Оқу-тәрбие үрдісі барысында оқушылардың шығармашылық іс – әрекетін ұйымдастыру жолдары


Аюбеков Рустем Серикович
Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің оқытушысы

Тақырыбы: Оқу-тәрбие үрдісі барысында оқушылардың шығармашылық іс – әрекетін ұйымдастыру жолдары

«Адамға  ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» – деп ұлы шығыс ғалымы, ғұлама  –  философ әбу Насыр әл – Фараби бекерден айтпаған болса керек.

Адам баласының жарқын болашағы толығымен жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне тәуелді. Мектепте тәрбиенің басты міндеттері- теориялық білімді еңбекпен, өмірімен байланыстыра жүргізу, оқушыларды еңбек тәрбиесіне баулу, оларды политехникалық, экономикалық, экологиялық біліммен қаруландыру, кәсіптік бағдар беруге тәрбиелеу. Олай болса, әрбір азамат тәрбиеге тікелей қатысы бар адамдар, ұйымдар мен мекемелер тәрбиенің мәніне, міндеттері мен мақсатын жете түсінуі қажет.

Тәрбие  – күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан  да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз. Тәрбие, сонымен бірге педагогикалық әрекетте:

– Мәдени құбылыс;

– Педагогикалық ықпал ету;

– Балалардың әрекетін ұйымдастыру;

– Қарым – қатынас құралы ретінде жан – жақты қарастырылады.

«Шығармашылық» сөзінің төркіні, этимологиясы «шығару», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Демек жаңа нәрсе ойлап табу, сол арқылы жетістікке қол жеткізу деп түсіну керек. Философиялық сөздікте  «шығармашылық қайталанбайтын, тарихи қоғамдық  мәні бар, жоғары сападағы жаңалық ашатын іс-әрекет деп түсіндіріледі. Көрнекті психолог Л.С.Выготский «шығармашылық» деп жаңалық ашатын әрекетті атаған. Ал осы мәселені терең зерттеген психологтардың бірі  Я.А.Пономарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық, әсіресе интеллектуалдық тұрғыда болса, ол баланың психикасын жаңа сапалық деңгейде көтереді деп есептейді.Бұл пікір бүгінгі күнгі педагогиканың талаптарына сәйкес келуімен көңілге қонымды. Зерттеушілер шығармашылық әрекеттерге әртүрлі анықтамалар береді.Мысалы: И.Я.Лернер шығармашылық әрекет деп білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуді, объектінің жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім табуды белгілейді. Шығармашылық қабілеттер шығармашылық елес, шығармашылық ойлау арқылы қалыптасады. Ал шығармашылық ойлау деп ойдың жылдамдығы, икемділігі, тапқырлығы, дәлдігі алынады.

Шебер педагог болмай тұрып, әдепті педагог болмақ жоқ. Педагогтық әдеп болмай тұрып, әдепті педагог болмақ жоқ. Педагогтық әдеп жаттау, еске сақтау және жаттығу жолымен жасалмайды.Ол мұғалім ізденісінің нәтижесі, ол оның ақыл-ойының көрінісі болып табылады.Мұғалімнің педагогтық әдебінде еліктеу деген болмайды.

Педагогтық әдеп әр мұғалімде әр түрлі және әр қалай көрініс беруі мүмкін. Бұл оның жас мөлшеріне, темпераментіне, мінез-құлқына, тағы басқа да ерекшеліктеріне байланысты. Педагогтық әдеп, әр мұғалімнің дара қасиеті. Нақты математикалық есеп бір тәсілмен шығарылады,бірнеше тәсілмен шығатыны сирек, ал оқушының жүрегіне жол табудың тәсілдері екібастан сан алуан. Әр мұғалімнің педагогтық әдебі бірқатар ұқсас жайттарды шешуге жарамды белгілі бір схемаға және формулаға сыйыспайды. Мұғалімнің оқушылармен тіл табысуы көбіне оның жағдайға ой көзімен қарай білуіне, оған басқа жағдайлардан  да гөрі айрықша маңыз беруіне байланысты.Әрбір нақты жағдайда оқушылардың қалай қарайтынын аңғара білу де мұғалімнің біраз білігін танытады. Ал, оқушылардың нақты жағдайға қалай қарайтыны көбінесе олардың мұғалімдермен ара қатынасына байланысты.

Қорыта келе, барлық нәрсенің өлшемі – адам, оның жан – жақты тәрбиесі қайта құру процесінің бұлжымас заңына айналып отырған қазіргі кезеңде тәрбие әдісі теориясын және практикасын одан әрі жетілдіру актуалды мәселе екені айқын.

Қазіргі кездегі тәрбие әдісінің негізгі мәні – жеке адамды жан – жақты қалыптастырудағы әлеуметтік міндетті жүзеге асырудың басты құралы болып табылатын тәрбиенің әдістерін жетілдіру.

Жалпы мақалада оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастырудағы педагогтың ролін толығымен ашып, тәжірибелер қосымша ұсындым. Яғни, оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық іс-әректін ұйымдастыру жолдарын қоса ұсындым. Сонымен қатар әсіресе сыныптан тыс тәрбие жұмысы барысында оқушылардың шығармашылығын дамытуға көптеп жұмыстар жүргізілсе деп ойлаймын.

Елбасының халыққа жолдған «Қазақстан-2030» стратегиялық жолдауында басты фактор білімді ұрпақ, жастар болашағы екенін баса айтты. Өйткені ХХІ ғасырдағы болашақ қоғамның білімділігі, сол қоғамды алып жүретін болашақ жастардың білімділігіне байланысты.Сондықтан болашақ жас ұрпағымыздың білімді, дарынды, жан-жақты  болу үшін әрине «Оқу-тәрбие үрдісі барысында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін тереңдету қажет».

Бұдан шығатын қорытынды, тәрбие әдістері деп тәрбиенің мақсат – міндеттеріне сай  оқушылардың санасы мен ерік – күшіне ықпал ету, жағымды мінез – құлық нормаларын қалыптастыру және осы бағытта олардың іс – әрекеттерін ұйымдастыру, ынталандырудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекеттерінде қолданатын амал – тәсілдер мен құралдарының жиынтығы.

Мысалы, жаттығу әдісі: бұйыру, нұсқау, көрсету, үйрету, жаттықтыру, тапсырма, ақыл – кеңес беру тәсілдерінің жиынтығын құраса, мадақтау немесе жазалау, алғыс немесе сөгіс жариялау, сыйлық беру, қабырға газетіне шығару, талап қою, теріс қылықтарды тежеу, жолдама беру, т.б. ынталандыру амалдарынан тұрады.

Тәрбие тәсілі тәрбие әдісіне тәуелді бола тұрып, оның әрекетін, тәрбиелік мәнін анықтайды. Тәрбие ықпалдың нәтижелі болуы тәрбие құралдарын  дұрыс қолдану, таңдай білуге де байланысты.

Қазіргі замандағы ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс — әрекетіне қабілетті, еркін және жан — жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықты шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл адамның бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттер мен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалу тиіс. Олар:

Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;

Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы;

Ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жету;

Оқушының шығармашылық іс — әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз— оқушыны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүлдіршіннен шығармашылық қабілетті талап етпес бұрын, оны соған үйреткен жөн. Оқушының зейінін, есін қиялын, интеллектісін дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс — әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *