Әли мен Айяның қонаққа келуі.


Мухтарова Камар Жаксыбергеновна
КМҚК «Қарлығаш» балабақшасының тәрбиешісі

Сабактың мақсаты:

Білімділік: Балаларды көркем сөздерді,мақал-мәтелдерді,тыйым сөздерді пайдалана отырып, грамматикалық дұрыс сөйлеуге үйрету.Сұрақ қою арқылы байланыстыра сөйлеу мәнерін,қойылған сұрақтарға дұрыс,толық жауап беруге үйрету.

Дамытушылық: Балалардың  ойлау, қиялдау дағдыларын дамыту.Сөздік қорларын дамыту.

Тәрбиелік: Балаларды тапқырлыққа, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, бір-бірінің жауабын тыңдауға, айналадағы қоршаған ортаны сүюге тәрбиелеу.

Қажетті көрнекіліктер: Ағаш суреттері, жапырақтар, жан-жануарлар, жыл мезгіліне арналған слайдтар,ойынға арналған киынды суреттер.

Әдіс тәсілдер: Көрсету, сұрақ -жауап, көркем сөздер.

Қос тілдік компонент: Домашные животные – үй жануарлары, времена года – жыл мезгілі, лето-жаз, осень-күз, зима-қыс, весна-көктем,- семья – отбасы.

Балалар бізге қонақтар келіпті, қонақтармен амандасып алайық.

Шаттық шеңбер:

Жарқырап күн де ашылды,

Айналаға нұр шашылды.

Біз нәзік қыздармыз!

Біз ержүрек  ұлдармыз!

Қыз қолында гүл жүрсін,

Ұл қолында ту жүрсін.

Қайырлы күн, достарым!

Қайырлы күн қонақтар!

Тәрбиеші: Балалар, орнымызға отырайық.

-Балалар,мен сендердің білімдеріңді ,үйренгендеріңді көрсін деп  Балапан

бағдарламасынан Әли мен Айяны шақырдым.Бағдарламаны ашып көрейік.

Теледидар қосылады.

Теледидардан «Балапан» арнасынан Әли мен Айя көрінеді.Олар «Қарлығаш»балабақшасы Арғымақ тобының балаларына қонаққа келетіндерін айтады.

Музыка әуенімен Әли мен Айя кіріп,балалармен амандасады.

Айя:Балалар біз сендердің балабақшада не үйренгендеріңді,не білетіндеріңді білгіміз келеді.  Біз сиқырлы қобдиша әкелдік,ашып көрсек қайтеді.

Тәрбиеші:Ашып көрейік,қараңдар ішінде тапсырмалар бар екен.

Мына жапырақтағы тапсырма:Ойдан жыл мезгілдеріне ертегі құрастыру .

Әли:Ертегі құрастыра аласыңдар ма?

Балалар: Иә, ертегі құрастыра аламыз.

Гүлниса: Ерте, ерте, ертеде Жыл деген ақсақал болыпты. Оның төрт қызы болыпты. Үлкені қыс тентек, ашулы, қатал болыпты. Қар жауып, аяз болады, боран соғады.

Арнұр: Одан кішісі Көктемгүл көңілді, ашық міңезді, асқан сұлуымен көрінген. Қар еріп, күн жылынып, гүлдер шығады. Құстар жылы жақтан қайтып келеді.

Асылжан: Одан кішісі Жазгүлдің даңқы жайдары,салмақты мінезімен шығыпты.Жүрген жері думан екен ,өзі сұлу,әдемі екен.Жазда күн ыстық,далада ұзақ уақыт ойнаймыз.

Айзере: Кенжесі Күз ерке болып өскендігі ме,мінезі сылбыр,көңілшек  болыпты.Болмашы нәрсеге өкпелеп аузы бұртиып,көзінен жас кетпейді екен.Қолы ашық жомарт болыпты.Жапырақтар түсіп ,жауын жауып,құстар жылы жаққа ұшып кетеді.

Әли мен Айя: Ертегілерің керемет екен,бізге қатты ұнады.

Тәрбиеші: Әли мен Айя сендердің достарың  бар ма?

Әли,Айя: Әрине бар, түйе,кушік,көжек.Біз өзіміздің достарымызды қатты сағынып кеттік.

Тәрбиеші: Біздің балалар да үй жануарларын жақсы көреді.

Екинші тапсырмада  үй жануарлары туралы екен.

Д.Аяулым: Жануарлар екіге бөлінеді.Үй және дала жануары.Үй жануарларының бізге берері көп.Етін жейміз,сүтін ішеміз,терісінен киім киеміз,жунінен киім тоқып киеміз.

Нұрханбек: Үй жануарлары да төлдейді.

Шопан ата өсірген қойдың төлі –қозы,

Қамбар ата өсірген жылқының төлі-құлын,

Зеңгі баба өсірген сиырдың төлі-бұзау,

Ойсыл қара өсірген түйенің төлі –бота,

Сексек ата өсірген ешкінің төлі-лақ.

Тәрбиеші: Келесі тапсырма мақал-мәтелдер.

Фатима: Жылқы малдың-қасқасы,

Сиыр малдың сүттісі,

Қой түліктің мықтысы.

Серік:   Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі оның көл көсір.

Нығмет: Малды баға біл,

Бабын таба біл.

Айя: Мен тыйым сөздер білемін.

Қойды аттама ,ол киелі мал.Меккеге барған деп аттауға тыйым салған.Малдың жілігін ,басын тунде лақтыруға болмайды.Малдың ырысы кетеді.Малды теппе,ақты төкпе.

Әли: Мен де білемін,тыйым сөз.

Қамшыны бейсауыт қамшылама мал өліп қалады.Аттың жүгенін аттама .Жылқы мінсе көлік, жесе асы, жауға шапса серігі болған

Тәрбиеші: Шаршап қалған шығарсыңдар, дем алып алайық.

Сергіту сәті: (ағылшын тілінде)Отбасы туралы слайдқа

қарап,қимылдарын келтіру.

Келесі тапсырма ойын деп жазылған.

Ойын:Бұл  қай кезде болады?

Шарты:Екі топқа бөлінеді,жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін  ұсак  суреттер  арқылы тауып  айтып береді.Жандарына ретпен қояды.

Келесі тапсырма:Отбасылық ағаш.

Тақтада екі ағаш ілінген,жапырақсыз.

Тәрбиеші: Мына ағашты байқап тұрсыңдар ма?

Әли мен Айя:Бұл қандай ағаш?

Тәрбиеші: Бұл ерекше ағаш. Мынау тармақ-тармақ болып тұрған не?

Балалар: Тамырлары. Ағаштың тамырлары ол атамыз бен әжелеріміз.

Тәрбиеші: Тамырдан өсіп шыққан не?

Балалар: Ағаштың діңгегі

Тәрбиеші: Дұрыс ағаштың діңгегі біздің әкелеріміз.

Т әрбиеші: Ағаштың діңгегіне өсіп шыққан не?

Балалар: Бұтақтар.

Тәрбиеші: Ол кімдер деп ойлайсыңдар?

Балалар: Бұтақтары аналарымыз

Тәрбиеші: Олай болса осы отбасымыз туралы көркем сөздер айтайық.

Зере: Бас бармағым-атам уйдің данасы,

Балаң үйрек-әжем отау анасы

Ортан терек-әкем отау панасы

Шылдыр шүмек-шешем,шаңырақ ажары

Титтей бөбек-мен,бәрінің базары.

Тамерлан:Анаң –күнің жүрегің,

Әкең –өмір тірегің,

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі соған қуансын!

Аружан:   Әжең асыл ардағың,

Атаң дана қорғаның,

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі соған қуансын!

Амира:    Ағаң –қамқор асқарың,

Інің-мөлдір аспаның,

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі оған қуансын!

Сұлтан:    Қарындасың қанатың,

Ел-Отаның жанатың,

Сен бақытты ұлансың,

Бәрі соған қуансын!

Әлиби:Тәрбие от басынан басталады.

Гүлниса:Балапан ұяда не көрсе,ұшканда соны алады.

Амина:Ағасы бардың жағасы бар,інісі бардың тынысы бар.

Тәрбиеші:Әли,Айя біздің балалардың жауабы сендерге ұнады ма?

Айя:Балалар,сендерге рахмет,ақылды,білімді  екенсіңдер.Сиқырлы қобдишадағы барлық тапсырмаларды орындадыңдар.

Тәрбиеші:Олай болса отбасылық ағашқа не жетіспейді?

Балалар:Жапырактар жетіспейді.

Тәрбиеші:Олай болса әркім өз жапырағын алып ағашка жапсырсын.

Жапырақтар балалар,яғни сендерсіңдер.

Балалар,сендер көңіл-күйлеріңе байланысты жапырақ таңдадыңдар.

Сары түсті таңдаған балалар ашық,жарқын,күн шуағындай жылысыңдар,

Қызыл түс –көңілді,өжет,ширақ,жадыраған ,жеңіске жетуге асығатындар,ал жасыл түс-құлпырған,іздемпаз,достарына көмекке дайын тұратын балалар екен,осындай алдыдан көрініп жүре беріңдер!

Қорытынды:Бүгінгі оқу- іс әрекеті  ұнады ма?

Бізге қонаққа кімдер келді?

Ертегі не жайында болды?

Қандай жануарлар туралы  әңгіме болды?

Ағаш нені еске түсірді?

Балаларды мадақтау.

Қоштасу шеңбері:Орнымыздан тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,

Сау-саламат болайық.

Әли мен Айя: Біз де кететін уақыт болыпты,сау болыңдар балалар .Мына сиқырлы қобдишаның сыйлығын қабыл алыңыздар.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Жыл мезгілдері,жануарлар,отбасы туралы біледі.

Қандай түсініктерді игерді:Мақал-мәтел,тыйым сөздердің мағынасын тусінеді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері:Көркем сөздерді мәнерлеп айтады,бір-бірінің жауабын тыңдайды.Қойылған сұрақтарға толық жауап береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *