – бір  жан,  ол – Ұстаз.

 

4) -Сахнада Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің домбырашылар ансамблі. «Күй сайысы»

 

 Еркеайым:Ұстаз – әке, өйткені, ол шәкірттеріне аямай қамқорлық жасайды.

 

 Диас:Ұстаз – ана, ол шәкірттерін туған анасындай баурап, өмір қиындықтары мен қызықтарын сезіндіріп аялаудан, мәпелеуден жалықпайды.

 

Асылбек:Балжан білесің бе біз әрбір жетістігіміз үшін өзіміз білім алған оқу ордасына, білім нәрін сепкен ұстаздарымызға борыштармыз және үнемі рахмет айтып басымызды иеміз.

 

Балжан: Әрине, Асылбек сол үшін де «Туған мектепке тағзым » акциясы ұйымдастырылған жоқ па? «Туған мектепке тағзым» акциясы түлектерді туған жеріне, білім алған мектептеріне , сабақ берген ұстаздарына құрмет көрсетуге шақырумақсатында ұйымдастырылды. Оқушыларға өз мектептерін бітірген танымал түлектердің табысты өмір жолын үлгі етуге мүмкіндік болды.

 

Асылбек:   Иә, расында Жақсылық ауылынан түлеп ұшқан Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Филология және әлем тілдері» факультетінің деканы Өмірхан Әбдиманов, Олимпиада чемпионы Ермахан Ибрайымов, «Байсақ-Болашақ» Республикалық қоғамдық бірлестігі экологиялық Альянсының президенті Азаматхан Әміртаев, Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары Жамал Баймолдаева мен Жандос Омаров, Қыздар педагогикалық институтының оқытушысы Айсұлу Мұқанова сынды түлектерді мақтанышпен айтуға болады.

 

Балжан: Т.Рысқұлов  ауданы ауылдарынан арман қуып аттанған түлектер  халыққа танымал кино және театр актерлары, әнші, композитор,  елге белгілі тұлғалар дәрежесіне жеткен Бақытжан Әлпейісов, Азамат Сатыбалды,Гүлмира Ақүрпекова, Тахмина Әшімбекова, Досымжан Таңатаров, Гүлнұр Өмірбаева, Мейіржан Самылтыров  сынды өнер жұлдыздарымен кездесу рухани баюға септігін тигізді. Әбжапарлық Әбдікерімовтер мен Ақүрпековтер, Қайыңдылық Смаиловтар  отбасының өнегелі істері жас ұрпаққа қашанда үлгі болса, осы заманның «Атымтай жомарты» атанған ағайынды Мейрамбай, Сайранбай Дөненбаевтардың халыққа жасаған қыруар еңбегін айтып тауысу мүмкін емес.

 

Асылбек: Аудан мектептерінде білім алып, алтын ұядан түлеп ұшқан БАҚ өкілдері, қаламы қарымды журналист, ақын, жазушы, композитор  ретінде танымал  Әдібай Табылды,  Сейсен Қожеке, Шырын Мамасерікова, Тұрсынхан Жаманбаев, Нұрлан Байкөзов, Әуесбайдың Қанаты, Гүлнұр  Егембердиева, Гүлмира Әбішева, Руслан Әбдіманапов, Қамар Қарасай, Табиғат Абайілдаев, Ардақ Үсейінова, Нұрболат Әлдибеков, Асхат Қылышбеков т.б еңбегі жас ұрпаққа өнеге.

 

Диас: Мен өскенде ел тұтқасын ұстар азамат болғым келеді.

 

Еркеайым: Ал, мен Диас ғұлама ғалым болғым келеді. Сонда мен де мектебіме келіп, ұстаздарыма құрмет көрсетер едім.

 

Асылбек: Ниеттеріңе жетіңдер балақайлар.

 

Балжан: Келесі кезекте назарларыңызды экранға аударсаңыздар. Өздері қалаған мамандықтың иесі атанып, ел мақтанышы болып жүрген ауданымыздың түлектерінің құттықтау сөздерін қабыл алыңыздар.

  1. Өмірхан Әбдиманов Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Филология және әлем тілдері» факультетінің деканы
  2. Ермахан Ибрайымов Олимпиада чемпионы
  3. Нұрлан Байгөзов

 

5) Асылбек:Қымбатты ұстаздар!«Өнер» мектебінің оқушысы Абай Элизаттың орындауында «Көңілді күн»әнін қабыл алыңыздар!

 

Диас: Балжан апай мектепте жақсы оқып, үздік нәтиже көрсетсең шетелде білім алуға болады деген рас па?

 

Балжан: Әрине, Диас қазіргі таңда біздің елімізде ол үшін  барлық жағдай жасалған.

 

Асылбек: Тіпті мектепті жақсы оқып аяқтасаңдар сенің де, Еркеайымның да мүмкіндігі бар.

 

Балжан: Осы ретте  дәл қәзір шетелде білім алып жүрген аудан мектептерінің түлектерінің жалынды сәлемі мен құттықтауларын қабыл алыңыздар.

Видео құттықтау

  1. Янна Яломенко КТК арнасының журналисті
  2. Ахаев Расул Лондонда оқиды
  3. Битай Айдын Турция
  4. Төлегенов Ануар Москва

 

6) Асылбек: Осындай керемет құттықтаудан кейін Балалар мен жасөспірімдер орталығының тамаша биін  қабыл алыңыздар. «Қазақ биі»

 

Асылбек: Балжан, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Ұстаздар күні» мерекесінің идеологиясын күшейту және мерекелеу тәртібін арттыру мақсатында барлық білім беру ұйымдарында мерекелік іс-шаралар өткізілді. Аудан оқушылары, педагогтары республикалық «Ұстазыңды ұлықта!» атты акцияға белсене қатысты.

 

Балжан: Ия, педагогтың беделін арттыру,мұғалімдерге қамқорлық көрсету және көңіл бөлу, ел азаматтары тарапынан мұғалімдерге құрмет білдірумақсатында ұйымдастырылған акция ауданда үлкен қызығушылықпен өтті.   (Слайд ұстаздарды құттықтап жатқан)

 

Асылбек: Осы орайда  ортамызға осынау  елеулі мерекемен  ұстаздар қауымын құттықтау үшін сөз кезегін  аудан әкімі   Қырықбаев Асқар Санатұлына береміз.

Әкім өз ұстазын құттықтайды.Ұстаздарын құттықтайды, грамоталар береді.

 

Балжан:Марапаттарыңыз құтты болсын! Сіздердің құрметтеріңізге ортада Құлан орта мектебінің оқушысы Ерболқызы Қарлығаштың орындауында «Ұстазыма» әнін қошеметпен қарсы алайық.

 

Асылбек: «Ғалым да, шахтер да бас иетін,

Ұстазым бар сенің қасиетің», … Балжан, осы әннің сөздері қандай тамаша айтылған! Шынында да барлық маманның бастауы – Ұстаз!

 

Балжан: Иә, дұрыс айтасың. Олай болса, мерекелік бағдарламаға арнайы келген қонақтарды шақырайық.

 

(Әртүрлі мамандық иелері ұстаздарды құттықтайды. Өздерін таныстырып, қай салада қызмет етіп жүргенін айтады)

Би Ортада Балалар мен жасөспірімдер орталығынын бишілер тобы

Асылбек:Қазақ зиялысы Мағжан  Жұмабаев: « Алты алаштың басы қосылса, төр мұғалімдікі» деген ғой.Демек, осындай қадыр-қасиетке, құрметке ие бұл кәсіптің ұлылығын таныту үшін алғаш педагогикалық еңбек жолын бастағалы отырған жас мамандарды ұстаздар қатарына қабылдау сәті де келген сияқты.

 

Балжан:Ендеше, жас мамандарды ұстаздар қатарына салтанатты қабылдау құрметі Қазақстан Республикасының «Үздік педагог» атағының иегері  Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Скребец Светлана Николаевнаға беріледі.

Құттықтау сөз.

Асылбек: Ортаға еңбек жолын бастағалы отырған жас мамандарды шақырайық:

  1. Саттарова Мадина Еділханқызы М.Горький атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі
  2. Әділ Мөлдір Дүйсенбекқызы Ақтоған орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі
  3. Сейсен Ақерке Мейрамбекқызы Құлан орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі
  4. Өскенбаева Лаура Азатқызы Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі
  5. Есберген Жамбыл Бахтыбекұлы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
  6. Дакенов Әкежан Бақытұлы №1 мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі
  7. Баякеева Гүлсім Бауыржанқызы Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі

 

Жас мамандарға лента тағылады, ант айтады

-Мұқан Төлебаев атындағы балалар музыка мектебінің «Бибі» вокалдық ансамблінің орындауында Бауыржан Тұрғараевтің «Мектебім» әні

Диас:  Білімнің  кәусәр бұлағын

Жүресің құйып санама.

Біз үшін сенсің мұғалім

Ұстаз да, ғалым, дана да.

 

  Еркеайым:    Мұғалім – ғазиз мұғалім,

Сарқылмас мәңгі бұлағым.

Ұланың бүгін тойыңда,

Арнайды саған бұл әнін- дей келе, сахнаға Октябрь шаруа орта мектебінің оқушысы Серік Мерейдің орындауында «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.

 

 

Асылбек :Ұстаздарым, еңбегіңіз сөнбесін,

Табыстарыңыз бүршік жарып гүлденсін.

Сіз жолдаған жолыңызға киелі

Буырқанған кіршік лайы төнбесін!- деп құттықтау кезегі аудандық білім бөлімінің басшысы Абуталипов Ербол Абақұлымен аудандық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Тойбекова Зәуреш Орынқұлқызына беріледі

(Марапаттайды)

 

Балжан:Құрметті  ардагер ұстаздар біз сіздердің еңбектеріңізді еш уақытта ұмытпаймыз. Аудандық білім бөлімі мен кәсіподақ ұйымының атынан естелік сыйлықтарды қабыл алыңыздар.

 

зейнеткерлер аталады

р/с Мұғалімнің аты,жөні мектебі
1 Мұхтарова Есенкүл Мқхтарқызы Білім бөлімінің ардагер ұстазы
2 Нұрмағанбетова Бәтен Маупаевна Қорағаты орта мектебі
3 Кузнецова Людмила Алексеевна №1 мектеп лицей
4 Әбілдаев Асылхадыр Ә.Бөкейханов
5 Қасенова Әсия Ш.Уәлиханов
6 Жылысбаева Құндыз Құлан
7 Жантықова Айгүл Ю.Гагарин
8 Бейсенбетова Фатима О-шаруа
9 Сатова Патшакүл Абай
10 Сұлтанқұлова Тұрсынкүл Б.Момышұлы
11 Ниязқұлов Өмен М.Әуезов
12 Каримова Мариям Қ.Сәтбаев
13 Ынтымақова Алтыншаш Т.Рысқұлов
14 Суанбекова Айсара М.Горький
15 Аденова Нұршакүл Ақбұлақ
16 Алдабергенова Тынышкүл Қызыл шаруа
17 Керімбаева Күлипа Қорағаты
18 Сүлейменова Шапен Қ.Сұлтанбеков
19 Қожабергенова Күлән А.Байтұрсынов
20 Оразбаева Гүлсара Ақтоған
21 Истомина Райса Николаевна Подгорное
22 Райымова Тұраркүл Болтай батыр
23 Искакова Адаскүл Ы.Алтынсарин
24 Байғұттиева Сәуле Малдыбай
25 Серкешбаева Қалима Ақыртөбе
26 Тілеуқұлова Асыл Жамбыл
27 Асанбай Ниетқұл Р.Смайлов
28 Сакулова Әния Бірлес
29 Артықбаева Мәрия Қызыл ту
30 Тілеубекова Рәшкүл Алғабас
31 Таутабаева Раушан А.Шынасилов

 

 

 

 

Асылбек :Ақыл,сана сабыр,талас-тартысу,

Мұғалімнің табиғаты жалпы осы

Бос уақыты: бізден басқа ойы жоқ

Бос уақыты:әрбір түннің жартысы

 

Еркеайым: Махаббаты: бала және Отаны

Сүйікті ісі: кітап,қағаз қопару

Демалысы:шәкірттерге хат жазу,

Ал кәсібі:от беру мен от алу.

 

Диас: Қашан көрсең күліп бара жатқаны,

Күлетіні:бақыттылық нышаны.

Байлықтары: шәкірттердің хаттары.

Ұстаздары ұмытпайды аттарын.

 

Балжан: Бұл халықтың мектеп-мекен-тұрағы,

Мектеп десе жан дүние құмары.

Үсті-үстіне қатты соққы жүрекпен,

Өзін-өзі ұмытудан тұрады.

 

Бірге: Асыл ұстаздар, өздеріңіздің алдарыңызда басымызды иеміз!

 

…«Ұстаздар үшін» әні

Төртеуі осы өлең жолдарын айтып болған соң бірден ән басталу керек. (Бәрі бірігіп айтатын, бәрі ортаға шығады)

 

Балжан: Мерекелеріңіз құтты болсын аяулы ұстаздар! Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

Аяқталады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *