Адам ұрпағымен мың жасайды; Қазақ халқындағы Алтынсарин бейнесі; Рухани жаңғыру


Ықылас Гүлсұлтан Исабекқызы,

Сәрсен Гүлзинат Ерланқызы

Арқалық қаласы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің Бм-31 тобының оқушысы

Жетекшісі: педагог Молдагулова Шолпан Ихсановна, Ақылбекова Луиза Бекетқызы, Назарова Гулмира Куандыковна

Адам ұрпағымен мың жасайды

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты -балада» деген екен. Кез келген адам өмір бойы, құны жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі, өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі мүмкін. Біреу бақытты байлықтан  тапқысы келсе, енді біреулері даңқ пен атақтан , мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты – тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек-ті. Олай болса, адам өмірінің мәні- өз ұрпағы! Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап –ақ, ата-ана алдында нәзік те,қиын, қыр-сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады, ол – бала тәрбиесі.Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз – ата-ана. Балаға үй ішінен, ата-анадан артық тәрбиеші жоқ. Көне заманнан ата-бабамыз бала тәрбиесіне аса назар аударып, «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше құлынша қина,  он төрттен кейін құдандай сыйла» деп,  баланың ой-өрісінің даму кезеңін ерекше  бағалаған. Шәкәрім атамыздың «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар:барлығынан үстем болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапаларға адамды дүниеген келген күннен бастап тәрбиелейді» дегендей, құнды қасиеттерге ие рухани адамды қалыптастыру  шынында адам туған кезінен басталса керек. Ұрпағының ойы қырағы, көкірегі ояу, адамгершілігі мол болуы үшін дұрыс тәрбие берудің мәні зор.  Хәкім Абай өзінің оныншы қара сөзінде «Әуелі балаңды өзің алдайсың: әне, оны берем, міне, берем деп , бастысы балаңды алдағаныңа мәз боласың. Соныңда балаң алдамшы болса, кімнен көресің?» деп балаларына теріс тәрбие беретін ата-аналарды сынайды. Әрине, бұл отбасы ішіндегі тәрбие мен міндет болса, білім ошағындағы білім мен тәрбиенің де ұрпақ тәрбиесі үшін алатын орны ерекше. Екінші ұстаз атанған Әл-Фараби «Тәрбиесіз білім-адамзаттың қас жауы, апаты» деген екен.. Расымен де, тәрбиемен берілмеген білім де, ілім де еш қадірі жоқ, жай дүние.

«Адам ұрпағымен мың жасайды» дейді дана халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес, одан да көп ғасыр жасайды. «Надан жұрттың күні қараң, келешегі тұман» деп, М.Дулатов жазғандай, егеменді еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таза, көлеңке жерге дән ексең, өлмейтіні сияқты, жас ұрпағымызды жақсы тәрбиелемесек, өспейді, өнбейді. Сондықтан да, саналы ұрпақты тәрбиелеу, оны қоғам мүшесі ретінде таныту – ата-аналар мен педагогтардың назарында.  Қорыта келгенде, артында өшпес мұраң, ол-өзің тәрбиелеген ұрпағың болуы керек және солай болмақ!

Рухани жаңғыру.

Қазақ елінің басынан өтіп жатқан қазіргі окиғалардың кең ауқымдылығы мен жиілігі сондай, олардың бірінен екіншісіне өтіп, байыбына барып, маңыздылығын шамалап үлгере алмай жатқандаймыз. Жазудан кемдік көрген бұрынырақ кезеңдерде мұндай оқиғалар оның қатысушыларының жадында жатталып, сонан кейін олардың айтуымен ел ішінде кеңінен таралып, мұның арты бірте-бірте аңызғаайналады.

Арқа төсіндегі осындай аңызға айналған әңгімелердің бірі кеше ғана аяқталған  ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі болар деп ой түйеміз.Егер ЭКСПО туралы деректерге көңіл бөлсек, ол 93 күнге созылды. Оған 115 ел мен 22 халықаралық ұйым қатысты. Көрмені әлемнің түкпір-түкпірінен 4 миллионға жуық адам тамашалады. Демек, күн сайын 40-50 мьң адам келіп тұрған. Көрме кезінде шағын және орта бизнестің 1400-ден астам кәсіпорыны 640 млрд теңгенің тауарларын жеткізу мен қызмет көрсетуге тапсырыс алса, келген қонақтар есебінен туристік әлеуетіміз 1,8 есеге артты. Астанада кәсіпкерлік субъектілерінің саны 10 пайызға көбейіп, қызмет көрсету саласынан түскен салық мөлшері 1,2 есе-ге өсті. Мұның сыртында, көрме қалашығында 6 мыңнан астам мәдени шара өтті. Балама энергия көздерінің 140-қа жуық жобасы таныстырылды. Қонақтар мен туристер 178 мемлекеттен келді. Жалпы, ЭКСПО аясын-да 3500-ге жуық шара өтіп, оған 33 мындай әртіс қатысты.      «Бұл көрме Қазақстанның бүкіл әлемге танымалдығы мен туристер үшін тартымдылығын арттырды. Елімізге келген мәртебелі меймаңдарға халқымыздың қонақжайлығын көрсетіп, «Болашақ энергиясы» тақырыбына қатысты бүкіл әлемнің тәжірибесін өз жерімізде тоғыстырдық», деді Елбасы көрменің жабылу салтанатында.     Әрине бұл көрменің ел өміріңдегі әсерін екшеп, маңызын ашу үшін бір, тіпті он жылдың өзі аздық етер. Өйткені аңызға айналар оқиға ел жадында жатталып, әбден пісуі қажет. Ұрпақ ауысқан сайын ол алыстаған тау секілді зорая беретін болады.                                                                                                                                                                  Бүгінгі күн тәртібіне қойылған ең өзекті, тағдыршешті мәселенің бірі – қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру. Тарихи тамыры терең тұғырлы тілімізді түлетіп, санамызды сілкінткен, заманның өзі талап еткен бұл бастама көпшіліктің қызу талқысына түсті. Елбасымыз өз Жолдауында біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл -ұлт больш шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады», деп атап айтқан болатын. Туған тіліміздің тамырына қан жүгіртіп, бабалардың аманат еткен тілін ұрпағына саф таза қалпында жеткізуге бастайтын ұлы бастаманы халқымыз сарыла күткен еді. Ел ішінде латын әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселесі бойынша түрлі іс-шаралар өткізілді. Зиялы қауым өкілдерінің, тіл майталмандарының, тарихшылардың, ғалымдардың, сарапшылардың, жалпы бұқараның ой-пікірлері ортаға салынды. Латын әліпбиінің түрлі нұсқалары сараланды, әліпбиді жасау барысында қазақ тілінің дыбыстық жүйесінің сақталуы, сонымен қатар ғылыми принциптер негізге алынды. Әліпбиді тіл мамандары әлі де зерттеу үстінде.      Жаңа әліпбидің бізді жаңа мүмкіндіктерге, зор жетістіктерге бастайтыны сөзсіз. Себебі латын қарпі – ғылым мен техниканың, интернет пен ІТ-технологиялардың тілі. Латын әліпбиі рухани болмысымызды байытып, қоғамдық ой-санамызды жаңғыртады. Бұл әліпби қазақстандықтар үшін ғана емес, сонымен қатар төрткүл дүниеге тарыдай шашылып кеткен қандастарымызға да ортақ әліпби болмақ. Латын әліпбиі – түркі әлемімен ықпалдасудыңтөте жолы. Өз ерекшеліктерімізді сақтай отырып әліпбиді өзгерту тіліміздің халықаралық аренаға шығуына және ғылыми-техникалық прогрестің заманауи жетістіктеріне жол ашады, әлемдік мәдени тұтастықты нығайтып, коммуникациялық үдерістерге одан әрі интеграциялануға мүмкіндік туғызады. Ақпарат алу мүмкіндіктері кеңейіп, шет тілдерден енген сөздер ұлттық ерекшеліктерімізгеқарай икемделетінін, көп ұлтты халқымыздың бірлігін одан әрі бекемдеп, бүкіл түркі әлемін біріктіруге күш салатынын да атап айту керек. Еліміздің үштілділікке көшу үдерісі жылдамдап, ғылымымыз қарыштап дамиды. Уақыт сынынан өткен өміршең латын графикасын қазіргі таңда әлем халқының 80 пайызы меңгерген екен. Әлемде көп таралған жазбаның бірі латын алфавиті екенін, әлемдік ақпараттың 70 пайызы осы таңбамен таратылатынын, ғылымның тілі, халықаралық терминдер, формулалар да негізінен латынәріптерімен жазылатынын ескерер болсақ, жаңа әліпби бізге зор мүмкіндіктер туғызады. Латын жазуына көшу бүгінгі күннің кезек күттірмес қажеттілігі екенін, латын жазуы әлемдік өркениетке бағыттайтын күре жол болатынын қазақстандық әр азамат білуге тиіс.     Латын әліпбиіне көшу үрдісі бір күндік шаруа емес, кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын, зор жауапкершілікті қажет ететін игі іс. Жаңа әліпби ағымдағы жылдың соңына дейін дайындалады. Келер жылдан бастап әліпбиді енгізу бойынша білім беру ұйымдарында арнайы кесте бекітіліп, жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. Ең әуелі білікті кадрлар даярланады, оқулықтар басылып шығарылады, нормативтік сөздіктер әзірленеді. Білікті мамандар даярланып болған соң ғана латын жазуы барлық білім беру ұйымдарында жаппай оқытыла бастайды.Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы Қарағанды мемлекеттік университетінде де мұқият оқылып, жан-жақты талдану үстінде. Әсіресе ғалымдарымыз, тіл мамандары, көзі қарақты, көкірегі ояу жастарымыз латын әліпбиі төңірегівде тұшымды ой-пікірлерін білдіруде. Студент жастардың латын графикасын енгізу мәселесін ықыласпен қабылдағанын атап өткен орынды. Бірнеше тілді еркін меңгерген студенттеріміз интернет кеңістігіне еркін енуде және латын графикасын қолданудың ешкандай қиындық тудырмайтындығын аңғарып отыр. Негізінен ұлттық санаға әсер ететін қуатты күш ана тілінен бастау алады. Тілімізді латын әліпбиіне көшіру мәселесін халық талқысына ұсынуы біздей жастар үшін де шат-шадыман сәт деп білемін. Латын әліпбиі ел болашағы жолындағы жарқын сәттеріміздің арайлы кезендерінің көрінісі ретінде ерекшеленетін кез болып қала берсе керек. Бүгінгі жастар, мына біздер үшін ғылыми инновация кезінде латын әріптерін оқып, жаза алатын дәуірдің ашылғаны көңілге қуаныш ұялатады. Мұның өзі ертеңге деген үлкен сенім,  біздей жастарға беріліп отырған үлкен мүмкіндік. Адамдық фактордың ұлы өзгерістерінін бірі деп сезінемін. Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасында айтылған рухани жаңғыру мен заманауи ілгерілеудің жүгенін тартып ұстасып, жүгін қатар көтерісетін азамат тәрбиелей алу мен білімді, жан-жақты ұрпақ өсіру барысында ана тілдің атқарар міндеті ерекше. Ұлтына қызмет жасап жүрген ұрпақтың көкірегінен ана тілі сайрап тұрса, одан ел ертеңін ойлайтын азаматтың көптеп шығары анық. Біз игі бастама деп түсінетін, латын әліпбиінің енгізілуі мемлекеттік тіліміздің қолдану аясын кеңейтеді деп ойлаймын. Еліміздің әлемдік қоғамдастықпен қатынасын нығайтуға ықпал етеді деген сенімдемін. Мұның барлығы өскелең ұрпақтың келешегі үшін жасалатын қадам. Елбасының «Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс». «Жаңғыру елдің ұлттық – рухани тамырынан нәр алуы керек» – деген сөздерінің астарында ел мүддесін басты құндылық деп бағалау жатыр. Ендеше, бұл сүбелі ойды барлығымыз да қолдауға тиіспіз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *