Жаңартылған білім жаңалыққа бастайды”


Молдабекова Бахытжамал Коренқызы

Рудный қаласы әкімдігінің “№7 мектеп – гимназия” мұғалімі

“Шәкірттерімнің  сөздік қорын әрі қарай қалай жетілдіруге болады” деген сұрақ барлық мұғалімнің көкейінде тұратыны сөзсіз. Бұл орайда өз тәжірибемде диалогтік оқыту  оқушылардың тілін  дамытуда көмегі зор деген пікірге келдім. Осы әдіс арқылы сыныпта  тұйық оқушылар ашыла бастады.Сабақ кезеңінде шәкірттерімнің «оқшауланып» оқымай, жұпта, топта диалог жүргізу арқылы бір-біріне түсіндіру талқылау, достық  қарым – қатынас жасау ықпалы арта түсті. Себебі диалогтік оқыту ұжымдық және өзара білім алмасуға жағдай туғызады. Оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады. Жұптық жұмыс ретінде де, топтық ретінде де алынған диалог топ ішіндегі барлық оқушы мен оқушы арасында өтіп, оны топ ішінде талқылап отыру оқушының ойын кеңейтіп, тілін дамытады және сыни тұрғыда еркін ойлау қабілетін кеңейтеді.

Тіл дамыту сабағында қазақ тілінің грамматикасында өткен тақырыпты бекітемін, сөйлеу барысында грамматикалық тұлғаларды дұрыс пайдалануды көздеймін. Яғни, бұл ретте оқушылар – диалог жүргізу арқылы бірін-бірі үйретуші, ал ұстаз – сол білімді реттеуші, бағыт бағдар беруші. Топ құру барысында да өзара диалог жүргізу арқылы дұрыс шешім қабылдауға тырысады. Оқушыларды диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдай  С.Сейфуллиннің “Дала” атты өлеңінде  анық байқалып,  диалог барысында оқушылар белгілі бір нәтижеге жету үшін пікір алмасу арқылы қызығушылығын арттыра отырып, негізгі білімді пысықтай алды. Ойымды түйіндей келе оқыту процесінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістемесінің тиімді шығармашылықпен жүзеге асырылуына байланысты. Ол мұғалім мен оқушынының, оқушы мен оқушының бірігіп жұмыс атқаруы  арқасында білім, іскерлік, дағдының қалыптасып, оқушының дүниетанымдылығы қабілеттілігінің  артуын еселей түсетініміз даусыз. XXI ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаһандану процесіне көшуде.Осы процессті жандандырып дамытуда  жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі орасан зор роль атқарады.  Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Біз білім-ғылым саласында бәсекеге қабілетті болмасақ,өз мақсатымызға жете алмаймыз. Барлығы мектептен басталады », – деп ұстаздар қауымына  сенім артқан болатын.

Осы орайда  заман көшіне ілесіп, жаңалықтың   жаршысы болу – басты парызымыз.   Әрине,  бұл  мақсаттарға жету  үшін мұғалімнің  ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа технологиялар  қолдану  қажеттілігі туындайды. Сондықтан сапалы нәтижеге бағытталған  жеті модульден тұратын бағдарламаны әр сабағымызға кіргізіп отыру, дағдымызға айналып та үлгірді. Осы 7 модуль бойынша сабақтарды қызғылықты етіп өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан жақсы әсер алуына байланысты инновациялық технологияны қолдану барысында нені бақыладым?

Шәкірттерімнің өз-өздерін реттеулері мен көшбасшылыққа ұмтылулары, дарындылары айқындала бастады.  Иә, тәжірибе жылдап жиналатыны анық. Заманауи талапқа сай бағыттаушы, тыңдаушы роліне икемделсем, шәкірттерім де “қонақ” болып отырмай  нағыз кейіпкерлерге айналды. Талантты және дарынды оқушыларға білім беруді дамытудың инклюзивті тәсілі негізінде дарынды балаларды анықтау туралы ой-пікірлер мен зерттеулер жасап, оқушылардың қабілеттеріне қарай дер кезінде топтай білдім.Логикалық тапсырмаларды орындауда ойлау ерекшелігімен шапшаң  нәтижеге жетумен дараланса, академиялық дарындылық аясында  оқушыларым олимпиадада жүлделі орынды еншілеп,  интеллектуалдық дамуда ғылыми жобаларға ат салысып жүр. Қорытындылай келе, баланың талантын ұштай білсек, алған білімдерін  практикада қолдана алатын нағыз көшбасшы тәрбиелейтіндігіміз сөзсіз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *