Сабақтас құрмалас сөйлемнен өткенді қайталау


Ракишева Роза Сейтхазиновна

Ақмола  облысы, Степногорск  қаласы «С.Сейфуллин атындағы  №5 көпсалалы мектеп –лицейі» ММ қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі

Сабақтың мақсаты: білімділік – сабақтас құрамалас меңгерген білімдерін қайталап, жинақтап бекіту;

Дамытушылық –  ой өрісін кеңейтіп, лингвистикалық тіл мәдениетін арттыру;

Тәрбиелік – білімге құштарлығын арттыра отырып, еңбекке баулу.

Тегі: қайталау

Әдіс-тәсілі: сұрақ – жауап, СТО технологиясын пайдалану.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты түгелдеу, назарларын сабаққа аудару.Сыныпты 4 топқа бөліп, топ басшыларына бағалау парақтарын тарату (Топ басшылары бағалау парақтарына жауап берген оқушыларды белгілеп отырады).Бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаты сабақтас құрмалас сөйлем түрлері туралы алған білімдерімізді тианақтап пысықтау, сабақтас құрмалас сөйлемдерді мағыналы түрлерін салыстыра отырып, талдау жұмыстарын жүргізуді үйрену.

II.Ой қозғау: Біліміңді байқап көр.

Оқушылар мен қазір сендерге бірнеше сөйлем оқимын. Егер де олар салалас құрмалас сөйлем болса қол соғасыңдар, ал сабақтас құрмалас сөйлем болса аяқтарыңмен тарсылдатасыңдар,жай сөйлем болса үндемей отырасыңдар.

1.Шіркін,жалған-ай дәл қазір қасымда томпаңдап Төлөутайым еріп келе жатса, арманым болмас еді-ау!

2.Күн батып кетті.

3.Түн ортасы жақындап, ай батып кеткен кезде қарт орнынан тұрды.

4.Содан кейін қоржыңды иыққа салды да, адымдап басып алға жүріп кетті.

5.Қарт шошына басын көтеріп алды.

6.Қарт шекпенін асықпай шешіп,көйлегінің түймесін ағытып,жалаңаш етіне асып қойған бойтұмарын алды.

7.Қарт таяғына сүйеніп орнынан тұрды,сүйретіле,әрең ескі қыстауға кірді.

8.Дәл осы кезде тайыншадай овчарканы алдарына салып, екі шекарашы Айнабұлаққа қарай түсіп келе жатты.

Мысалдар арқылы білімімізді көрсеттік.

1.     Кім маған сабақтас құрмаластың ережесін айтады?

2.     Сабақтас құрмаластың түрлерін ата.

3.     Сабақтас құрмалас қандай компоненттерден тұрады?

4.     Мысал (сөйлем құрау)

Кітаппен жұмыс 150-жаттығу

Сызба бойынша сөйлем құрау.

 

са                                    түсінеді

Айт

қан+да                            түсінетін еді

 

 

са да                                  түсінген жоқ

Айт

қанына                               түсініп алды

қарамастан

 

 

ып                                   түсіндірді

Айт

а(сала)                            түсінеді

 

 

қан сон                          түсіне бастады

Айт

па+й                                түсіне алмады

 

Екі оқушы тақтаға шығады.

1-оқушы: Екеуі ымырт үйіріле үйден шыққанда, қонақтардың соңы әлі тараған жоқ-ты.

2-оқушы: Өзеннің ортасына жақындаған кезде, қарт тәлтіректеп сенделіп кетті.

Тақтадағы оқушылар тексеріледі, топтар сызба бойынша құрған сөйлемдерің оқиды.

Екі оқушы тақта жұмыс істеп жатқан кезде,топтарға тапсырмалар беріледі.Оқушылар тексеріледі, топтар құраған сөйлемдерін оқиды.

Берілген сөздерді дұрыс орналастырып,сөйлем құрастырыңдар.Синтаксистік талдау жасаңдар.

«Ұлағат» тобы

Қария тұла бойының қақсап ауырғанына қарамастап, туған жеріне асығып келеді.

«Жерұйық» тобы

Құып алып шыққан айраны бұдан екі күн бұрын таусылып,қалтасында бес-алты құрты қалған.

«Атамекен» тобы

Туған жерге оралған қарияның көзінен пара-пара жас ағып, Жер ананы құшақтап сүйе берді.

«Болашақ» тобы

Жалаңаш жотадан төмен түсіп, қария шоқ қайыңның түбіне қисая кетті.

Тақтадағы оқушылар мен топтағы тапсырмалар тексеріледі.

Семантикалық карта жіберіледі.

Сабақтас құрмаласқа байланысты шығын мәтіндер, ертегі құрастырыңдар.

Венн диаграммасы.

Бес жолды өлең.

1.     Салалас

2.     Тиянақты,дербес

3.     Аяқтайды,баяндайды,суреттейді

4.     Салалас – құрмаластың ерекше түрі

5.     Құрмалас

Сабақты бекіту мақсатында «Сен сенесің бе?» ойыны.

1.     Сабақтас құрмаластың алғашқы сөйлемінің баяндауышы тиянақты болатынына сенесің бе?

2.     Сабақтас құрмалас сөйлемнің алғашқы компоненті көсемше арқылы байланысатынына сенесің бе?

3.     Сабақтас құрмалас сөйлемнің басыңқысы бірінші тұратынына сенесің бе?

4.     Сабақтас құрмаластың баяндауыштары тең дәрежеде байланысатынына сенесің бе?

 

Сонымен,балалар сабақтас құрмалас сөйлемді қаншалықты

меңгергендеріңді бүгінгі сабақта көрсеттіңдер. Дегенмен де ол өте қиын

тақырып, сондықтан оқып,жасалу жолдырың мысалдармен дәлелдей алу үшін әлә де жұмыс жүргізуіміз керек.

 

Қорытынды.

Үйге тапсырма:Сабақтас құрмалас сөйлемнің ережесі мен жасалу        жолдарын оқу. Көркем әдебиеттен алты сабақтас құрмалас сөйлем жазып келу

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *