Стихотворение «Абайға арнау»


Бақытбекқызы Мадина

 студент группы “Сестринское дело” КГКП «Государственный медицинский колледж имени Д.Калматаева г.Семей»
Руководитель: преподаватель Омиржанова Карлыгаш Омарбековна

170 жыл толып отыр Абайға,

Дана сөзі мәңгі бізге шарайна.

Өлеңдері әрбір ұрпақ жадында,

Жүректері Абай дана деп соғуда.

 

Абай ата мақтанышы елімнің,

Нұрлы сәуле көзі болып көріндің.

Әрқашанда ән-жырыңмен төгілдің,

Бізге ыстық леп болып сен сезілдің.

 

Қазағымның ұлы дала ақыны,

Әр қазақтың жүрегіне жақыны.

Сөздеріңнен өнеге алған ұрпағың,

Болашаққа жол салуға асықты.

 

Өлең жаздың құдіретті жырменен,

Өмірде, сірә, сыр жоқ өзің білмеген.

Өзің болып дүниенің ағыны,

Қазағыңа демеу болып тұрды өлең.

 

Бір биікке шығаратын бір биік,

Саналарға тұрасың сен нұр құйып.

Абай ата, сенің сырың – ел сыры,

Сенің жаның мәңгі тылсым тұңғиық.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *